БАҒдарламасы астана қ. Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже



жүктеу 275.53 Kb.
Дата22.02.2018
өлшемі275.53 Kb.
түріБағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының

Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі

«Әлеуметтік – басқару технологиялары» кафедрасы

2014 – 2015 оқу жылына

«6D090500 - Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына

докторантураға оқуға түсушілерге арнайы пәндер бойынша қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана қ.


Қабылдау емтиханы туралы жалпы ереже
«6D090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Академияның докторантурасына оқуға түсушілерге арнайы пән бойынша Қабылдау емтиханының бағдарламасы «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарты ҚР МЖБС 7.10.164-2010 негізінде әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы бойынша ғылыми білімнің жүйесін іс жүзінде қолдана алатын, ғылыми-зерттеу ізденісі білік-дағдыларына ие болған, ғылыми-зерттеу қызметіне дайын әлеуметтік жұмыс саласында жоғары білікті мамандарды – «Әлеуметтік жұмыс» мамандандырылған даярлық бейіні бойынша докторантура бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс докторларын даярлау.

Бейіні бойынша докторларды даярлаудың білім беру бағдарламасы іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және әлеуметтік ғылымдардың нақты бағыттары бойынша пәндерді терең оқуды қамтиды.


Бағдарлама мына қағидаттар негізінде әзірленеді және жүзеге асырылады:
- «Әлеуметтік жұмыс» бағыты бойынша магистратураның бағдарламасымен (екінші деңгей) келісілуі (түйіндесу);

- докторанттарды даярлаудағы жалпы стратегияны айқындаудағы икемділік пен мобильділік;

- маманды даярлау бағдарламасына жеке бағдарлану;

- гуманистік бағдарланған әлеуметтік технологияларына бағытталу;

- әлеуметтік жұмыс мамандарының кәсіби білімдерін құрастырудағы әмбебаптық, іргелілік, жүйелік, интегративтілік;

- өңірлік шарттарды есепке алу.
Емтихан кешенді нысанда өткізіледі, оның мақсаты мына «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша МЖБС көлемінде пәндер бойынша білімді бағалау: 1. ҚР-ның мемлекеттік саясаты. 2. Әлеуметтік жұмыс теориясы 3.Әлеуметтану.
Мына пәндер бойынша қабылдау емтиханына қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар:


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты.

1-тақырып. Мемлекеттік саясаттың түсінігі және мәні.

Мемлекеттік саясаттың әдіснамалық мәселелері. Мемлекеттік саясат саяси ғылымдардың пәні ретінде. Мемлекеттік саясаттың мәні, қағидаттары мен әдістері. Мемлекеттік саясаттың түрлері және бағыттары. Шетелдегі мемлекеттік саясаттың даму ерекшеліктері.


2-тақырып. Мемлекеттік саясат және азаматтық қоғам.

Азаматтардың саясатқа қатысу түрлері. Мемлекеттік билік органдары және мемлекеттік емес ұйымдар. Саяси партиялар және мүдделер тобы. Қазақстандағы азаматтық қоғам: институциализациялау мәселелері. Азаматтық қоғам және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет.


3-тақырып. Мемлекеттік және жариялылық саясаттың субъектілері.

Мемлекет қоғамды біріктіретін, орталықтандыратын саяси институт ретінде. Мемлекеттік құрылымдармен халық арасындағы байланысты орнатушы партия. Бұқара деңгейінде қоғамды саяси шешімдерді әзірлеуге қатыстырушы БАҚ. Бизнес-корпорация және олардың қауымдастығы (кәсіпкерлік құрылымдар және қаржы-өнеркәсіп топтары). Сараптамашылар қауымы. Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ).


4-тақырып. Жариялылық саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіндегі бюрократия.

Бюрократия қоғамда билік позициясы бар адамдардың арнайы тобы ретінде. Олардың арасындағы өзара қатынас түрі және сипаты, мінез-құлық нормалары мен ережелер жүйесі, басшылықтың өзіне тән стилі және өмір салты. М. Вебердің рационалдық бюрократия тұжырымдамасы қазіргі ұйымдар негіздері ретінде. Басқару персоналы қызметін реттеудің формальды ережелер жүйесі.


5-тақырып. Мемлекеттік әлеуметтік саясат.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары. ҚР Конституциясы – азаматтардың әлеуметтік қорғау кепілі. ҚР әлеуметтік саласындағы реформасы: тегеурінді талаптары және келешегі. Әлеуметтік сақтандыру. Азаматтарды әлеуметтік қорғау. ҚР денсаулық сақтауы, білім беруі және мәдениеті.


6-тақырып. Мемлекеттің этносаясаты.

Мемлекеттік этносаясаттың міндеттері. Әлемдегі әр түрлі мемлекеттердегі аз ұлттар мәселесін шешу. Мемлекеттің тілдік саясаты. Ұлттың бірлігіне қол жеткізу және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру. «Мәңгілік Ел» ұлттық идея және ҚР мемлекеттік идеологиясы ретінде.


7-тақырып. Мемлекеттік ақпараттық саясат

Мемлекеттік ақпараттық саясатының мәні, қағидалары және негізгі мазмұны. Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Электрондық үкімет. Қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу: жағдайы және болашағы.


8-тақырып. Әлеуметтік саясат пен әлеуметтік жұмыстың өзара байланысы.

Әлеуметтік саясаттағы әділеттілік және гуманизм қағидасы, олардың тарихи өзгеруі. Әлеуметтік саясат нормативтік және басқарушылық пәні ретінде. Гуманитарлық бейінді пәндер мәнмәтініндегі әлеуметтік саясат: әлеуметтік саясат және әлеуметтік тарих, әлеуметтік саясат және әлеуметтік философия, әлеуметтік саясат және саясаттану, әлеуметтік саясат және экономика – қоғамды тану мен дамытудағы жалпылығы мен ерекшеліктері. Әлеуметтік саясат әлеуметтік жұмыстың макродеңгейлік идеологиясы ретінде.


2. Әлеуметтік жұмыс теориясы.

1-тақырып. Әлеуметтану және әлеуметтік антропология контексіндегі әлеуметтік жұмыс теориясы. Әлеуметтік жұмыс практикасы. Философия әлеуметтік жұмыстың дүниетанымдық және әдіснамалық негізі ретінде. Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және теориясы. Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдің феномені ретінде. Әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі теорияның ерекшелігі. Әлеуметтік жұмыс теориясының мақсаттары мен міндеттері. Жеке тұлғаның табиғи құқықтары және қоғамдық шарт теориясы. Мемлекет Гоббс, Ж-Ж Руссо, Монтескье, Джефферсон, Л. фон Штайн және тағы басқаларының тұжырымдамаларындағы әлеуметтік әділдіктің кепілдігі ретінде. Әлеуметтік стратификацияның және әлеуметтік жұмыстың әртүрлі модельдерінде халықтың «әлсіз топтарына» (тәуекел топтарға) қатысты теңдіктер-теңсіздіктерінің проблемалар көрінісі. Билік пен ресурстарды бөлу және қауымды жас, гендерлік, этикалық және өзге де ерекшеліктері бойынша ажырату. Э. Гофманның тұжырымдамасындағы «өзгелер».
2-тақырып. Әлеуметтік жұмыс дамуының әлеуметтік мәдени факторлары, оның мазмұны және нысандары. Әлеуметтік жұмыстың модельдері.

Әлеуметтік жұмыс моделі және оларды құру өлшемдері. Модельдердің вариациялығы, құрылымдық және жеке әлеуметтік жұмысы. Әлеуметтік қамсыздандырудың қалдық моделі. Кедейлерге және кедейлікке «либералды» қатынастардың ерекшеліктері, стигматизация проблемасы. Мұқтаждарға резидуалдық әлеуметтік қолдау. Әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігі және «жұмыспен өтеуді» дамыту. Әлеуметтік қатысу, коммунадағы жұмыс және АҚШ-тағы волонтерлік қозғалыс. Әлеуметтік теңдік, толық жұмыспен қамтылу тұжырымдамасы, әлеуметтік қызметтердің табыстарын және қол жетімділігін теңестіру және әлсіз топтарды нормалау әлеуметтік қамсыздандырудың институционалды жүйесінің мақсаты ретінде. Әлеуметтік қорғалғандық (қайтарымдылық) – мемлекеттік және қоғамдық институттардың біріктіруші бастауы. Еңбек жетістіктері моделі. Әлеуметтік қамсыздандыру институттары экономикалық жүйелерге қосымша ретінде. Бисмарк реформалары және әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік жүйесін құру жалданған жұмыскер мен оның отбасының әлеуметтік қорғалуы негізі ретінде.

Мотивациялауды қалыптастыруға, өндірістік қызметке ниет тудыруға байланысты клиенттің жеке рөліне ерекше назар аударылған З.Фрейд, Э.Фромм, В.Франкл, Э. Берннің және тағы басқаларының көзқарастары негізінде әлеуметтік жұмыстың психологиялық модельдері.

Қазіргі әлеуметтік жұмыстағы неокорпоративизм және либерализация (әлеуметтік қызмет көрсету). Клиент қызметтерді тұтынушы мен сатып алушы ретінде. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және әлеуметтік жұмысты жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар.


3-тақырып. Әлеуметтік жұмыс деңгейлері. Жеке және топтық жұмыс.

Әлеуметтік жұмыстың деңгейлерін белгілеу және жеке адамның/ топтардың қосылу өлшемдері. Жеке адамның әлеуметтік жауапкершілігі мен бастапқы әлеуметтік институттардың (отбасы, көршілес, кәсіби және аумақтық ортақтық) идеясы. Клиент түсінігі және негізгі клиенттік топтар, оларды белгілеу өлшемдері. Субсидиарлық қағидаты, оның байланысы және оның әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік өкілеттіліктерді орталықтандырудан айырмашылығы.


4-тақырып. Әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиялары.

Әлеуметтік диагностика адекватты технологияны таңдау негізі ретінде. Кез келген клиенттермен Дағдарыс интервенциясына араласу (басқыншылық) жұмысында алдын алуды (превенциялар) артық көру қағидаты. Дағдарыстық басқыншылық. Әлеуметтік бейімделу мен нормалаудағы оқытудың және өзге де ынталандырушы технологияларының рөлі. Мүгедектердің (мүгедек-балалар) «тәуелсіз өмірін» реабилитациялау (абилитация) және тұжырымдамалар.

Отбасы мен балалармен жұмыс істеу нысандары. Патронаж және кеңес беру алдын алу технологиясы ретінде. Кеңес беру, қамқор, қамқоршылық, «көше» балаларымен жұмыс және т.б.
5-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру, қамқорлық, сақтандыру және көмек. Технологияны таңдау және олардың тиімділігін бағалау.

Табыстарды қостау және әлеуметтік қамсыздандыру үшін әлеуметтік сақтандыру мен салықтарды қайта бөлудің мәні. Кедейлікті өлшеу және оны жеңу мүмкіндіктері проблемаларының ерекшеліктері. Әлеуметтік сараптаманы дамыту. Қысқа және ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарламалар. Табыстың трансферті және отбасыны қолдау проблемалары. Әлеуметтік қызмет көрсету қарттар және мүгедектермен бірге жұмыстың негізгі технологиясы, оның түрлері және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Әлеуметтік жұмыс тиімділігінің және оларды араласу мен оның технологиясын бағалауға пайдалану мүмкіндіктерінің өлшемдері.


6-тақырып. Әлеуметтік жұмыстың технологиялары. Әлеуметтік жұмыстың бағыттары, деңгейлері, нысандары мен әдістері.

Әлеуметтік технологиялар түсінігі: тіршілік қарекетінің әртүрлі салаларында және халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмыстың жалпы және жеке технологиялары. Адам қызметінің әлеуметтік тұрақтылығы жүйесі. Әлеуметтік диагностика. Әлеуметтік терапия. Әлеуметтік алдын алу. Әлеуметтік реабилитация. Әлеуметтік қадағалау. Әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік кеңес беру. Әлеуметтік болжам. Әлеуметтік сараптама. Әлеуметтік сақтандыру. Әлеуметтік қамқорлық ету.

Ақпараттық әлеуметтік технологиялар. Кедейлерге және аз қамтылғандарға әлеуметтік қолдау. Жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау. Әйелдерді әлеуметтік қорғау. Еркектердің әлеуметтік проблемалары. Отбасын әлеуметтік қорғау.

Балалармен әлеуметтік жұмыс. Жастарды әлеуметтік қолдау. Қарттар мен кәрілерге әлеуметтік қорғау. Мүгедектерге әлеуметтік қорғау. Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау. Қоныстанушылармен бірге әлеуметтік жұмыс. Халықтың маргиналдық топтарымен әлеуметтік жұмыс. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс. Жұмыс істеуші халықты әлеуметтік қорғау. Кәсіпкерлікті әлеуметтік қолдау. Девианттық қылықтағы адамдармен әлеуметтік жұмыс.


7-тақырып. Әлеуметтік жұмысты басқару: міндеттері, құрылымы мен әдістері, жоспарлау және өңірлік модельдер мен тиімділік.

Әлеуметтік диагностиканы, алдын алуды, әлеуметтік бейімделуді, әлеуметтік терапияны және әлеуметтік оңалтуды іске асыру ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі қызмет пен қатынасты этикалық-құнды реттеу. Әлеуметтік жұмыстың деонтологиялық мәселелері. Отбасы (әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топ). Тарихи дамуындағы отбасының типологиясы. Отбасы ішіндегі қатынастарды дамыту.


8-тақырып. Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты дамыту.

Қазақстандағы қоғамдағы әлеуметтік қолдау және көмектің дәстүрлі технологиялары. Әлеуметтік қолдау мен көмектің мемлекеттік емес құрылымдары. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің қазіргі жүйесі. Әлеуметтік жұмыстың инновациялық технологиялары.

Қазақстан халқын әлеуметтік теңдестіру және кедейлерге көмек беру проблемалары. Күнкөріс минимумы және әлеуметтік көмек: құқықтық реттеу және экономикалық мүмкіндіктер. ҚР-ның «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдар және т.б. Мекенжайының болуы мұқтаждарға әлеуметтік көмек жүйесі ретінде.
3. Әлеуметтану

1-тақырып. Әлеуметтану ғылым ретінде.

Әлеуметтанудың объекті мен пәні туралы қазіргі түсініктер. Әлеуметтанудың қазіргі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны. Әлеуметтану ғылымының құрылымын құрудың негізгі тәсілдері. Әлеуметтану ғылымының ерекшеліктері. Әлеуметтану білімінің деңгейлері және типтері. Пәндік және әдіснамалық білім. Теориялық және эмпирикалық білім. Іргелі және қолданбалы білім.

Әлеуметтану білімінің негізгі құрылымдық бірліктері: әлеуметтанудың әлеуметтік-мәдени және философиялық-әдіснамалық негіздері; жалпы әлеуметтану теориясы; әлеуметтану тарихы, әлеуметтанулық ойдың мектептері мен бағыттары; салалық әлеуметтану пәндері; зерттеу әдістері мен процедуралары; персоналийлер.

Әлеуметтану ғылымының негізгі қызметтері (танымдық, дүниеге көзқарастық, болжамдық, практикалық (қолданбалы), тәрбиелік және т.б.). Әлеуметтанушының кәсіби кодексі. Әлеуметтанушының кәсіби іс-әрекетінің құқықтық және адамгершілік аспектілері.


2-тақырып. Әлеуметтану тарихы

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде қалыптасуы. XIX – XX ғ.ғ. басындағы негізгі әлеуметтану мектептері. XX ғ. әлеуметтану дамуының басты бағыттары. Қазіргі әлеуметтану теориясындағы ізденістердің негізгі бағыттары.


3-тақырып. Қоғам жүйе мен әлеуметтік өмірдің формалары ретінде

Социеталдық жүйе: ұғымы және құрылымы. Адамның әлеуметтік өмірі және оның табиғи және биологиялық алғышарттары. Қоғамның белгілері. Қауым және қоғам. Әлемдік қауымдастық.

Социеталдық және әлеуметтік жүйелер. Әлеумет ұғымы. Әлеуметтік жүйе, оның құрылымы және элементтері. Әлеумет және мәдениет. Әлеуметтік жүйелердің экономикалық, саяси және т.б. жүйелермен арақатынасы. Әлеуметтік қауымдастық, олардың түрлері және құрылымы.

Әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топтардың негізгі сипаттамалары. Топтық сананың, мінез-құлықтың және топтық іс-әрекеттің ерекшеліктері. Әлеуметтік топтардың типологиясы. Кіші әлеуметтік топтардың ерекшеліктері.

Әлеуметтік таптар. Таптардың негізгі белгілері. Индустриалдыққа дейінгі, индустриалдық және индустриалықтан кейінгі қоғамның таптық құрылымы.

Ұлттар (этностар) және ұлттық (этникалық) қауымдастықтар. Ұлттық өзіндік сана. Ұлттық мүдделер және ұлтшылдық.


4-тақырып. Әлеуметтік стратификация.

Қоғамның әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік теңсіздік. Әлеуметтік жіктелудің объективті және субъективті көрсеткіштері. Әлеуметтік жік ұғымы (страттар). Әлеуметтік стратификация және оның өлшемдері. Әлеуметтік статустар мен рөлдер. Орта тап мәселелері (жік). Қоғамның элитасы: құрылымы және қызметтері.

Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификацияның ерекшеліктері: тарихы және қазіргі жағдайы.
5-тақырып. Әлеуметтік институттар мен ұйымдар.

Әлеуметтік институт ұғымы, оның құрамы. Әлеуметтік институт қоғамның әлеуметтік құрылымының компоненті ретінде. Әлеуметтік институттың типологиясы. Әлеуметтік институттардың негізгі сипаттамалары: отбасының, мемлекеттің, экономиканың, білімнің, ғылымның, діннің және т.б. негізгі сипаттамалары. Әлеуметтік институттардың қызметтері мен дисфункциялары, айқын және латенттік қызметтер мен дисфункциялар. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік институттардың дағдарысы. Әлеуметтік ұйымдар жүйе ретінде. Әлеуметтік ұйымдардың негізгі сипаттамалары. Олардың типологиясы. Ұйымдық иерархия. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару. Формальды және бейформальды ұйымдар. Бюрократия. Әлеуметтік ұйымдарды басқару. Адам факторының рөлі.


6-тақырып. Әлеуметтік өзара қатынастар және үдерісттер.

Әлеуметтік әрекет ұғымы, оның құрылымы. Әлеуметтік әрекет әлеуметтік іс-әрекеттің бірлігі ретінде. Әлеуметтік әрекетер типологиясы (М. Вебер бойынша). Т. Парсонс әлеуметтануындағы әлеуметтік әрекет тұжырымдамасы. "Адам әрекетінің жалпы жүйесі" ұғымы.

Әлеуметтік өзара қатынастар әлеуметтік субъектілер қатынастарының типі ретінде. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқы және әлеуметтік топтар. Әлеуметтік мінез-құлықтың типтері және түрлері. Әлеуметтік бақылау, оның мазмұны, тетіктері мен формалары. Әлеуметтік бақылаудың объектісі мен субъектісі.

Коммуникациялардың негізгі элементтері. Коммуникациялық желілер. Коммуникациялық құралдар. Бұқаралық коммуникация және әлеуметтік таптауырындар. Қоғамның ақпараттық жүйесі, оның негізгі тарихи кезеңдері.

Әлеуметтік мобильділіктің мәні. Әлеуметтік мобильділіктің түрлері. Қазіргі қоғамның шиеленістілігі. Қоғамдық пікір әлеуметтік құбылыс ретінде. Қоғамдық пікірдің объектісі мен субъектісі. Қоғамдық пікір және қоғамдық көңіл-күй.

Қоғамдық пікірді қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері. Бұқаралық ақпарат құралдарының осы үдерістердегі рөлі. Қоғамдық пікір қоғамның саяси өмірінің және әртүрлі деңгейдегі шешім қабылдау факторы ретінде.


7-тақырып. Әлеуметтік өзгерістер және әлеуметтік даму

Әлеуметтік өзгерістер: ұғымы және көрініс нысандары. Әлеуметтік өзгерістердің деңгейі, бастаулары, субъектілері бойынша типологиясы. Эволюциялық және революциялық өзгерістер. Циклдық әлеуметтік өзгерістердің ерекшеліктері.

Әлеуметтік өзгерістерді басқару. Әлеуметтік өзгерістер және әлеуметтік инженерия. Әлеуметтік технологиялар. Инновациялар (жаңашылдық) және инновациялық үдеріс. Жаңғырту.

Әлеуметтік дамуды басқару. Әлеуметтік болжау. Әлеуметтік жобалау. Әлеуметтік жоспарлау.

Әлеуметтік даму және әлеуметтік прогресс. Әлеуметтік тұрақтылық ұғымы. Әлеуметтік жүйелердің тұрақтылығы және қоғамның тұрақтылығы. Әлеуметтік тұрақтылықтың факторлары. Әлеуметтік тепе-теңдік ұғымы.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік дамуын талдауға әлеуметтік-құрылымдық және әлеуметтік-мәдени тәсілдер. Тұрақтылық және тұрақсыздық факторлары.


8-тақырып. Әлеуметтанулық әдіснама және зерттеу әдістері.

Ғылымдағы әдіснама ұғымы. Әдіснамалық білімнің деңгейлері: философиялық, жалпы ғылыми, жеке ғылыми. Әлеуметтанулық теорияның әдіснамалық қызметтері. Әлеуметтанулық зерттеулер әлеуметтану ғылымының тіршілік ету формасы және даму тәсілі.

Әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамалық негіздемесі. Әдіснама және парадигма.

Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және оның кезеңдері. Әлеуметтанулық зерттеулердің типтері: іргелі және қолданбалы, теориялық және эмпирикалық. Олардың мақсаттарының, міндеттерінің, әдістерінің ерекшеліктері, кезеңдерінің дәйектілігі. Зерттеу бағдарламасы және кезеңдері. Проблемалық әлеуметтік жағдай және ғылыми проблема. Зерттеу объектісі және пәні. Болжамдарды ұсыну және тексеру. Таңдау зерттеу процедурасы ретінде. Таңдаудың типтері және таңдау әдістерінің ережелері. Алынған мағұлматтарды өңдеу, талдау және жалпылау.



Әдістерді топтау. Эмпирикалық мағұлматтарды жинау, талдау және интерпретациялау. Әдістерді таңдау және оларды негіздеу ережелері. Әлеуметтанулық эксперимент және оның түрлері. Фокус - топтар және оны өткізу әдістемесі. Әлеуметтанудағы болжаулар. Болжаулардың түрлері және болжау әдістері.


Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее. Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу Казахстана 17 января 2014г.

  2. Стратегия «Казахстан-2050». Новый политический курс состоявшегося государства //Послание Президента Республики Казахстан – лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 14.12.2012 г.

  3. Назарбаев Н.А. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать щагов к обществу всеобщего труда»// Казахстанская правда, 10.07.2012.

http://www.kazpravda.kz/c/1341882404

  1. Абдирайымова Г.С. Социальная работа с молодежью: учебное пособие для студентов гуманитарных вузов. –Алматы: Казак Университетi, 2003. – 109 с.

  2. Абдыкаликова Г. Н., Нуркатова Л. Т. Регуляция семейно-демографической ситуации в РК// Материалы II Академического симпозиума «Эффективное государственное управление», 26 ноября 2010 г. – Астана: АГУ при Президенте РК, 2010.

  3. Аженов М.С., Садырова М.С. Социология Казахстана. – Алматы: Казахстанский университет, 2004г. - 168с.

  4. Аканов А. А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: Опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010–2015 годы. – Астана, 2006. – 243 с.

  5. Актуальные проблемы публичной политики Республики Казахстан в сфере государственной службы // Сборник научных статей и научно-исследовательских материалов. Астана-2014

  6. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. Социология общественного мнения. – Алматы, 2001г. – 112 с.

  7. Григорьев С.И., Гуслякова Л.Г. и др. Теория и методология социальной работы //Учеб. пособие для ВУЗов. Ин-т "Открытое общество". - М.: Наука, 1994. - 185 с.

  8. Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей: Учебное пособие для студентов гуманитарных факультетов высших учебных заведений. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 172 с.

  9. Зaйниeвa Л.Ю. Мeждунapоднaя пpaктикa в облacти молодeжной политики. МКИОC PК. 2003. - 208 c.

  10. Кожамкулова Л.Т. Методика исследования в социальной работе. // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. – Алматы, 2004. – № 1 (12): Серия психологии и социологии. – С. 5-10.

  11. Кожамкулова Л.Т. Социальная работа города: принципы и направления. – Алматы, КазНУ им. аль-Фараби, 2003. – 220 с.

  12. Нурқатова Л. Т., Есiркепова С. С. Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында әлеуметтік қызметкердің рөлі // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Серия: Психология, социология. – 2009. – № 1.

  13. Нуркатова Л. Т., Нуркатов Е. М. Институционализация социальной работы в Казахстане: проблемы и перспективы// Материалы международного Форума «Здоровый образ жизни – основа гармонично развитого поколения», Узбекистан, 29–30 ноября 2010 г. – Ташкент, 2010.

  14. Социология. Основы общей теории.  Отв. ред. Осипов Г.В., Москвичев Л.Н. М.: Норма, 2003. - 912 с.

  15. Реформирование экономики Казахстана. - Под редакцией Кенжегузина М.Б. - Алматы.: 1997

  16. Рогачёв А.А., Нигматуллин Е.З.. Инвестиции и инвестиционная политика.- А.: Гылым, 1999. - 220 с.

  17. Региональная социально-экономическая система /Алимбаев А.А., Утешов С.Б., Ахметов С.Н., Тауарбаев А.А. – Караганда: Санат, 2002

  18. Садвакасова А. Социологическое измерение государственной службы / Мысль. 2007. №5, стр.40.

  19. Садвакасова А. Институционализация социологии в Казахстане. – Алматы, 2003г.

  20. Сарсенова Ж.Н. Социальная работа: Учебное пособие. - Алматы, 2004. - 64 с.

  21. Тажин М.М., Тажимбетов М.А. Региональная социология:(Учеб. пособие).-Алма-Ата: Атамура-Казак университетi. Региональная социология.-1993.-176 с.

  22. Технологии социальной работы/ Под ред. Е.И.Холостовой, - М.: ИНФРА, 2002.

  23. Шеденова Н. У. Гендерное неравенство в обществе и стратегия его преодоления. -Вестник КазГУ. Серия психологии и социологии. №1(4). Алматы: Казак университетi. 2000

  24. Государственная политика. Учебное пособие / Под общей редакцией Ж.Х. Джунусовой. – Алматы: Дайк Пресс, 2012. – С. 248.

  25. Дьяченко С. А., Бурханов К. Н., Биекенов М. А., Примин В. В. Государственная политика. Учебное пособие. Академия государственного управления при Президенте РК. Астана-2011, с.232.



ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Мемлекеттік саясат

  1. Мемлекеттік саясат: мәні, әдістері.

  2. Мемлекеттік саясаттың салалары.

  3. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам құрылымдарының өзара әрекет нысандары.

  4. Мемлекеттік экономикалық саясат.

  5. Мемлекеттік әлеуметтік саясат.

  6. Мемлекеттік ұлттық саясат.

  7. Қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат.

  8. Мемлекеттердің халықаралық саясаты.

  9. Адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарттары мен институттары. Адам құқығын қорғаудағы ұлттық және халықаралық жүйелердің өзара әрекеті.

  10. Мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексі.

  11. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократияның рөлі.

  12. Нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттік басқару.

  13. Сыбайлас жемқорлықтың түрлері және формалары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет: мемлекет пен азаматтық қоғамның мүмкіндіктері.

  14. Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері. Мемлекеттік билік және оның субъектілері.

  15. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық статусы және өкілеттілігі.

  16. Қазақстан Республикасының Парламенті: құқықтық статусы, қалыптастыру принциптері, құрылымы және өкілеттілігі.

  17. Қазақстан Республикасының Сот жүйесі. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.

  18. ҚР Орталық сайлау комиссиясы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті.

  19. Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.

  20. Мемлекеттік қызмет және әкімшілік реформа.

  21. Әлеуметтік саясаттағы әділеттілік және гуманизм принциптері, олардың тарихи өзгеруі.

  22. Әлеуметтік саясат әлеуметтік жұмыстың макродеңгейіндегі идеология ретінде.

  23. Клиент ұғымы және негізгі клиенттік топ, оларды ажырату межесі.

  24. Субсидиарлық принципі, оның әлеуметтік мәселелерді шешудегі бейорталықтанған мемлекет өкілеттілігімен байланысы және айырмашылығы.

  25. Әлеуметтік диагностика адекватты технологияны таңдау негізі ретінде. Кез келген клиенттермен интервенциясына араласу жұмысында алдын алуды (превенция) артық көру қағидаты.

  26. Дағдарыстық интервенция.

  27. Әлеуметтік бейімделу және нормалаудағы оқыту және басқада белсенді технологияларды пайдалану.

  28. Мүгедектердің (бала-мүгедектер) реабилитациясы және «тәуелсіз өмір» тұжырымдамасы.

  29. Жанұя және балалармен жұмыс істеу түрлері.

  30. «Патронаж» және кеңес берудің алдын алу технологиясы.

  31. Кедейшілікті өлшеу мәселесінің ерекшелігі және онымен күресудің мүмкіндіктері.

  32. Қысқа және ұзақ мерзімді әлеуметтік бағдарламалар.

  33. Әлеуметтік қызмет көрсету, қартайған және мүгедек адамдармен жұмыс істеудің басты технологиясы ретінде, оның ұйымдастыру-құқықтық түрлері.  

  34. Әлеуметтік жұмыстың тиімділік және оны араласуды бағалау үшін пайдалану мүмкіндіктерінің өлшемдері.

  35. ҚР арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің стандарттары.

  36. Қазақстанда халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары.

  37. Әлеуметтік технологиялар түсінігі: тіршілік қарекетінің әртүрлі салаларында және халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмыстың жалпы және жеке технологиялары.

  38. Арнайы әлеуметтік қызмет түрлері.

  39. Қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік қолдау мен көмектің дәстүрлі технологиялары.

  40. Әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетудегі мемлекеттік емес құрылымдар.


Әлеуметтік жұмыс теориясы


  1. Әлеуметтік гуманитарлық білімдегі теорияның ерекшеліктері.

  2. Әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

  3. Тұлғаның табиғи құқығы және қоғамдық келісім теориясы.

  4. Мемлекет Т.Гоббс, Ж-Ж Руссо, Монтескье, Джефферсон, Л.фон Штайн және т.б. ұстанымдарындағы әлеуметтік әділеттіліктің кепілдігі ретінде.

  5. Әлеуметтік стратификацияның және әлеуметтік жұмыстың әртүрлі модельдерінде халықтың «әлсіз топтарына» (тәуекел топтарға) қатысты теңдіктер-теңсіздіктерінің проблемалар көрінісі.

  6. Әлеуметтiк жұмыстың модельдері мен оларды құрастыру өлшемдері.

  7. Модельдердің вариативтілігі, құрылымдық және жеке әлеуметтік жұмыс.

  8. Әлеуметтік қамтамасыз етудің қалдықты моделі.

  9. Кедейлер мен кедейшілікке қатысты «либералды» қарым-қатынастың ерекшеліктері, стигматизация мәселесі.

  10. Мұқтаждарды резидуальдық әлеуметтік қолдау.

  11. АҚШ-тағы волонтер қозғалысы мен коммунада жұмыс iстеу, әлеуметтiк қатысу.

  12. Әлеуметтік теңдік, жұмыспен толық қамтамасыз ету, кірістерді теңдестіру, әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі және әлсіз топтарды нормалау тұжырымдамасы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі институтының мақсаты ретінде.

  13. Бисмарк реформасы мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесін құру жалдама қызметкер мен оның отбасын әлеуметтік қорғау негізі ретінде.

  14. Мотивациялауды қалыптастыруға, өндірістік қызметке ниет тудыруға байланысты клиенттің жеке рөліне ерекше назар аударылған З.Фрейд, Э.Фромм, В.Франкл, Э. Берннің және тағы басқаларының көзқарастары негізінде әлеуметтік жұмыстың психологиялық модельдері.

  15. Қазіргі әлеуметтік жұмыстағы (әлеуметтік қызмет көрсетудегі) неокорпоративизм және либерализация.



Әлеуметтану

 


  1. Әлеуметтанудың объекті мен пәні туралы қазіргі түсініктер. Әлеуметтанудың қазіргі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орны.

  2. Әлеуметтану ғылымының құрылымын құрудың негізгі тәсілдері.

  3. Әлеуметтану білімнің ерекшеліктері. Әлеуметтану білімінің деңгейлері және типтері. Пәндік және әдіснамалық білім.

  4. Теориялық және эмпирикалық білім. Іргелі және қолданбалы білім.

  5. Әлеуметтану білімінің негізгі құрылымдық бірліктері: әлеуметтанудың әлеуметтік-мәдени және философиялық-әдіснамалық негіздері; жалпы әлеуметтану теориясы.

  6. Әлеуметтану тарихы, мектептері және әлеуметтік ойлау бағыттары; салалық әлеуметтанулық пәндер; зерттеу әдістері мен процедуралары.

  7. Әлеуметтану ғылымының негізгі қызметтері (танымдық, дүниеге көзқарастық, болжамдық, практикалық (қолданбалы), тәрбиелік және т.б.).

  8. Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде қалыптасуы. XIX – XX ғ.ғ. басындағы негізгі әлеуметтану мектептері.

  9. XX ғ. әлеуметтану дамуының басты бағыттары. Қазіргі әлеуметтану теориясындағы ізденістердің негізгі бағыттары.

  10. Адам биоәлеуметтік (биоәлеуметтік-мәдени) тіршілік иесі. Адам және тұлға. Әлеуметтанулық тұрғының тұлғаны зерттеудегі философиялық, психологиялық, антропологиялық тәсілдерімен салыстырмалы ерекшеліктері.

  11. Жеке адам және жекелік. Жеке адамның әлеуметтенуі: мәні, формалары және кезеңдері.

  12. Тұлға – әлеуметтік өзара қатынастар мен өзгерістердің белсенді субъектілері.

  13. Тұлғаның әлеуметтік типологиясы. Тұлғаның рөлдік және диспозициялық тұжырымдамасы.

  14. Мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан түсіну. Мәдениеттің құрылымы (морфология) және компоненттері. Мәдени қызмет және оның құрылымдық элементтері.

  15. Әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топтың басты ерекшеліктері. Топтық таным, мінез-құлық және топтық қызмет ерекшелігі. Әлеуметтік топтар типологиясы. Шағын әлеуметтік топтардың ерекшеліктері.

  16. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі және әлеуметтік теңсіздік. Әлеуметтік жіктелудің объективті және субъективті көрсеткіштері.

  17. Әлеуметтік жік ұғымы (страттар). Әлеуметтік стратификация және оның өлшемдері.

  18. Әлеуметтік статустар мен рөлдер. Орта тап мәселелері (жік). Қоғамның элитасы: құрылымы және қызметтері.

  19. Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік стратификацияның ерекшеліктері: тарихы және қазіргі жағдайы.

  20. Әлеуметтік институт түсінігі, оның құрамы. Әлеуметтік институт қоғамның әлеуметтік құрылымының компоненті ретінде. Әлеуметтік институттар типологиясы.

  21. Әлеуметтік институттардың: отбасының, мемлекеттің, экономиканың, білімнің, ғылымның, діннің және т.б. негізгі сипаттамалары.

  22. Әлеуметтік ұйымдар жүйе ретінде. Әлеуметтік ұйымдардың негізгі сипаттамалары. Олардың типологиясы. Ұйымдық иерархия.

  23. Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару. Формальды және бейформальды ұйымдар. Бюрократия. Әлеуметтік ұйымдарды басқару. Адам факторының рөлі.

  24. Әлеуметтік әрекет ұғымы, оның құрылымы. Әлеуметтік әрекет әлеуметтік іс-әрекеттің бірлігі ретінде. Әлеуметтік әрекеттер типологиясы (М. Вебер бойынша).

  25. Коммуникациялардың негізгі элементтері. Коммуникациялық желілер. Коммуникациялық құралдар. Бұқаралық коммуникация және әлеуметтік таптауырындар.

  26. Қоғамның ақпараттық жүйесі, оның негізгі тарихи кезеңдері.

  27. Әлеуметтік мобильділік мәні. Әлеуметтік мобильділіктің түрлері. Көлденең және тік мобильділіктің ерекшеліктері.

  28. Әлеуметтік шиеленістер. Әлеуметтік шиеленістер ұғымы және оның құрамы (құрылымы). Шиеленістер типологиясы және оның себептері. Шиеленістің даму сатылары.

  29. Әлеуметтік шиеленістерді шешу тәсілдері. Қазіргі қазақстан қоғамының шиеленістігі.

  30. Қоғамдық пікір әлеуметтік құбылыс ретінде. Қоғамдық пікірдің объектісі мен субъектісі. Қоғамдық пікір және қоғамдық көңіл-күй.

  31. Қоғамдық пікірді қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері. Бұқаралық ақпарат құралдарының осы үдерістердегі рөлі. Қоғамдық пікір қоғамның саяси өмірінің және әртүрлі деңгейдегі шешім қабылдау факторы ретінде.

  32. Әлеуметтік өзгерістер: ұғымы және формалары. Әлеуметтік өзгерістердің деңгейі, бастаулары, субъектілері бойынша типологиясы. Эволюциялық және революциялық өзгерістер. Циклдық әлеуметтік өзгерістердің ерекшеліктері.

  33. Әлеуметтік өзгерістердің қоғамдық-мәдени, экономикалық, технологиялық және т.б. арақатынасы.

  34. Әлеуметтік өзгерістерді басқару. Әлеуметтік өзгерістер және әлеуметтік инженерия. Әлеуметтік технологиялар. Инновациялар (жаңашылдық) және инновациялық үдеріс. Жаңғырту.

  35. Әлеуметтік даму ұғымы. Әлеуметтік даму және әлеуметтік өзгерістер. Әлеуметтік дамудың бастаулары және субъектілері. Әлеуметтік дамудың сызықсыз сипаты. Бифуркация ұғымы.

  36. Әлеуметтік дамуды басқару. Әлеуметтік болжау. Әлеуметтік жобалау. Әлеуметтік жоспарлау.

  37. Әлеуметтік даму және әлеуметтік прогресс. Әлеуметтік тұрақтылық ұғымы. Әлеуметтік жүйелердің тұрақтылығы және қоғамның тұрақтылығы. Әлеуметтік тұрақтылықтың факторлары. Әлеуметтік тепе-теңдік ұғымы.

  38. Әлеуметтанулық зерттеулердің әдіснамалық негіздемесі. Әдіснама және парадигма.

  39. Әлеуметтанулық зерттеулердің құрылымы және оның кезеңдері. Әлеуметтанулық зерттеулердің типтері: іргелі және қолданбалы, теориялық және эмпирикалық.

  40. Зерттеу бағдарламасы және кезеңдері. Проблемалық әлеуметтік жағдай және ғылыми мәселе. Зерттеу объектісі және пәні. Негізгі түсініктердің теориялық және эмпирикалық интерпретациясы.

  41. Түсініктердің операционализациясы. Болжамдарды ұсыну және тексеру. Таңдау зерттеу процедурасы ретінде. Таңдаудың типтері және таңдау әдістерінің ережелері. Алынған мағлұматтарды өңдеу, талдау және жалпылау.

  42. Әдістерді топтау. Эмпирикалық мағлұматтарды жинау, талдау және интерпретациялау. Әдістерді таңдау және оларды негіздеу ережелері.

  43. Бар мағлұматтарды бірінші және екінші рет талдау. Контент-талдау. Бақылау ақпарат жинақтау әдісі ретінде және оның түрлері. Жаппай сауалнама жүргізу әдісі.

  44. Таңдау, таңдаудың түрлері, құрастыру ережелері. Таңдау жиынтығы және бас жиынтық. Сұхбат және сауалнама жүргізу.

  45. Әлеуметтанулық эксперимент және оның түрлері. Фокус-топтар және оны өткізу әдістемесі. Әлеуметтанудағы болжаулар. Болжаулардың түрлері және болжау әдістері.


Бағдарламаны дайындағандар:

Кафедра меңгерушісі, социология ғылымдарының докторы Л.Т. Нұрқатова

Кафедра профессоры, философия ғылымдарының докторы Т.Қ. Бурбаев

Профессор, саяси ғылымдарының докторы Ж.Х. Жүнісова


2014 жылдың 21 ақпанындағы «Әлеуметтік – басқару технологиялары» кафедрасының отырысында талқыланды, №6 хаттама тіркелген.
Кафедра меңгерушісі _____________________________ Л. Нұрқатова
Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директоратының отырысында қаралды (2014 жылдың 24 ақпандағы № 19 хаттама).
МСҰМ директоры ____________________________________В. Аукен
Академияның Ғылыми Кеңесінің отырысында қаралды.

2014 жылдың 28 ақпандағы №9 хаттама.







©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет