Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



жүктеу 111.46 Kb.
Дата26.06.2017
өлшемі111.46 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы:Қазақстанның экологиялық проблемалары

Сарыкемер,2015

Каспий - жер шарындағы басқа мұхиттармен, теңіздермен тікелей де, не бұғаз каналдармен тікелей байланысы жоқ, тұйық су көзі. Бұл тұрғыдан оны көл қатарына жатқызады. Ал,көлеміне,даму тарихына,физикалық-географиялық даму сатыларының сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Сондықтан Каспий жағалауындағы 5 мемлекет: Ресей Федерациясы, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан республикалары мен Иран мемлекеті Каспийді не көл, не теңіз деп атап келеді. Каспий теңізі бұдан 1,5 миллион жыл бұрын дүниежүзілік мұхиттардан бөлініп қалған, содан бері оның көлемі бірнеше өзгерген.

Каспий теңізі-өзіне құятын өзендермен қоса алғанда ішкі сулардың ішінде балық шаруашылығы жөнінен ерекше орын алатын су көзі. Бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік қорының 90%-н ала отырып, оның өнімдерін ішкі және сыртқы базарларға шығарады. Тұщы суда өсетін қара балықтарды аулау дүниежүзінде бірінші орын алады.

Каспий теңізінде балықтар қорының азаюына бәрінен бұрын адам әрекеті үлкен зиян келтіреді. Бекіре тұқымдас балықтардың қорының азаюына өзендерде су электр станцияларын, бөгеттер, су қоймаларын тұрғызу, өзен мен теңізді ластау, аяғында жаппай етек алған броконерлік үлкен зиян тигізіп отыр. Қазіргі кезде бекіре тұқымдастар құрып кету қаупінде. Қазақстан Республикасының үкіметі балық қорын қорғау, оның ұлғайту жөнінде шараларды қолға алуда.

Итбалықтардың қырылу себептері.

Каспий теңізі итбалығының тұқымы шектеулі. Теңізде итбалық солтүстік шығыстан оңтүстікке дейін жайылған. Еділ өзеніне Волгоград қаласына дейін, Жайық өзеніне 200 шақырымға дейін кіреді. Жыл мезгіліне қарай итбалық орын ауыстырып отырады. Күзгі, қысқы айларда терістікке шоғырланады. Итбалық сүтқоректі жануар, ол баласын емізеді, баласы қыстың қаңтар, ақпан айларында мұз үстінде жатады, ақпан айының аяғына таман суға түсіреді.Осы цикл жылма-жыл қайталанып отырады. Итбалық аулаудың бірнеше ғасырлық басында 115 мың басқа дейін итбалық ауланған, қазіргі мезгілде сан жағынан да, мезгілі жағынан да шектелген, себебі қоры азайды. Оның басты себебі теңіз суының ластануы.Соңғы жылдары,итбалықтың өсуі, таралуы қолайсыз жағдайға қарай өзгеріп бара жатыр. Күшіктерінің өлуі көбейген, өткен 2006 жылы мыңдаған ірі итбалықтың өлгені тіркелсе, 2007 жылы наурыз, сәуір айларында оның саны 600-ден асып кетті. Теңіз суының мұнаймен былғануына итбалықтар ауруларға, оның ішінде жұқпалы ауруларға шалдығады.Итбалықтардың қырылу себептері әлі белгісіз,тек улы газдармен уланған деген тұжырым бар.

Каспий аймағының соның ішінде Атырау облысының топырағы негізінен қоңыр топырақты болып келеді. Каспий аймағының топырағы әртүрлі дәрежеде ластанған. Көп жағдайда топырықтың ластануы мұнай химиясы, мұнай өңдеу өндірісінің, өндіріс орындарының, транспорттың әсерінен болып отыр.

Каспий суының жылдан жылға ластана түсуі ондағы балықтардың жағдайына әсер етеді. Теңіздің ұзақ уақыт мұнайдың, ауыр металдардың, фенолдың аздаған мөлшерімен ластануы балықтарға ерекше қауіп туғызады. Себебі, балық организмі судағы лас заттарды өз организміне жинақтағыш болып келеді.

Экологтарды ғалым-ихтиологтарды қазір алаңдатып отырған мәселе- Солтүстік-Шығыс Каспий қайраңынан мұнай мен газдың өндірілуі болып тұр.

Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Әмударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп, қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.

Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алатын көл.1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінің 53 м биіктікте жатқан.Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м-ге төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер Сырдария 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі-ұсақты 1100 аралдар тобы болатын, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті.Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.

Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты. Оңтүстік Арал мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқр, қаяз, ақмарқа, алабұға) құрып кетті. Арал аймағынан жүздеген мың адам туып өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұрын теңіз маңындағы мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итбала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б) құрып кетті. Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері –антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамиды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты

Арал апатына себеп болған факторларға



  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  • табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп тұр.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.



Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы бойынша еліміздегі Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Аумағы 501 мың км² шамасында, ең терең жері 26,5 м. Балқаштың батыс бөлігіне – Іле, шығыс бөлігіне – қаратал, Ақсу, Лепсі және Аякөз өзендері құяды.

Балқаштың әлеуметтік - экологиялық жағдайы жылдан жылға нашарлап барады. Оның негізгісі көлдегі судың көлемінің кеміп бара жатқанында. Балқашқа құйылатын өзендер, жолшыбай ауыл шаруашылық қажеттеріне қолданылып отыр. Мысалы: 1970жылдары Іле өзенінде салынған Қапшағай СЭС, Балқаш көліне құйылатын судың көлемін 20 пайыздан астам азайтты, осының салдарынан, көл жыл сайын кеміп бара жатыр. Өзендерден келіп жатқан судың аздығынан, көлдегі тұздардың мөлшері артып, қазіргі күнгі Балқаш көліндегі судың деңгейі 1,5 метрдей төмендеп кеткен Балқашқа құятын – Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері арқылы келетін судың мөлшері де азайып келеді.

Балқаш көліне құятын өзен сулары, ауыл шаруашылық егіндерін суаруға өте көп мөлшерде жұмсалуда, суарылуға қолданылатын судың бұдан әрі қарай өсетін болса, Балқаш көліне үлкен қауіп төнері анық.

Кезінде Балқаш көлі жағалауында: балық және аң аулау шаруашылығы, бау-бақша, егін және аң аулау шаруашылықтары жақсы дамыған болатын.

Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды.

Ішкі себеп - Қапшағай су электр станциясының салынуына байланысты (1970) Іле өзенінің арнасының бөгелуі. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады.

Сыртқы себеп - Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. Бұл халықаралық деңгейде реттелетін мәселе.

Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Балқаш көлі экологиялық апат алдында. Оның үстіне ғалымдар ғаламдық жылынудың салдарынан соңғы жылдары әлемдік мұздықтардың еріп, климаттың өзгергені байқалып отырғанын айтады. Осының әсерінен флора мен фаунаға бай көл маңы экологиялық дағдарысқа ұшырады. Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан , оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Балқаш көлі аз уақытта тартылып, Арал секілді тұзы бұрқыраған сорлы аймаққа айналып шыға келуі ықтимал. Ал, бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін Қазақстан мен Қытай өзара келісімге келіп, Іленің суына кедергі келтірмеулері керек. Әйтпесе, бүгінде тұзы талай жерге барып қалған Арал секілді тағы бір сор тек қазақ жерінің ғана емес, жер жүзінің экологиялық ахуалын нашарлатады.

Әскери полигондар. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді.Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағдарламасында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды.

Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды



«Семей» ядролық полигонының аумағы 18,5 мың км2. Полигон бұрынғы Семей облысы. Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жер астында жасалды. Семей ядролық полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосындысы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті

1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім «Семей – Невада» қоғамдық қозғалысының жемісі болды.

Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын жою проблемасы халықаралық деңгейде жүргізілуде

Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп.

1991 жылдың 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу» туралы жарлыққа қол қойды

II тарау. Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін

зардаптары әсері.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық «Капустин Яр» атты әскери полигоны болғаны кейінгі кезде ғана халыққа белгілі болды.. «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигондарында жаппай қырып – жоятын жаңа қару – жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеңіз, жас әйелдердің денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп қалған. Сол аймақтағы дүниеге келетін балалардың күрт азаюы экологияның әсерінен болып отыр деп ғалымдар тұжырымдайды.

«Осы аймақтағы келесі полигон – «Тайсойған» полигоны – Қызылқоға ауданында 7500 км2 жерді алып жатыр. 1952 жылдан пайдаланып келе жатқан бұл аймақтағы полигон үш бөліктен тұрады.Полигондардың айналадағы ортаға қаншалықты әрекеті болғанын бүгінгі таңда нақтылап айту мүмкін емес. Полигондарға жақынырақ жерде тұратын адамдар арасында әртүрлі ауруға шалдығушылық байқалып жүр.

Аумағының үштен екісіне дерлік әскери полигондар орналасқан Қызылқоға ауданы тұрғындарының денсаулығы жөнінде соңғы кездері статистикалық деректер де біраз қолайсыз жайлардың бетін ашты. Мысалы, мұнда әйелдер арасында анемия ауруы көп тарап келгендігін аңғарамыз. Аналардың күні жетпей босануы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі баршылық. Ауданда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамдар саны азаймай отыр. Аурулардың ішінде бала көтеру мен босанудың қиындауы, үлкендер мен балалар арасындағы өкпе ауруы, рак біраздан бері бірінші болып келеді.



Байқоңыр ғарыш айлағы қазақ жерінде ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр ғарыш айлағындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр ғарыш айлағы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. ОЛ тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатында көздейді. Байқоңыр ғарыш айлағы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.

Айлақ 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар.Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа-райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі –жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта көп өспейді. Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ғарыш айлағын салуға байланысты 20000 га жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы – жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады.Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндері бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран тасымалдаушылар апатқа ұшырауы табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника, ешкімде апат болмайды деп кепілдік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы отындардың жарым жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін.Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.

Қала экологиясы. Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланған тұрмыстық-коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып жарып, Қапшағай су қоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.

Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле-Балқаш алабы бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырап, 50 000 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек.



Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты үшін ауадай қажет мәселелер. Ең бастысы өндіріске тұрмыстық коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияны енгізу жолы ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз.





: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тело большинства моллюсков покрыто раковиной, образованной в результате накопления извести в поверхностных слоях кутикулы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе «Молекулалық биология»
lessons -> Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері. Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек
lessons -> Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту. Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту
lessons -> Сабақтың мақсаты Танымдық: Көз қызметі, оның бұзылуы, көз гигиенасы туралы оқушыларға түсінік беру
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу. Атф синтезі
lessons -> Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші Сыныбы: 5 сынып Мақсаты




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет