Қазақтың ұлттық тағамдары Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас-адамның арқауы»



жүктеу 239.91 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі239.91 Kb.
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас-адамның арқауы» деп халқымыз тегін айтпаған. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері: 1) ет тағамдары; 2) сүт тағамдары; 3) нан тағамдары.

Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бесбармақ» дейді. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып ұсынады.Ең құрметті қонақтарға , жасы үлкен қарттарға бас тартылады.

Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді. Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар:1) қуырдақ; 2) қазы; 3) шұжық; 4) жая.

Нан тағамдары: Бауырсақ; жалпақ нан; таба нан; самса; бәліш.

Сүт тағамдары: қымыз; шұбат; айран; құрт ;ірімшік; сарымай; қаймақ; сүзбе.



Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару



2.Мақал-мәтел құрамындағы түйіріліп айтылған сан есімді тауып, ағылшын тілдерінде айту шарт.

1.______атасын білмеген жетесіз

2.Қызға ____ үйден тию.

3._____ жасар бала алыстан келсе

4.Білекті бірді жығады,білімді_____жығар

5.Ел құлағы____



Бесбармақ

Ет немесе қазақша ет – қазақ халқының еттен дайындалатын ұлттық тағамы.

Тойға немесе қонақасыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді.

Асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, кейде пияз салып, отын басады да, 1 – 1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. c:\users\user\downloads\3199.jpg

Ет піскен соң сорпасынан бөліп алып, тартылатын табақтың санына қарай мөлшерлеп, тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып, бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң, тұздықты еттің үстіне құяды. Қазақша етке қамыр, бітеу пісірілген картоп, сәбіз қосуға болады.

Қонақ күту кезінде тартылатын еттің адамдардың қоғамдық мәртебесіне байланысты бөлінісіне қарай: бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, сондай-ақ, ахуалдарға сай: құда-құдағи табақ, келін, күйеу табақ, үйеме табақ, т.б. түрлерге бөлінеді.



Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару



2. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.

3. Сөйлемдерді толықтырыңыз: Сыныптасымның аты - ........ Ол ......... жаста. Оны ...... бар. Ол ..... көшесінде тұрады. Мінезі ........................ Оны көзі ......., шашы........, бойы......... Ол .................... адам.

Қуырдақ

Қуырдақ — жаңа сойылған малдың өкпе—бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтан турап әзірленетін тағам. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15—20 минут қуырады. Содан кейін бауырлы салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды.Қуырдақ-майға қуырған ұсақ ет.Қуырдақты көбінесе ірі қараның сан етінен қуырады. Оны ; әсіресе, түстік асқа ,жорақта жүргенде ет асудан гөрі тез дайындалатындықтан – әзірленген. Қуырдақтың ең көп тараған әдеттегі түрі –ішек-қарын,өкпе-бауырдан жасалатын түрі. Мысалы:қойды сойысымен өкпесін,бауырын , ішек-қарнын, ұсақ еттерді ,шажырқай , шарбы майларын қосып турап әзірлейді. Өкпе-бауыр аралас қуырдақ жасағанда ең алдымен өкпені суға қайнатып,оның пісуін біраз жеткізіп алады. Содан кейін өкпе кеш піседі. Ал бауыр керсінше өте тез піседі, сондықтан қуырдаққа бәрінен соң салынады.c:\users\user\downloads\images (1).jpg

Тапсырма:

1. Мәтінді оқып,аудару.



мысалдар

Сабақты етістік

Салт етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Шам сөнді

 

 

 

  

Досын өкпелетті

 

 

 

 

өнерлі бала

 

 

 

  

Ұятқа қалма

 

 

 




Еттің түрлері

Сиыр еті. Сиыр ұшасы үш сұрыпқа бөлінеді. Бірінші сұрыпқа сан еті, жамбас, белдеме, арқа жауырын, төс; екінші сұрыпқа – мойын мен төстік; үшінші сұрыпқа – ауыз омыртқа, кәрі жілік пен асықты жіліктердің басы жатады.

Бұзау еті – бұзау ұшасы үш сұрыпқа бөлінеді. Бірінші сұрыпқа жамбас, белдеме, арқа, жауырын, сан еттері, арқа, екіншісі – мойын, төс және төс етегі; үшінші сұрыпқа жіліншік еттері жатады. Бұзау етінің сорпасы өте дәмді бола қоймайды. Ас пісіргенде ыстық су құйып, бүлкілдетіп қайнатады. Бақай-жіліншіктерін дірілдек жасауға пайдаланады.c:\users\user\downloads\загружено.jpg

Қой және ешкі еттері. Қой және ешкі еттері екі сұрыпқа бөлінеді. Біріншісі, жамбас, белдеме, жауырын, арқа, екіншісі – мойын омыртқа, асықты, кәрі жіліктердің басы, қой етінен бұқтырылған, қуырылған, салқын тағамдар, әр түрлі тартылған етжәне сорпалар дайындайды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көбі қой етінен әр түрлі ұлттық тағамдар әзірлейді. Қой етінен мөлдір сорпа сирек әзірленеді, суп жасау үшін, ең дұрысы, жауырын, омыртқа еттерін пайдаланған жөн. Жамбас және белдеме еттерін ірі кесегімен қуырған тиімді.



Тапсырма:

1. Мәтінді оқып,аудару .



2.Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір. (

1. Таң----------------------жымыңда+птұр

2. Жұлдыз----------------ағар+ыпатты

3. Ай------------------------жау+ғалытұр



4.Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау (Алдымен дәптерге сосын тақтаға орындау).

Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы.

Түс-е-ді

Түс - етістік, -е- к өсемше, -ді -жіктік жалғау ІІІ жақ.



Балық тағамдары

Балықтардан жеңіл тамақтар (салаттар), сорпалар, қайнатып дайындалынған тағамдар, қуырылған тағамдар, бұқтырылған тағамдар, көміп пісірілген тағамдар және көптеген ұлттық тағамдар дайындауға болады.

Балықтан көптеген тағамдар дайындалады. Оны қуыруға, асуға, тұшпара, қаусырма пісіруге, котлет, биточки дайындауға, балық сорпасын пісіруге болады.
Балықтар сауда орындарына көбіне тоңазытылған күйінде түседі. Оларды жібіту ережелері дұрыс сақталса, жас күйіндегі сапасын жоя қоймайды. Әрине, тірі балықтан дайындалған тағам ерекше дәмді келеді.
Балықтан тағам әзірлеу үшін оны алдымен жарып, тазалай білу керек. Оны жарып, тазалаудың бірнеше әдісі бар.
Балықтың іші ұзына бойы тілініп, ішек-қарны алынып тасталынады. Арқа қанаты кесіледі. Ол үшін қанаттың екі жағы қуалай өткір пышақпен тілінеді. Содан соң ол құйрығынан бас жағына қарай жұлқа тартып жұлып алынады. Осыдан кейін құйрығынан ұстап тұрып, қабыршағы қарсы қырылып, ашылады.c:\users\user\downloads\ffe00a3a43b1.jpg

Тапсырма:

1. Мәтінді оқып,аудару

2. Өткен шақтағы етістіктерді тап.

Болат қуанғаннан күліп жіберген. Балалар ән шырқаған. Өзгелер ұйып тыңдаған. Ағай бізбен талай рет әңгімелескен. Аққу қолға тез үйренген.

3.Берілген етістіктерді үш шақта жазу, сөйлем құра.

Жина, тазала, күре, киін, көр



Сүт тағамдары

Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт (айранқатық, құрт , қымызсүзбешұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден белгілі.c:\users\user\downloads\a4b57053157d.jpg

Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді шығарады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған.

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару

2.Берілген мәтіннен үстеуді тауып, сұрақ қойыңдар?

Шоқан Уәлиханов қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінде мұсылманша  оқыған.  Ол  1847 жылы    Омбы кадет корпусында оқиды.  1857 жылы Шоқан Алатау Қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді.  Шоқан қазақ халқын зерттеуге ерекше ден қояды.Аса көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық мұра қалдырды.



Сүттен жасалатын тағамдар

Сүттен жасалатын тағамдар - сүт, уыз, сары май, айран, қаймақ, қатық, қойыртпақ, қорықтық (тасқорықтық), құрт, ірімшік, сүзбе, іркіт, қымыз, шұбат, шалап. Сиыр, қой, ешкі, бие, түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілген және шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма-қол жеп-ішуге, белгілі бір мерзімге дейін және ұзақ уақыт сақтауға болатын түрлері жасалынады. Сүт тағамдары қазақ халқының ерте кезден дайындауында өзіндік тәсілі бар, дәмді де бағалы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды тағамдарының бірі.

Сүт - төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті деп бөлінеді. Сиыры, қой-ешкі сүттерін пісіріп ішуге, айран, қатық ұйытып ішуге де болады. Ал жылқы сүтінен қымыз ашытса, түйе сүтінен шұбат жасайды. Сүттен құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ сияқты әр алуан тағам жасалынады. Мысалы : Айран - ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, алынбаған сүттен де дайындауға болады. Ол үшін сүтті 5 - 10 минут қайнатады, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1 - 2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде де, тағам ретінде де пайдалануға болады.

Тапсырма:1.

Мәтінді оқып,аудару

2. Шылау сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы.


3.Көп нүктенің орнына тиісті септеуліктерді қойып жазыңыз.
1. Есінен танып қорыққан балапан бұдан . . . көпке . . . не болып, не қойғанын білген жоқ.
2. Балалар жиекке . . . жиналып, көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді.
3. Өлкені өрлеп қонған он . . . ауылдың көбі жатқан .


Құс етін өңдеу

Құс еті— әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жеңсік ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты — белок; бройлер етінде ол санатына қарай — 17,6—19,7%, тауық етінде 18,2-20,8%, бөдене етінде 18,0 %. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді. Суда жүзетін құстардың етінде май коп болады. Тауық етінде басқамен ауыстырылмайтын құнды, қанықпаған май қышқылдары сиыр және қой етіне қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінде В тобындағы витаминдер мол болады. Онда минералдық элементтер де (ең алдымен фосфор, күкірт, темір және мыс) аз емес. Басқа кез келген ет сияқты, құс етін де қуырады, пісіреді, бұқтырады, одан котлет және басқа туралған ет тағамдарын жасайды. Піскенде құс еті (әсіресе, бройлер еті) елжіреген жұмсақ болады, өйткені онда жалғастырма тканьдер аз, 8%-дан аспайды (сиыр етінде ол 15%). Олар, әсіресе тос етте аз, сондықтан одан сүйкімді тағамдар әзірлейді.c:\users\user\downloads\загружено (2).jpg

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару

2.Сөйлем мүшесіне, жай сөйлем түріне, сөз құрамына талда. 
1.Ауылға біз түске таман жеттік 
2.Оқушылар мектепке ерте жиналды. 
3.Біз дүкенді аралап көп жүрдік. 
4.Ағай бізді өзенге алып келді. 
5.Оқушылардың қасында әнші апай жүр еді. 
6.Ол барлық сұраққа тез жауап берді. 

Ұн тағамдары

Ұн тағамдары  ұннан дайындалатын тағамдар. Негізінен ашымаған қамырды илеп, пішіндейді де, ұн тағамдарының түрлерін жасайды. Олар суда қайнатылып пісіріледі, кейде майға қуырылады немесе пеште пісіріледі. Орталық Азия халықтарында ұннан жасалған тағамдардың көптеген түрлері бар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұн тағамдары сан алуан болып келеді. Оның ішінде ұлттық нан түрлері ерекше орын алады. Мысалы, таба нан (қамырды екі таба арасына салып, ошаққа пісіреді), тандыр нан (алдын ала қыздырылған тас немесе құм тандырға жапсырып пісірілетін нан), қазанжаппа (жарты қазанға жапсырылып, ошақтың аузына төңкеріліп, қоламтаға пісіріледі). Соңғы кездері нан зауыттарында ұлттық нанның таба нан, жай нан, май нан және т.б. түрлері шығарылады.

Тапсырма:

1. Мәтінді оқып,аудару

2.Сөйлемдер құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

3.жай сөйлем дегеніміз не?

4.жақты сөйлем қалай жасалады?

5. жақсыз сөйлем қандай жолдармен жасалады?



3.Сөйлем мүшесіне талда, жай сөйлем түрін ажырат 
1.Оның үйге қайтадан барғысы келді. 
2.Бізге әзірге уақытты ұту керек. 
3.Менің туыстарыма баруыма тура келді. 
4.Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың. 
5.Олар орманға қарай асығыс аттанды. 
6.Кешке қатысуға менің құлқым болмады. 

Бауырсақ

Бауырсақ - Қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Қазақтың той, мереке дастарқанында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз, татар, башқұрт, ноғайларда да кездеседі.Дәмді бауырсақ үшін керек заттар: сұйық май, 1 жұмыртқа, қаймақ, ұн,құрғақ ашытқы, жылы су, қант және тұз. Қаймақты ашыған айран немесе майонезбен алмастыруға болады. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі.

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару

2.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз

Мен … бара жатырмын.     Студенттер  емтихан … тапсырып жатыр.  Балалар … ойнап жүр ме?

(емтихан, мектепке, үйде, далада, сабаққа, киноға)

3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне сұрақ қояды, сөйлемнің негізін анықтайды.

 Бүгін күн жылынды.  Іздеген жетер мұратына.  Дала тап-таза.    Олар алыс жерден келді.  Ауыл мәдениеті өсіп келеді.  Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті.

Кондитерлік өнімдер



Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад,  жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник,торт,кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Кондитер өнімдері – жоғары калориялы тағам. Мысалы, 100 г. печеньеде 440 ккал, халуада 570 ккал, шоколад кәмпитте 550 ккал болады. Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қағазға оралып та, оралмай да шығарылады. Кейбіреуі пластмасса не металл қораптарға салынады. Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындар: “Рахат” ААҚ (Алматы қ.), “Қарағанды кәмпиттері” ААҚ (Қарағанды қ.), “Баян сұлу” ААҚ (Қостанай қ.). Сондай-ақ барлық ірі елді мекендердегі кондитер цехтарында, шағын кондитер кәсіпорындарында дайындалады.c:\users\user\downloads\images (2).jpg

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару

2.. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Келген — Айбек. Үш — тақ сан.
3. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.).


Теңіз өнімдерінен жасалатын тағамдар

Балықтың қоректік құндылығы өте жоғары. Балық етке қарағанда ағуыздың салауатты көзі болып табылады. Теңіз өнімдері мен балық жерортатеңізі емдәмінде қолданылады, құрамында жастық шақ элементтері деп аталатын йод, мырыш бар. Теңіз балығын тұрақты қолдану жастық шақпен ұзақ уақыт бойы қуануға мүмкіндік туғызады. Балық пен теңіз өнімдерінің құрамындағы құнарлы құрам бөлшектер:Оның құрамында, сонымен қатар, В тобының дәрумендері, фосфор, калий, натрий бар. Теңіз балығы көптеген микроэлементтермен – мыспен, селенмен, сонымен қатар, омега-3 тобының көпқанықтырылмаған май қышқылдарымен (склероздың және жүректің ишемиялық ауруларының алдын алуда қолданылады, қандағы триглицеридтердің шоғырлануын, сонымен қатар қанның ұюын төмендетеді) қамтамасыз етеді. Теңіз өнімдерінің құрамында темір, мырыш (ол устрицаларда ең көп, сондықтан олар мықты афродизиак ретінде танымал) және мыс сияқты минералды құрамдар, сонымен қатар PP және B12 дәрумендері бар. Теңіз өнімдері йод пен фосфордың ең жақсы көзі болып табылады, ағзаны кальциймен, селенмен және фтормен қамтамасыз етеді. Теңіз шаяндарынан басқа, шаян тәрізділердің құрамында көп холестерин, сонымен қатар, холестериннің сіңірілуін шектейтін стиролдың белгілі мөлшері бар.



Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару

2..Етістіктің райлары дегеніміз не?

3..Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?



Етті сорттау және бөлу

Соғым сою, соғым — қазақ халқының бұлжымас салты. Бұл әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық-түліктің мол қоры. "Қыс қамын жаз ойлайтын" ел жаз шығысымен-ақ күздік және қыстық соғымын ерте ойластыра, қарастыра бастайды. Соғымға түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады.

Әр елде, әр ауылда кәсіпқой соғым союшылар болады. Оны «қасапшы» деп атайды. Мал союдың жөн жосығы, тәртібі болады. Соған орай әрбір жілік, омыртқа, қабырға, қазы тағы басқа кәделі мүшелер тиісті ет майымен бірге бөлінуі керек. Олай болмаған жағдайда қасапшыға да, табақ тартқанда үй иесіне де мін. Ірі малдың жіліктері мен қабырғалары екіге бөлінеді. Яғни бір жарты жілігі, басқа еттермен бірге бір табақ есебіне жүреді. Қазақ қасиетті мал есебіне жатқызатын түйе мен жылқының басын бөлмей асып, пісірген. Сиырдың басын ғана бөліп, жеке-жеке тартқан.Соғым сойылғаннан кейін міндетті түрде мол қуырдақ қуырылады. Одан қасапшылармен бірге, ақсақалдар, көрші-көлемдер тойғанша жейді. Қасапшыларға еңбегі үшін «қолкесер» яғни еңбегі үшін ет беріледі.Соғымнан жақын-жуық, туыс-туған, құда-жекжаттарға міндетті түрде ауыз тигізу керек. Немесе сыбағасын беріп жібереді.

Тапсырма:1.Мәтінді оқып,аудару

2.Төмендегі сөйлемдерді оқып, мағынасын түсіндір. Әр сөйлемнің құрамындағы сын есімді атап көрсет: 
1. Әдептіге елікте.Әдепсізден жирен. 
2. Жақсыдан үлгі ал. 
3. Ақылы аздың тілі ұзын. 
4. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа. 
3. сын есімді тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңыз: 
Абайдың ағаш үйінің іші-сырты салтанатты, өте көрікті. 
Оның сұлу көздерінің ақ-қарасы әлі де тап-таза. 

Жұмыртқаның құрылыс мен химиялық құрамы

Тауық жұмыртқасы – табиғи құнды азық. Соңғы 20-25 жылдарда жұмыртқа шаруашылығы кең алып келеді. Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы ) — дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% ақуыздан, майлардан, көмірсулардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т.б.) тұрады. Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы да бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі — сарыуызы. Жұмыртқа шаруашылығы өзінің тез айналымына байланысты өзін-өзі тез өтейді және өндіріс дамуына тез үйреніседі. Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталық өнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12% май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е) бар. Жұмыртқаны көптеп шығару өнеркәсібі көп жер көлемін өажет етпейді және агроөнеркәсіптік сұранысқа жауап береді. Қазіргі кезде жұмыртқа шаруашылығындағы 5 алдыңғы қатарлы мемлекет: Қытай, АҚШ, Жапония, Үндістан, Ресей. Ол майлар мен ақ затқа, көмірсулар мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е т.б.) де бай.



Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару



 2.Төмендегі жай шырай сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар: 
Терең, таяз, әдемі, семіз, ауыр, жеңіл, қара, ұзын, тәуір, қышқыл, тәтті, аласа, биік. 
3.Төмендегі сын есімдерден салыстырмалы шырай жасап жазыңдар: 
төмен, жуас, әділ, сүйкімді, қошқыл, сылбыр, тентек, тар, боз, сұйық, ыстық, келте, ашық, түзу, қисық, салтақ, саяз, бұжыр, қоңыр. 
4. Төмендегі сын есімдерден күшейипелі шырай және асырмалы шырай жасаңдар: 
Қара, аласа, бос, ауыр, келте, ащы, биік, шұбар, боз, әлді, еріншек, жақсы, тәуір, күрең, сопақ, жалпақ, қырлы. 

Еттің құрамы мен сапасы

Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір-екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға салады. Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады. Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті. Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады. Қазы-қарта, жал-жая – құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі. Төстік – қойдың төсіндегі етін терісімен кесіп алып, үйітіп, тұздап жейді. Ауыл жігіттері қой сойып жатқанда оны әзірлей қояды. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді. Сорпасы дәмді.Шыж-мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп, шыж-мыж жейді.



Тапсырма:

1.Мәтінді оқып,аудару

 2.Төмендегі етістіктерді бір сөз тіркесінде салт, екінші тіркесте сабақты етіп құрап, мысал жазыңдар.
.... кел........ кел....
..... өс......... өс....
..... айт......... айт....
..... отыр......... отыр....

Көкөністер және оның түрлері

Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыржемістілер - асханалық қызылша, сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, балдыркөк түйнегі; жапырақтылар — қырыққабат, салаттар, аскөк, жапырақты және жапырақты ақжелек, қымыздық; жемістілер — томаттар, тәтті бұрыш, ащы бұрыш, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, гүлді капуста, бұршақ, лобия, қант жүгерісі; (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)— шалқан пияз, сарымсақ, пияздары.Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, жалбыз, майоран қияр шөбі.Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал асханалық қызылша — қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде — организмде Д витамині құрылатын — каротин (А провитамині) көп;көк бұршақ белоктарға; аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі.

Тапсырма: 1.Мәтінді оқып,аудару

2.Көп нүктенің  орнына  тұрлаусыз  мүшелердің тиістісін  қойып  жазыңдар.

Дала ................сарғайды.

Шаруа.................қамданды.

Күн.....................бастады.

Тауға.................қар жауды.



Жеміс-жидектерінің аспаздық пайдаланылуы

Африкалық әйелдер тері тегіс болуы үшін құрма мен бананның жұмсағын, кебектер, бөрткеннің бірнеше жаңа жидектің үш тамшы сары өріктің эфирлі майымен араластырып пайдаланады. Бұл скраб біртіндеп өлі клеткаларды жояды, теріні протеинмен, сондай-ақ құрманың құрамында кездесетін В тобы витаминдерімен де қанықтыра отырып, серпімділік күш береді. Лимон. Катарактаның қалыптасу қаупін азайтады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қатайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг. Мандарин. Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 50 мг. Апельсин. Ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорытылуын жақсартады. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 65 мг.

Грейпфрут. Науқастанып тұрғаннан кейін және ауыр ой жұмыстары кезінде күш-қуатты қалпына келтіреді. Бауырды тазалап, рак ісіктерінің алдын алады. Құрамында С дәрумені 100 грамда 60 мг.

Тапсырма 1.Мәтінді оқып,аудару

Анықтауышқа байланысты


..... адам сағыңды сындырмас.
...... адамды халық қадірлейді.

Пысықтауышқа байланысты


Үйдің жылы - суығын
......... білерсің.


Аспаздық өнімдерді дайындау

Аспаздық дайындыққа дейін жеткізілген тамақ өнімі немесе өнімдердің қосындысы болып табылатын аспаздық өнімдерді дайындау кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) піскен еттен, тауық етінен, балықтан жасалған екінші тағамдарды дайындау кезінде немесе бірінші тағамға піскен етті (тауықты) жіберген кезде порциялық ет 5 – 7 минут бойы сорпада екінші рет қайнатылуға тиіс;

2) бірінші тағамға арналған порциялық етті таратуға дейін ыстық плитада немесе мармитте 1 сағаттан асырмай сорпада сақтайды;

3) тағам құрамына кіретін ингредиенттерді араластыру кезінде өнімге қолды тигізбей, асхана мүкәммалын пайдаланады;

4) жұмыртқаны су қайнағаннан кейін 10 минут бойы пісіреді;

5) пісірілген шұжықтарды, қысқа шұжықтарды және сосискаларды су қайнаған соң кемінде 5 минут пісіреді;

Тапсырма:

1.Мәтінді оқып аудару.

2.«Нағашыларымның» деген сөзді сөз құрамына талдаңыз

3. «Көрініс» деген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз



4.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз. Біз үнемі оқыған кітаптарымыз жайында әңгімелесеміз.
: uploads -> doc -> 03c4
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
03c4 -> Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлері. Сабақтың мақсаты
03c4 -> Сабақтың тақырыбы: Тігіс түрлері Сабақтың мақсаты : Білімділік мақсаты: Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет