БАҒдарламасы атырау 2014 Қолданылған қЫСҚартулар тізімі ади адамның даму индексі



жүктеу 2.03 Mb.
бет1/13
Дата27.01.2017
өлшемі2.03 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




1190229014_38anpz

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

4954111476882cab27d159874565bb76


2587279
ural

Атырау - 2014


ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
АДИ – Адамның даму индексі

АКТ – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

АМСК – алғашқы медициналық-санитарлық көмек

АӨК – Агроөнеркәсіптік кешен

ӘКК – Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорация

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ҒЗТКЖ – Ғылыми-зертеушілік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар

ЕАҰ – Емдеу - алдын-алу ұйымдары

ЕЭА – Еркін экономикалық аймақ

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ- Жалпы өңірлік өнім

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

НКИ – Нақты көлем индексі

КМК - Коммуналық мемлекеттік кәсіпорын

МТБ – Материалды-техникалық база

МАӘК – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

МО – Мемлекеттік орган

ММ – Мемлекеттік мекеме

МЖС – Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік

ОАА – Орталық аудандық аурухана

СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі

СУА – Селолық учаскелік аурухана

СНС – Селолық несиелік серіктестік

СЕМ – Селолық елді мекен

ТжКБ – Техникалық және кәсіби білім беру

ТКШ – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар

ХТТ – Халық тұтынатын тауарлар

ШОБ – Шағын және орта бизнес

МАЗМҰНЫ


1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ


Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы

Әзірлеме үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы

18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Аумағы 118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 4,35%-ы), тұрғындары 567,9 мың адам. 2013 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 3 590,1 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы республикада жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша ІІ орынды және жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша І орынды тұрақты иеленуде. Өндірістің негізгі салалары болып мұнай өндіру және балық өнеркәсібі, құрылыс материалдарының индустриясы табылады.

Бағыттар

  1. Экономика

  2. Әлеуметтік сала

  3. Инфрақұрылым

  4. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология жер ресурстары

  5. Мемлекеттік қызметтер

Бағдарламаның мақсаттары

  1. Өңір экономикасының дамуы;

  2. Өнеркәсіпті дамыту;

  3. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді қызмет етуін, бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымның дамуы;

  5. Инновациялар мен инвестициялардың дамуы;

  6. Білім беру сапасын, қолжетімділігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  7. Халықтың денсаулығын жақсарту;

  8. Жұмыспен қамтылуды және азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

  9. Өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, отандық мәдениетті әйгілеу және насихаттау, тілдердің дамуы;

  10. Бұқаралық спорт және жоғарғы жетістіктер спортының дамуы, туризмнің дамуы;

  11. Ұлт бірлігін қамтамасыз етіп, қазақстандық патриотизмді нығайту;

  12. Құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  13. Өңірдің заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру;

  14. Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  15. Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын арттыру;

  16. Өмір сүруді қамтитын инфрақұрылымды дамыту;

  17. Ауыл халқының өмір сүру жағдайын жақсарту, экологиялық қауіпсіздік;

  18. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру, олардың айқындығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Міндеттер

  1. ЖӨӨ өсуі;

  2. Әлемдік сауда жүйесіне бірігу және қазақстандық өнімнің экспортын жылжыту;

  3. Инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру;

  4. Жоғары қосылған құнымен жаңа өндірістер құру;

  5. Көмірсутекті шикізат өндірудің теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету;

  6. Өңдеу өнеркәсібін дамыту;

  7. Металлургия өнеркәсібін дамыту;

  8. Машина жасау саласын дамыту;

  9. Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

  10. Химия өнеркәсібін дамыту;

  11. Фармацевтика өнеркәсібін дамыту;

  12. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту;

  13. Энергияның баламалы көздерін құру;

  14. Агроөнеркәсіпкешені өнімін өндірудің тұрақты өсуі есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  15. Бәсекеге қабілетті өнім шығару және экспорттық әлеуетті арттыру;

  16. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  17. Қолайлы инвестициялық климат құру;

  18. Өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық зерттемелерін жедел игеру үшін жағдай жасау және технологиялық жаңғыртуға қолдау көрсету;

  19. Педагог кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру;

  20. Мектептің білім беру қызметінің сапасын көтеру;

  21. Дамуында мүмкіншілігі шектелген балалар үшін білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  22. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

  23. Қосымша білім беруге жағдай жасау;

  24. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және ұсынылатын мектепке дейінгі білім беру қызмет сапасын жақсарту;

  25. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдайлар жасау;

  26. Халықтың денсаулығын жақсарту;

  27. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру;

  28. Халықтың өлімі мен аурушаңдығын азайту;

  29. Тұрақты жұмыстылықты қамтамасыз ету;

  30. Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігін күшейту;

  31. Қиын өмірлік жағдайдағы тұлғалар үшін арнайы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  32. Мәдениет саласында ұсынылатын қызметтердің сұранысының өсуін ынталандыру және саланың инфрақұрылымын дамыту;

  33. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау және спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

  34. Туристік қызметтердің халықаралық және ішкі нарықтарында облыстың туристік беделін асыру;

  35. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

  36. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  37. Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірін, денсаулығын, конституциялық құқықтарын және бостандығының қауіпсіздігін тиісті деңгейде ұстау; қылмысқа қарсы іс-әрекеттің алдын-алу құрауышын арттыру;

  38. Кризис жағдайында басқарудың дайындығы, жеделділігі және тұрақтылығы деңгейін арттыру;

  39. Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру, байланысты сандық жүйеге ауыстыру және мобильді байланыс;

  40. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының дамуы;

  41. Жолаушылар көлігінің дамуы;

  42. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;

  43. Су желілерінің апаттылығын азайту;

  44. Жылу желілерінің апаттылығын азайту;

  45. Кәріз желілерінің апаттылығын азайту;

  46. Жаңа газ құбырларының құрылысы;

  47. Ауылдық елді мекендерді мамандармен қамтамасыз ету;

  48. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту;

  49. Ластағыш заттардың шығарылуын азайту;

  50. Орман қорының сақталуын, ұдайы өсуін және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету;

  51. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Іске асыру кезеңдері


1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған жоспарланған шараларды іске асыру және облысты әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған негіз қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар

2015 жылы:

  1. жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 100%-ды құрайды;

  2. өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100% құрайды;

  3. өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 101% құрайды;

  4. металлургия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 100% құрайды;

  5. машина жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 103% құрайды;

  6. басқа да металлургиялық емес минералдық өнім шығарудың нақты көлем индексі 103% құрайды;

  7. химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 102,8% құрайды;

  8. жеңіл өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 100% құрайды;

  9. ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 103,2% құрайды;

  10. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі 101% құрайды;

  11. бөлшек сауданың нақты көлем индексі 102,8% құрайды;

  12. балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейі (1-ден 6 жасқа дейін) 60%-ға дейін өседі;

  13. техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 13,8% құрайды;

  14. халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71,4 жас;

  15. жұмыссыздық деңгейі 5%;

  16. ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі 4,4% құрайды (2011 ж.-5,2%);

  17. арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 94,4% құрайды;

  18. мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 96,8% құрайды;

  19. жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың қамтылу деңгейі 23,9% құрайды (2011 ж.-20%);

  20. тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі 410,7 мың шаршы метрді құрайды;

  21. жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 47% жетеді (2011 ж.-28%);

  22. тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігінің деңгейі 98,8% құрайды (2011 ж.-51,2%);

  23. мемлекеттік орман қоры орман алқаптарының көлемі 14,9 мың гектар құрайды.

Қаржыландыру көлемдері және көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 179 209,3 млн. теңге;

2012 жыл – 205 307,1 млн. теңге;

2013 жыл – 246 718,6 млн. теңге;

2014 жыл – 215 077,2 млн. теңге;



2015 жыл – 82 037,0 млн. теңге;

Барлығы: 928 349,2 млн. теңге.




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Өңір жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Географиялық жағдай

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған.

Облыс Каспий маңы кең ойпатының шегінде орналасқан. Аумағы
118,6 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағының жалпы алаңының 4,4%-ы).

Облыс шекарасының ұзындығы 1 949,5 шақырым, оның ішінде Астрхан облысымен – 449,6 шақырым, Батыс Қазақстан облысымен – 626,1 шақырым, Ақтөбе облысымен – 524,4 шақырым, Маңғыстау облысымен – 349,4 шақырым.

2014 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі: 2 қала (1 облыстық, 1 аудандық маңызы бар), 7 аудан (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Махамбет) құрамындағы
168 село (ауыл) және Атырау қалалық әкімшілігі.

Облыс тұрғындары 2014 жылдың 1 қаңтарына 567,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары 265,2 мың адам (46,7%), село тұрғындары –


302,6 мың адам (53,3%). Облыс бойынша тұрғындардың тығыздығы орташа есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне шаққанда) 4,8 адам.

Атырау облысы шөл аймағына жатқызылады (мемлекеттік жер жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының деректеріне сәйкес). Аймақ бедері – толқын тәріздес жазықтық, ол Каспий теңізі жағалауынан елеусіз көтеріледі. Каспий маңы ойпатының айтарлықтай бөлігін қырқалы, шағыл құмдар алып жатыр (Нарын, Тайсойған, Қарақұм). Облыстың солтүстік-шығысын Жайық маңы қайраң үстіртінің сілемдері алып жатыр.

Атырау облысының климаты – ұзақ ыстық және құрғақ жазы мен қысқа, жиі жылымықты желді қысы және қары аз, жауын-шашыны аз және тұрақсыз болып келетін шұғыл континенттік және аса қуаңшыл. Жауын-шашынның жылдық орташа көлемі 150 мм (50-ден - 300 мм аралығында құбылады). Желдің жылдық орташа жылдамдығы – 5,5-7 м/сек. Ауаның орташа ылғалдығы жазда 37%-дан, қыста – 80-84%-дан аспайды. Жылына түсетін жауын-шашынның көлемі – 150 мм-ден 190 мм-ге дейін. Қаңтар айындағы орташа температура – 8-11 С, шілдеде +24 +25 С.

Облыс аумағының жартысын сортаң және сор жабындар, сондай-ақ құмдар алып жатыр. Негізінен шөлейт өсімдікті сұр топырақ басым. Өзендер жағалауларында теректі және талды тоғайлар кездеседі.

Облыс аумағынан 19 өзен мен арна ағады. Облыс аумағын басып өтетін ірі өзендер Жайық (жалпы ұзындығы 2428 шақырым, Қазақстан аумағында 1082 шақырым), Жем (712 шақырым), Сағыз (511 шақырым), Ойыл
(800 шақырым) болып табылады. Облыстың ірі (тұзды) көлі – Индер
(110,5 шаршы шақырым).

Ресурстық әлеует

Атырау облысы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, облыс түрлі пайдалы қазбалар қорына бай: кірпіш өндірісіне арналған саз (қор 52,7 млн.тонна деп бағаланды); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс құмы (41,2 млн.текше метр), гипс


(21 млрд.тонна); ас тұзы (687 млн.тонна), құм түйірлі-малтатас қоспа
(12 млн.текше метр), әктас (1,9 млн.текше метр); бор (95,2 млн.тонна); бешофит
(50 мың тонна), натрий, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты диоксидымен байытылған минералдық су көзі, олардың қоры 898 млн.текше метрді құрайды.

Халықаралық салыстырулар жүргізу үшін қабылданған өңірдің даму көрсеткіштері (адам әлеуетінің даму индексі).

Атырау облысында 2007 жылдан 2013 жылға дейін адам дамуы деңгейінің оң беталыстары байқалады. Өңірдегі адам әлеуетінің дамуын бағалау үшін Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мыналарды қолданады: халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бойынша есептелген адам дамуының индексі, тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланатын кіріс бойынша есептелген адам дамуының индексі, халықтың кедейлік индексі.

Талдау көрсеткендей, күтілген өмір сүру ұзақтығы 2010 жылғы 68,4 – дан, 2013 жылы 70,7–ге жоғарылаған.
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2013 жылы Атырау облысының жалпы өңірлік өнімі 3590,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,5%. 2011 жылмен салыстырғанда Жалпы өңірлік өнімнің өсімі байқалуда, оның көлемі 4,1%-ға немесе 142,8 млрд. теңгеге өсті. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 6393,4 мың теңгені құрап, өңірлер арасында тұрақты 1 орында.

Республикалық жалпы өңірлік өнім көлемінде облыстың үлес салмағы 10,2%-ды құрап, өңірлер арасында 2 орында.

Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымы 2013-2011 жылдар аралығында келесідей өзгерістер орын алды: ауыл шаруашылығы үлесі 0,7%-дан 1,3%-ға, сауда – 2,1%-дан 2,8%-ға, көлік және байланыс 5,2%-дан 6,6%-ға, басқа қызметтер – 21,8%-дан 24,5%-ға өсті. Бұл ретте өнеркәсіп секторы 60,6%-дан 58,0%-ға және құрылыс – 9,6% дан 6,8%-ға азайды.

Осы көріністі қаржылай көлеммен салыстырғанда: ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 24,2 млрд. теңгеге, сауда – 26,6 млрд. теңгеге, көлік және байланыс – 56,7 млрд. теңгеге және басқа қызметтер 127,1 млрд. теңгеге өсті. Өнеркәсіп секторы 5,8 млрд. теңгеге құрылыс өнім көлемі 86 млрд. теңгеге азайған.

Облыс өнеркәсібінің салалық құрылымы төмендегідей белгілермен сипатталады: шикізат пен отынды өндіру және өңдеу саласының басым болуы; халықтың қажеттілігіне бағытталған сала үлесінің төмендігі. Экономика дамуының басым бағыттары болып мұнай-газ өндіру өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, өңдеу, агроөнеркәсіп және балық саласы табылады.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымының үлес салмағының көбін шикі мұнай және ілеспе газ өндірісі, мұнай айдау, электр энергиясын өндіру және тарату алады.


Атырау облысы бойынша 2011-2013 жылдардағы

жалпы өңірлік өнімнің өзгеру динамикасы




№ р/с

Атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 ж. 2011 ж. өсу қарқыны

2013 ж. 2012 ж. өсу қарқыны %

млрд. тенге

үлесі %

млрд. тенге

үлесі %

млрд. тенге

үлесі %

млрд. тенге

%

млрд. тенге

%

1

Жалпы өңірлік өнім көлемі, млрд.тенге

3447,3

100

3292,5

100

3590,1

100

142,8

104,1

297,6

109,0

2

Өнеркәсіп

2088,5

60,6

1895,2

57,6

2082,7

58,0

-5,8

99,7

187,5

109,9

3

Құрылыс

330,7

9,6

244,5

7,4

244,7

6,8

-86

74,0

0,2

100,1

4

Сауда

73,7

2,1

75,0

2,3

100,3

2,8

26,6

136,1

25,3

133,7

5

Көлік және байланыс

177,8

5,2

201,1

6,1

234,5

6,6

56,7

131,9

33,4

116,6

6

Ауыл шаруашылығы

23,6

0,7

30,2

0,9

47,8

1,3

24,2

202,5

17,6

158,3

7

Басқа

753,1

21,8

846,5

25,7

880,2

24,5

127,1

116,9

33,7

104,0



Шағын және орта кәсіпкерлік
Мектепке дейінгі білім беру
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Дене шынықтыру және спорт
Көшелерде жасалған қылмыстар
Мемлекетке қайтарылған а
Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайту



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет