Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау



бет1/3
Дата12.04.2018
өлшемі412.97 Kb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияны және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға Хаттаманы бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 64-ІІ

      Бернде 1999 жылғы 21 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға Хаттама бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық кеңесi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы


конвенция

(2000 жылғы 24 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Ескерту. Конвенцияның бүкіл мәтінінде «жергiлiктi өкімет органдары» деген ұғым «орталық немесе жергiлiктi билік органдары» деген ұғымға ауыстырылды - ҚР 11.02.2014 № 173-V Заңымен.

      Швейцария Федералдық Кеңесi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
      Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жасасуға
      Ниет білдіріп
      мыналар туралы келісті:

1-бап


Конвенция қолданылатын тұлғалар

      Осы Конвенция бiр немесе екi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап

Конвенция қолданылатын салықтар



      1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшелерi немесе орталық немесе жергiлiктi билік органдары атынан табыс пен капиталға салынатын салықтарға, оларды өндiрiп алу тәсiлдерiне тәуелсiз қолданылады.
      2. Жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi бөлуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорын төлейтiн жалақылардың жалпы сомасынан немесе ырыздықақыдан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жекелеген элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табыс пен капиталға салынатын салықтар болып саналады.
      3. Конвенция қолданылатын, қолданылып жүрген салықтар атап айтқанда мыналар:
      а) Қазақстан Республикасында:
      (і) заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық;
      (іi) заңды және жеке тұлғалардың мүлiктерiне салынатын салық;
      (бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталады);
      b) Швейцарияда:
      (i) табысқа (жалпы табысқа, еңбек табысына, капиталдан алынатын табысқа, өнеркәсiптiк және коммерциялық қызметтен алынатын табысқа, мүлiк құнының өсiмiнен алынатын табысқа және табыстың басқа да түрлерiне) салынатын; және
      (ii) капиталға (жиынтық мүлiкке, жылжитын немесе жылжымайтын мүлiкке, акционерлiк капиталдың төленген бөлiгiне және резервіне және капиталдың басқа да түрлерiне) салынатын федералдық, кантондық және коммуналдық салықтар (бұдан әрi - "Швейцария салығы" деп аталады).
      4. Конвенция сондай-ақ, Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға немесе оның орнына алынатын кез келген сәйкес немесе ұқсас салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары олардың тиiстi салық заңдарындағы кез-келген маңызды өзгерiстер туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
      5. Конвенция лотореялық ұтыстар көздерiне салынатын Федералдық алғашқы салықтарды қамтымайды.

3-бап


Жалпы айқындамалар

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн, егер контекстен өзгелер туындамаса:


      а) терминдер:
      (i) «Қазақстан» терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. «Қазақстан» терминi географиялық мағынада қолданған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің заңнамасына және өзі қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды қоса алғанда, халықаралық құқыққа сәйкес өзiнiң егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аймақтарды білдіреді;
      (ii) "Швейцария" - Швейцария Конфедерациясын бiлдiредi;
      b) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және кез-келген басқа бiрлестiктi қамтиды;
      с) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез-келген корпоративтiк бiрлестiктi немесе кез-келген экономикалық бiрлiктi білдiредi;
      d) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекске байланысты Қазақстанды немесе Швейцарияны білдiредi;
      е) "Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекет резидентi басқаратын кәсiпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекет резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi.
      f) "халықаралық тасымал" терминi теңiз немесе әуе кемесi бiрыңғай басқа Уағдаласушы Мемлекет арасында пайдаланатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен жасалған кез-келген тасымалды бiлдiредi;
      g) "құзыреттi орган" терминi:
      (i) Қазақстан жағдайында: Қаржы Министрiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн;
      (ii) Швейцария жағдайында: Федералдық Салықтық Әкiмшiлiктiң Директорын немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
      h) "ұлттық тұлға" терминi:
      (i) Уағдаласушы Мемлекетте азаматтығы бар кез-келген жеке тұлғаны;
      (ii) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылып жүрген заңдарының негiзiнде осындай мәртебе алған кез-келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе кез-келген басқа қауымдастықты бiлдiредi.
      i) "капитал" терминi осы Конвенцияның мақсаттары үшiн жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi бiлдiредi және қолма-қол ақша қаражаттарын, бағалы қағаздарды немесе құқықты, векселдердi, облигацияларды растайтын құжаттарды немесе басқа құжаттарды, сондай-ақ патенттi, сауда маркасын, авторлық құқықты немесе осындай басқа құқықты немесе мүлiктi қамтиды (бiрақ олармен шектелмейдi).
      2. Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияны кез-келген уақытта қолданған кезде ондағы айқындалмаған кез-келген термин Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттiң заңдары бойынша осы уақытта қолданылып отырған кезде контекстен өзге мағына туындамаса сол мағынаға ие болады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.02.2014 № 173-V Заңымен.

4-бап


Резидент

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекет резидентi" оның тұрғылықты жерi, резиденттiгi, басқару орны, құрылу орны немесе ұқсас сипаттағы кез-келген басқа талап негiзiнде онда осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша салық салуға жататын кез-келген тұлғаны бiлдiредi.


      Термин сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттi немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiн немесе орталық немесе жергiлiктi билік органдарын қамтиды. Ол, сондай-ақ қызметкерлерге берiлетiн кез-келген зейнеткерлiк немесе басқа жәрдемақы жоспарын және Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған кез-келген қайырымдылық ұйымды және осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылатын табысты қамтиды.
      Бұл термин алайда, осы Уағдаласушы Мемлекеттегi көздерден алынған табысқа немесе ондағы орналасқан капиталға қатысты тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салуға жататын кез-келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға екi Уағдаласушы Мемлекеттiң де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесi былайша айқындалады:
      а) оның билiгiндегi тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып саналады; егер оның билiгiндегi тұрақты баспанасы екi Мемлекетте де орналасса, онда оның жеке және экономикалық (өмiрлiк мүдде орталығы) бiршама тығыз қатынастары бар Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
      b) өмiрлiк мүдде орталығы орналасқан Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе өмiрлiк мүдде орталығы орналасқан Мемлекетте ол иелiк етпесе, Мемлекеттердiң бiрде-бiрiнде оның тұрақты баспанасы болмаса, ол әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
      с) егер ол әдетте екi Мемлекетте де тұрып жатса немесе олардың бiрде бiрiнде де тұрмаса ол азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
      d) егер оның мәртебесі а) – с) тармақшаларына сәйкес анықталмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары осы мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
      3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға екi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, ол оның тиімдi басқару органы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып саналады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.02.2014 № 173-V Заңымен.

5-бап


Тұрақты мекеме

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi ол арқылы толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орнын білдiредi.


      2. "Тұрақты мекеме" терминi атап айтқанда, мыналарда қамтиды:
      а) басқару орнын;
      b) бөлiмшенi;
      с) кеңсенi;
      d) фабриканы;
      е) шеберхананы, және
      f) шахтаны, мұнай немесе газ скважинасын, кенiштi немесе табиғи ресурстарды өндiрудiң кез-келген басқа орнын қамтиды.
      3. "Тұрақты мекеме" терминi сондай-ақ, мыналарда қамтиды:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттегi құрылыс алаңын немесе құрылыс немесе монтаждау немесе құрастыру объектiсiн, немесе бұл жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты қызметтер көрсетудi, егер тек мұндай алаң немесе объектi 12 айдан астам уақыт жұмыс iстеп тұрса немесе мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт көрсетiлсе; және
      b) Уағдаласушы Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғыны немесе ғимаратты немесе осы жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты қызметтер көрсетудi, немесе Уағдаласушы Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын бұрғылау қондырғысын немесе кеменi, егер тек мұндай пайдалану немесе объектi 12 айдан астам уақытқа созылса немесе мұндай қызметтер 12 айдан астам уақыт көрсетiлсе; және
      с) алғашқы аталған Мемлекетте тұрып жатқан және осындай мақсаттар үшiн осындай резидент жалдаған қызметшi немесе басқа қызметкер арқылы басқа Уағдаласушы Мемлекет резидентiнің көрсеткен консултациялық қызметтерiн қамти отырып, Уағдаласушы Мемлекетте көрсетiлген қызметтердi, бiрақ мұндай қызметтер көрсету 12 айдан астам уақытқа созылса, қамтиды.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, "тұрақты мекеме" терминi мыналарды қамтымайды:
      а) кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаты үшiн ғана ғимараттарды пайдалану;
      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлардың немесе бұйымдардың қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаты үшiн ғана ұстау;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлардың немесе бұйымдардың қорын тек басқа кәсiпорынның ұқсату мақсаты үшiн ғана ұстау;
      d) тек тауарларды немесе бұйымдарды сатып алу мақсаты үшiн ғана немесе кәсiпорынға ақпараттарды жинау үшiн ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;
      е) тек жарнамалау, ақпараттарды беру, ғылыми-зерттеу немесе кәсiпорын үшiн даярлық немесе қосалқы сипаты бар ұқсас қызмет түрлерi мақсатында ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;
      f) осы кәсiпорын шығарған техниканы немесе жабдықты жеткiзуге байланысты басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi монтаждау объектiсiн Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының ұстауы;
      g) тек даярлық немесе қосалқы сипаттағы мұндай комбинация нәтижесiнде туындаған тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметi болған жағдайда, а)-дан е)-тармақшаларында атап көрсетiлген қызмет түрлерiнiң кез-келген комбинацияларын жүзеге асыру үшiн ғана тұрақты қызмет орнын ұстау қамтушы ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер, кәсiпорынның атынан әрекет ететiн және кәсiпорын атынан келiсiм жасасуға өкiлеттiгi бар және әдетте Уағдаласушы Мемлекет пайдаланатын - 6-тармақ қолданылатын, тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер мұндай тұлғаның қызметi, егер тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асыратын, осы тармақтың ережелерiне сай осы тұрақты қызмет орны арқылы тұрақты мекемеге айналдырмайтын, 4-тармақта көрсетiлген қызмет түрлерiмен шектелмесе, осы кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын осы тұлғаның кез-келген қызметiне қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады.
      6. Кәсiпорын кәсiпкерлiк қызметiн Уағдаласушы Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез-келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен айналысуы) фактiсiнiң өзi-ақ осы компаниялардың бiрiн екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдырмайды.

6-бап


Жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (соның iшiнде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысқа) осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.


      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер иелiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи қазбаларды игеру немесе игеру құқығы үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықты қамтиды; теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретінде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез-келген басқа жолмен пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi, сондай-ақ кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.

7-бап


Кәсiпкерлiк қызметтен алынатын пайда

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналыспаса, мұндай кәсiпорынның пайдасына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан болса, онда кәсiпорынның пайдасына осындай тұрақты мекемеге қатысты бөлiгiне ғана басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.


      2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан болса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысып, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде шығындар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе одан тысқары жерде жұмсалған-жұмсалмағанына тәуелсiз, басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға рұқсат етiледi.
      4. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы нәтижесiнде ғана осы тұрақты мекемеге әлдеқандай пайда есептелмейдi.
      5. Егер пайда осы Конвенцияның басқа Баптарында жеке айтылатын табыс түрлерiн қамтитын болса, онда ол Баптардың ережелерi осы Баптың ережелерiне қатысты болмайды.
      6. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшiн, егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептер болмаса, тұрақты мекемеге тиесiлi пайда жылма-жыл бiркелкi тәсiлмен айқындалады.

8-бап


Теңiз және әуе көлiгi

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi теңiз және әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.


      2. 1-тармақтың ережелерi пулға, бiрiккен кәсiпорындарға немесе халықаралық пайдалану агенттiгiне қатысудан алынған пайдаға да қолданылады.

9-бап


Ассоцияланған кәсiпорындар

      1. Егер:


      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) белгiлi бiр тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса;
      және кез-келген жағдайда кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез-келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылып, оған тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынса, ол да басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосылады, және тиiсiнше салық салынады және осылай қосылған пайда, егер екi кәсiпорынның арасында жасалған жағдайлар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағы жағдайлардай болып, басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң осындай кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, онда Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары екi Уағдаласушы Мемлекеттiң пайдаларына түзетулер енгiзуге қатысты келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiрлесiп консультациялар өткiзуi мүмкiн.
      3. Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң ұлттық заңдарында көзделген пайдаға деген шектеулердiң мерзiмi аяқталғаннан кейiн де және пайданың осындай өзгерiстерге ұшырайтын мерзiмiнiң аяқталғанына бес жыл болғаннан кейiн кез-келген басқа жағдайларда да, 1-тармақта аталған жағдайларға сәйкес кәсiпорынның пайдасын өзгертпеуi тиiстi. Осы тармақ алаяқтық немесе мiндеттемелердi қасақана орындамаған жағдайда қолданылмайды.

10-бап


Дивидендтер

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.


      2. Алайда, мұндай дивидендтерге резиденті дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы да мүмкiн, бiрақ, егер алушы дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi болса, осылайша алынатын салық:
      а) егер дивидендтерді төлейтiн компания капиталының кешiнде 10 процентіне тiкелей иелiк ететiн компания (серіктестіктен өзге) iс жүзiндегі иесі болса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 процентінен;
      b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының 15 процентінен аспауға тиiс.
      3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтерге, егер іс жүзіндегі иесі:
      а) зейнетақы қоры немесе жеке тұлғалар зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылармен қамсыздандыру мақсатында қатысуы мүмкін зейнетақы схемаларын қамтамасыз ететін осыған ұқсас мекемелер. Бұл ретте осындай зейнетақы қоры немесе осыған ұқсас мекемелер салық мақсаттары үшін танылады және екінші Мемлекеттің заңнамасына сәйкес бақыланады, немесе
      b) осы екінші Мемлекеттің орталық (ұлттық) банкi болып табылса, осы екінші Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдары өзара келісім бойынша осы шектеулерді қолдану тәсілі мәселесін шешеді.
      2 және 3-тармақтар табысына қатысты дивидендтер төленетін компанияның салық салуын қозғамайды.
      5. "Дивидендтер" терминi осы Бапта пайдаланылғанда акциялардан, "jouissance" акцияларынан немесе "jouissance" құқығынан, тау-кен өндiрiсi кәсiпорындарының акцияларынан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайдаға иелiк ететiн компанияның резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секiлдi дәл сондай салық реттеуiне жататын корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып отырған екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сол жерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты базамен тәуелсіз жеке қызметтер көрсететін болса және төленіп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнінде мұндай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 3-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда жағдаятқа байланысты осы Конвенцияның 7-бабының немесе 14-бабының ережелері қолданылады.
      7. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы басқа Уағдаласушы Мемлекет, мұндай дивидендтер осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтерi салықтан босатылуы мүмкiн, егер төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда осындай басқа Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе табыстан толық не болмаса iшінара алып тұрған күннiң өзiнде де компанияның бөлiнбеген пайдасына салық салынбайды.
      8. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне тиесiлi кәсiпорынның басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы алынған пайдасына 7-баптың ережелерiне сәйкес салық салынғаннан кейiн және осы тұрақты мекеме қайта инвестицияланған кез-келген сомасы шегерiлгеннен кейiн осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте қалған сомаға салық салынады, бiрақ осылайша есептелген қосымша салық осы Баптың 2-тармағының а)-тармақшасында көзделген проценттiк ставкадан аспауы тиiс. Алайда, егер тиiстi қаржы жылы тұрақты мекеменiң пайдасы 100 000 АҚШ долларынан аспаса, оған қосымша салық алынбайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.02.2014 № 173-V Заңымен.

11-бап


Проценттер

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.


      2. Алайда, мұндай проценттерге олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ егер, алушы проценттердің нақты иесі болса, онда мұндай жолмен алынған салық проценттердің жалпы сомасының 10 процентінен аспайтын болады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары бұл шектеулерді қолдану тәсілі туралы мәселені өзара келісім бойынша шешеді.
      3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінде туындаған және осы Мемлекет Үкіметінің, осы Мемлекеттің Орталық банкінің, оның әкімшілік бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органының облигацияларына, борыштық мiндеттемелерiне немесе басқа ұқсас мiндеттемелерiне қатысты төленген проценттер осы Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет