Бағалы ағаштардан алынатын өнімдер



жүктеу 66.14 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі66.14 Kb.
Бағалы ағаштардан алынатын өнімдер

Тлеубергенова Кенжекей , пед.ғыл.кандидаты,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті

Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі-шаруашылықтың барлық саласын қамтиды: құрылыс материалы, жиһаз, целлюлоза, қағаз, картон жасауда, талшық алуда, пластмасса, этил, метил спиртін, сірке қышқылын, скипидар т.б. алуда. Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі- ағаш дайындау және ағашты механикалық және химиялық өңдеу технологиялық циклдерінен тұрады . Ағашты механикалық өңдеуге ағаш кесу, тілу, желімдеу, жиһаз, фанера, сіреңкелер, құрылыс материалдарын жасау жатады. Ағаш тілу дегеніміз-аралардың көмегімен тақтай, бөрене, рейка т.б.жасау. Бұл бірнеше аралы зауыттарда жүргізілді. Ең көп-24 аралы зауыт Ресейдің Архангельск қаласында.

Фанера-ағаштың өте жұқа болып кесілетін түрі. Ол бірнеше жұқа ағаш жапырақтарының бір-біріне қарама-қарсы бағытта желімделуінен жасалады. Фанера әлдекайда ағаштан жұқа болса да, ағаштан мықты болып келеді, оған ешқандай температура, ылғалдылық әсер етпейді, демек белгілі қалпын өзгертпейді. Фанераның тілінген, жонылған, желімделген сияқты 3 түрі болады.

Желімделген фанераны- 3-9, одан да көп фанера жапырақтарын желімдеу арқылы жасайды. Бұған қайың, көк терек, қарағай, т.б. ағаштар қолданылады. Желімделетін фанера қабаттары әдетте бір-біріне қарама-қарсы бағытта, яғни бірін ұзыннан, екіншісін көлденеңінен жатқызып, желімдеу арқылы жасалады, сонда ол арамен кесілмейтін, балтамен шабылмайтын мықты материал болып шығады. Қалыңдықтары 1-15мм шамасында болады. Фанера жапырақтары суық күйде арнаулы машиналармен, синтетикалық желіммен желімделеді.Содан соң ол ауыр заттың астына (преске) қойылады. Ыстық әдіспен желімделгенде 120°С, 150°С температурада преспен белгілі қысым түсіре отырып, 20-30 минут ұсталады.Бұндай фанералар әуендік құралдар мен жихаздар жасау үшін пайдаланылады.




Қарағай ағашы
Тілінген фанера-қайың сияқты жалпақ жапырақты ағаштардан, фанера кесетін станоктарда кесу арқылы алынады.Бұл фанераның қалыңдығы 1-2мм-дей болады. Бұндай фанералар жиһаз және әуендік құралдар жасауда қолданылады. Жонылған фанера арнаулы фанера жонатын станоктарда жасалады. Жонылған фанера өте бағалы -емен, шамшат, жаңғақ, қызыл, күлгін сияқты қатты ағаштардан жасалады. Көбінесе қалыңдығы 0,5-1,2мм. шамасында болады. Бұл қымбат жиһаздар жасауға пайдаланылады. Жихаз фабрикалары ТМД бойынша Ресейдің батыстағы қалаларында, Украина, Белоруссияда,т.б. жерлерде, Қазақстан бойынша Алматы, Павлодар, Қарағанды, т. б. қалаларда бар.

дуб 1

Емен ағашы

красное дерево
Қызыл ағаш


Күлгін ағаш
Сіреңке жасау .Сіреңке жасауға- көк терек, қандыағаш, самырсын сияқты т.б. иілгіш, химикаттарды жақсы сіңіретін ағаштар қолданылады.Сіреңке жасау үшін ағаштан басқа бертолет тұзы, күкірт, суперфосфат, парафин, шыны ұнтағы, т.б. пайдаланылады. Сіреңке қорапшасын жасау үшін қағаз, желім қолданылады. Сіреңке жасалу үшін алдымен ағаш жұқа болып тілінеді, кейін ұзын шыбық түрінде кесіледі. Шыбықтар одан соң ұсақ етіліп, машинамен тағы да көлденең кесіледі. Алдымен бүлінбей сақталуы үшін осы шыбықтар суперфосфатқа салып алынып, келтіріледі.Кепкен соң оның бір басына күкірт,бертолет тұзын және шыны ұнтағын жағады. Жалпы жарылғыш заттарды жасауда қосылатын бертолет тұзының, үйкелген кезде де жанатын қасиеті болғандықтан сіреңке жасауда қолданылады.

Шыны өте ұсақталған кварц құмы мен кальциленген сода компонентінен, металл, металл емес заттардан жасалатындықтан, шыны ұнтағының термикалық, қыздырғыш қасиеті болады. Күкірт болса сарғыш, жақсы жанатын, пирит, барит сияқты,т.б. минералдармен бірге кездеседі. Сіреңкені жаққанда бірден жалындап кетпес үшін басына жақын жеріне парафин жағылады. Сіреңке зауыттары 1998ж. бастап Абай (Қарғанды обл.), Ақсу (Оңт. Қазақс. Обл.)қалаларында шығарыла бастады.



Целлюлоза-қағаз өндіру. Ағашты химиялық жолмен өңдеудің технологиялық циклі арқылы ағаштан целлюлоза , этил спирті, метил спирті, скипидар, канифоль, эфирлі май, т.б.алынады. Целлюлозадан вискозды жібек пен қағаз алынады

Целлюлоза дегеніміз-өсімдік клеткасының қабығы. Ағаштан целлюлозаны алу үшін алдымен ағаш жаңқасын өте ұсақ, қалыңдығын 0,5см.-дей етіп үгітеді. Содан соң қазандарға салып 145°С температурада түрлі қышқылдарды коса отырып, 6-10 сағаттай бойы қайнатады.Нәтижесінде целлюлоза, және целлюлозадан басқа лигнин, пигмент, қанты бар заттар, т.б. бөлінеді. Осы бөлінген таза целлюлозадан вискоза мен жоғары сапалы ақ қағаздар жасалады.

Ағаш массасын алу үшін ұсақталған ағаш массасы «дефибрезы» деген арнаулы машинаға салып үгітіледі. Кейін бұны фильтр-сүзгіден өткізеді, өтпей қалған бөлігін (ірілеулерін) 2рет өткізеді.Нәтижесінде алынған ботқа тәрізді затты суынан ажыратып, қағаз түрлерін жасайды. Қағаздың жоғарғы сапалы түрлері таза целлюлозадан жасалады, ал төменгі сапалы қағаз осы целлюлозаға ағаш массасын, каолин, канифоль, қажеттілікке қарай түрлі- түсті бояу қосу арқылы жасалады, себебі таза целлюлозаны алу жолы қиын да , өте қымбат. Каолин- ақ балшық-шөгінді тау жынысы, қағаз, фарфор, фаянс, резина, химия өнеркәсібінде, медицинада қолданылады.

Целлюлоза жасанды талшық-вискозаның және басқа химиялық өнімдердің шикізат көзі. Жасанды талшыққа вискоза жатады. Вискозадан жасалған киім органикалық зат-ағаштан алынғандықтан жұмсақ, денеге өте жағымды, терлетпейтін, ауа өткізетін, сапалы, бағалы болып табылады. Синтетикалық талшықтан ажырату үшін оны сіреңкемен жағып көруге болады, демек болар-болмас, өте жұмсақ күлі болады. Ал синтетикалық талшықты жағып көргенде, ол тастай қатты смолаға айналады. 1 тонна целлюлоза алу үшін 6 тоннадай ағаш материалы кетеді. Целлюлоза-қағаз комбинаттары ТМД бойынша Карелияда, Сібірде жақсы дамыған. Қызылордада целлюлоза-қағаз комбинаты Ресейден келетін ағаш материалына негізделіп техникалық қағаздар өндіреді. Батыс Сібір ағашы негізінде Павлодар картон-рубероид комбинаты жұмыс жасайды. Жазуға қажетті сапалы қағаздар Ресейден, Финляндиядан сатып алынады.



Гидролиз өндіру және ағаш-химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібі немесе химиялық жолдар арқылы ағаштан гидролиз немесе этил спирті, ағаш көмірі, метил спирті, сірке қышқылы, канифоль, скипидар, т. б. заттар алынады. Гидролиз дегеніміз-белгілі бір жағдайда ағаш клетчаткасын күкірт қышқылының көмегімен қантқа айналдыру. Техникалық мақсаттағы спиртті алу үшін , осы қантты ерітіндіні алдымен әктастың көмегімен күкірт қышқылынан тазалайды, содан соң оны 32°С- қа салқындатып барып, ашытқы қосады. Бірнеше сағаттан соң қажетті этиль спирті дайын болады , оны гидролиз спирті деп те атайды. Этиль спиртін лак, краска, жарылғыш зат, хош иісті зат алуда, фармацевтика өнеркәсібінде, медицинада қолданады. Ал тамаққа қолданылатын спирттер- денатурат картоп, дәнді дақылдардан-қатты бидайдан жасалады.

Ағаш көмірі ауасыз, жоғарғы қысым беру арқылы алынады, бұндай көмір сапалы болатындықтан химия өнеркәсіптерінде қолданылады.Тас көмір коксын осындай жол арқылы алып, шойын өндіруде қолданатын сияқты.

Қайың мен басқа да жалпақ жапырақтыларды құрғақ айдау арқылы сірке қышқылы мен ағаш немесе метил спирті алынады. Метил спирті негізінен еріткіш зат ретінде пайдаланылады, бірақ ол өте улы, нерв жүйесін зақымдайды, көзге түссе көзді шығарып жіберуі мүмкін. Ол үйде лак, бояуларды қолдану барысында, оларға қосылатын исі өте өткір еріткіш зат болып табылады, сондықтан сақ болу керек. 1 куб. метрдей құрғақ ағаштан 30кг-дай сірке қышқылы мен 28 кг-дай шамасында метилл спирті алынады.

Ағаш-химия өнеркәсібі сонымен қатар шаруашылыққа қажет канифоль өндіреді. Ол үшін алдымен қылқан жапырақтылар, әсіресе қарағай, үйеңкі, жаңғақ, балқарағай қабықтарын кесу арқылы смола тәрізді зат-шайыр алынады. Көктемде осы ағаш қабықтарының ұзындығын 20-25см, тереңдігін 1см, енін 1,5см. мөлшерінде тіліп кесіп, түтікше салып, астына ыдыс қою арқылы, бір жазда 300 граммға дейін шайыр жинауға болады. Шайырдан химиялық жол арқылы канифоль алынса, ал канифольдан ұшқыш зат скипидар бөліп алынады. Канифоль шыны тәрізді мөлдір, ашық сары түсті зат. Ол қосылған бояуды езілмейтіндей, тұрақты ету мақсатында түрлі лак, бояу, қағаз, мата, линолеум, кабель, пластмасса, т.б. жасағанда қолданылады. Бірнеше жыл тұрған ағаш діңі де скипидар алу үшін пайдаланылады. Скипидар дәрі- дәрмек ретінде қажет.

Ағаштың ең соңғы қалдықтары, үгіндісі жанышталып, механикалық жолдар арқылы құрылыс материалы ретінде қолданылса (ДСП материалы, т.б.), химиялық жолмен өңделе келе ағаштың , діңі, бұтақтары, үгіндісі, басқа да қалдықтары түрлі май, бояулар алу үшін пайдаланылады.

Жалпы жер шарындағы орман көлемінің 5тен 1 бөлігі ТМД территориясында, оның көлемі АҚШ, Канада, Швеция,Норвегия,Финляндия ормандарының барлығын қосқандағыдан артық келеді екен. Ағаш өнеркәсібі ТМД елдері бойынша Батыс Сібір, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс, Оралда дамыған. Өндірістік іске жарайтын қылқан жапырақтылар- шырша, қарағай, сібір балқарағайы, самырсын, жалпақ жапырақтыдан-қайың, көктерек, емен, шамшат, үйеңкі, жөке, таағы басқа сапалы ағаш түрлері көбінесе Ресейден әкелінеді. Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарында, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларында өседі. Қазақстандағы небары 24 млн. га. көлемді алып жатқан ағаш алабы 3 түрлі мақсатта: су ресурстарын қорғауға, егін алқаптарын қорғауға және рекреациялық ресурстар мақсатында пайдаланылады.

Ағаш адамзатқа қажет түрлі химиялық өнімдер береді, оттегі мен фитонцид бөліп, денсаулық силайды. Әсем табиғат қуаныш пен көңіл-күй силайды. Сондықтан біз әрқашан ағаштарды артық кесілуінен, ластануынан, өртелуінен сақтауымыз керек, болашақ ұрпаққа түсіндіруіміз керек.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Основы промышленного и сельскохозяйственного производства. Под ред.

А.Ф. Куракина М. 2000.

2. А.Плоткин Основы промышленного производства. М.2005г.

4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 1-10 том. Алматы, 1998-2008 ж.

Резюме


В данной статье рассматривается технология продукции, полученные от лесопромышленной отрасли.

Summary


This article discusses the technology of products derived from the timber industry.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет