Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі



жүктеу 39.05 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі39.05 Kb.
Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі
1) мәжбүрлі еңбек етудің зиянды немесе қанаушылық түрлері 1 немесе бала еңбегі бар қызмет немесе өндіріс 2;

2) елдің ішкі заңнамасының шеңберінде немесе ережелер, халықаралық конвенциялар және келісімдерге сәйкес заңсыз деп қарастырылатын немесе (i) фармацевтикалық препараттар 3, пестицидтер және гербицидтер 4, ((ii) озонның бұзылуына әсерін тигізетін заттектер 5, (iii) полихлорирленген бифенилдер 6 және басқа қауіпті химикаттар 7, (iv) (iv) (iv) (iv) Жоғалу қаупі төнген фауна және флора түрлерін халықаралық сату жөніндегі конвенция шеңберінде реттелетін тірі табиғат немесе тірі табиғат өнімдері 8, және (v) қалдықтар және олардың өнімдерінің трансшекаралық саудасы 9 сияқты біртіндеп пайдалануды тоқтату немесе тыйым салу мәні болып табылатын қызмет, кез келген тауарды өндіру, сату;

3) жартылай әскери және жабдықты қоса алғанда қару-жарақты өндіру және сату;

4) сыра мен шарапты қоспағанда алкогольді сусындарды өндіру және сату 10;

5) құрамында темекі бар кез келген өнімдерді өндіру немесе сату 11;

6) құмар ойындар, казино және ұқсас қызмет түрлері 12;

7) ядролық реактор және оның компонеттерін қоса алғанда радиоактивті материалдарды өндіру немесе сату13;

8) байланыспаған асбест талшықтарын өндіру немесе сату немесе пайдалану;14

9) Коммерциялық ағаш дайындау немесе ылғалды тропикалық ормандарда немесе бұрыннан өсіп келе жатқан ормандарда пайдалану үшін ағаш дайындайтын техниканы сатып алу;

10) Қорғалатын және әлсіз түрлеріне көп көлемде зиян келтіретін және теңіз биологиялық әралуандылығына және мекендеу жерлеріне зиян келтіретін пелагиялық дрифтерлік аумен кең көлемді балық аулау және ұсақ торлы аумен балық аулау сияқты теңіздегі және теңіз жағалауындағы балық аулау тәжірибесі; және

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған қызметтің өзге түрлері.

Шарттар Бизнес-дирекцияның 26.11.2014 жылғы №72-14 және 02.09.2015 жылғы №112-15 шешімдерімен бекітілген.



1Мәжбүрлі еңбек дегеніміз барлық жұмыстар немесе қызметтер еріксіз негізде жасалатынын, яғни жеке тұлғалар зорлық немесе жазалау қаупімен орындайтынын білдіреді.

2 Балалар еңбегі жұмыспен қамту үшін елде белгіленген ең аз жастан кем жастағы балаларды жалдау Халықаралық Еңбек Ұйымының No. 138 “Жұмысқа қабылдау үшін төменгі жас шамасы туралы конвенцияны” бұзу ретіндегі балаларды жалдауды білдіреді (www.ilo.org).

3 Өндірісін біртіндеп тоқтату немесе тыйым салуға жататын фармацевтикалық өнімдер тізімі http://www.who.int сайтында қолжетімді.

4 Өндірісін біртіндеп тоқтату немесе тыйым салуға жататын пестицидтер мен гербицидтер тізімі http://www.pic.int сайтында қолжетімді.

5 Реакцияға түсіп, жалпыға белгілі озон қабатының бұзылуына әкелетін стратосфералық озонды бұзатын химиялық заттектердің тізімі, оларды біртіндеп азайту және қысқарту күндерімен бірге Монреаль Хаттамасында берілген. Ақпарат http://www.unep.org/ozone/montreal.shtml сайтында қолжетімді.

6 Жоғары уытты химикаттар тобы, полихлорирленген бифенилдер 1950-1985 жылдардағы майлы электр трансформаторлар, конденсаторлар және бөлу құрылғыларының ішінде болуы мүмкін.

7 Тізім http://www.pic.int http://www.cites.org сайтында қолжетімді

8 Тізім http://www.cites.org сайтында қолжетімді.

9 Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және жоюға бақылау жасау жөніндегі Базель Конвенциясында анықталғандай; http://www.basel.int қараңыз.

10 Бұл бұндай қызметке елеусіз тартылған ШОБ қарыз алушысына қатысты қолданылмайды. Елеусіз тартылған дегеніміз ШОБ қарыз алушысының негізгі қызметіне қатысты қосалқы болып табылатын қызметті білдіреді. Алкогольді сусындарға (сыра мен шарапты қоспағанда) және темекіге қатысты елеусіз тартылған дегеніміз ШОБ қарыз алушысының жылдық табысының 30%-нан артығы оларды сатуға тиесілі болмайтын жағдайды білдіреді.

11 Бұл медициналық жабдықты, сапаны бақылау (бағалау) жабдығы және кез келген АДБ радиоактивті көздері елеусіз және дұрыс қорғалған деп санайтын жабдықты сатып алуға қатысты қолданылмайды.

12 Бұл бұндай қызметке елеусіз тартылған ШОБ қарыз алушысына қатысты қолданылмайды. Елеусіз тартылған дегеніміз ШОБ қарыз алушысының негізгі қызметіне қатысты қосалқы болып табылатын қызметті білдіреді. Алкогольді сусындарға (сыра мен шарапты қоспағанда) және темекіге қатысты елеусіз тартылған дегеніміз ШОБ қарыз алушысының жылдық табысының 30%-нан артығы оларды сатуға тиесілі болмайтын жағдайды білдіреді.

13 Бұл медициналық жабдықты, сапаны бақылау (бағалау) жабдығы және кез келген АДБ радиоактивті көздері елеусіз және дұрыс қорғалған деп санайтын жабдықты сатып алуға қатысты қолданылмайды.

14






©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет