ҚазақстанНЫҢ экономикалық қауіпсіздіГіНІң заманауи қауіп-қатерлері



жүктеу 53.86 Kb.
Дата01.07.2017
өлшемі53.86 Kb.
ҚазақстанНЫҢ экономикалық қауіпсіздіГіНІң ЗАМАНАУИ қауіп-қатерлері
Умбеталиева А.Д.

Алматы қаласы


Қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізу, ең алдымен экономикалық қаупсіздікке сүйенеді, яғни Қазақстанның даму стратегиясының негізгі бағыттарының маңыздысы экономикалық жүйенің қаупсіздігі болып табылады. Экономикалық және саяси тұрақсыздық, Қазақстан мен тек әлеуметтік экономикалық байланысты емес, сонымен бірге ондаған жылдар бойы ұлтаралық және жеке байланыстармен қарым-қатынасатын көршілес мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістер, республикадағы жағдайға теріс ықпалын тигізеді. Еңбекті аймақтық бөлу және орталықта жоспарлау жылдарында қалыптасқан өнеркәсіптік және минералдық шикізаттан және қайта өңделетін кейбір өнімдерден басқалары өнімдерді өткізудің альтернативті рыногының болмауы, өндірістің технологиялық артта қалуы, оның өтелмейтін монополиялануы мен шоғырландырылуы Қазақстан экономикасын қауқарсыз етеді.Ол экономикалық тетіктерді, республикалық саяси қысым жасау үшін, Қазақстаннан басқа елдермен қарым-қатынасындағы ұлттық мүдделерге қысым жасауға пайдалану мүмкіндігін тудыруы тиіс. Сондықтан да, біздің пікірімізше, «экономикалық қауіпсіздік - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, яғни экономикалық қауіпсіздік – тек ұлттық мүдденің қорғалуы ғана емес, сондай-ақ Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы болып табылады».

Экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамалармен – қауіптермен анықталады. Экономикалық қауіпсіздік қатерлері деп – ішкі және сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі звеноларының, оның басқару жүйесінің бұзылу қаупі, ұлттық байлықтың азаюы, технологиялық артта қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы әсерінен ситуациялық дамудағы потенциалдық мүмкіндікті айтамыз. Осылайша, экономикалық мүддеге қатер дұрыс дамушы қоғамдық ұдайы өндірістің жолын бұзатын экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады [1].


Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:
- горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;
- шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;

- жұмыссыздық;

-инфляция;
-салық салудан көпшіліктің қашуы;

-қазақстандық экономиканың монополизациясы;

-экономиканың және қоғамның қылмысы;

-ішкі және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі;

-валюталық ресурстардың азаюы.

Ішкі факторлар өз кезегінде: 1) экономикалық жүйенің циклдік даму заңдылығымен байланысты және 2) циклдік дамудың заңдылығымен байланысты емес болып екіге бөлінеді. Факторлардың бірінші тобының іс-әрекетінің ауқымы мен тұрақтылығы белгілі бір жағдайларда макроэкономикалық деңгейге кері әсерін тигізеді және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деген тұжырым жасауға әкеледі [2].

Факторлардың екінші тобының іс-әрекеті шаруашылық жүйенің келесі басты элементтерінің қайта өндіру жағдайында ұзақ уақыт бойы бузылушылық беталысының жиналуының негізінде жүзеге асады:

- елдің өндірістік инновациялық және ғылыми-техникалық мүмкіндігінің ахуалы мен тиімділігі;

- әлеуметтік салада;

- қоршаған ортаның жағдайы.

Қазақстандық экономиканың сыртқы экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызамыз:


  • импорттық тәуелділіктің өсуі;

  • экономиканың тым ашық болуы;

  • Қазақстанның өзіндік инициативасымен табиғи ресурстардың нетто-экспортерына айналуы;

  • экономикалық динамиканың жаһандануы;

  • халықаралық ұйымдар мен байланыстардың ролі;

  • халықаралық еңбек бөлінісі мен сауданың динамикасы мен құрылымы.

Ішкі қайшылықтардың өрши түсуінен, басшылықтың тиімді шешім қабылдай алмауынан ішкі қауіптер өсу үрдісіне ие болады да, сыртқы қауіптер үшін қолайлылық тудырады. Бұл, біріншіден, ішкі қауіптер мемлекеттің экономикалық, әсіресе, қаржылық қуаттын әлсірете отырып, әскерді модернизациялауға мүмкіндік бермейді.

Екіншіден, мемлекеттің экономикалық әлсіздігі ұлтты халықаралық қаржылық ұйымдардың алдында тәуелді етеді, өйткені, елдің бюджеттік ресурстары мемлекеттің минималды әлеуметтік міндеттемелерін де төлеуге мүмкіндік бермейді. Қарызды көптеп алу бюджет мәселесін шешпейді, қайта сыртқы қарызға көрсетілетін қызмет шығындарын өсіре түседі. 


Үшіншіден, ішкі қауіптер отандық тауар өндірісінің ішкі сұранысты қанағаттандыра алмауы экономиканың импортқа, сыртқы рынок конъюнктурасына, оның тауарлық және қаржылық сегменттеріне, оның ішінде азық-түлік, машина құрал-жабдықтар, халықаралық несиелерге деген тәуелділікке әкеп соқтырады. 

Жұмыссыздық пен кедейшілік, қоғамның әлеуметтік жіктелуі, өмірлік қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізудің тарылуы, білім стандарттарының жеткіліксіздігі, азық-түлік пен ауыз судың сапасы, сәбилер өлім-жітімінің көбейе түсуі Қазақстанның сапалы өсу жолына шығу процесіндегі басты негізгі қатерлер болып табылады. 


Тұтас алғанда, жоғарыда аталған проблемалар мен қатерлердің күшеюі макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуына, «голланд ауруына», шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетінің кемуіне, отандық тауарлар нарығынан шығып қалуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы орайда жоғарыда көрсетілген экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлердің тереңдеуіне және дамуына жол бермеу мақсатында тиісті басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді айқындау керек. Экономикалық қауіпсіздік саласындағы мақсат ұлттық экономиканы ғаламдану жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. 
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі қауіптері» тақырыбындағы ғылыми мақаланың негізінде төмендегідей қорытынды және бірнеше ұсыныстар жасауға болады:

Жоғарыда көрсетілген басты қауіп-қатерлердің дамуына жол бермеу мақсатында және Қазақстан экономикасының даму үдерістерін мұқият ескере отырып, экономикалық қауіпсіздік саласында алдағы уақытта және кезеңде негізгі басымдықтар мыналар болып табылады: 1. Экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау). 2. Салалық және өңірлік алшақтықты азайту. 3. Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке кірігуінің тиімді тетігін жасау. 4. Қаржы тұрақтылығын нығайту. 5. Бәсекеге қабілетті ғылыми-зияткерлік әлеуетті дамыту. 6. Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. 

Осы аталған экономикалық қауіпсіздіктің қауіп-қателерінен келесі қорытынды жасауға болады, мемлекеттің басқару органдарының барлық деңгейлері мен жергілікті басқару органдарының белсеңді әрекеті аталған қауіп-қатерлердің аладын-алудың және жоюдың негізгі құралдары болып табылады.

Осылайша, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-әрекетінің құрылымы өзара бір-бірімен байланысқан және үнемі дамып отыратын алуан түрлі құрамдас бөліктердің жиынтығын білдіреді.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Нұкенов М. «Экономикалық қауіпсіздік күзетінде». Егемен Қазақстан 2006ж.



2.АфанасьевС. Дискуссионные проблемы концепции национальной экономической безопасности// Россия ХХІ. 2006 №2.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается экономическая безопасность, как сложное социальное явление, требующее комплексного научного исследования.
SUMMARY

This article examines the economic security as a complex social phenomenon that requires comprehensive scientific research.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет