БАҒдарламасы астана, 2017 Мазмұны 1 Бағдарламаның паспорты 3



жүктеу 1.23 Mb.
бет1/11
Дата18.12.2017
өлшемі1.23 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы»

2018-2022 жылдарға арналған

ҮКІМЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана,


2017

Мазмұны



1 Бағдарламаның паспорты 3

2 Кіріспе 3

3 Ағымдағы ахуалды талдау 5

3.1 Қазақстан экспортының дамуындағы ағымдағы үрдістер 5

6

3.1.1 Тауарлар экспорты 6



3.1.2 Қызметтер экспорты 10

3.2 Әлемдік саудаға ықпал ететін жаһандық трендтер 14

3.3 Мемлекеттік реттеу саясаты және алдыңғы бағдарламаларды іске асыру нәтижелері 17

3.3.1 Экспорттаушылардың қызметін нормативтік-құқықтық реттеу 17

3.3.2 Экспортты ілгерілету бойынша мемлекеттік саясат нәтижелерін бағалау 18

3.4 Қазақстандық экспорттың бәсекелес артықшылықтары, талаптары мен тосқауылдары 24

3.5 Қазақстандық тауарлар мен қызметтер экспорты үшін мүмкіндіктер 30

3.5.1 Қазақстанның перспективалы «экспорттық қоржыны» 30

3.5.2 Қазақстанның басымдықты сату нарықтары 35

3.6 Шетел тәжірибесі 35

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 44

5 Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар 47

5.1 Экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту 47

5.2 Экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын көрсету 51

5.3 Экспортты дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою 52

5.4. Қызметтер экспортын алға жылжыту тетіктерін құру 56

6 Қажетті қорлар 57


1 Бағдарламаның паспорты





Бағдарламаның атауы

«Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы» 2018-2022 жылдарға арналған үкіметтік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 30 қаңтардағы жолдауы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Бағдарламаның мақсаты

Шикізат емес экспорт көлемінің 2022 жылға қарай 1,5 есе артуына жағдай жасау, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тапсыру және экспорт нарықтарын әртараптандыру

Міндеттері

1) Экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық негіздерін күшейту

2) Экспорттаушылар үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын көрсету

3) Экспорттың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою

4) Қызметтер экспортын дамыту жағдайларын жақсарту



Іске асырылу мерзімі

2018-2022 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1) Қазақстан Республикасының шикізат емес тауарлар және қызметтер экспортының көлемі 2022 жылға қарай 31,8 млрд.АҚШ долларына дейін;

2) Экспорт көлемі 10 млн. АҚШ долларынан асатын шикізат емес тауар позицияларының басым қызығушылықты елдерге экспортының өсімі өткен жылға қатысты 2022 жылға қарай 10,4%-ға дейін;

3) Экспорт көлемі 10 млн. АҚШ долларынан асатын шикізаттық емес тауар позицияларының жоғары қызығушылықты елдерге экспортының өсімі өткен жылға қатысты 2022 жылға қарай 9,6%-ға дейін


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға қаржылық шығындар республикалық бюджет, сондай-ақ жеке қаражат есебінен ескерілген.

Бағдарламаны республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарға республикалық бюджетті нақтылау бекіту кезінде нақтыланады.



* 2015 жылдың деңгейіне қарағанда

2 Кіріспе

Өткен бес жылда «Қазақстан-2050» Стратегиясы, 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы сияқты Қазақстан экономикасын жаңғыртуға бағытталған түйінді бағдарламалық құжаттар қабылданды.

Елдің ұзақ мерзімді даму тұғырнамасын жаңарту елдің экспорттық әлеуетін дамыту және іске асыру стратегиялық міндеттерін шешу тәсілдерін жаңарту қажеттілігіне себепші болды.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың басым салаларында бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамытуға сүйене отырып, индустрияландыруды жалғастыру мнідетін алға қойды.

Қазіргі сәтте жаңа ақиқат қалыптасты, ол жаһандық «шикізаттық суперциклдың» аяқталуын, әлемдік экономиканың өсу қарқыны мен құрылымының өзгеруін, сондай-ақ технологиялық инновацияларды жан-жақты енгізуді білдіреді. Бұл технологиялар адамның өмір сүру жағдайын өзгертіп қана қоймай, шығындардың құрылымы мен логистикалық тізбектерді де өзгертті.

Онымен бірге халықаралық сауда қатынастарының сипаты да өзгерді, атап айтқанда, протекционизмге және ірі елдердің арасында өңірлік сауда аймақтарын құруға күресу үрдісінің күшеюі байқалады, бұл орта мерзімді ұлттық саясатты жүйелі түрде түзетуді және жаңа жағдайларға бейімдеуді талап етеді.

Осы «Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы» 2018-2022 жылдар арналған үкіметтік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың екі есе және 2040 жылға қарай үш есе өсуі үшін жағдай жасау бойынша бірыңғай және тұтас саясатты қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама келешекті экспорттық қоржынды және басым өткізу нарықтарын айқындайды, қазақстандық экспортты жылжыту бойынша нақты шаралар кешенін және оның іске асырылу тиімділігін бақылау үшін өлшенетін нысаналы индикаторлар жүйесін қамтиды.

Бағдарлама экспорттаушылардың қызметімен байланысты жедел, сол сияқты ұзақ мерзімді мәселелерді шешу жылдамдығы мен тиімділігін арттыратын қажетті институционалдық құрылымды қалыптастыруға бағытталған.

Кешенді, синергиялық әсерге қол жеткізуді ескеретін қосалқы іс-шаралар төмендегілер сияқты бағдарламалық құжаттар арқылы іске асырылады:



  • Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

  • Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама;

  • Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

  • Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы.

Бағдарламаның іске асырылуы елдің шикізат емес экспортының өсуіне, өткізу нарықтарының әртараптандырылуына және экспорттық қоржынның кеңеюіне ықпал етеді деп күтіледі. Аталған шараларды жаңа тауар позицияларының экспорты, қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін арттыру, сондай-ақ экспортқа бағдарланған өндірістерге инвестициялар салуды ынталандыру және жаңа технологиялар трансферті есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелері бойынша отандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықта позицияларының нығаюы, транзакциялық шығасылардың, оның ішінде кедендік рәсімдеумен және логистикамен байланысты шығасылардың қысқаруына алып келеді деп күтіледі. Бағдарлама елдік брендтің танымалдығын арттыруды ескереді және корпоративтік пен шатырлық брендтердің алға жылжуын жеңілдетеді.

Жалпы, Бағдарлама экономикалық өсуді жеделдету және Қазақстан экономикасының құрылымын әртараптандыру мақсаттарына жәрдемдесуге бағытталған.



: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет