«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті туралы Ереже



жүктеу 78.21 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі78.21 Kb.
БЕКІТІЛДІ

«Қазақстан темір жолы»

Ұлттық компаниясы

Акционерлік қоғамының

Директорлар кеңесінің шешімі

«12» желтоқсан 2011 ж.

No 7 хаттама

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті туралы
Ереже


1. Жалпы ережелер

1. Осы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті (бұдан әрі - Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті) туралы ЕрежеҚазақстан Республикасының заңнамасы, Қоғам Жарғысы, Қоғамды корпоративтік басқару кодексі мен халықаралық корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жасалды.

2. Осы ереже Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің статусы мен құзіреттілігін, оның құқықтары мен міндеттерін, Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің құрамын, оны қалыптастыру тәртібін, жұмысы мен Қоғам органдарымен өзара әрекетін анықтайды.

3. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті Директорлар кеңесінің кеңес беруші-ақылдасушы органы болып табылады. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті жасаған барлық ұсыныстар Директорлар кеңесінің қарауына жататын ұсынушы сипатта болып табылады.

4. Қоғам Жарғысымен Жаңғыз акционердің құзіреттілігіне жатқызылған мәселелер бойынша Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің ұсыныстары, Директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, қарау және заң белгілеген тәртіптешешім қабылдау үшін Жаңғыз акционерге жіберіледі.

2. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің құзіреті

5. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің құзіретіне:

1) Қоғамның стратегиялық және инновациялық жоспарын дайындау;

2) Қоғамның ғылыми-техникалық және инновациялық саласының жағдайын талдау негізінде Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін көтеру және инновациялық қызметіне ықпал ету бойынша ұсыныстар дайындау;

3) инновациялық саясатты жүзеге асыруда Қоғамның өзара тиімді әрекеті мен қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) сыртқы кооперацияда ғылыми-техникалық және технологиялық ынтымақтастық бойынша қызмет жасауға ұсыныстар дайындау;

5) инновациялық даму саласында Қоғамның бағдарламалық құжаттары мен шараларын ққабылдау бойынша ұсыныстар дайындау;

6) инновациялық белсенділікті көтеру мақсатында Қоғам қызметін реформалау бойынша ұсыныстар дайындау;

7) Директорлар кеңесіне Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің жұмысы туралы жыл сайын есеп беру;

8) Директорлар кеңесінің тапсырмасы және/немесе Қоғамның ішкі құжаттарының ережелеріне сәйкес өз құзіреттілігі шегінде Директорлар кеңесіне өзге мәселелер бойынша ұсыныстар беру.

9) Жұмыс топтарының, комиссиялардың құрамында Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің құзіреттілігіне жатқызылған мәселелер бойынша ұйымдармен келіссөздерге қатысу;

10) Қоғамның құны 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеден артық инвестициялық жобаларын алдын ала қарау;

11) Қоғамның құны 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеден артық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру кіреді.

3. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің құқықтары мен міндеттері

6. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті өз міндеттерін атқару және жүзеге асыру барысында келесі құқықтарға ие:

1) Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесі Комитеті, Басқарма, Ішкі аудит қызметі мүшелерінен, Корпоративтік хатшы мен Қоғамның өзге жұмыскерлерінен құжаттар, есептер, түсіндірмелер мен басқа ақпаратты сұрауға құқылы. Жоғарыда баяндалған ақпараттар мен құжаттар Корпоративтік хатшы арқылы беріледі. Қоғам белгіленген тәртіпте Комитетті қажетті материалдармен және ресурстармен өз есебінен қамтамасыз етуге міндетті;

2) Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесі Комитеті, Басқарма мүшелерін бақылаушы ретінде өз отырыстарына шақыру;

3) белгіленген тәртіпте ағымдағы жылы Қоғам бюджетінде көзделген қаражаттар аясында сыртқы сарапшылар мен кеңесшілерді шақыру;

4) өзіне жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге құқықтарды пайдалану.

7. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті мүшелерінің міндеттері:

1) акционерлер мен жалпы Қоғам мүддесі үшін өз қызметін адал және әділ орындау, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаларын сақтау;

2) өз міндеттерін тиімді орындау үшін оған жеткілікті уақыт бөлу;

3) Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті жұмысына қатысу, іссапарда болған немесе денсаулығына байланысты жағдайлардан басқа кезде, оның отырыстарында болу;

4) осы Ережеге өзгерістер мен толықтамалар енгізу бойынша ұсыныстар жасау;

5) өзінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында белгілі болған барлық ақпараттың құпиялылығын сақтау;

6) өз құзіреттілігі шегінде және осы Ереже көздеген тәртіпте Директорлар кеңесі анықтауы мүмкін басқа да міндеттерді атқару.

7) Тәуелсіз директорлар болып табылатын Комитет мүшелері өзінің тәуелсіз директор статусындағы кез келген өзгерістер туралы аталмыш статусты жоғалтқан мезеттен бастап немесе Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті қабылдауы мүмкін шешімдерге байланысты мүдделер шиленесі туындағаны туралы барынша қысқа уақытта Директорлар кеңесіне хабарлауға міндетті.



4. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің ұйымы

8. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің мүшелері Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.

9. Қажет болған жағдайда, Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің құрамына Комитетте жұмыс істеу үшін кәсіби білімі бар дауыс беру құқығы жоқ сарапшыларды да кіргізуге болады. Салада кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі бар сарапшылар Комитеттің мақсаттары, міндеттері мен құзіретіне сәйкес Комитеттің тиімді қызметі үшін тартылады. Комитет құрамындағы сарапшылар рөлі, арнайы білімі мен кәсіби тәжірибесін пайдалана отырып, Комитет мүшелерін шешім қабылдау барысында қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады, ал ол Комитетке мәселелерді жан-жақты зерттеп, Директорлар кеңесіне ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

10. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті мүшелерінің өкілеттілік мерзімі олардың Директорлар кеңесі мүшесі ретіндегі өкілеттіліктерімен сәйкес, бірақ жыл сайын оны Директорлар кеңесі қайта қарай алады.



5. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің Төрағасы

11. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің Төрағасы әдетте Тәуелсіз Директорлар қатарынан сайланады..

12. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің Төрағасы өзі басқаратын Комитет жұмысын ұйымдастырады, атап айтқанда:

1)Комитет отырыстарын шақарады және оған төрағалық етеді; 2) Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті отырыстарының күн тәртібін, соның ішінде Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің отырысына шығарылатын мәселенің мазмұнын бекітеді;

3) Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің отырысында мәселені талқылауды ұйымдастырады, сондай-ақ отырысқа қатысу үшін шақырылғандардың пікірін тыңдайды;

4) Директорлар кеңесінің жұмыс Жоспарын ескере отырып, ағымдағы жылға кезекті отырыстардың Жоспарын жасайды.



6. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің жұмысын ұйымдастыру

13. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің жұмысы отырыстар түрінде жүргізіледі.

14. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің хатшысы міндетін Қоғамның жауапты қызметкері атқарады.

15. Комитет хатшысы Комитет отырысын дайындау мен өткізу, отырыстарға материалдар жинап, жүйелеу, Комитет мүшелері мен шақырылған тұлғаларға Комитет отырысының өткізілетіні, күн тәртібі туралы хабарлама жіберу, күн тәртібі бойынша материалдар жинау, отырыстардың хаттамасын жүргізу, Комитет шешімдерінің жобаларын әзірлеу, қажеттілігіне байланысты Комитет отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелер беру, сондай-ақ барлық тиісті материалдарды сақтау жұмыстарын жүргізеді.

Комитет хатшысы Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті мүшелерінің қажетті ақпаратты алуын қамтамасыз етеді.

16. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің отырыстары Комитет алдын ала бекіткен Жұмыс жоспары негізінде өткізіледі, бірақ жылына төрт отырыстан кем емес.

17. Комитеттің кезектен тыс отырысы Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің өзінің бастамасы, Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің кез келген мүшесінің сұранысы, Директорлар кеңесінің сұранысы, сондай-ақ акционерлер мен Басқарма Төрағасының жазбаша сұранысы бойынша өткізіледі.

18. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің отырысын өткізу туралы күн тәртібі көрсетілген хабарлама отырысқа қатысатын тұлғаларға Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің отырысы өткізілуіне бес жұмыс күні бұрын, бірақ одан кешіктірілмей жіберілуі тиіс.

19. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің отырысы, егер оған Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті мүшелері санының жартысынан кем емесі қатысса ғана заңды болып табылады .

20. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің отырысына Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті Төрағасының шақыруы бойынша Комитет отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру құқығынсыз үшінші тұлғалар қатыса алады.

21. Дауыс беру барысында Комитет мүшелері мен оның Төрағасы отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру құқығы бар Комитет мүшелерінің қатысуымен ғана шешім қабылдай алады. Бұл жағдайда, Сарапшылар мен басқа бақылаушылар ретінде Комитет отырысына қатысуға шақырылған тұлғалар Комитет отырысына тек мәселелерді талқылау барысында ғана қатысады, ал дауыс бенру кезінде Бақылаушылар залдан шығып кетеді.

22. Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитетінің шешімдері Комитет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданып, ол хаттамамен рәсімделеді. Дауыстар саны тең болған жағдайда, Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

23. Комитеттің әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін білдіре алады, ол Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті шешімінің хаттамасымен бірге беріледі. Жекелеген мәселелер бойынша Комитеттің жекелеген мүшелерінің мүдделілігіне байланысты шешім қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, ондай факт Стратегиялық жоспарлау және инновациялар комитеті отырысының хаттамасына жазылады.

7. ЕРЕЖЕНІҢ ЗАҢДЫ КҮШІ

24. Ережелерді бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтамалар енгізу Директорлар кеңесінің құзіретіне жатады.



25. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғы немесе Кодекске өзгертулер енгізу нәтижесінде Ереженің кейбір нормалары оларға қайшы келген жағдайда, Ереженің осы нормалары сәйкес өзгерістер енгізілгенге дейін күшін жояды.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет