Бағдарламасы ( 9 сыныпқа арналған ) Химия пәнінің мұғалімі: Кудабаева Арайлым Бекбосыновна



жүктеу 69.43 Kb.
Дата22.06.2018
өлшемі69.43 Kb.
«Талица жалпы негізгі орта білім беретін мектеп» КММ


« Химия және әлем » -

атты таңдаулы курс бағдарламасы

( 9 - сыныпқа арналған )

Химия пәнінің мұғалімі: Кудабаева Арайлым Бекбосыновна

Талица 2015 – 2016 оқу жылы

Түсінік хат

9 – сыныпта оқушы компанентіне сәйкес химия пәнінен таңдау сабақтары оқушылар мен ата – аналардың қалауы бойынша оқытылады. Таңдау сабақтары «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттің жалпыға міндетті стандарттары» бойынша химия пәнін оқытудың басты мақсаттары мен міндеттерін, пән бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды жүзеге асыру мақсатын көздейді.

Таңдау сабағының ұсынылып отырған тақырыптық бағдарламасы қазіргі замандық химия тақырыбындағы мақалалар мен шығармаларды негізге ала отырып құралған. Тақырыптарда дара, топтық ізденіске және шығармашылықпен жұмыс істеудің әдіс – тәсілдері арқылы оқушылар кіші ғылыми жұмыстар мен өздік зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйретуге, бағыт беруге арналған. Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық өмірге икемделуіне және химиямен, технологиямен байланысты мамандықтарды саналы түрде таңдауына негіз қалыптастыруға ықпал жасау. Бөлінген сағаттар тақырыптарды шығармашылықпен оқып – үйренуге еркіндік береді.

Аптасына 2 сағатқа, жылына 68 сағатқа есептелініп жасалған.



«Химия және әлем» тақырыбында 9 – сыныпқа арналып құрастырылған бағдарламаның мақсаты:

  • Оқушылардың интеллектуалды дамуын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; адамгершілікке, ізгілікке, экономиканың барлық салалары бойынша еңбекке тәрбиелеу және оқушылардың қоршаған әлем және табиғаттың химиялық заңдары жөнінде химиялық білім қалыптастыру;

Міндеті :

  • Оқушыларға заттардың құрамы , құрылысы және қасиеті арасындағы байланыс туралы ғылыми жаратылыстану тұрғысынан көзқарас қалыптастыру;

  • Оқушыларда қазіргі химяиның маңызды экологиялық проблемаларын жолдары жөніндегі түсініктерді қалыптастыру, дамыту;

  • Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, онық қоғамдық өмірге икемделуіне және химиямен, технологиямен байланысты мамандықтарды саналы түрде таңдауына негіз қалыптастыруға ықпал жасау;

  • Аймақтық компоненттерді пайдалану арқылы жергілікті жердің эколгиялық жағдайын зерттеу;

Болашақта күтілетін нәтиже:

  1. Практикалық жұмыстар негізінде оқушы химия пәнін оқып, зерттеудің ауқымын терең және саналы түрде түсіне біледі.

  2. Оқушы өзінің мүмкіндік деңгейінде жұмыс істейді, білімі мен іскерлігі жөнінен ілгерлей түседі.

  3. Өз бетімен іздену зерттеу, танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушының жауапкершілігі мен ерік – жігері қалыптасып, шыңдалады.

  4. Тест тапсырмаларымен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

  5. Дарынды оқушының дарындылығын дамыту(өз пікірі мен көз қарасын білдіруі, сөйлеу мәдениетін меңгеруі, талдау және синтез жасай білуі)

Тексеру әдістері:

  1. Периодтық жүйемен жұмыс.

  2. Химиялық диктант арқылы меңгеруін тексеру.

  3. Сынақ, тақырыптық есеп сабақтарын жүргізу.

  4. Топтық және дара тапсырмалар жүргізу

  5. Тақырып бойынша « жоба қорғау»

  6. Сөзжұмбақ құрастыруын тексеру.

Күтілетін нәтиже:

«Химия және әлем» атты таңдаулы курсы арқылы оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттері, шығармашылық, сөйлеу мәдениеттері артады. Теорияны практикамен ұштастыруға дағдыланады. Химиямен, технологиямен байланысты мамандықтарды таңдауда негіз болады.



Курстың мазмұны Барлығы – 68 сағат

І. Химия біздің өмірімізде (2 сағат)

- Химиялық заттарды пайдалану және сақтау кезіндегі қауіпсіздік ережелері



- Топсеруен (саяхатқа апару)

ІІ Химия және денсаулық (6 сағат)

  • Адам денсаулығына ең көп зиян келтіретін молекулалар (темекі түтінінің химиясы, никотиннің адам денсаулығына әсері, ауруды сездірмейтін препараттар)

  • Биологиялық белсенді қосылыстар

  • Дәрілік заттар (ауруды басатын дәрілер, ұйықтататын дәрілер, жүрек тамыр дәрілері)

  • Дәрумендер және олардың табиғаты (майда еритін дәрмендер, суда еритін дәрумендер)

  • Дәрумендердің жіктелуі олардың биологиялық маңызы

  • Дәрумен жетіспеушілігінен туындайтын аурулар

ІІІ Химия және тағамдық заттар (5 сағат )

  • Тағамдық заттар

  • Тағамдық заттардың негізгі компаненттері

  • Тағамдық өнімдері және қартаю үрдістері

  • Қартаюды тездететін және баяулататын факторлар

Адамның бір тәулікте тамақпен бірге қабылдауы тиіс белок, май, көмірсу, дәрумендердің мөлшері

IV Химия тұрмыста (21 сағат )

  • Тұрмыста қолданылатын химиялық препараттар

  • Полимер материалдары

  • Үйдегі химиялық тазалау түрлері

  • Желімдеу

  • Аяқ киімді күтуге арналған заттар

  • Косметикалық заттар мен гигиеналық заттар

  • Тұрмыста қолданылатын химиялық заттармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  • Химиялық заттардан улану. (Газдардан, қышқылдардан, сілтілерден, фосфорлы заттардан т.б. улану.Алғашқы көмек көрсету.)

  • Дақтарды кетіру. (Майлы заттар, жеміс-жидек, қан дақтарын кетіру)

  • Пальто, тері киімдерін тазалау. Кілем және мехтарды тазалау;

  • Талшықтар. Синтетикалық және жасанды талшықтар.

  • Синтетикалық жуғыш заттар(Сабын және ағартқыш заттар)

  • Кермек су, тұзды су, олардың құрамы.(Коррозия.Дақтар мен қақтар, оларды кетіру жолдары. Құймалар.)

  • Құрылыс материалдары. (Лак, клей, гипс, краска, цемент, колер, алинекс т.б.)

  • Силикат өнеркәсібі. Шыны, оның түрлері

  • Жасанды силикаттар

  • Цемент

  • Керамикалық бұйымдар, құрылыс кірпіші

  • Табиғи силикаттар

  • Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар;

  • Пластмассалар, түрлері

V Бау – бақшадағы химия (4 сағат)

  • Өсімідк және топырақ

  • Инсектицидтер, пестицидтер және гербицидтер

  • Топырақ түрлері

  • Бау – бақшада қолданылатын химиялық заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

VI Химия және қоршаған орта (5 сағат)

  • Қоршаған орта және оны ластау көздері;

  • Ауа ластануына әсер ететін химиялық заттар және оны қорғау

  • Судың ластануына әсер ететін химиялық заттар және оны қорғау

  • Топырақтың ластануына әсер ететін заттар және оны қорғау

  • Қышқыл жаңбырлар . Қоршаған ортаға зияны

VII Химия және транспорт (3 сағат )

  • Транспорт құралдары және химиялық заттар.

  • Автокөлік, мотоцикл, велосипедті күтуге арналған заттар.

  • Транспорт құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсері.

VIII Ферменттер (3 сағат)

  • Фермент. Ферменттер тіршілік негізі

  • Ерекше биологиялық маңызы бар белокты заттар

  • Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы

IX Асыл тастардың химиялық сыры (10 сағат)

  • Агат – ұзақ ғұмыр кешесіз

  • Аметист – адалдықтың белгісі

  • Бирюза (пәруза) – адал махаббат белгісі

  • Бриллиант – қуаныш пен табыстың белгісі

  • Маржан – денсаулық пен ұзақ өмір белгісі

  • Изумруд – үміт пен пәктік белгісі

  • Рубин – бақыттың белгісі

  • Сапфир – тазалық символы

  • Топаз (асаф) – сенімділік белгісі

  • Аквамарин – отбасының тыныштық белгісі

X Қазақстанның табиғи қорлары және оларды өңдеу (5 сағат)

  • Табиғи және мұнайға серік газдар

  • Мұнайдың құрамы. Өңдеу әдістері және өнімдері.

  • Отынның түрлері. Тас көмірді кокстеу

  • Қазақстандағы мұнай, газ және көмірдің негізгі кен орындары.

  • Мұнай өнімдерін тазарту



X І Қорытынды (4 сағат)

  • Курстан алған нәтижелерін сараптау (тест сұрақтары)

  • «Жоба қорғау» сабағы (кез – келген тақырыпқа осы курс бойынша)

  • Сайыс сабақ (Мен не білдім? Нені білгім келеді?)

  • Қайталау сабағы ( өзіндік жұмыстар)


Әдебиеттер тізімі:

  1. Аханбаев К.Химия Алматы «Ана тілі » 1993

  2. «Химия мектепте» журналы №6 2003; № 4 2004; № 3 2005; №2 2006

  3. Мырзабаев А. Элементтер химия негізі Алматы «Рауан» 1990

  4. Глинка Н.А Общая химия Москва 1977

  5. «Қазақстан мектебі» журналы №4 2009

: uploads -> doc -> 0adf
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет