БАҒдарламасы 1 блок Ветеринариялық гигиена



жүктеу 49.7 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі49.7 Kb.
түріБағдарламасы
6М120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша

магистратураға қабылдау емтихандарының


БАҒДАРЛАМАСЫ

1 блок
Ветеринариялық гигиена

Адам және жануарлар ауруының алдын алуда ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық іс-шаралардың маңызы.

Ауаға, топыраққа, суға және азыққа қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар. Малшаруашылығы өнеркәсіптерінде, өндіріс және малшаруашылығы өнімдерін алғашқылық өңдеу нысандарындағы жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар.Малшаруашылығы өнеркәсіптерін және ветеринария бағытындағы нысандарын ветеринариялық - санитариялық қорғау принциптері. Ветбақылау нысандарындағы ветеринариялық-санитариялық алдын алу іс шаралары. Дезинфекциялық, дезинцекциялық, дератизациялық, дезинвазиялық, дезодорациялық заттар және қолдану әдістері. Қиды сақтау, өлекселерді, басқа биологиялық қалдықтарды утильдеу, мал шикізаттарын және өнімдерін қайта өңдеу кезіндегі ветеринариялық санитариялық талаптар. Шайынды су санитариясы.Өндіріс территориясын санитариялық қорғау.

Тауарлық шаруашылық ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар. Сүтті, ірі қара етін,қой етін, шошқа етін, құс өнімдерін және басқа да ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптардың ерекшеліктері.

Малшаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу өнеркәсіптеріне, жұмысшыларға қойылатын санитариялық талаптар және жеке бас гигиенасы.
Ет-сүт өнімдерін өндіру технологиясы, санитариясы және ветеринариялық санитариялық сараптау.

Жоғарғы, төменгі температурада консервіленген шұжық, тұздалған өнімдер өндірудің технологиясы, санитариясы және ветеринариялық санитариялық сараптау. Шикізатқа қойылатын талаптар. Жылқы сойыс өнімдерінен дайындалатын ұлттық тағамдардың (қазы, қарта, жая, жал және т.б.) технологиясы, гигиенасы және ветсансараптау. Қышқыл сүт өнімдерін өндірудің биохимиясы, технологиясы мен гигиенасы. Қаймақ, ірімшік, сары май, сыр, творг, құрт және басқада сүттен өндірілетін өндімдерді өндіру технологиясы, сантариясы және ветсансараптау. Ет-сүт өндіріс кәсіпорындарында қолданатын дезинфекциялаушы заттар. Ет комбинатында, сүт зауыттарында, мал сою пункттерінде және басқа нысандарда жүргізілетін ветеринариялық санитариялық шаралар. Ет, ет өнімдері, сүт, сүт өнімдерін өндірудің ветеринариялық санитариясы, гигиенасы.


Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық санитариялық бақылау

Малды тасымалдау кезінде болатын ауруларды дауалау. Тез бұзылатын мал өнімдерін, малды тасымалдау. Ветеринария қадағалауына қарасты нысандарда індетті және инвазиялы аурулар байқалған жағдайда ветсанитариялық шаралар. Көлікті ветсанөңдеу.

Елімізге енгізілген және елден шығарылған транзитті малды және мал өнімдерінен шикізатты немесе басқа жүкті ветеринариялық санитариялық қадағалау. Зертханалық, зоопарктік және басқа малды, балықты, ұрықты,араны, етті, ет өнімдерін басқада тағамдық өнімдерді ветсанқадағалау.
2 блок
Мал және құс өнімдерін ветсансараптау.

Жалпы ветсансараптау. Залалды экологиялық факторлардан тағамдық өнімдерді қорғау. Союға арналған мал, құс.Сойыс малын және құсты өңдеу өнеркәсіп орындары. Мал және құс өнімдерін өңдеу технологиясы. Еттің тауартануы. Инвазиялық, жұқпалы емес және індетті аурулар кезіндегі ветсансараптау және санитариялық бағалау.Тағамдық токсикоздар және токсикоинфекциялар.Ет және суб өнімдерін консервілеу, оларды ветсансараптау. Тері, техникалық және эндокринді ферментативті шикізаттардың сипаттамасы. Тері, үлбір шикізаттарын консервілеу, дезинфекциялау.

Ішек, эндокринді-ферментті, техникалық заттар мен өңдеу технологиясы, гигиенасы,ветсансараптау.Аң-құс еттері мен ағзаларын ветеринариялық- санитариялық сараптау.Сүт өндірудің гигиенасы, санитариясы, әр түлік мал сүтінің химиялық құрамы және қасиеті, сүт ақаулары. Сүтті ветсансараптау.Ауру малдан алынған сүттің санитариялық бағасы. Соттық ветеринариялық-санитариялық сараптау негіздері.
3 блок
Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветсансараптау

Өсімдік өнімдерінің тағамдық құндылығы. Базарда сатылатын балауса, консервіленген өсімдік өнімдерін санитариялық бағалау. Ұнды, крахмалды, дәнді және бұршақ тұқымдас өнімдерді, жас және кептірілген саңырауқұлақтарды санитариялық сараптау.Кәсіби балық түрлері. Балық еттің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық бағасы.Жас, тұздалған,кептірілген және ысталған балықтарды ветсансараптау. Пестицидтердің қалдығымен және басқа да токсикалық заттармен уланған балықтарды ветсансараптау. Теңіз сүт қоректілері мен омыртқасыз жануарлардың ветсансараптау. Ара өнімдері.Балдың химиялық құрамы, тағамдық қасиеті. Бал және басқа да ара өнімдерін сараптау. Омарта және балауыз зауыттарында ветеринариялық шаралар.


Ветеринариялық радиобиология

Ядролық физика негіздері, элементарлық бөлшектер сипаттамасы. Радиоактивтілік құбылыс. Радиоэкология. Иондаушы сәулелердің заттармен әсерлесуі.Радиометрия және дозиметрия. Ветеринариялық қадағалау нысандарынан радиохимиялық және радиометриялық сараптау. Ауыл шаруашылық малдарының радиациялық патологиясы негіздері. Құс және мал өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.Тағамды, азықты және суды залалсыздандыру. Радиоактивті заттармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.


4 блок
Санитариялық паразитология

Жалпы паразитология негіздері. Жануарлардың негізгі паразитоздары.Инвазиялық ауруларды балау және күрес шаралары.Паразитарлық және инвазиялық ауруларды жою, сауықтыру шаралары. Ауру қоздырушыларының көзіне қарсы жүргізілетін шаралар.


Эпизоотология ветеринариялық санитариямен

Эпизоотологияның тақырыбы және әдістері.Індет және індетті аурулар. Індет қоздырушысының көзі, қоздырушының таралу механизмі және ауруға шалдыққыш жануарлар. Індетті аурулардың эпизоотологиялық ошағы, табиғи ошағы. Індеттен таза шаруашылықтарда аурудың алдын алу шаралары. Сауықтыру шаралары. Індетті аурудан сауықтыру. Бірнеше түлікке ортақ, күйіс қайыратын мал,шошқа, жылқы, төл, құс, ит, ара және балық індеттерін балау және күресу шаралары.




Ұсынылатын әдебиеттер


  1. Мырзабеков Ж.Б. Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005.

  2. Жексембиев Д.Б., Шекара және көлікте ветсан бақылау. Алматы, 2006.

  3. Сайдулдин Т.С. Ветеринариялық індеттану. Алматы, 1999

  4. Шабдарбаева Г.С. Ветеринариялық гельминтология. Алматы, 2007.

  5. Тілеуғали Т., Кырыкбайулы С. Мал дәрігерлік санитариялық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері. Алматы, 1998

: attachments
attachments -> Г. Кукуевицкого» «Освоение хроматизма»
attachments -> Ходячая Аномалия
attachments -> Рабочая программа по предмету «стоматологические материалы и оборудования»
attachments -> Показания для госпитализации в эндокринологическое отделение
attachments -> Методические рекомендации Последствия воздействия жары на человека. Рекомендации для населения в условиях аномальной жары по материалам воз «Планы действий по защите здоровья от воздействия аномальной жары»




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет