БАҒдарламасы астана-2014 Түсу емтиханының жалпы ережесі



жүктеу 156.21 Kb.
Дата24.04.2018
өлшемі156.21 Kb.
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК



_______________

2014 жылғы «___» _________



2014-2015 оқу жылына арналған

«6М020200 – Халықаралық қатынастар»
мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған

арнайы пәннен түсу емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана-2014
Түсу емтиханының жалпы ережесі
Арнайы пән бойынша түсу емтиханының бағдарламасы магистратура жоғары кәсіби білімінің алдыңғы сатысындағы бағдарламасы көлемінде әзірленді.

Бағдарлама оқуға түсетіндерге әлемдік кеңістіктегі жаһандық өзгерістердің ерекшеліктерін, мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен басвқа да халықаралық қатынастардың қатысушыларының өзара әрекеттестігін, сондай-ақ іс жүзінде заманауи саясаттың теориялық тұжырымдамалары мен негізгі ұғымдарын игеруді қарастырады.

Арнайы пән бойынша емтихан «Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар» және «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» курстары бойынша өткізіледі.
Түсу емтиханына қойылатын негізгі бағдарлама талаптары
1 БӨЛІМ. Қазіргі халықаралық қарым-қатынастар
Мазмұны

1 Тақырып. Халықаралық қатынастар және қазіргі заман.

2 Тақырып. Қазіргі халықаралық қатынастардағы жаңа үрдістер.

3 Тақырып. Қоршаған орта мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері.

4 Тақырып. Демография және миграция.

5 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздіктің заманауи мәселелері.

6 Тақырып. Халықаралық ұйымдар аясындағы көп жақты дипломатия
1 Тақырып. Халықаралық қатынастар және қазіргі заман.

«Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кей ін Батыс пен Шығыс арасындағы дипломатиялық қатынастар сипатының өзгеруі. 90-шы жылдардағы халықаралық қатынастар мен геосаяси өзгерістер. Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастардың ең маңызды феномені. Демократизация үдерісінің дамуы. Германияның бірігуі. КСРО ыдырауы. ТМД қалыптасуы мен дамуы. 1990-шы жылдардағы Югославиядағы жағдай. ЕО мен НАТО трансформациясы. Әлемдік саясаттағы АҚШ ролі. Халықаралық қатынастардағы Қытайдың ролі. Ресей қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде. Қазіргі еуропалық дипломатияның жаңа үрдістері. Әлемдік саясаттағы діни фактор.


2 Тақырып. Қазіргі халықаралық қатынастардағы жаңа үрдістер.

Біртұтас әлемдік қауымдастық қалыптасуының аяқталуы. Биполярлықтың ыдырауы және көпполярлы әлемнің құрылуы. «Үшінші әлемге» жататын мемлекеттердік сыртқы саяси қызметінің өзгеруі. Регионализм көпполярлықтың ең маңызды өлшемі. Экономикалық регионализм (Еуропалық одақ, АТЭС, ТМД, АСЕАН, НАФТА, басқалары). Әле мдік әлеуметтік-саяси кеңістіктің жаөандық өзгеруі. Демократизацияның кең ауқымды үдерісі. Демократия мен авторитаризм арасынлағы арақатынастың сапалы өзгерісі. Қазіргі халықаралық қатынастардағы мультикультурализм.

Әлемдік экономикалық жүйедегі жаһандық өзгерістер. Әлемдік қаржылық дағдарыс және оны жеңу жолдары. ЕО экономикалық дағдарыс (Грекия, Испания).
Әлемдік экономика либерализациясы және ұлттық экономикалардың өзара әрекеттестігінің белсенділігі. Қаржы капиталын интернационализациялау. Әлемдік экономикалық жүйенің жаңа қасиеттері. Қазіргі замандағы әскери қауіпсіздіктің жаңа өлшемдері. «Араб көктемінің» нәтижелері. Ресйе мен Батыс: Укранина төңірегіндегі жағдай.
3 Тақырып. Қоршаған орта мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері.

Экологиялық мәселелердің жаһандануы. Бүкіләлемдік экологиялық форум (Рио-де-Жанейро, 1992 ж.) және БҰҰ тұрақты даму тұжырымдамасы. Қазіргі экологиялық мәселелер (қалдықтар мәселесі, сулы-экологиялық мәселелер, қоршаған ортаның ластануы, «парниктік эффект», шөлге айналу мәселелері). Экологиялық мәселелерді элиминирлеу жолдары. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі. БҰҰ жіктелімі бойынша адамзат қауіпсіздігінің негізгі қатерлері. Қазақстандағы экологиялық сипаттағы қатерлер (Арал техногенді апаты, Каспий мәселелрі, Семей полигонындағы ядролық сынақтар, Байқоңырдан ауыр жеткізгіштерді ұшыру, мұнайгаз секторының қарқынды дамуы). Экономикалық және экологиялық қауіпсіздіктің өзара байланысы. Экология мен саясаттың өзара байланысы.


4 Тақырып. Демография және миграция.

Қазіргі демографиялық үдерістер дамуының негізгі үрдістері. Миграция әлемдік дамудың ең маңызды факторы. Қазіргі миграциялық үдерістердің ерекшеліктері. Миграциялық ағындардың бағыттылығы. Миграциялық жарылыстың ықтимал салдарлары (батыс әлемінің этноұлттық, нәсілдік, конфессиялық ландшафтарының біртіндеп өзгеруі; демографиялық агрессия және «қорғаныстық нәсіл», басқалары). ЕО қазіргі миграциялық үдерістер. Орталық Азиядағы демографиялық және миграциялық үдерістер, оларды шешу жолдары.


5 Тақырып. Халықаралық қауіпсіздіктің заманауи мәселелері.

Қазіргі халықаралық қақтығыстардың ерекшеліктері және оларды реттеу жолдары. Әскери, экономикалық қауіпсіздік. Халықаралық ақпараттық қаупсіздік. Халықаралық саясат пен қауіпсіздік контекстіндегі ядролық энергетика. Халықаралық терроризм мен ұйымдасқан қылмыстық – қазіргі әлемдік қауымдастыққа қарсы шығу. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері (ОДКБ, ШЫҰ). НАТО және қазіргі халықаралық қақтығыстар. Сирия төңірегіндегі жағдайлар бойынша басты акторлар ұстанымы. Ауғанстандағы жағдай: дағдарысты шешу жолдары. Таяу шығыстағы үйлестіру.


6 Тақырып. Халықаралық ұйымдар аясындағы көп жақты дипломатия

Көп жақты дипломатия: БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі. БҰҰ халықаралық бейбітшілік мен қауіпсіздікті қолдау саласындағы негізгі бағыттары мен қызмет әдістері. БҰҰ арнайы ұйымдарының ролі мен мәні (МОТ, ДДСҰ, ЮИСЕФ, ЮНЕСКО, ЮНЕП). Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастығы (Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Азия банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі).


Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1. Кулагин В.М. Современная международная безопасность.- М., 2012.

2. Арыстанбекова А.Х. Современные международные отношения.- Алматы, 2011.

3. Арыстанбекова А.Х. Глобализация. – Алматы, 2008.

4. Современные международные отношения и мировая политика / Под. ред. А. В.Торкунова. – М., 2004.

5. Мировая политика и международные отношения: Учебное пособие / Под ред. С.А. Ланцова, В.А. Ачкасова. – Спб: Питер, 2009. –448 с.

6. Лебедева М. М. Мировая политика. – М., 2007.

7.История международных отношений и внешней политики. В 3-х частях. –Алматы, 1998.

8.Лаумулин М. Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Т. I: Центральная Азия и Казахстан в современной политологии. – Алматы: КИСИ, 2005. – Т.1. – 704 с.; Т.2, 2006.

9.Современные глобальные проблемы мировой политики / Под ред. М.М. Лебедевой. – М.: Аспект Пресс, 2003.
Қосымша әдебиет


  1. Назарбаев Н.А. Послание Главы государства народу Казахстана от 17 января 2014 г. «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». Назарбаев Н.А. Послание Главы государства народу Казахстана от 2.Бжезинский З. Выбор. Мировое господство или глобальное лидерство.- М.,2004.

  2. Шайхутдинов М.Е. Геополитика, глобалистика и теория национальной безопасности: методологические и прикладные аспекты.-Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2005.- 528 с.

  3. Казахстан и ОБСЕ: монография / Под общей редакцией Б.К.Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009.

  4. Приоритеты казахстанской дипломатии на рубеже веков. – М. Русский раритет, 2000.

  5. Алесин В. ООН и региональные организации в эпоху глобализации. – Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2005.

  6. Китай в мировой политике. – М.: МГИМО, 2001.

  7. Акимбеков С.М. Афганский узел и проблемы безопасности Центральной Азии. – М., 2003.

  8. Маринченко А.В. Геополитика.- М., 2010.

  9. С. Хантингтон. Столкновение цивилизаций. – М., 2005.



2 БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Мазмұны

1 Тақырып. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы.


2 Тақырып. Қазақстан сыртқы саясатындағы басымдықтар.


3 Тақырып. ҚР-ның ТМД елдерімен қатынасын дамыту.

4 Тақырып. Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

5 Тақырып. Қазақ-американ қатынастары.

6 Тақырып. ҚР-ның Еуропаның жетекші мемлекеттерімен қатынасы.

7 Тақырып. Қазақ-қытай қарым-қатынасы.

8 Тақырып. Қазақстан және Таяу және Орта Шығыс мемлекеттері.


1 Тақырып. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы.

Қазақстан және халықаралық қатынастардың көп полюсты жүйесін қалыптастыру. КСРО ыдырағаннан кейінгі Қазақстандағы геосаяси және геостратегиялық жағдайындағы өзгерістер. ҚР әлемдік қауымдастыққы кіруі. ҚР халықаралық институттарға кіруі. Қазақстанның сыртқы сакясатын қалыптастырудағы ішкі және сыртқы факторлар. Оларды әзірлеу және іске асыру тетіктері. ҚР түйінді халықаралық келісімшарттарға қосылуы.

2 Тақырып. Қазақстан сыртқы саясатындағы басымдықтар.


Қазақстан Республикасының көп векторлы сыртқы саясаты. ҚР сыртқы саясатының негізгі басымдықтары мен міндеттері. ҚР халықаралық мәртебесін арттыру. Қазақстан саясатын белсендірудің экономикалық міндеттері. ҚР инвестициялық стратегиясы. ҚР сыртқы саясатынығ аймақтық векторлары. ҚР энергетикалық саясаты. Ресей, Қытай, АҚШ және ЕО-пен аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласныдағы ынтымақстастығы. ҚР жаңа бастамалары: G global, ядролық қауіпсіздік, энергия-экологиялық стратегия. ҚР сыртқы саясатындағы азия векторын күшейту. Қазақстан және АТМА елдері.
3 Тақырып. ҚР-ның ТМД елдерімен қатынасын дамыту.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: даму кезеңдері. Достастық аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. ТМД келісімшартты-құқықтық базасы. Парламентаралық байланыстар. Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыс көздері және оларды реттеу жолдары. Қазақстан Республикасының ТМД аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бастамалары (ШЫҰ, СВМДА, ОДКБ). ТМД интеграциялық үдерістер. Қазақ-ресей қарым-қатынастары. Кедендік одақ: даму келешегі. Орталық Азия және Қазақс тан елдері. ОА-дағы интеграция келешегі.


4 Тақырып. Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясындағы БҰҰ орны мен ролі. ҚР БҰҰ Бас ассамблеясының сессияларына қатысуы. Қазақс тан және БҰҰ қарусыздану мәселелерін талқылау. Қазақстан реформалары және БҰҰ арнайы ұйымдары. БҰҰ тиімділігін арттыру мәселелеріндегі ҚР ұстанымы. ҚР-ның ЭЫҰ ынтымақтастығы. ҚР ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ОДКБ төрағалық етуі. Кедендік одақ: ынтымақтастық мәселелері.




5 Тақырып. Қазақ-американ қатынастары.

Қазіргі кезеңдегі ҚР мен АҚШ арасындағы қатынастар дамуының негізгі факторлары. Ядролық, химиялық және басқа да жаппай қырып-жою қаруларын жою мәселелері. «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы. Қазақстандағы американдық инвеситициялық саясат ерекшеліктері. Мұнай-газ саласындағы қазақ-американ ынтымақастығы. Әскери-саяси саладағы екі жақты қатынастарды, аймақтық қақтығыстарды реттеудегі өзара әркеттестікті, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты реттеуді дамыту.



6 Тақырып. ҚР-ның Еуропаның жетекші мемлекеттерімен қатынасы.

ЕО елдерімен ҚР қарым-қатынасы қазақстандық сыртқы саясаттың жетекші бағыттары. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы. ЕО озық елдерімен екі жақты қатынастар. Қазақ-герман, қазақ-француз, қазақ-ағылшын, қазақ-итальян саяси және экономикалық қатынастарының жаңдайы мен ерекшеліктері. Қазақстандық энергоресурстарды тасымалдау мәселелері. Қазақстанның шығыс еуропалық мемлекеттермен (Польша, Чехия, Венгрия, Румяния)екі жақты қатынастарын дамыту.


7 Тақырып. Қазақ-қытай қарым-қатынасы.

Қазақ-қытай қатынастары дамытудың негізгі кезеңдері. Келісімшарттар мен келісімдер. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қатынастардағы әскери-саяси, шекаралық, экономикалық, аймақтық мәселелер. ҚР мен ҚХР ШЫҰ-дағы өзара қатынасы. Қазіргі заманғы түйінді мәселелерді шешудегі әлемнің озық елдерімен стратегиялық өзара әрекеттестік. Сауда, экономика, энергетика, транспорт және қаржыдағы ынтымақтастықты тереңдету және дамыту.


8 Тақырып. Қазақстан және Таяу және Орта Шығыс мемлекеттері.

ҚР аймақтағы мемлекеттермен қатынасы. Озық араб елдерімен қатынастары. ҚР араб елдеріндегі қазіргі саяси жағдай бойынша ұстанымы. Әлемдік мұнай, мен газ нарығындағы өзара әрекеттестік мүмкіндіктері. Парсы шығанағы аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ен аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға Қазақстанның атсалысуы. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Иран, Түркия. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы «құрма» революциялары: ҚР ұстанымы. Ауғанстан төңірегіндегі жағдайды реттеудегі ҚР және Орталық Азия елдері.





Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.А. Послание Главы государства народу Казахстана от 17 января 2014 г. «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее».

  2. Токаев К.К. Внешняя политика Республики Казахстан в условиях глобализации. – Алматы, 2000.

  3. Токаев Т.К. Казахстан и Запад в условиях глобализации.-М,2013.

  4. Токаев Т.К. Внешнеполитические приоритеты Республики Казахстан.-М, 2011.

  5. Внешняя политика Казахстана. Выработка новых приоритетов.- Алматы, 2002.

  6. Дипломатическая служба Республики Казахстан // Учебное пособие.-под ред. К.К. Токаева.- Алматы, 2004.

  7. Шерьязданова К.Г. Центральная Азия в динамике современных интеграционных тенденций: Монография. Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2008.

  8. Сулейменов Т.С. Казахстан и страны Восточной Европы: основные направления и перспективы сотрудничества: Монография. – Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2008.


Қосымша әдебиет

  1. Евразийская стратегия суверенного Казахстана / Под ред. Б.К. Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005.

  2. Шайхутдинов М.Е. Геополитика, глобалистика и теория национальной безопасности: методологические и прикладные аспекты.-Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2005.- 528 с.

  3. Казахстан и ОБСЕ: монография / Под общей редакцией Б.К.Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009.

  4. Геополитика Каспийского региона.- М., 2003.

  5. Додонов В.Ю. Мировой кризис и тенденции экономического развития Казахстана.-А., 2011.

  6. Протопопов А.С., Козьменко В.М., Елманова Н.С. История международных отношений и внешней политики России.- М., 2001.

  7. Сотрудничество Республики Казахстан с Организацией по безопасности и сотрдуничеству в Европе. – Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2007.

  8. Братерский М.В. Мировая политика в условиях кризиса.- М., 2000.

  9. Сотрудничество и безопасность в Центральной Азии: состояние и перспективы. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008.

  10. Центральная Азия: состояние и перспективы регионального взаимодействия / Материалы ежегодной Алматинской конференции. – Алматы:

КИСИ при Президенте РК, 2008. – 11 июня.



  1. Кушкумбаев С. К. Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность. – Алматы: Казахстан, 2002.

  2. Шайхутдинов М. Е. Казахстан и Россия в новых геополитических координатах. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2005.

  3. Жизнин С.3. Основы энергетической дипломатии. – М: Научная книга, 2003. – 168 с.

  4. Паленовский И. Г. Энергетическая политика ЕС в отношении России и новых независимых государств.- М., 2010.


«6М020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша түсу емтиханының үлгілік сұрақтары
Қазіргі халықаралық қатынастар
1.Қазіргі халықаралық қатынастардағы жаңа үрдістер

2. Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастардың маңызды феномені.

3. ЕО экономикалық дағдарыс (Грекия, Испания)

4. Әскери, экономикалық қауіпсіздік

5. Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік

6. Қазіргі халықаралық қатынастардағы энергетикалық мәселелер.

7. Қазіргі әлемдегі аймақтық қақтығыстар мәселелері

8. 90-шы жылдардағы халықаралық қатынастар трансформациясы.

9. Әлемдік қаржы дағдарысы және оны еңсеру жолдары

10. Қазіргі әлемдік саясаттағы ҚХР ролі

11. Қазіргі халықаралық қатынастардағы ядролық фактор

12. Аймақтық интеграция және заманауи дамудағы жаһандану

13. 90-шы жылдардағы Балқан дағдарысы

14. Әлемдік саясаттағы АҚШ ролі

15. АҚШ-тың Таяу және Орта Шығыстағы саясаты

16. «Қырғыи-қабақ соғыстан» кейінгі АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясы

17. Қазіргі халықаралық қатынастардағы демография мәселелері

18. Қазіргі халықаралық қатынастардағы миграция

19. Қазіргі еуропалық дипломатиядағы жаңа үрдістер

20. Жаһандану кезеңіндегі жаңа қарсылықтар мен қатерлерге қарсы тұру

21. Әлемдік саясаттағы діни фактор

22. Германияның бірігу үдерісі

23. ТМД интерациялық үдерістерді дамыту

24. Әлемегі терроризм, экстремизм, сепаратизм мәселелері

25. ХХІ ғ. Еуропаға арналған аймақтық қауіпсіздік жүйелерін қалыптастыру. ЕҚЫҰ.

26. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс

27. Қазіргі кезеңдегі халықаралық ұйымдар

28. Әлемдік саясаттағы БҰҰ орны мен ролі

29. Қазіргі әлемде демократияны дамытудағы ЕҚЫҰ ролі

30. Қазіргі әлемдік саясаттағы НАТО

31. Қазіргі кезеңдегі араб мемлекеттері сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар

32. Әлемдік қауымдастықтың халықаралық терроризммен күрес мәселелері

33. АҚШ және Парсы шығанағы елдері: өзара қатынас мәселелері

34. АҚШ және Батыс елдерінің сыртқы саясатындағы Укранина факторы

35. Халықаралық интеграциялық құрылымдарды құру және дамыту

36. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан факторы

37. Еропалық Одақ: эволюция, мәселелер, келешегі

38. Солтүстік африка және Таяу Шығыстағы «құрма» революциялары

39. Сирия төңірегіндегі жағдай: басты ойыншылардың ұстанымдары

40. Ресей мен Украина өзара қатынасының мәселелері

41. Қазіргі халықаралық қатынастардағы Ресей
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
1. Қазіргі геосаясат және Қазақстанныңсыртқы саяси басымдықтары

2. Кедендік одақ: мәселелері мен даму келешегі

3. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясындағы БҰҰ орны мен ролі

4. Қазақстанның көмірсутегі шикізаты экспорты үшін құбырлар маршруты: жобалар және нақты жағдай

5. Қазақстан Рииеспубликасы мен АҚШ қатынастарын дамыту: стратегиялық серіктестік жолдары

6. Қазақ-қытай қатынастарының негізгі басымдықтары

7. Қазақстан Респубилкасының Үндістан және Пәкістанмен қатынасы

8. Ұлы державалар сыртқы саясатындағы Каспий тармағы: мүдделер соқтығысы және оларды үйлестіру түрлері

9. ҚР сыртқы саясатындағы Еуропа тармағы

10. ҚР және ТМД елдері: ынтымақтастық мәселелері мен келешегі

11. Қазақстанның Солтүстік Азия елдерімен (КХДР және Корея Республикасы) қатынасындағы негізгі басымдықтар

12. ҚР Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қатынасынығ алдағы даму мәселелері мен келешегі

13. Демократияны дамытудағы қолдау ретіндегі бітімгершілік БҰҰ қызметінің негізгі саласы

14. Қазақстан және ХХІ ғ. басындағы геосаяси күштердің жаңа теңгерімі

15. Қазақ-британ ынтымақтастығы жағдайы және келешегі

16. ҚР әлемдік аренадағы ұлтты-мемлекеттік мүдделері мен міндеттерін айқындау

17. Қазақстан Республикасы мен Иран қатынасы

18. Қазақстан Республикасы және Түркия: ынтымақтастық мәселелері

19. Қазақстан Риеспубликасы сыртқы саясатындағы Ресей тармағы

20. ҚР сыртқы саясатындағы Азия тармағы

21. Қазақстан республикасы және ЕО: ынтымақтастықтың негізгі бағыттары

22. Еуразия кеңістігіндегі итеграциялық үдерістер (ЕврАзЭС, Кедендік одақ)

23. Орталфық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері

24. Қазақ-герман қатынастарыныкң жаңдайы мен келешегі

25. ҚР және АСЕАН елдері: ынтымақтастық реалиясы және келешегі

26. ҚР және Орталық Азия елдері арасындағы қатынас: ынтымақтастық мәселелері

27. ТМД аясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері

28. Шанхай ынтымақтастық ұйымы: құбылмалы әлемдегі эволюция кезеңдері мен келешегі

29. Орталық Азиядағы АҚШ, Қытай және Ресей: бәсекелесиік стратегиясынан ынтымақтастық стратегиясына дейін

30. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның күш-жігері мен бастамалары: СВМДА, ШЫҰ

31. Қазақстаның Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен екі жақты қатынастары

32. Қазақстан дипломатиясындағы Азия-Тынық мұхит тармағы


33. Еуропалық одақ және Орталық Азия: ынтымақтастық келешегі

34. ҚазақстанРеспубликасының энергетикалық саясаты

35. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы
Бағдарламаны әзірлегендер:

1.Мажиденова Д.М. - сыртқы саясат профессоры, тарих ғылымдарының докторы;



2.Шерьязданова К.Г. – сыртқы саясат кафедрасының доценті, доктор (PhD);
Бекітілді: Дипломатия институты директораты мәжілісінде (2014 жылғы № Хаттама)
Дипломатия институтының директоры С. Сайлауқызы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет