БАҒдарламасы атырау 2013 Қолданылған қЫСҚартулар тізімі



жүктеу 1.83 Mb.
бет1/11
Дата21.12.2017
өлшемі1.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Атырау - 2013



ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
АДИ – Адамның даму индексі

АКТ – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

АМСК – алғашқы медициналық-санитарлық көмек

АӨК – Агроөнеркәсіптік кешен

ӘКК – Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорация

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ҒЗТКЖ – Ғылыми-зертеушілік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар

ЕАҰ – Емдеу - алдын-алу ұйымдары

ЕЭА – Еркін экономикалық аймақ

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ- Жалпы өңірлік өнім

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

НКИ – Нақты көлем индексі

КМК - Коммуналық мемлекеттік кәсіпорын

МТБ – Материалды-техникалық база

МАӘК – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

МО – Мемлекеттік орган

ММ – Мемлекеттік мекеме

МЖС – Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік

ОАА – Орталық аудандық аурухана

СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі

СУА – Селолық учаскелік аурухана

СНС – Селолық несиелік серіктестік

СЕМ – Селолық елді мекен

ТжКБ – Техникалық және кәсіби білім беру

ТКШ – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар

ХТТ – Халық тұтынатын тауарлар

ШОБ – Шағын және орта бизнес


МАЗМҰНЫ


2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау 21

1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ




Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы

Әзірлеме үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Аумағы 118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 4,35%-ы), тұрғындары 510,4 адам. 2009 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1969 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы республикада ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) көлемі бойынша ІІ орынды және жан басына шаққанда ЖӨӨ көрсеткіші бойынша І орынды тұрақты иеленуде. Өндірістің негізгі салалары болып мұнай өндіру және балық өнеркәсібі, құрылыс материалдарының индустриясы табылады.

Бағыттар

  • Экономика

  • Әлеуметтік сала

  • Инфрақұрылым

  • Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

  • Мемлекеттік қызмет көрсету

Бағдарламаның мақсаттары

  • Өңір экономикасының дамуы;

  • Өнеркәсіпті дамыту;

  • Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді қызмет етуін, бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымның дамуы;

  • Инновациялар мен инвестициялардың дамуы;

  • Білім беру сапасын, қолжетімділігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Халықтың денсаулығын жақсарту;

  • Жұмыспен қамтылуды және азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

  • Өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, отандық мәдениетті әйгілеу және насихаттау, тілдердің дамуы;

  • Бұқаралық спорт және жоғарғы жетістіктер спортының дамуы, туризмнің дамуы;

  • Ұлт бірлігін қамтамасыз етіп, қазақстандық патриотизмді нығайту;

  • Құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Өңірдің заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру;

  • Тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету;

  • Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын арттыру;

  • Өмір сүруді қамтитын инфрақұрылымды дамыту;

  • Ауыл халқының өмір сүру жағдайын жақсарту, экологиялық қауіпсіздік;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру, олардың айқындығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Міндеттер

  • ЖӨӨ өсуі;

  • Әлемдік сауда жүйесіне бірігу және қазақстандық өнімнің экспортын жылжыту;

  • Инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру;

  • Жоғары қосылған құнымен жаңа өндірістер құру;

  • Көмірсутекті шикізат өндірудің теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету;

  • Өңдеу өнеркәсібін дамыту;

  • Металлургия өнеркәсібін дамыту;

  • Машина жасау саласын дамыту;

  • Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту дамыту;

  • Химия өнеркәсібін дамыту;

  • Фармацевтика өнеркәсібін дамыту;

  • Жеңіл өнеркәсібін дамыту;

  • Энергияның баламалы көздерін құру;

  • АӨК өнімін өндірудің тұрақты өсуі есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Бәсекеге қабілетті өнім шығару және экспорттық әлеуетті арттыру;

  • Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • Қолайлы инвестициялық климатын құру;

  • Өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық зерттемелерін жедел игеру үшін жағдай жасау және технологиялық жаңғыртуға қолдау көрсету;

  • Педагог кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру;

  • Мектептің білім беру қызметінің сапасын көтеру;

  • Дамуында мүмкіншілігі шектелген балалар үшін білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

  • Қосымша білім беруге жағдай жасау;

  • Мектепке дейінгі ұйымдар желісін өсіру және ұсынылатын мектепке дейінгі білім беру қызмет сапасын жақсарту;

  • Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдайлар жасау;

  • Халықтың денсаулығын жақсарту;

  • Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру;

  • Халықтың өлімі мен аурушаңдығын азайту;

  • Тұрақты жұмыстылықты қамтамасыз ету;

  • Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігін күшейту;

  • Қиын өмірлік жағдайдағы тұлғалар үшін арнайы әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету;

  • Мәдениет саласында ұсынылатын қызметтердің сұранысының өсуін ынталандыру және саланың инфрақұрылымын дамыту;

  • Дене шынықтыру мен спортты насихаттау және спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

  • Туристтік қызметтердің халықаралық және ішкі нарықтарында облыстың туристтік беделін асыру;

  • Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірін, денсаулығын, конституциялық құқықтарын және бостандығының қауіпсіздігін тиісті деңгейде ұстау; қылмысқа қарсы іс-әрекеттің алдын-алу құрауышын арттыру;

  • Кризис жағдайында басқарудың дайындығы, жеделділігі және тұрақтылығы деңгейін арттыру;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру, байланысты цифровизациялау және мобильді байланыс;

  • Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының дамуы;

  • Жолаушылар көлігінің дамуы;

  • ТҮКШ қызметінің тиімділігін арттыру;

  • Су желілерінің апаттылығын азайту;

  • Жылу желілерінің апаттылығын азайту;

  • Кәріз желілерінің апаттылығын азайту;

  • Жаңа газ құбырларының құрылысы;

  • Ауылдық елді мекендерді мамандармен қамтамасыз ету;

  • Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту;

  • Ластағыш заттардың шығарылуын азайту;

  • Орман қорының сақталуын, ұдайы өсуін және ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету;

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Іске асыру кезеңдері


1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған жоспарланған шараларды іске асыру және облысты әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған негіз қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар

2015 жылы:

  • жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 104%-ды құрайды;

  • өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 105,8% құрайды;

  • өңдеу өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 101% құрайды;

  • металлургия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 105% құрайды;

  • машина жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 103% құрайды;

  • басқа да металлургиялық емес минералдық өнім шығарудың нақты көлем индексі 110,6% құрайды;

  • химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 102,8% құрайды;

  • фармацевтика өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі 100% құрайды;

  • жеңіл өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 111,9% құрайды;

  • электр энергиясын өндіру көлемі 10,26 млрд.кВт/с құрайды;

  • ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 103,2% құрайды;

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі 101% құрайды;

  • бөлшек сауданың нақты көлем индексі 102,8% құрайды;

  • негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі 103% құрайды;

  • инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер мен т. б.) белсенділік деңгейі 5,2% дейін өседі;

  • тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық қамту үлесінің ұлғаюы:

  • халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалығына қанағаттанушылық деңгейі

  • балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейі (3-тен 6 жасқа дейін) 81,3%-дан 85% дейін өседі;

  • техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 13,8% құрайды;

  • халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 85,5% құрайды (2011 ж. – 83,4%);

  • халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 69 жас

  • жалпы өлім-жітім деңгейі 1000 адамға шаққанда 6,8 құрайды (2011 ж.-7,17);

  • жұмыссыздық деңгейі 5%;

  • ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі 4,4% құрайды (2011 ж.-5,2%);

  • арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 94,4% құрайды;

  • халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі 42% құрайды (2011 ж.-32%);

  • мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 94,4% құрайды;

  • жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың қамтылу деңгейі 23,9% құрайды (2011 ж.-20%);

  • туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысы 15,5% ұлғаяды;

  • мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесі 55% құрайды (2011 ж.-39%);

  • халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 55% құрайды;

  • төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығындар 4,7% төмендейді;

  • халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 92% дейін өседі (2011 ж.-60%);

  • құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 100,2% құрайды;

  • тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі 549,4 мың шаршы метрді құрайды;

  • жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 47% жетеді (2011 ж.-28%);

  • жүк айналымының көлемі 47907,2 млн.ткм құрайды (45582,3 млн.ткм);

  • жолаушылар айналымының көлемі 1208,8 млн.пкм құрайды (2011 ж.-1058,4 млн.пкм);

  • тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығымен қанағаттанушылық деңгейі;

  • тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейі 76% құрайды (2011 ж.-51,2%);

  • жылумен қамту қызметтерінің қамтамасыз етілу деңгейі 62,1% құрайды;

  • халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 53,2% құрайды;

  • халықтың газбен қамтылу деңгейі 77% құрайды (2011 ж.-69%);

  • жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер саны 11 болады (2011 ж.-8);

  • зиянды заттардың жаппай шығарылуы 400 мың тоннаны құрайды;

  • мемлекеттік орман қоры орман алқаптарының көлемі 14,9 мың га құрайды;

  • халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 98% құрайды.

Қаржыландыру көлемдері және көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – млн. теңге

2012 жыл – млн. теңге

2013 жыл – млн. теңге

2014 жыл – млн. теңге



2015 жыл – млн. теңге

Барлығы: млн. теңге.





2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңір жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Географиялық жағдай

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған.

Облыс Каспий маңы кең ойпатының шегінде орналасқан. Аумағы 118,6 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағының жалпы алаңының 4,4%-ы).

Облыс шекарасының ұзындығы 1 949,5 шақырым, оның ішінде Астрахан облысымен – 449,6 шақырым, Батыс Қазақстан облысымен – 626,1 шақырым, Ақтөбе облысымен – 524,4 шақырым, Маңғыстау облысымен – 349,4 шақырым.

2013 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі: 2 қала (1 облыстық, 1 аудандық маңызы бар) 6 кент, 7 аудан (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Махамбет) құрамындағы 168 село (ауыл) және Атырау қалалық әкімшілігі.

Облыс тұрғындары 2013 жылдың 1 қаңтарына 555,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары 268,2 мың адам (48,3%), село тұрғындары – 287 мың адам (51,7%). Облыс бойынша тұрғындардың тығыздығы орташа есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне шаққанда) 4,7 адам.

Атырау облысы шөл аймағына жатқызылады (мемлекеттік жер жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының деректеріне сәйкес). Аймақ бедері – толқын тәріздес жазықтық, ол Каспий теңізі жағалауынан елеусіз көтеріледі. Каспий маңы ойпатының айтарлықтай бөлігін қырқалы, шағыл құмдар алып жатыр (Нарын, Тайсойған, Қарақұм). Облыстың солтүстік-шығысын Жайық маңы қайраң үстіртінің сілемдері елеусіз бөлігін алып жатыр.

Атырау облысының климаты – ұзақ ыстық және құрғақ жазы мен қысқа, жиі жылымықты желді қысы және қары аз, жауын-шашыны аз және тұрақсыз болып келетін шұғыл континенттік және аса қуаңшыл. Жауын-шашынның жылдық орташа көлемі 150 мм (50-ден - 300 мм аралығында құбылады). Желдің жылдық орташа жылдамдығы – 5,5-7 м/сек. Ауаның орташа ылғалдығы жазда 37%-дан, қыста – 80-84%-дан аспайды. Жылына түсетін жауын-шашынның көлемі – 150 мм-ден 190 мм-ге дейін. Қаңтар айындағы орташа температура – 8-11 С, шілдеде +24 +25 С.

Облыс аумағының жартысын сортаң және сор жабындар, сондай-ақ құмдар алып жатыр. Негізінен шөлейт өсімдікті сұр топырақ басым. Өзендер жағалауларында теректі және талды тоғайлар кездеседі.

Облыс аумағынан 19 өзен мен арна ағады. Облыс аумағын басып өтетін ірі өзендер Жайық (жалпы ұзындығы 2428 км, Қазақстан аумағында 1082 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км) болып табылады. Облыстың ірі (тұзды) көлі – Индер (110,5 шаршы км).



Ресурстық әлеует

Атырау облысы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, облыс түрлі пайдалы қазбалар қорына бай: кірпіш өндірісіне арналған саз (қор 52,7 млн.тонна деп бағаланды); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс құмы (41,2 млн.текше м), гипс (21 млрд.тонна); ас тұзы (687 млн.тонна), құм түйірлі-малтатас қоспа (12 млн.текше м), әктас (1,9 млн.текше.м); бор (95,2 млн.тонна); бешофит (50 мың тонна), натрий, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты диоксидымен байытылған минералдық су көзі, олардың қоры 898 млн.текше метрді құрайды.



Халықаралық салыстырулар жүргізу үшін қабылданған өңірдің даму көрсеткіштері (адам әлеуетінің даму индексі).

Атырау облысында 2007 жылдан 2012 жылға дейін адам дамуы деңгейінің оң беталыстары байқалады. Өңірдегі адам әлеуетінің дамуын бағалау үшін ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мыналарды қолданады: халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша есептелген адам дамуының индексі (АДИ), тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланатын кіріс бойынша есептелген АДИ, халықтың кедейлік индексі.

Талдау көрсеткендей, күтілген өмір сүру ұзақтығы 2009 жылғы 67,1 – ден, 2012 жылы 69,9–ге жоғарлаған.
Өңірдің экологиялық мәселелері

Атырау облысында мұнай өндіру кәсіпшілігін пайдалану барысында атмосфераға қатты бөлшектер, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, азот тотығы және көмірсутегі оксидтері бөлінеді.

Көмірсутекті шикізатты өндіру мен қайта өңдеуді қарқынды арттыру жағдайында облыстың қоршаған ортаға теріс әсерін тигізуде.

Облыстың негізгі шешілмеген мәселелері: атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы, биологиялық әртүрлілікті сақтау болып қалуда.

Қазіргі уақытқа дейін сыртқы су ресурстарының көлемі мен сапасына облыстың тәуелділігі сақталады. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының аумағынан келетін суды пайдалану мәселесі шиеленісуде.

Атмосфералық ауаны қорғау

Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, қоршаған ортаға әсер ететін жетекші факторлардың бірі болып қалады.

Атырау облысында атмосфералық ауаның жағдайына барынша зиянды әсерді мұнай-газ секторы мен энерго-коммуналдық шаруашылықтардың кәсіпорындарынан шығатын ластағыш заттар тигізеді.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының (42 ірі) атмосфераға шығарындылары жылына жүз мыңға жуық тоннаны құрайды, олардың 80-85% мұнай-газ секторының кәсіпорындарынан келеді. Сондықтан, атмосфераның ластануы мұнай мен газды өндіру және оларды өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың қызметіне тәуелді.

2012 жылы ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарылу көлемі 144,6 мың/тонна құрады (оның ішінде тұрақты ластаушы көздерден 133,1 мың/тонна, жылжымалы көздерден 11,5 мың/тонна), бұл 2011 жылдың 12 айымен салыстырғанда 28 мың/тоннаға артық (тұрақты ластаушы көздерден 107,5 мың/тонна, жылжымалы көздерден 8,9 мың/тонна).

Бұл жағдайда ластағыш заттардың атмосфераға меншікті жалпы шығарылуы әрбір тұрғынға есеппен 240 кг. құрады, бұл республика бойынша тұрғындардың жан басына шаққанда 226 кг. құрайтын орташа көрсеткіштен жоғары.

2015 жылға облыстың атмосфералық бассейніне ластағыш заттардың шығарылуы «Теңізшевройл» ЖШС үшінші буынды зауыттары, НКОК компаниясының «Болашақ» зауыты, «АМӨЗ» ЖШС бензол және хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешендер, мұнай химиялық кешен сияқты ірі объектілерді іске қосуға байланысты 2 есеге артылуы күтілуде.

Автокөлік құралдары санының қарқынды өсуіне байланысты ауаның автокөлікпен ластану көлемдері аса қауіпті болып барады. Аталған мәселе автокөліктің ауа бассейнінің ластануындағы үлесі жалпы қалалық шығарындылардан 50%-ға жетіп асатын, облыс орталығы үшін барынша өзекті болып табылады.



Су ресурстарын қорғау

Жер үсті су көздеріне ақаба сулардың төгілуіне тыйым салынуына байланысты Атырау облысының басты су жолы – Жайық өзеніне тек нормативті-таза сулар ғана төгілуде, облыста осы жұмыстарды жүргізетін үш кәсіпорын бар: «Атырау Су Арнасы» КМК және екі Жайық-Атырау бекіре балық өсіретін зауыт.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықтардан шығатын төгінділердің 80%-ы Атырау қаласында, Жылыой ауданы Құлсары қаласы мен Индер ауданында орналасқан булану алаңдарына тасымалданады.

2012 жылы облыс бойынша ақаба сулардағы ластағыш заттардың нақты мөлшері 78709,1 мың текше метр көлемінде, бұл 2011 жылмен салыстырғанда төгінділер көлемі 31787,6 мың текше метрге көбейді.

Бүгінгі таңда облыстың барлық аудан орталықтарында кәріз-тазарту қондырғылары жоқ, ал бар жүйелер тозған, бұл қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізеді.

Жер үсті сулары

Елдердің сумен қамтылу дәрежесі мемлекеттік әлеуметтік – саяси құрылымына әсер ететін экономиканың тұрақты дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болуда.

Қазіргі жағдайда су ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, энергетика және экономиканың басқа салаларының тұрақтылығын айқындайтын басты фактор болып табылады.

Атырау облысының аумағындағы Жайық – Каспий бассейні бойынша ірі 4 өзен бар, олардың жалпы ұзындығы – 1002 шақырым және ұзындығы – 384 шақырымды құрайтын 14 кіші өзен бар, оның ішінде:



  • ұзындығы 10 шақырымға дейінгі – 7 өзен, жалпы ұзындығы 48 шақырым;

  • 200 шақырымға дейінгі -7 өзен, жалпы ұзындығы 300 шақырым;

  • 200-ден 500 шақырымға дейін 1 өзен ұзындығы 212 шақырым;

  • 500 шақырымнан жоғары – 3 өзен жалпы ұзындығы 790 шақырым.

Атырау облысында жалпы су айдыны 60,31 шаршы шақырым 98 көл бар, сонымен қатар ұзындығы 740 шақырымды құрайтын Каспий теңізінің Солтүстік – Шығыс бөлігі.

Атырау облысының аумағында сонымен қатар ірі 4 топтық су құбырлары бар, олардың ішіндегі «Астрахань – Маңғышлақ» топтық суқұбыры бассейн аралық маңызға ие. Суқұбырының қуаттылығы тәулігіне 55 мың текше метр құрайды, жалпы ұзындығы – 1041 шақырым, тұрбаларының диаметрі 1220 мм. Суқұбырының суын пайдаланудағы негізгі мақсат мұнай кенорындарына техникалық су жіберу, сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстарының шалғай орналасқан елді мекендерін сумен қамтамасыз ету.

Атырау облысының жерүсті суларының негізгі көздері Каспий теңізінің Солтүстік – Шығыс бөлігі жағалауы, Жайық, Ойыл, Ембі, Сағыз өзендері, Еділ – Қиғаш, Шарон сағалары және басқа да шағын өзендер. Өте әлсіз мүшеленген рельеф, құрғақ климат, аздаған теңіз бөлігіне қарай ойыс болуы беткі су ресурстарының қалыптасуына негізгі теріс әсер етуші факторлар болып табылады.

Атырау облысындағы барлық өзендер қармен қоректенетін өзендер қатарына жатады. Олар үшін қыстағы түскен қар мөлшері неғұрлым жоғары болса, соған байланысты көктемдегі су деңгейінің көтерілуі де осы сипатта болады. Осы кезде жылдық ағыстың басым бөлігі қалыптасады, содан кейін судың деңгейі күрт төмендейді және өзендер жаңбырлармен немесе грунттық қоректену режиміне көшеді.

Атырау облысындағы барлық өзендер Ресей мемлекетімен және көрші орналасқан Ақтөбе облысының транзиттік ағыстарына ие. Жайық өзенінің транзиттік ағыстары негізінен Каспий теңізіне құлайды, ал Ембі, Ойыл, Сағыз өзендерінің ағыстары сорлар мен құмдарға сіңіп жоқ болады.

Қиғаш өзені жалпы ұзындығы 200 шақырым құрайтын Шарон, Кобяково және басқа да көптеген ұсақ өзен ағыстарына ие. Шарон өзенінің су ресурстары тұрмыстық шаруашылыққа, өнеркәсіп қажеттіліктеріне және ауыл шаруашылығында қолданылады. Ірі тұтынушы «Қазтрансойл» АҚ – ның Батыс бөлімшесі болып табылады, ол Астрахань – Маңғышлақ топтық су құбыры арқылы 1000 шақырымнан астам жерде орналасқан елді мекендерді, Атырау және Маңғыстау облыстарының өнеркәсіп ұйымдарын сумен қамтамасыз етіп отыр.

Ембі өзені өзінің ағыстарын Ақтөбе облысының аумағында қалыптастырады. Ембі өзенінің жалпы ұзындығы 635 шақырымды, оның ішінде Атырау облысының аумағында 212 шақырымды құрайды.

Су сапасы тұрмыстық ауыз су ретінде пайдалануға жарамсыз, сондықтан да су негізінен ауыл шаруашылығында малдарды суаруға және ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруда пайдаланылады.

Сағыз өзені ағыстары Ақтөбе облысының аумағында қалыптасады. Сағыз өзенінің жалпы ұзындығы 480 шақырым, оның ішінде 212 шақырымы Атырау облысының аумағында ағып жатыр. Сағыз өзені тек көктем мезгілінде қар еріп су тасу кезінде ғана көп сулы болады. Ал жаз мезгілдерінде құрғап кеуіп қалады. Сағыз өзенінің суы да ауыз су ретінде пайдалануға жарамсыз. Негізінен өзен суын ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруда және мал суаруда пайдаланады.

Ойыл өзені өз ағыстарын Ақтөбе облысында қалыптастырады. Жем өзенінің жалпы ұзындығы 635 шақырым, оның ішінде Атырау облысындағы ұзындығы 212 шақырым жерді алып жатыр.

Атырау облысының негізгі өзендерінің жалпы ағыстарының мөлшері 2012 жылы 13,5 текше шақырымды құрады, яғни 2011 жылмен салыстырғанда 0,9 текше шақырымға жоғары және орташа жылдық ағыстан Атырау облысы бойынша 57,7%, олардың ішінде Жайық өзені бойынша орташа ағыс 7,9 текше шақырымды құрады, 2011 жылға қарағанда 1,21 текше шақырым көбірек және орташа жылдық ағыстан 83,5 пайызға жоғары, Ембі, Сағыз, Ойыл өзендерінің бассейндері бойынша 0,2 текше шақырымды құраса, 2011 жылдан 0,3 текше шақырымға және орташа жылдық ағыстан 44,4 пайызға төмендеп кеткен, Еділ өзенінің бассейні бойынша (Қиғаш) жылдық ағыс 5,4 текше шақырымды және орташа жылдық ағыстың 40 пайызын құрайды.

Жайық – Каспий бассейнінің ерекшелігі, өзен бассейндерінің жерүсті суларының ағыны жартысы Қиғаш өзенінде жинақталған, ол Еділ өзенінің сағасы болып табылады және Атырау облысы аумағында тек саға бөлігі орналасқандықтан, оның ағысын пайдалануды да қиындатып отыр.



Жерасты сулары

Облыс бойынша 21 жерасты су кен орындары бар, оның негізгі бөлігі Қызылқоға, Жылыой және Құрманғазы аудандарында.

Барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жерасты суларының жалпы қоры тәулігіне 170,8 текше метр, жылына 62 347,5 мың текше метрді құрады.

Осы уақытта облыс аумағында Оңтүстік Ембі артезиандық бассейні таралған («Жылыой бассейн»), аумақ шегінде эксплуатациялық қоры бекітілген 3 кен орны барланды: Сарыбұлақ – тәулігіне 1,6 мың текше метр, Бали – 8,6 мың текше метр, Жаңасу – 119 мың текше метр және Тугаракчан


43 мың текше метр.

Оңтүстік Ембі бассейні бойынша жерасты суларының барланған қорының көлемі тәулігіне – 172 мың текше метр.

Бұл кен орындарының жерасты сулары жоғары қысымдылығымен, тәулігіне 2-4 текше дециметрден 10-15 текше дециметрге дейінгі дебиттілігімен сипатталады. Іздеу-барлау және пайдалану ұңғымаларын әртүрлі мекемелермен бұрғыланған және ертеректе әртүрлі мақсаттарда пайдаланған, соған байланысты олардың дұрыс техникалық жағдайы жерқойнауын пайдаланушылармен қолдау көрсетіліп отыр.

16,4 млн.текше метр жалпы алынған Атырау облысы бойынша жерасты суларының көлемінен:



  • тұрмыстық шаруашылық қажеттіліктеріне – 0,2 млн.текше метр;

  • өндіріс қажеттіліктеріне – 16,2 млн.текше метр.

2002-2003 жылдары уәкілетті органмен республикалық бюджет есебінен Атырау облысы аумағында өзағар гидрогеологиялық ұңғымаларды тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 181 өзағар ұңғымалар анықталды. 2003-2009 жылдары мемлекет қаржысы есебінен 36 ұңғыма жойылды.



Өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы

Басым экологиялық бағыттардың бірі – өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу.

Осыған байланысты, қалдықтарды кәдеге жаратуға деген көзқарас – даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Өкінішке орай, облыс аумағындағы полигондар мен жинауыштарда миллиондаған тонна қалдықтар жинақталған.

Қалдықтарды орналастырумен қалыптасқан жағдай толығымен алғанда еліміздің басқа қалаларындағыдай, қоршаған орта жай-күйіне және санитарлық – эпидемиологиялық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр.

Облыс бойынша тұрғындардың әлеуметтік жағдайы деңгейінің жақсаруымен коммуналды қалдықтардың да көлемінің ұлғайғаны байқалып отыр.

Қала аумағының көп бөлігінің қатты тұрмыстық қалдықтарын тасумен, әкетумен негізгі арнайы мамандандырылған мекеме– «Арнаулыавтобаза» КМК айналысады.

ҚТҚ-дың қалалық полигоны Атырау қаласынан солтүстік – батысқа қарай 5 шақырым Атырау-Орал трассасында орналасқан, 1979 жылдан бастап қолданыста және IV-V санатты қауіптіліктегі қатты тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырып жинақтау үшін, әрбір қалдықтар қабатын жергілікті топырақпен жабу арқылы оларды сыртқы ортадан оқшаулау.

Іс жүзінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау және көму бойынша экологиялық, санитарлық және технологиялық талаптар орындалмауда, мекеменің санитарлық–қорғау аймағына жақын орналасқан тұрғындар және қоршаған орта үшін маңызды эпидемиологиялық қауіпті болуына себепші болып отыр.

Полигон аумағы барлық периметрлері бойынша торсызықпен, үйіндімен қоршалғанымен, ҚТҚ-дың қоқыс алаңы шегінде таралатын жеңіл фракцияларының ұшып кетуіне жеткілікті кедергі болып табылмайды.

«Арнаулы автобаза» КМК мәліметі бойынша полигонда 2012 жылдың аяғында жинақталған жалпы қалдықтардың көлемі 18,4 мың тоннаны құраған.

2001-2012 жылдар аралығындағы қолданыстағы полигонда қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталған көлемі

(мың. тонн)



Жылдар

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

ҚТҚ жинақтау

71,7

73,9

76,2

78,6

81,0

83,5

86,1

98,97

109,8

19,200

18,400

18,420



2010-2015 жылдарға өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мөлшері

мың тонн/жыл



р/с

2010

2011

2012

Жоспар

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

2013

2014

2015




672,471

333,753

1414,6

246,381

2007,0667

381,008

1076,0609

452,094

476,248

2010 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары негізінде «Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару» өңірлік бағдарламасы жасақталды.

Бағдарлама аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен әр аудан орталықтары және облыстың шалғай орналасқан елді мекендерді қамтитын 10 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды.

Ормандарды қорғау, сақтау, өсіру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту

Атырау облысының ормандары топырақтық және гидрологиялық жағдайда бола тұра, Жайық-Каспий бассейні жасанды реттеудің жағымсыз әсерін кеше отырып, Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі акваториясының экожүйесін сақтауда тұрақтандырушы ролін атқарады.

Орман шаруашылығын дамыту екпе ағаштардың су қорғау, климат реттеуші, санитарлық-гигиеналық және ғаламдық экологиялық ролін тану есебімен жүргізіледі.

Атырау облысының жалпы мемлекеттік орман қоры 52,4 мың га құрайды, ол облыс аумағының 0,4% құрайды, 5 ауданда, негізінен Жайық өзені жағалауында, Қиғаш өзені атырауындағы аралдарда орналасқан және қорғалатын ормандарға жатады.

Орман басқан алаң өте аз – 14,9 мың га немесе МОҚ-ның жалпы алаңының 28,5%.

Облыс ормандары ағаштардың екі түрімен сипатталады: ылғал сүйгіштер мен құрғақшылыққа төзімділер.

Ылғал сүйгіш түрлерінің екпелері (ағаштектес тал, терек пен жасыл шетен) өзендер бойымен таспадай иреңдейді, ал облыстың оңтүстік–батыс бөлігінде Қиғаш өзені жайылмасында орман алқаптарын құрайды. Жайылмадан тыс орман алқаптары мүлдем жоқ, орман учаскелері құрғақшылыққа төзімділер ағаш және бұтақ түрлерінен (сүйір жапырақты жиде мен тамарикс) құралады.

Терек түрлері орман басқан жердің 60%-дан астам, бұтақтар 40%-ға жуық алаңында орналасқан.

Орманды қорғау, сақтау және молайтумен және орманды өсірумен ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі 3 мемлекеттік мекеме айналысады (Атырау қаласы, Индер және Құрманғазы аудандарында).

Орманды ұстау, кесулер жүргізу ағашқа және орманның басқа пайдалы қасиеттеріне деген барлық қажеттілікті қанағаттандыру, сондай-ақ, ортаны қорғау функцияларын арттыру мақсатында екпелердің өнімділігін жақсарту және арттырудың маңызды бір тәсілі болуда.

Орман өнімділігін арттыру, орманды молайту, олардың түрлерін жақсарту, селекциялық-генетикалық негізде тұрақты орман тұқымдық базасын құру және тиімді пайдалану, гидроорманмелиорация, орман күту және де басқа жұмыстарды іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылады. Атырау облысында орман шаруашылығын табысты жүргізу үшін шектеуші фактор болып Жайық пен Қиғаш өзендерінің сумен қамтылу жағдайы табылады.

Сондықтан, облыстың барлық орман өнімінің өндірісі өсу орнының жағдайына, атап айтқанда, топырақтың ылғалдылық дәрежесіне нақты тәсіліне негізделеді. Атырау облысының жағдайында табиғи дақыл өсуі әдеттегідей қанағаттанарлықсыз өтуде.

Орман дақылдарын құрудың негізгі тәсілі 60%-ды құрайтын механикалық екпе. Негізгі құрылып жатқан дақылдардың тұқымдық құрамы ағаштектес тал мен жасыл шетен.

Келешек жылдың орман дақылдарын құру үшін топырақты дайындау 40 га алаңда жүргізілген.

Көшеттерді бағалы екпелер санатына енгізу 8 га, оның ішінде орман дақылдарын орман өсімдікті жерге қайта отырғызу 8 га құрайды.

Жұмыс істейтін 3 орман тәлімбағында 64 мың дана екпе көшеттер отырғызылып, 520 кг тұқым (қарағаш, шөтенмен үйеңкі) жиналған.

Облыста орманды жанама пайдалану дамытылуда. Оны жүзеге асыру үшін орман конкурстарының қорытындысы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға орман қорының учаскелері 1 жылға дейін қысқа мерзімді пайдалануға немесе бір жылдан астам мерзімге жалға беріледі.

Бүгінгі күні мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт жұмыстарын дамыту мақсатында 2 ұзақ мерзімді орман пайдалану келісім-шарты жасалды.

Орманның санитарлық-гигиеналық мәнін назарға ала отырып, 2015 жылға дейін орман алаңын облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы алаңының 29%-на дейін көбейту керек.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Облыстың экожүйелері биологиялық әртүрлілігінің бірегейлігімен ерекшеленеді.

Биоәртүрліліктің нақты жойылуының негізгі себебі мекендеу орындарының жойылуы мен бұзылуы, ормандардың бұзылу, топырақтың эрозияға ұшырауы, трансшекаралық өзендер мен Каспий теңізінің ластануы болып табылады.

Қазақстан Республикасының биоәртүрлілігін сақтау үшін 1994 жылы Биоәртүрлілік бойынша конвенция және биоәртүрлілікті сақтау мен үйлестіріп пайдалану жөніндегі іс-әрекет ету жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №124 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясына сәйкес биоәртүрлілік пен табиғи ортаны сақтау, қалпына келтірудің барынша тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және олардың алаңдарын әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, ел аумағының 10%-нан кем емес кеңейту болып табылады.

Қазіргі таңда Атырау облысының аумағында үш ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар:

- алаңы 700 мың га Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің мемлекеттік қорық аймағы;

- Құрманғазы ауданы аумағында Каспий теңізі жағалауында орналасқан алаңы 45 мың га Новин мемлекеттік (зоологиялық) табиғи қаумал;

- Атырау қаласы және Махамбет ауданы аумағында орналасқан, алаңы 111,5 мың га «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты.

Аталған аумақтардың жалпы алаңы облыс аумағының 7,2%-ын құрайды.



Жануарлар әлемі

Облыс аумағында 300 астам жер бетіндегі омыртқасыздар түрлері мекендейді, соның ішінде 200 жәндік түрлері, оның 20 түрі сирек кездесетіндер.

Қос мекенділердің екі түрі кездеседі – жасыл құрбақа мен көлбақа. Бауырымен жорғалаушылар фаунасының негізін 10 түрі құрайды: орта азиялық тасбақа, шиқылдақ және сұр геккондар, дала ешкемері, сызық кесіртке, құмды айдаһар және басқалары.

Облыс аумағында 280 астам құстардың түрі мекендейді, олардың 15 жыртқыштар (қара кезқұйрық, дала ақсарысы, қырғи, дала бүркіті және басқалары). Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген құстардың көптеген түрі маусымдық ұшу кезінде кездеседі: қызғылт және бұйра бірқазан, кіші ақ қарқара, қара ләйлек, жалбағай, қоқиқаз, қызыл жемсауды қарашақаз, кіші аққу, лашын, қортық бүркіт, балықшы және т.б.; ұя салғанда кездесетіндер: ақбас үйрек, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, сары қарқара, сұңқылдақ-аққу, дала бүркіті.

Сүтқоректілердің 40 астам түрлері кездеседі. Басым көпшілігі ұсақ кеміргіштер. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 5 түрі енгізілген: жұпар тышқан, ала жертесер, еуропалық қаракүзен, шұбар күзен. Шаруашылық-құнды түрлеріне: ор қоян, құм қоян, ондатр, су сұр тышқан, кіші балпақ, сары тышқан, жанат тәрізді ит, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық, қабан.

Облыс фаунасында ерекше орын алатын құнды кәсіптік жануарлар – киіктер. Облыс бойынша екі популяцияның миграциялау жолдары өтеді: Үстірт (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары, Өзбекістан) және Еділ-Жайық (Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының аумағы, Ресей).

Соңғы он жылдықта киіктер басының саны күрт азайып кетті.

Каспий теңізінде, бірегей ішкі су қоймасында, аса бағалы құнды балық түрлерінің қорларымен, тегі әртүрлі 100 астам балық түрлері мен формалары мекендейді. Жайық өзені мен оның атырауында 42 балық түрлері мекендейді. Олардың ішінде жыртқыш түрлері ақсерке, шоқыр, қаракөз, ақтабан, шабақтар, планктон қоректілер–килька, майшабақтар. Бекіре тұқымдас балықтардан шоқырлар жиі кездеседі. Қазіргі уақытта бағалы бекіре тұқымдас балық қорлары күрт азайып барады.


Радиациялық жағдай

Атырау облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің деректері бойынша жалпы облыс бойынша радиациялық жағдай норма шегінде және 7-14 мкр/сағ. құрайды. Сонымен бірге күрделі проблемалардың бірі Азғыр полигоны қызметін бағалау мен оның салдарын жою болып қалады.

«Азғыр» полигоны Құрманғазы ауданында орналасқан, алаңы батыстан шығысқа шамамен 20 шақырымды және оңтүстіктен солтүстікке
15 шақырымды құрайды. ҚР Ұлттық орталығы ядролық физика институтымен жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша аумақтың топырағындағы плутоний – 239-240, стронций – 90, америций – 241, цезий – 137 сияқты радиация мөлшерін құрайтын негізгі элементтер, ғаламдық түсу деңгейінен аспайды деген шешім жасалды.

Алайда, полигонның халық денсаулығына әсер ету салдары мен себепті байланыстарды анықтау үшін «Азғыр полигонының қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсер етуіне кешенді радиоэкологиялық, эколого-экономикалық, медициналық зерттеулер», сонымен қатар технологиялық алаңшалардың қасындағы карст шұңқырларын жою жұмыстарын жүргізу қажет.

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



Көлік және автомобиль жолдары
Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет