«Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласының дамуы» шебер-жоспары Астана, 2013 ж



бет1/3
Дата18.12.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3


№ исх: ВН-4-2-14/4/903 от: 05.09.2013

«Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласының дамуы»

шебер-жоспары

Астана, 2013 ж.


  1. Шебер-жоспар төлқұжаты



Атауы

«Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласының дамуы» шебер-жоспары


Әзірлеу негіздемесі

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы





Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері


Мақсаты

Бәсекеге қабілетті тұқым шаруашылығы саласын құру, соның ішінде қажетті көлемде жоғары репродукциялы тұқымдарды өндіру және сату үшін жағдай жасау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің (бұдан әрі - АШТӨ) оларға қолжетімділігін қамтамасыз ету.


Міндет

1) жоғары репродукциялы, соның ішінде бірінші репродукциялы тұқымдарды өндіруге ынталандыру (элиталы тұқымдарды субсидиялауды біртіндеп жойып, АШТӨ жоспарлы сорт жаңарту мен сорт алмастыруға қажетті көлемде және 1 репродукциялы тұқым бағасы бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 1 репродукциялы тұқымдарды субсидиялауға көшу;
2) тауарлы егістер 3 репродукциядан (мысалы, астық дақылдары үшін) немесе 1 ұрпақ буданынан төмен емес тұқыммен себілу үшін АШТӨ жыл сайын нақты көлемдегі тұқымды сатып алу бойынша сорт жаңартудың міндетті нормаларын енгізу;
3) тұқым шаруашылығына арналған құрылғылар мен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы тұқым шаруашылығы мен сорт сынаудың техникалық және технологиялық жаңаруы, сонымен қатар, тұқымды толықтыру жүйесін орнатуға, тұқым сақтау қоймаларының құрылысына, тұқым сапасына зерттеу жүргізуге арналған зертхана құрылғылары мен селекция-тұқым шаруашылығы техникасын сатып алуды инвестициялық субсидиялау (инвестициялық субсидиялау техниканы сатып алуға және орнатуға кеткен шығынның 20%-дан 50%-ға дейін орнын толтыру);
4) тұқым шаруашылығының жан-жақты тізбегін құру арқылы тұқым шаруашылығын жүргізудің нақты сызбасын құру;
5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген жоғары өнімді сорттар мен ггибридтер санын көбейту.

Жүзеге асыру

мерзімі



2013 – 2020 жылдар

Мақсатты индикаторлар

1) элиталы егіс үлесін жалпы егіс алқабының 3-4% шамасындағы ғылыми-негізделген нормағасына дейін жеткізу;
2) 1 репродукциялы егіс үлесін жалпы егіс алқабының 11-13% шамасындағы ғылыми-негізделген нормағасына дейін жеткізу;
3) элиталы тұқымдарды субсидиялауды біртіндеп жойып, 1 репродукциялы тұқымдарды субсидиялауға біртіндеп көшу.


Қаржыландыру

көздері мен көлемі



Шебер-жоспарды жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджетте қарастырылған жалпы шығын барлығы 69,3 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде:

2014 жыл – 6,6 млрд. теңге;

2015 жыл – 7,8 млрд. теңге;

2016 жыл – 7,2 млрд. теңге;

2017 жыл – 12,3 млрд. теңге;

2018 жыл – 12,1 млрд. теңге;

2019 жыл – 11,7 млрд. теңге;

2020 жыл – 11,6 млрд. теңге.



* – сомалар сәйкес қаржылық жылдың мемлекеттік бюджетіне сәйкес нақтыланатын болады


2. Кіріспе (шебер-жоспарды әзірлеу қажеттілігіні негіздемесі)

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес 2013 жылғы 18 ақпанда № 151 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен 2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республимкасының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бекітілді.

Осы шебер-жоспар Бағдарламада көрсетілген міндеттер мен көрсеткіштерге қол жеткізу, сонымен қатар, отандық селекция, сорт сынау және тұқым шаруашылығы шараларының нақты жүзеге асыру мақсатында әзірленді.



3. Ағымдағы жағдай анализі (саланың ағымдағы жағдайын бағалау)

3.1. Тұқым шаруашылығының ағымдағы жағдайының анализі

Республикада ел халқымен қоса жақын және алыс шетел халқын негізгі өсімдік өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті шарттар бар. Сонымен қатар, қазіргі кезде отандық ауыл шаруашылығы өндірісі республика халқының өсімдік өнімдеріне деген қажеттілігін толық қамтамасыз етпейді.

Өсімдік өнімдерінің өндірісінің негізгі өсу факторларының бірі болып ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық мүмкіндігі табылады.

Сорт бүгінгі күнге дейін өсімдік өнімінің сапасы мен өнімділігін арттырудың қолжетімді және аз шығынды құралы болып табылады.

Дегенмен, жоғары сапалы тұқым алу селекция, сорт сынау және тұқым шаруашылығының қажетті дәрежеде ұйымдастырылған жүйесінің болуы кезінде ғана мүмкін.

Соңғы жылдары тұқым шаруашылығы саласында өндірістік көрсеткіштерінің жоғарылауы байқалады. 2000-2012 жлдар аралығында элиталы тұқым өндірісінің көлемі 2 есеге артты. 2012 жылы элиталы тұқыммен себілген егіс үлесі 4,8% құрады.

Дегенмен, 2006-2012 жылдар аралығындағы астық дақылдарының орташа өнімділігі көрсеткіштерін (2011 жыл өнімі аномальді табиғат жағдайларына байланыст ескерілмеді) 1976-1980 жылдар аралығындағы өнімділік көрсеткіштерімен салыстырар болсақ, астық дақылдарының өнімділік көрсеткіштерінің арту тенденциясы байқалмайды.

Осы жағдайларда отандық селекция, сорт сынау және тұқым шаруашылығының даму жағдайын жасау республиканың ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарына айналуда.



Кесте 1. Элиталы тұқым себілген егіс үлесі (АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының себілген тұқым туралы есептерінен)

Соңғы жылдары себілген тұқым сапасының артқандығы туралы айта кеткен жөн. 2012 жылы себілген тұқымның сапасу туралы қорытынды есеп бойынша себілген кондициялы тұқым үлесі 99,3% (2001 жылы 53%), бұл ретте 1-2 классты тұқым үлесі 83,5 % жоғарылады. Сонымен қатар, егісте жаппай репродукциялы тұқымдарды себу пайызы әлі де жоғары болып отыр (2012 жылы 13,8%), бұл өнімнің сапасы мен өнімінің төмендеуіне әкеледі.

Жекеленген ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарынің өндіріс көлемі олардың тұқым шаруашылығы жүйесінің дамымағандығынан, сонымен қатар, қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен оларғы деген сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сол себепті жеткіліксіз тұқым көлемі шет елдерден импортталады.



2012 жылғы өнімге себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық тұқымдары ішінде шетел селекциясының сорттарының үлесі 48,4% құрады.

Кесте 2. Шетел селекциясының сорттарының үлесі (АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының себілген тұқым туралы есептерінен)

Кесте 3. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының импорты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ақпараты бойынша)


Дақылдар

2010

2011

2012

Қажеттілік , мың. тонна

Импорт, мың тонна

%

Қажеттілік , мың. тонна

Импорт, мың тонна

%

Қажеттілік , мың. тонна

Импорт, мың тонна

%

Астық дақылдары

2306,7

1,0

0

2163,9

0,2

0

2117,9

-

-

Дәнді бұршақ д

18,2

0,014

0,1

27,1

0,06

0,2

16,1

-

-

Қант қызылшасы

0,06

0,02

33

0,05

0,02

30

0,05

0,02

30

Майлы дақылдар

23,9

6,1

26

35,5

1,1

3,9

38,3

0,7

1,9

Мал азықтық дақылдар

6,9

0,6

8,6

10,9

0,4

3,6

8,5

0,3

3,4



Жекеленген дақылдар тұқым шаруашылығының ерекшеліктері

Жүгері өндірісі үшін негізінен гибридтер қолданылады. Соңғы жылдары шетел гибридтерінің белсенді қолғалысына байланысты отандық гибридтер себілген алқаптар азайп кетті.

Дамушы мемлекеттерде астық үшін өсірілетін жүгерінің өнімділігі өндірістің қарқындауы есебінен жоғарылап отыр. Канада, АҚШ, Италия, Франция, Германия, Австрия елдерінде аталған жүгерінің өнімділігі 7-10 т/га, Польша мен Мажарстанда – 5-6 т/га құрайды. Қазақстан Республикасында соңғы бес жылда (2008-2012 жылдар) астық үшін өсірілетін жүгерінің орташа потенциялды өнімділігі 12,0 т/га болғанның өзінде, 4,8 т/га құрайды.

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің тізілімінде шетел селекциясының гибридтері басым.

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жүгері гибридтерінің сандық және сапалық құрамының талдауы көптеген гибридтер бойынша тұқым шаруашылығы жүргізілмейтіндігін көрсеткен.

Дәнді бұршақ және жкрма дақылдарының азықтық және мал азықтық маңызы ерекше. Соңғы жылдары негізгі дәнді бұршақты және жармалық дақылдарды, соның ішінде қарақұмықты сепкен кезде мол сұранысқа ие екендігіне қарамастан, республикада өндірісі жеткіліксіз болғандықтан, элиталы тұқымы аз болып келеді. Ескірген сорттардың жаппай репродукциялы тұқымдарының жоғары үлесі өнімнің сапасы мен өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Республикада дәнді бұршақ дақылдарының орташа өнімділігі 1,6 т/га, жармалық дақылдарында (қарақұмық, тары) – 0,6-1,0 т/га, ал потенциалды өнімділігі 4-6 т/га құрайды. Бұл дақылдардың өсіру технологиясын қадағаламау мен аталған дақылдардың тұқым шаруашылығының төмен болуына түсіндіріледі.

Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде негізгі өсірілетіні күнбағыс, соя, рапс және сафлор болып табылады. Аз көлемде қыша мен майлы зығыр өсіріледі. Қазақстанда күнбағыс және басқа да майлы дақылдардың өнімділігі бір деңгейде болып келді. Қазіргі кезде 0,5-0,6 т/га құрайды.

Бұл ауыспалы егістерді фитосанитариялық жағдайды нашарлататын дақылдармен себетіндігін, соның салдарынан аурулар пайда болатындығын көрсетеді.

2020 жылға дейін Қазақстанда селекция, сорт сынау және тұқым шаруашылығы есебінен күнбағыстың өнімділігі 1,0-1,3 т/га жетуі мұмкін.

Республикада сояның өндірісін ұлғайту мүмкіндігі бар. Соя селекциясының негізгі шешілмеген мәселелерінің бірі болып қазіргі сорттардың шөл мен жоғары ылғалдылыққа, аурулар мен зиянкестерге, кеш пісетін сорттар үшін өскін кезінде төмен температураға деген қажетті деңгейде шыдамсыздығы болып табылады.

Республиканың тұқым өндірушілері мал азықтық дақылдардың барлық негізгі түрлерін өндіруге аттесталтталғанын айта кетен жөн. Бірақ олар негізінен мал жемінің өндірісімен айналысып, көп жіне аз жылдық шөптер тек шектеулі көлемде өндіріледі.

Соңғы кезедерде бұның негізгі себептерінің бірі болып мал азықтық шөптерге деген төмен сұраныс пен АШТӨ көпшілігінің тұрақсыз қаржылық жағдайы себеп болды.

Көкөніс және бақша дақылдарының отандық селекциясы соңғы кездерде шетел селекциясына жол береді. Көкөніс дақылдары тұқымдарының импорты нарықтағы жылпы ұсыныстың 80% от құрайды.

Көкөніс және бақша дақылдарының отандық сорттарының сорт алмасуы элиталы тұқым болмауына байланысты жүзеге аспайды. Тұқым шаруашылықтары тұқымдарды жоғары бағаға сатып алмай, қайта себуге мәжбүр болады, бұл өз кезегінде 3-4 ұрпақтан соң сорттық қасиеттерді жоғалтуға әкеледі. Сорттардың авторлары мен оригинаторларының элиталы тұқым өндірісіне қаражат жетіспейді.

Соңғы кезде көкөніс шаруашылығында сорттардың орнын F1ұрпақтардың басуы байқалады. Гетерозисты селекцияға көшу гибридтердің сорттармен салыстырғандағы артықшылықтары негіз болып отыр.осылай, гибридтер сорттарды өнімділігі жағынан 20-30% асып түседі.

Картоптың егістік алқабы жеке қосалқы шаруашылыққа шоғырланған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесіне жалпы өндірістің 5% ғана тиесілі. Машиналы технологиялар негізінде тек 14,7% аумақта өсіріледі.

Қазақстан Республикасында өнім мен өндіріс көлемінің өсуіне кедергі болатын негізгі фактордың бірі болып тиімді сорт жаңарту мен алмастыруды жүзеге асыру үшін сапалы тұқым материалының жетіспеушілігі табылады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында егіс сапасы жоғары тұқымдармен алқаптың 60% себіледі, соның ішінде 51% отандық селекция сорттары алады. Шетел селекциясының сорттарының да таралуы жалғасуда (Голландия, Германия және т.б.).

Тұқым шаруашылығын субсидиялау 2000 жылдан жүзеге асады. 2009 жылы тұқым шаруашылығын субсидиялауға 1,9 млрд. теңге, 2010 жылы – 2,1 млрд. теңге, 2011 жылы – 2,4 млрд. теңге, 2012 жылы – 2,4 млрд. теңге, 2013 жылы – 2,5 млрд. теңге бөлінді.



Сурет 1. Тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі

Түрлі жылдарда субсидиялау механизмі де түрлі болды. Қазіргі кезде тұқым шаруашылығын қолдау:

1) элиталы тұқым шаруашылығын субсидиялау (республикалық бюджет есебінен);

2) тұқым және көшет материалдарының сорттық және егіс сапасын анықтау (республикалық бюджет есебінен);

3) 1, 2 және 3 репродукциялы тұқымдар өндірісін субсидиялау (жергілікті бюджет есебінен) аясында жүзеге асады.

2012 жылға дейін бірегей тұқымдардың 40% дейінгі шығынның орны толтырылды. 2013 жылы бірегей тұқымдарды субсидиялауды жойып, соңғы сатып алушының нақты сатып алған элиталы тұқымды (негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша) субсидиялауды қарастыратын субсидиялаудың жаңа механизмі енгізілді. Бұл бәсекелестіктің дамуына, сапаның жоғарылауы мен бағаның төмендеуіне әкеледі.

Сонымен қатар, элиталы тұқымдардың өндірісі АШТӨ қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткіліксіз болатын жүгері, қант қызылшасы, рапс, соя, көкөніс және мал азықтық дақылдарының тұқымын элиталы тұқым шаруашылықтарының шетелден нақты сатып алуға кеткен шығынының орнын ішінара арзандату жүзеге асырылады.

3.2. Селекцияның ағымдағы жағдайының анализі

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне «ҚАИ» АҚ-ң ғалымдары шығарған бидайдың 87, арпаның 30, сұлының 8 және тритикаленің 2 отандық сорттары енгізіліп, өндірісте пайдаланылады

2012 жылы астық дақылдарының отандық сорттармен себілген алқабының үлесі жалпы егіс алқабының 48,4% немесе 7,5 млн. га құрады.

Тәжірибеде элиталы тұқым шаруашылықтары бірдей сорттар тұқымын, соның ішінде ескірген сорттар тұқымын өндіретін жаңдайлар кездеседі. Мысалы, Павлодар ауыл шаруашылығы ҒЗИ-ң мәліметтері бойынша, егіс алқабы бойынша жетекші сорттардыі қатарына Саратовская 29 (1957 ж. аудандастырылған), Омская 18 (1991 ж.) сорттары жатады, алайда Саратовская 29 сортының соңғы жаңартылуы 2004 жылы жүргізілсе, Омская 18 орты бойынша сорт жаңарту жұмыстары өткен ғасырдың 90-шы жылдары бері жүргізілмеген. Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, 2012 жылы Саратовская 29 сорты 230,0 мың га-дан көп алқапты алған.

Жаңа сорттардың сұранысқа аз ие болуының негізгі себептерінің бірі – тұқым нарығының әлсіз жетілуі болып табылады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының селекция мен тұқым шаруашылығы саласындағы инновациялық жетістіктерді қолдау дәрежесінің төмен, ҒЗК мен қоса АШТӨ егістерінде отандық таңдаулы сорттарын кеңінен көрсету керек.

Бірегей тұқымдардың өндірісі – жоғары біліктілік, көп шығын мен еңбекті қажет ететін процесс және онымен ҒЗК алғашқы тұқым шаруашылығы бөлімшелері айналысуы тиіс.

Алғанқы тұқым шаруашылығы бұл саланың барлық буындарының негізі болып табылады. Отандық тұқым шаруашылығының аяқтан тұруы үшін мемлекеттік қолдау қажет.

Соңғы онжылдықтың тәжірибесі көрсеткендей, «ҚАИ» АҚ жүйесінің ғалымдары жыл сайын астық дақылдарының жаңы 15-20 сортын шығарады (2012 жылы бидайдың, арпа мен тритикаленің 13 сорты). Алайда, олар өндіріске енгізілгеннен кейін тиесілі алқапқа себілмейді, яғни 10-12 жыл ішінде республикалық бюджет есебінен кеткен жүздеген миллион қаражат тиімсіз пайдаланылады.

Мысалы, 2012 жылы астық дақылдарының жаға сорттарын шығаруға, олардың өңдеу технологиясын әзірлеуге шамамен 400 млн. теңге бөлінді. 2013-2014 жылдарда да шамамен осындай сома көзделуде. Өндіріске енгізілген және жаңа шығарылатын сорттардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру шараарын жүзеге асырмаусыз соңғы көрсеткіш – өнімділіктің артуына әкелу мүмкін емес.
3.3. Сорт сынаудың ағымдағы жағдайының анализі

Бәсекеге қабілетті өсімдік шаруашылығына өндірісте сапасы және өнңмдңлңгі жоғары ауыл шаруашылығы сорттарын пайдаланбау арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Қазіргі егіншілікте кез-келген ауыл шаруашылығы дақылының өнімділігін арттыратын нақты және жеке факторы, агротехнологиямен қатар жоғары және тұрақты өнімнің кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығым сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» (бұдан әрі - Мемкомиссия) – ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттатын шаруашылық пайдалылығы мен патент қабілеттілігіне сараптама жасайтын Қазақстан Республикасында сорттық саясатты қамтамасыз ететін тәуелсіз сарапшы орган болып табылады.

Бұл мақсатта ауылшаруашылық дақылдарының аудандастыру сызба-нұсқасы құрылған, әр мемлекеттік сорт сынау бөлімшелерінің қызметінің тапырақтық-климаттық және агроөнеркәсіптік мінездемелерін бағалау жұмыстары жүргізілген, қайталанатын және тиімділігі төмен буындарды тарату жұмыстарының арқасында мемлекеттік сортсынаудың барлық жүйесінің реформалануына әкелді. Мемлекеттік сортсынау Методикасына өзгерістер енгізілді, ауылшаруашылық дақылдарды бағалаудың экспресс-әдістері енгізілді, Внесены изменения в Методику государственного сортоиспытания, внедрены экспресс - методы оценки сельскохозяйственных культур, ауыспалы егіншілік жүйесі, егіс құрылымы және ауданы қайта қарастырылды. Ауылшаруашылық дақылдарының мемлекеттік сортсынау жұмыстарын топырақ жалмылғысы, рельефі, температуралық аясы, тиісті жауын-шашын мөлшері және табиғат жағдайына байланысты мінездемелері толығымен қызмет көрсету аймағын көрсететін 12 облыстық, 3 аймақтық инспектура, 3 мемлекеттік сортсынау станциясы және 73 мемлекеттік сортсынау бөлімшелері жүргізуде (4 сурет).


Сурет 2. Мемкомиссияның облыстық және аумақтық инспектурасының орналасу картасы


Мемлекеттік сорт сынау жұмыстарын жүргізу кешенінде ауылшаруашылық дақылдарын бағалау 3 бағытта жүргізіледі:

шаруашылық пайдалылығына сынау

Әр жылда ауылшаруашылық дақылдарының 6000 конкурстық, өндірістік және агротехникалық 83 сорттық тәжірибелері отырғызылады. Сынау екі агроаяда өткізіледі. Сорттар мен гибридтерді шаруашылық пайдалылығына сынаудағы Мемкомиссияның соңғы кезеңіндегі жұмысы жоғары сапалы, өнімділігі жоғары және әр облыстың топырақтық-климаттық жағдайына икемді сорттарды табу және соңында ауылшаруашылық өндіріске енгізілетін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген селекциялық жетістіктер тізіміне енгізу болып табылады. 2013 жылғы көрсеткіш ауылшарушылық дақылдардың 1774 сорттары мен гибридтерін құрды.



ауылшаруашылық дақылдары сорттарының сапалылығының бағасы

Мемлекеттік сортсынауға түскен материалдардың сапалылығының бағасын Бидайдың сапалылығын бағалау Республикалық лаборатория жүргізеді. Жыл сайын технологиялық, биохимиялық және сапалағын анықтайтын 20 мыңнан астам ауылшаруашылық дақылдары сорттарының сараптамасы жүргізіледі. Кешен бойынша анықталған бидай сортының сапалылығының көрсеткіштері Қазақстан Республикасы бойынша күштi бидай сорттарының және дәндi, жармалық және дәндi-бұршақты дақылдардың аса құнды сорттарының, күнбағыстың жоғары майлы сорттары мен будандарының, рапстың эруксiз және төменглюкозинолатты сорттарының тiзiмiне енгізіледі.



селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігін анықтау экспертизасы

Мемкомиссияның үшінші қызметі UPOV (өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғаудың Халықаралық бірлестігі) талаптарына сәйкес селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігін анықтау экспертизасын өткізу, қазіргі таңда Қазақстан бұл ұйымды қадағалауда.

Сортты тиімді қорғау үшін ол жақсы танылып және идентификациядан өткізілуі қажет. Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін Мемкомиссиямен 132 ауылшаруашылық дақылдарының патентке қабілеттілігін анықтау экспертизасы халықаралық әдістерін енгізу жұмыстары жүргізілді, әдейіленген мемлекеттік сортсынау бөлімшелері және персоналдар бөлінді. Бұл жұмыс ауылшаруашылық дақылдарының сорттарына қорғау немесе патент құжатын алу үшін берілетін өтінімдерің жылдан жылға өсуіне байланысты жүргізілді. Жүргізілген жұмыс нәтижесіне байланысты бүгінгі күні патен алуға 348 қорытынды құжат, 4 өтінім сәйкес келмегендіктен қайтарылды, 200 патент сорт оригинаторларына (патент иеленушілер) табысталды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік сорт сынау Қазақстан Республикасының «Тұқымшаруашылығы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау» Заңдарымен жүзеге асырылады. Берілген жүйені жетілдіру үшін келесі құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Мемлекеттік сорт сынаудағы дақылдардың тізімі бойынша мерзімі екі вегетациялық мерзімге дейін қысқартылды;

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiміне енгізілген ауылшаруашылық дақылдары сорттары өндірісте енгізілген жылдан бастап қолданылады;

Мемлекеттік сорт сынау ауылшаруашылық дақылдарының тізімі кеңейтілді.

Сирек кездесетін дақылдарға Қазақстан Республикасы аумағында пайдалану үшін өтінім беруші деректері бойынша енгізу жүйесі әзірленді;

Қазақстан Республикасы аумағында Мемлекеттік сорт сынау өткізу барысында басқа мемлекеттерде өткізілген мемлекеттік сорт сынау деректері ескеріледі;

Әр жыл сайын сорт сынауға тапсырылған Банкі жаңаланады.


Селекция, тұқым шаруашылығы мен сорт сынау саласының мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуімен егіншілік саласында селекция, тұқым шаруашылығы мен сорт сынаудың қазіргі жағдайын айқындайтын құрылымдық өзгерістер болды:

1) егістіктің көптеген аумағы ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылды;

2) егіс алқабының құрылымы астық дақылдарының, соның ішінде бидай алқабының ұлғаюына байланысты өзгерді. Соның салдарынан егіс алқабының құрылымының тепе-теңдігі бұзылды. Егіс алқабы қазіргі құрылымының экономикалық тиімділігі мен биологиялық тепе-теңдігі ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуының қауіптілігін арттырады. Астықтың тауарлы өндірісі қысқа ротацияға және қайталанатын егісті құруға , ал ол өз кезегінде ауыспалы егісте фитосанитарлық және агрохимиялық тұрақтылығын төмендедетін егіншіліктің биологиялық қарапайым жүйелерін құруға әкелді;

3) сорт алмастыру мен сорт жаңартудың экономикалық негізделген мерзімдері бұзылған. Ішкішаруашылық тұқым шаруашылықта көп мәрте қайта себілетін сорт өзінің биологиялық потенциалын аша алмайды, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісіндегі жетекші орнын жоғалтады, ішкі және әлемдік нарықта өзінің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын төмендетеді;

4) тұқымдардың заңсыз айналысы кездеседі (егісте егіс сапасы төмен шығу тегі белгісіз тұқымдарды пайдалану);

5) тұтынушыларды жетекші сорттардың жоғары репродукциялы, сапалы егіс материалдарымен қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылымның, сервисті қамтамасыз етудің жоқтығы;

6) селекция, тұқым шаруашылығы мен сорт сынаудың материалды-техникалық және технологиялық базалары ескірген, ол селекциялық процестердің тиімді жүзеге асуына және жоғары сапалы тұқымдар өндірісіне кері әсерін тигізеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының кондициялы емес тұқымдарымен себілген егіс үлесі 0,7% құрайды. Бұндай жағдайларда сорт өзінің потенциалды өнімінің тек 15-30% көрсете алады;

7) селекция, тұқым шаруашылығы мен сорт сынаудың кадрлық қамтамасыз ету жүйесі бұзылған, сол себепті ғылыми қызметкерлер кадры мен селекционерленрдің «қартаюы» байқалады;

8) жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат Мемкомиссияны ұстау материалды-техникалық қамтамасыз етуді тек ішінара қамтамасыз етеді және сорт сынаудың айтарлықтай қаржыны талап ететін барлық түрлерін жүргізуге жеткіліксіз болып келеді (конкурсты, кіші танапты, өндірістік және агротехникалық тәжірибелер, селекциялық жетістіктерді патент қабілеттілікке сынау);

9) сортсынау саласының жеткілікті қаржыландыруының жоқтығы. Мемлекеттік сортсынауды республикалық бюджеттен қаржыландыру қажетті мөлшердің 45 пайызын жабады. Бөлінген қаржы өзіңдік құнын 36765 теңге есеппен алғанда дақылдар бойынша 1 сорт сынауды 37000 – 80000 теңге конкурстық сорт сынаудың бір бөлігін өткізуге ғана жетеді. Бұл ретте сыныаудың мынадай түрлері, ауыл шаруашылық дақылдарының патент қажеттілігіне сараптама, өндірістік, технолого-экономикалық, сорттық технологияларды зерттеу және т.б. республикалық бюджеттен қаржыландырылмайды;

10) ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқынды дамуы мен бағыттары биологияға қатысты терең зерттеулер мен селекциялық озық технологияларға толық лайықты емес. Қазақстандық селекциялық ғылымның әлемдік деңгейде ұсынылған нәтижелері (сорттар, гибридтар) инновациялық мехенизмдердің теңгерімсіздігінен және де ауыл шаруашылық өндірістерінің инновацияларына кертартпалығынан экономиканың аграрлық секторында (өсімдік шаруашылығында) қолданылмайды. Қазақстанның тұқым шаруашылығында, селекцияда және сорт сынауда жоғары мүмкіндіктері бар, бірақ оларды ауқымды қайта өңдіруге жағдайы жоқ, не бәсекелестік мүмкіндіктерінің төмендеуіне себепші тәуекел етеді.

11) инновациялық айналымдарда және терең білімнен қолданбалы зерттеулерге өткенде айырылыс бар, жаңа сорттар мен гибридтарды саудалағанда инновациялық инфрақұрылымдардың дамымауы тұқымдар мен отандық селекциялық жетістіктердің бәсекелестігін төмендетеді;

12) аграрлық секторда ауыл шаруашылық дақылдардың жоғары сапалы тұқымдарының өңдіру, дайындау, сақтау, өңдеу технологиялық нобайларының төмендігі басым. Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың тұқым шаруашылығында, селекцияда және сорт сынауда инновациялық қызметтерге қабылеттілігі төмен;

13) селекциялық-тұқымдық кешеннің қорлары негізінен импорттық жабдықтарды сатып алуға көзделген. Бұл ауыл шаруашылық өндірісінде инновациялық қарқынның төмендігі мен технологиялық артта қалушылдықпен, ғылыми-техникалық салада инновациялық даму механизмнің ынталдандыруының тиімсіздігіне, қорларды ұтымсыз қолданылуына, тұқым шаруашылығында, селекцияда және сорт сынауда ғылыми және технологиялық дамуда кадрлық мүмкіндіктердің әлсіздігіне байланысты. Қазіргі таңда селекциалық-тұқымдық кешеннің қайта жабдықталуында инновациялық кедергілер зор. Селекция мен тұқым шаруашылығындағы әртүрлі секторларда инвестиялық динамикалар қанағаттаналарлықсыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет