Қазақстандық сақтандыру рыногінің БӘсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары



жүктеу 87.87 Kb.
Дата04.07.2017
өлшемі87.87 Kb.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚТАНДЫРУ РЫНОГІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ
Берикболова У.Д.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ


Қазақстандағы сақтандыру ісі жақын аралыққа дейін мемлекеттің монополиясында болып келді, ол тиісінше рыноктық қатынастар жағдайында сақтандыру жүйесін дамытудың екі жүз жылдық тәжірибесі бар батыс елдеріне қарағанда дамуын тежеді. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің даму мәселелерінің бірі рыноктық шаруашылық жүргізудің тетіктеріне сай сақтандыру қызметінің өркениетті рыногының қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Осыған байланысты шет елдердің жинақталған тәжірибесін қолдану және сақтандыру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін басқару тұжырымдамасын өңдеу ерекше маңызға ие болады.

Сақтандыру рыногының мемлекеттік секторына сақтандыру компанияларының санының қысқаруы, олдардың филиалдар санының қысқаруы, сақтандыру жарналары мен сақтандыру төлемдерінің төмендеуі сияқты сақтандыру қызметінің құлдырауы тән, ал мемлекеттік емес секторға оған қарама-қайшы құбылыс яғни абсолюттік және салыстырмалы өсім үрдісі тән болып отыр.

Ұлттық экономика сақтандыру жүйесінсіз қызмет ете алмайды және де осы жүйенің тиімді қызмет етуі әрбір жекелеген азаматқа (әсіресе кәсіпкерге), жалпы қоғамға қажет болып табылады. Қазақстандық сақтандыру рыногының бәсекеге қабілеттілігі жалпы ел экономикасының даму үрдістерімен және нақты сақтандыру саласының даму ерекшеліктерімен айқындалған. Республикада мемлекеттік емес сақтандыру секторының құрылуы сақтандыру компанияларындағы сақтандыру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін басқарудың жаңа шарттары мен факторларының іске қосылуына ықпал етті. Шет елдік сақтандырушылардың тәжірибесін шамадан тыс артық пайдаланудың сақтандырудағы менеджменттің ұлттық ерекшеліктерін ескермеуге алып келгендігін атап кеткен жөн.

Әлемдік қаржылық дағдарыстың салдары Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының дамуына теріс әсер етті. Мемлекеттік кәсіпорындар мен халықтың қолындағы қаржылық ресурстардың шектеулілігі сақтандыру мәдениетінің енгізілуін кедергі келтіреді, отандық сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығына нұқсан келтіреді, тиісінше, сақтандыру компанияларының қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін басқару үдерісін жетілдіру салымдарының өсуін тежейді. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы жаңа шаруашылық байланыстарын орнату қажеттілігінің өсуі жағдайында, сол сияқты еркін бәсекелестік жағдайында қызмет ету тәжірибесінің жеткіліксіздігінен, кәсіпкерлер шаруашылық жүргізудің жаңа шарттарына бейімделуі мен қызмет етуінің белгіленген кепілінің құрылу қажеттілігін тұрақты сезінеді.

Қоғамның даму үдерісінде сақтандыру рөлі де арта түседі. Сақтандыру көмегімен белгіленген тәуекелдің қаржылық салдары сақтандырушыға жүктеледі және де сақтандыру кәсіпкердің өз қызметі барысында туындайтын тәуекелді басқаруына мүмкіндік береді.

Бәсеке индустриалды қоғамның қарқынды дамуының негізін құрайды. Жалпы, бәсеке деген не? М.Вебердің анықтамасы бойынша: «Бәсеке – бұл басқалар да қажет ететін артықшылықтар мен мүмкіндіктерге бақылау орнатудың бейбіт әдістері» [22].

Бәсекенің пайда болуының басты алғышарты – бір мезетте бірнеше агенттердің белгілі бір күштер арқылы иелік етуге ұмтылатын шектеулі ресурстың болуы. Аталған элементтер, яғни ресурстың шектеулігі, оның тартымдылығы және рыноктың бірнеше қатысушысы үшін қол жеткізу мүмкіндігі - бәсекенің пайда болуы үшін міндетті шарттар болып табылады. Егер ресурс шексіз және тартымсыз болса, онда бәсеке немесе бәсекелестік мәселесі туындамайды. Осылайша, біз «бәсеке» деген ұғымға өзіндік түсініктеме беруге тырысамыз, яғни: «Бәсеке дегеніміз – бұл екі немесе онан да көп агенттер тарапынан арнайы күш-қайратын жұмсау арқылы белгілі бір шектеулі ресурсқа қол жеткізуге бағытталған іс-әрекет».

Сақтандыру қызметтері рыногының қарқынды дамуы және бәсекенің күшеюі жағдайында сақтандыру компанияларына рыноктағы өзгерістерге жылдам әсер ету мен клиенттердің қажеттіліктерін максималды қанағаттандыра алуы қажет. Осыған байланысты сақтандыру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетігін ретінде сақтандыру қызметтерінің маркетингін қарастыру өзекті болып табылады.

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі нарығын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар əзірлеуді жəне кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

- əлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;

- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту жəне міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру жəне оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды жəне жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;

- сақтық жəне қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;

- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жəрдемдесу;

- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

Сақтандыру нарығындағы бəсекелестiкке əсер ететін бұл бəсекелестiк қарқынының негiзгi факторларына келесілерді жатқызуға болады:



  • бəсекелес сақтандыру компанияларының сандық жəне сапалық сыйымдылығы;

  • сақтандыру қызметтерiне жəне оның құрылымдық пен құн динамикасына сұраныс көлемiнiң өзгерiсi;

  • (сақтандыру қызметтi лицензиялаудың ерекшелiгi) сақтандыру нарығына енудiң тосқауылдары;

  • жапсарлас несие нарығындағы ахуал;

  • сақтықшы-бəсекешiлердiң стратегиясындағы айырмашылықтар;

  • сақтандыру нарығындағы бəсекелестiктегі ерекше себептер.

Сақтандыру компанияларының саны жəне олардың салыстырмалы сыйымдылығы бəсекелестiктiң деңгейлерiн анықтайды. Басқа тең жағдайда сақтандыру нарығында сақтандыру компанияларының түбегейлi саны бəсекелестiк қарқынына белдеседi. Бұл мəлiметтерді жинау үшiн арнайы əлеуметтік құжаттама құрастырылады. Алған нəтижелердiң негiзiнде бəсекелестiктiң деңгейi туралы қорытынды жасалады.

Нарықтық экономикадағы еркiн ойын шарттарындағы сұраныс пен ұсыныс потенциалды сақтандырушыға қажеттi сақтандыру қызметтерiнiң пайда болуы жағдайын жасайды. Сақтандыру қызметтерiне тарифтi ставка мен баға белгiлеулер бостандығы сақтандырушылардың арасындағы бəсекелестiкті туғызады. Экономикалық бəсекелестiк болған жағдайда ғана сақтандыру нарығы

өзінің реттеушілік функцияларын орындайды. Бəсекелестiк сақтандыру нарығында барлық жетістіктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл жетiстiктер түрткi болатын сақтандыру қоғамының жаңа клиенттердiң тұрақты iздестiруi жəне сақтандыру қызмет көрсету əдiстерiнiң əбден жетiлдiру дəрежесіне тəуелдi болады.

Сонымен қатар сақтандыру компаниялары бірнеше факторлар арқылы бəсекелестiкке ықпал ете алады. Олар ішкі жəне сыртқы факторлар.

Ішкі факторлар:


  • техникалық қызмет көрсету: сақтандыру келiсiмшарттар мен сақтандырушыларға қызмет көрсетулер деңгейі;

  • сақтандыру компаниясының клиенттер мен жұмыс істеу сапасының деңгейi.

Сыртқы факторлар:

  • ғылыми-техникалық прогресс;

  • мемлекеттiк – саяси орта, (мемлекеттiк жəне əлеуметтiк саясаттың сақтандыру iсiнiң қолдауы);

  • экономиканың күйi, (халық саны, ақша жүйесі, валюталық жағдай, өмiр деңгейi тағы сол сияқтылар);

  • сақтандыру нарығының əлеуметтiк-əдеп ортасы, (сақтандыру мəдениетiнiң деңгейi, ұлттық дəстүрлер, этникалық құрам жəне тағы басқалар);

  • дүниежүзілік сақтандыру нарығының конъюнктурасы.

Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр, экономикалық жəне құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрі қамтиды. Жеке басты сақтандыру жəне азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысы төмен болып отырған деңгейіне байланысты.

Сақтандырудың мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық жəне ұжымдық қорғау болып табылатындықтан сақтандыру нарығының дамуы өзекті мəселе. Ал нарық дамуының алғы шарты бəсекелестік күрес, яғни бəсекеге қабілеттілік.

Сақтандыру түрлері кəсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілері мен заттарының кең шеңберін түрлі сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.

Дағдарыстан кейінгі дамудың негізгі басымдықтарының бірі қаржы секторындағы, оның ішінде сақтандыру рыногындағы бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Қажет болған жағдайда қаржы секторына шетелдің қатысуын қаржы секторының әрбір сегменті бойынша жеке-жеке жиынтық жарғылық капиталдың 50%-ынан аспайтын мөлшерде шектеу жөніндегі мәселе қаралатын болады. Адал бәсекелестікті дамыту мақсатында қаржы нарығының барлық бөліктерінде бәсекелестіктің жеткілікті деңгейіне қол жеткізген кезде оның толық шығуына дейін мемлекеттің қатысуын қысқарту қамтамасыз етіледі.

Қазақстандағы сақтандыру рыногының қалыптасу кезеңінде оған екінші деңгейлі банктер өздерінің еншілес компанияларын құру арқылы біршама ықпал етті. Екінші деңгейлі банктердің дағдарысқа дейінгі экономиканы несиелендірумен, сол сияқты жеке тұлғаларға ипотекалық және тұтынушылық несиелер берумен байланысты қызметінің белсенуі мүлікті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің, бақытсыз жағдайлардан және өмірді сақтандыру көлемінің өсуіне ықпал етті. Қазіргі күні Қазақстанның сақтандыру секторы сақтандыру сыйақыларының өсу динамикасын көрсетіп отыр. Елдің сақтандыру секторына қысқа мерзімді перспективада бөлшектік сақтандыру рыногының дамымағандығымен сипатталады, ол халық табысының төменгі деңгейі, халықтың сақтандыру мәдениеті мен сақтандыру сауаттылығының жеткілісіз даму дәрежесі сынды факторлармен түсіндіріледі. Сонымен бірге өмірді сақтандыру рыногын дамыту мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр.

Осыған байланысты сақтандыру рыногын реттеудегі реттегіштің қызметі халықтың сақтандыру жүйесіне деген сенімін арттыруға және сақтандыру рыногын тұрақты дамытуды қолдауға сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын арттыру және олардың қызметінің айқындылығын жоғарылату жолымен бағытталады.

Сонымен бірге, Қаржылық Бақылау Агенттігі сақтандыру ұйымдарын халықаралық стандарттар негізінде пруденциалдық реттеуді жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметінің құқықтық негізі салынады.

Сақтандыру секторының қызметінің ерекшелігі оның сақтандыру статистикасымен тығыз байланыстылығында. Қазіргі күні сақтандыру статистикасының толыққанды базасының болмауы отандық сақтандыру секторының дамуына теріс ықпал етіп отыр, сақтандыру ұйымдарына тәуекелді сақтандыруды тиімді бағалауды арттыруға, тиісті сақтандыру резервтерін есептеуге, тарифтерді есептеуге, сақтандыру келісім-шарты бойынша міндеттемелерді есептеуге мүмкіндік бермей отыр, сол сияқты сақтандыру алаяқтығы фактілерінің артуына себеп болып отыр.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың дамуы, оның ішінде өмірді сақтандыру, халық табысының төмендігінен, тұтынушылардың сақтандыру қызметіне деген сенмінің жоқтығынан, сенімді қаржылық құралдардың шектеулілігінен, сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз капиталдануынан тежеліп отыр деп айтуға болады.

Қазақстанның табиғи және техногендік сипаттағы әсерлерге бейімділігінің жоғарылығын ескере отырып, сақтандыру секторының тұрақты қызмет етуіне қауіп тудырушы тәуекелдерге жер сілкінісін, өндірістік апаттарды жатқызуға болады. Сақтандыру рыногын талдау көрсетіп отырғандай, елімізде технлогендік және табиғи сипаттағы апаттардан туындайтын шығындарды жою мен қалпына келтіру, оның алдын-алудың мемлекеттік жүйесі жеткіліксіз дамыған.

Қолданылған әдебиеттер



  1. Конкурентноспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения. Под.редак. О.Сабдена:- Алматы, 2007 г.

  2. Қ.С. Сакибаева, М. Мырзатаева. Сақтандыру компанияларының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлар// Вестник КазНТУ имени К.И.Сатпева., 8.08.2011

  3. Александров А.А. Страхование:- М.,1999, с.77-82.

  4. Қағазов О. Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығы:- Алматы, 2004, 117-126 б.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет