Азақстан республикасының білім және ғЫЛ



жүктеу 0.66 Mb.
бет1/5
Дата22.12.2016
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5

Қ. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛіЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042.18-24.1/01- 2013

«Тыныс алу жүйесіндегі аурулары және жұқпалы емес аурулардың иммунокоррекциясы»

1басылым

31.08.2013



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Тыныс алу жүйесіндегі аурулары және жұқпалы емес аурулардың иммунокоррекциясы»

6N120100 – « Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша
ПӘННІҢ МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2013


  1. ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырған: 1. Билялов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы.

« » 20 ж.



  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында « » 20 жылы № хаттама



Кафедра меңгерушісі, профессор м.а. Г.Тойкина


2.2 Аграрлық факультетіның оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« » 201 жылы, № хаттама


Төрайымы А. Тлеубаева

3.БЕКІТІЛДІ


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған

және ұсынылған.


« » 201 жыл, № хаттама
ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г.Искакова

4 . Бірінші рет ұсынылуы



Алғы сөз



«Тыныс алу жүйесіндегі аурулары және жұқпалы емес аурулардың иммунокоррекциясы»пәні тыныс алу аурулары кезіндегі иммунитеттің құрылуы. Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсауға тікелей байланысты. Тынысалу - тірі ағзаларға тән қасиет.

Энергия ағзалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттегі жұмсалады. Ағзада оттегінің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттегін қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газ бен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Ағзалык заттардан энергия босау үшін оттегі қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады



Мазмұны

1.Қолданылу саласы

2.Жалпы ереже

2.1 Пәннің қысқаша мазмұны

2.2 Пәнді оқудың мақсаты

2.3Пәнді оқытудың негізгі мақсаты


2.4 Курстың пререквизиттері

2.5 Курстың постреквизиттері

3. Оқу пәнінің мазмұны ( модуль)

4.Магистранттардың өзіндік жұмыстарының тізімі

6.Магистранттардың өздігімен және жетекшінің қатысуымен істейтін жұмыстары


7.Оқу процесінің календарлық кестесі


  1. ҚОЛДАНУ САЛАСЫ




5В120100 - “Тыныс алу жүйесіндегі аурулары және жұқпалы емес аурулардың иммунокоррекциясы ” мамандығы бойынша оқытушыларға арналған «Фармакология токсикологиямен» пәнінің бағдарламасы, оқу әдістемелік кешеннің құрамы болып табылады.





  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Пәннің қысқаша мазмұны: патогенездік терапия дегеніміз – макроорганизмге, көбінесе жүйке жүйесі арқылы әсер етіп, оның қорғану қабілеттілігі мен реактивтілігін жоғарылату үшін қолданылатын емдеу әдістерінің барлық түрлері. Патогенездік терапияның негізгі мақсаты, ауру процесінің негізіне жататын бұзылған физиологиялық процессті қалпына келтіру. Патогенездік терапияның аурудың себептеріне қарсы қолданылатын емдеу әдістерінен ерекшелігі бар. Патогенездік терапияға арнайы емес емдеу әдістері мен әдістемеліктердің көптеген түрлері жатады. Олардың қатарына: новокаинмен, тіндермен, протеинмен, физикалық әдістермен және басқа да аурудың дамуына қарсы әсер ететін дәрілік заттармен емдеу әдістері жатады.

Төменде Х.Г.Гизатуллин ұсынған патогенездік терапияның кешенді әдісінің жіктелуін ұсынып отырмыз:



  1. Аурудың себептеріне қарсы бағытталған арнайы емдеу әдістері:

    1. Жалпы емдеу әдістері:

      • қанның сары суымен емдеу (гипериммунды, реконвалесцентті қан сары суларымен);

      • химиялық терапия (емдік дәрілік заттармен, превентивтік, сақтандыру, сырттай емдеу, дегельминтизация жүргізу, сүт қышқылы бактерияларын қолдану, антибиотиктермен емдеу);

      • антибиотиктермен емдеу;

      • фаготерапия;

      • фитонцидтермен емдеу;

      • вакцинамен емдеу.

    2. Жергілікті емдеу әдістері:

      • радикалды операция жасау;

      • антисептикалық дәрілік заттарды қолдану.

  2. Функционалды-динамикалық және жүйке жүйесін реттеушілік емдеу әдістері:

      • санитарлық жағдай мен күтім тәртібі (диеталық азық, жақсы күтім, оқшаулап жеке ұстау, тыныштық);

      • аурудың белгілеріне қарсы күресу;

      • тітіркендіру, көңілін басқа жаққа аудару (скипидармен емдеу, қыша және банкі қолдану);

      • жүйке жүйесін сақтандыру мақсатында қажыту (новокаимен тежеу; физикалық әдістермен емдеу; бром, хлоралгидрат, морфин препараттарын қолдану);

      • қуаттандырушы, қалпына келтіру емдеу әдістері (физикалық әдістер, аэроионмен емдеу, протеинмен емдеу, лизаттармен емдеу, биогенді қуаттандырушы заттармен емдеу, Дорогов препараты – АСД, Богомолец препараты – АЦС-терді қолдану, қан құю);

      • оттегімен емдеу.

  3. Орын толтыру арқылы емдеу әдістері:

      • оттегімен емдеу;

      • қанмен емдеу;

      • ферменттермен емдеу;

      • гормондармен емдеу;

      • витаминдермен емдеу;

      • тұздармен емдеу.

Патогенездік, себепті-патогенездік емдеу әдістерінің әсер ету механизмін әртүрлі тұрғыдан түсіндіруге болады. Ауру организмдегі патологиялық тіндерде сау тіндерге қарағанда қозу процессі жоғары деңгейде екенін ескерсек, ол тіндердің тітіркендіруді қабылдауы да жоғары болатыны белгілі. Тітіркендіргіш заттар организмде аралық зат алмасу процессін өзгертеді және белокты ыдыратады, ол метаболиттер ағзалар мен мен тіндерде көптеген күрделі өзгерістер тудырады. Міне, осындай жағдайда қолданылған дәрілік заттардың әсері белоктардың ыдырауынан туындаған метаболиттердің екінші кезектегі тітіркендіруінен пайда болады. Сондай-ақ, аурудың себептерімен байланысты тіндердегі жүйке-дистрофиялық процесстер де бірталай аурулардың патогенезінің негізін құрайды.

А.В.Вишневский патогенездік емдеу тәсілдерінің тиімділігін қабыну процесінің патогенезімен тығыз байланыста зерттегенді дұрыс деп тұжырымдайды.

Қазіргі кездегі биологиялық, физиологиялық, клиникалық ғылыми деректерге сүйенсек кез келген патологиялық процесстің негізінде тіндердің қоректенуі мен жүйкелік реттеушіліктің бұзылуы жатыр. Жүйке жүйесінің күрделі рецепторлық аппараттары барлық тіндер мен ағзаларда орналасқан.

И.П.Павлов, М.К.Петров, К.М.Быков, А.Д.Сперанскийлердің қағидаларына сүйенсек, онда жүйке жүйесін қатты тітіркендіргенде дистрофикалық процесс дамиды және мал организмінде кері трофикалық реакция қалыптасады. Ал әлсіз тітіркендіру, керісінше – оң реакция тудырады. Осы қағиданы негізге ала отырып, А.В.Вишневский әлсіз тітіркендірудің қабыну процесінің әртүрлі кезеңдерінде, қабынған жерде, оң трофикалық өзгеріс тудыратынын дәлелдеген. Олай болса, патогенездік емдеу үшін қолданылатын әдістердің тиімділік негізінде, қабынған жерде оң трофикалық өзгерістер тудыру арқылы, жалпы организмде қажетті функционалдық өзгерістерді қалыптастыратын, жүйке жүйесін әлсіз тітіркендіру құбылысы жатыр.

Қорыта келгенде, организмде орталық жүйке жүйесінің қызметінің және кортико-висцералдық қарым-қатынастың физиологиялық және патологиялық жағдайларда өзгеру процестерін жете түсіну аурудың патогенездік емдеу әдістерін одан әрі жетілдіре түсуге кең жол ашады. Патогенездік, себептік-патогенездік емдеу әдістерінің ғылыми негізінде жүйке жүйесінің ағзалар мен тіндердің қоректенулерін реттеу, ондағы орталық нерв жүйесінің басты рөлі жатыр. Патогенездік терапия макроорганизмге орталық жүйке жүйесі арқылы әсер ететін, организмнің резистенттілігін жоғарылататын, аурудың даму процесіне қарсы белсенді түрде әсер ететін барлық терапевтикалық әдістерді қамтиды. Көптеген ауруларды арнайы емдеу әдістерімен (аурудың себептеріне қарсы күресу) қоса патогенездік емдеумен кешенді түрде жүргізгенде емдеу нәтижесінің тиімділігі жоғары болатыны нақтылы дәлелденген. Патогенездік терапияның аурудың даму процесіне әсері емдеу үшін жүргізілетін іс-шараның организмнің жүйке жүйесінің элементтеріне тітіркендіру арқылы әсер етуімен түсіндіріледі. Организмнің жүйке жүйесін тітіркендіру үшін қолданылған патогенездік дәрілік зат организм белоктарын ыдыратады, аралық зат алмасу процесінде елеулі өзгерістер тудырады. Соның салдарынан жалпы организмде әртүрлі реакциялар пайда болады. Қолданылған дәрілік заттардың ауру патогенезіне емдік тиімділігі жүйке-рефлекс механизмімен түсіндіріледі. Патогенездік терапияның негізінде А.В.Вишневский ұсынған жүйке жүйесін «әлсіз тітіркендіру» феномені жатыр.



2.2 Пәнді оқудың мақсаты:

Мал ағзаларынан дайындалған препараттармен емдеу (органотерапия) – құрамында белгілі бір ағзаға тән арнайы заттардың комплексі бар, мал ағзаларынан дайындалған препараттармен емдеу әдісі. Олардың ішінде малдәрігерлік тәжірибеде маңыздылары: пилорин, панкреатин, камполон, антианемин.

Пилорин (гастрокрин) – шошқаның асқазанының онекі тұтам ішек жаққа шығатын бөлігінің (пилорус) майсыздандырылып, кептірілген ұлпасы. Құрамында ферменттер, анемияға қарсы әсер ететін фактор бар. Таблетка және ұнтақ түрінде шығарылады.

Анацидті, гипоацидті гастриттерде; асқазанның функциясының бұзылуынан болатын анемияда қолданады.

Дозасы: жылқыларға – 10,0-30,0; шошқалар мен иттерге – 1,0-5,0.

Панкреатин – құрамында ұйқы безінің негізгі ферменттері – трипсин, амилопсин және липаза бар, шошқалар мен ірі қара малдарының ұйқы бездерінен дайындалған экстракттың кептірілген түрі. Қосымша толықтырғыш заттар ретінде қант немесе лактоза пайдаланылады. Суда нашар ериді. Бейтарап немесе төменгі сілтілік орталарда белсенділік көрсетеді.

Асқазан мен ұйқы безінің секреторлық функцияларының жеткіліксіздігінде, бауырдың негізгі функцияларының бұзылуынан болатын асқазан мен ішектердің ауруларында қолданылады.

Препаратты ауыз қуысы арқылы 0,5 %-ды соданың ерітіндісімен қосып немесе капсулада ұнтақ немесе таблетка түрінде береді. Дозасы: шошқаларға – 0,5-1,0; иттерге – 0,2-0,5.

Камполон – ірі қара малының бауырының белоктан тазартылған судағы концентратты ерітіндісі. Құрамында бауырдың анемияға қарсы әсер ететін заттары бар, арнайы иісті, қоңыр түсті мөлдір сұйық. 1 мл камполонның белсенділігі 20 г шикі бауырдың белсенділігіне тең болады.

Препарат еттің ішіне 0,1-0,2 мл мөлшерінде ұсақ малдарға; 0,03-0,05 мл мөлшерінде ірі малдарға 1 кг салмаққа есептеліп жіберіледі.

Қойлардың, шошқалардың, ірі қара малының, жылқылардың азықтандырудан және құрттардың себептерінен болатын гипопластикалық анемия ауруларында жақсы нәтиже береді.

Антианемин – құрамында 1,67 мг% күкіртқышқыл кобальт бар, белоктан тазартылған, ірі қара малының бауырының судағы концентратты экстрактісі. 1 мл экстракт 20 г шикі бауырмен пара-пар, сарғыш түсті, мөлдір сұйық. Қолданылуы камполонмен бірдей.

Екі препаратта организмнің қан түзу функциясын қуаттандыратын күшті препараттар. Анемияларға қарсы жақсы емдік әсер етеді. Организмге жалпы стимульдық әсер етеді: малдың тәбетін жақсартады, қоңдылығын арттырады, өсуін жылдамдатады. Камполонға қарағанда антианеминді жіберу ауырсынғандық тудырмайды. Емдеу курсы – 1-2 инъекция, аралығы 7-8 күн.


14.2. А.В.Дороговтың антисептикалық стимуляторымен емдеу әдісі (АСД). Бұл препарат 1948-1950 жылдары зерттеліп іске қосылған. Оны әртүрлі себептерден болатын көптеген ауруларда емдік нәтиже беретін, адамдар мен малдардың организміне жан-жақты әсер ететін, биологиялық стимуляторлардың тобына жатқызуға болады.

Препарат АСД малдардың, өсімдіктердің ұлпаларынан және микробтардан ерекше әдіспен дайындалған сұйық.

Препарат екі түрлі фракцияда шығарылады: фракция №2 (фр. №2) және фракция №3 (фр. №3). Фр. №2 – суда жақсы еритін, өзіне тән иісі бар, сілтілік реакциялы, сары-қошқыл түсті, ұшқыш сұйық. Фр. №3 – суда нашар еритін; өсімдік, жануарлар және минералды майларда, спиртте жақсы еритін, өзіне тән иісі бар, түсі қара, қою сұйық.

Препаратты сургуч құйылған, ағаш қабығынан жасалған тығыны бар шыны ыдыста сақтайды. Флаконның этикетінде шығарылған жері мен уақыты, сериясының номері, препараттың аты және фракциясы көрсетіледі. №3 фракцияда «сырттай қолдануға» деген жазу болады. Препараттарды үй температурасында қараңғы жерде сақтайды. №2 фракцияны ұзақ уақыт сақтағанда, оның белсенділігіне әсер етпейтін, тұнба пайда болады. Ондай тұнба пайда болған препаратты сүзіп барып қолдануға болады.

№2 фракцияны ауыз қуысы арқылы, сырттай, терінің астына және венаға жіберіу арқылы қолдануға болады. Препараттың дозасы төменгі кестеде көрсетілген.

АСД №3 фракциясын таза түрінде және май ретінде сырттай және сулы-спиртті ерітінді ретінде венаға жібереді. №2 фракциясының 5 % -ды судағы ерітіндісін ауыз қуысы арқылы, ал 15-20 % концентрациясын сырттай қолданады. Фр. №2 венаға дистілденген суда немесе физиологиялық ерітіндіде дайындалған 10-20 % - ды ерітінді ретінде жіберіледі. Терінің астына 4 %-ға дейінгі концентрациясы жіберіледі.

№3 фракциясынан ерітінділер дайындау үшін алдымен препаратты таза спиртте 1: 10-20 қатынасында дайындап алады да, осы негізгі ерітіндіден 5-10 %-ды судағы емдік ерітіндіні дайындайды.

Препаратты сақау, қойдың құрт бақай, эпизоотологиялық лимфангоит, жарақат ауруларында; қойдың паратүберкүлезінде, шошқалардың бронхопневмониясында, қойлардың экспериментті бруцеллезінде, катаралды-іріңді эндометритте тәжірибе жүзінде қолданылған.

Малдар мен құстарды емдеуге қолданылатын АСД препаратының №2 фракциясының бір реткі дозасы ( мл). А.В.Дороговтың ұсынысы бойынша.

Мал түрлері



Ауызға препарат

тың мөл


шері

Ауызға судың мөлшері

Венаға, 20 % ерітінді 1 кг салмағына

Тері астына,

4 % ерітінді



Жылқы: 3 жастан үлкен

10-20

200-600

0,25

-

1-3 жас

10-15

200-400

0,25

-

1 жасқа дейін

5

100

0,1

-

Сиыр: 3 жастан үлкен

20-30

200-400

0,5

-

1-3 жас

10-15

100-400

0,3

-

1 жасқа дейін

5-7

40-100

0,25

-

Қой: 1 жастан үлкен

2-5

40-100

0,1

40-100

6 айдан үлкен

1-3

20-60

0,1

20-50

6 айға дейін

0,5-2

10-40

-

10-40

Шошқа: 1 жастан үлкен

5-10

100-200

-

50-100

6 айдан үлкен

2-5

40-100

-

40-100

2-3 айда

1-3

20-60

-

20-50

Үлкен иттер

2-5

40-100

-

-

Үй қояны (1-2 кг)

0,5-1

10-20

-

-

Тауық: 1 жастан үлкен

15-30 тамшы

2

-

-

балапан

5-10

2

-

-

Ескерту: ауыз қуысы арқылы берілетін доза орта салмақтағы малға есептелген, препарат кестеде көрсетілген судың мөлшерінде ерітіледі.
И.Е.Мозгов АСД препаратының медицина саласында көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылатынын хабарлаған.

Эксперимент жүргізген авторлардың пікірлерінше, препараттардың әсер ету механизмі жүйке жүйесін қуаттандыру, организмнің жалпы қорғаныс қасиетін жоғарылату, физиологиялық функцияларды қалыптастыру, зат алмасу процесін жақсарту, организмнің улануына қарсы күресу әсерлерінің негізінде жатыр.

Ф.А.Шустовский АСД препаратын ұлпамен емдеу әдісінің қуатты түрі ретінде малдәрігерлік тәжірибеге кеңінен негізуді ұсынған.

П.С.Терентьев препараттың екі фракциясында солтүстік бұғылардың некробациллез ауруын операциядан кейін емдеуге қолданып, жоғарғы терапевтік тиімділік алған. Автордың пікірінше, препарат организмнің иммунобиологиялық қасиетін жоғарылатады және ұлпалардың регенерациясын жақсартады.

Препараттың қан элементтерін түзетін жүйенің қызметін жақсартатыны: лейкоциттердің саны 40-50 %-ға, лимфоциттер 2-3 есеге көбейетіні байқалған. Қандағы жалпы белоктың мөлшері, альбумин фракциясының көбеюінен, және сілтілік қорының көрсеткіші ұлғайған.
14.3. Буаз бие қанының сары суымен емдеу әдісі. Буаз биенің сары суы – құрамында жыныс гормондары бар, аналық жыныс торшаларының түзілуін үдететін, қойда егіз, үшен; сиырда егіз алуға мүмкіндік беретін препарат.

Қанның сары суын алу үшін індетті аурулардан таза шаруашылықтардан, 45-120 күндік буаздықтағы биелер таңдап алынады. 500 куб.см көлемді колбаға 10 г химиялық таза бура және 5 г химиялық таза гипосульфит салынып, 30 мл суда ерітіледі де, қайнату арқылы стерилденеді. Донордан алынған 500 мл қанды осы стабилизаторы бар колбаға құйып, жақсы араластырып, стерилді тығынмен жауып қояды. Осындай әдіспен дайындалған препаратты салқын, қараңғы жерде бір жылға дейін сақтауға болады. Препаратты кез келген шаруашылықтардың малдәрігерлік лабораторияларының жағдайында дайындап алуға болады. Препаратты терінің астына төмендегідей дозада жібереді: биелерге 15-20 мл, сиырларға – 5-10 мл, саулық қойлар мен шошқаларға – 5 мл. Малдардың күйлеюі: биелерде – 3-7, сиырларда – 3-12, шошқаларда – 3-5, саулықтарда – 3 күнде байқалады.

Препарат ауылшаруашылық малдарының жыныстық биологиялық стимуляторы ретінде қолданылады. Құрамында барлық малдардың жыныстық қызметін қуаттандыратын және қойлар мен шошқалардың өсімталдықтарын жоғарылататын гонодотропты гормон бар. Онымен қатар ұлпамен емдеу әдісінің препараты ретінде жыныс жолдарының қабынуында тиімді терапевтік әсері де бар. Гонодотропты гормон жыныс бездерінің морфологиялық және функционалдық дамуына әсер етеді. Биелердің 60-90 күндік буаздығында 1 л қанында 60 мың бірліктей гонодотропты гормон болады екен.

Біздің Республикамыздың, әсіресе оңтүстік аймақтарында, қойлардан, көбінде қаракөл тұқымдарынан, көп төл алу үшін АСД жиі қолданылады.



2.3Пәнді оқытудың негізгі мақсаты:

Сүйек кемігі, айырша без, лимфа түйіндері, көк бауыр, бадамшалар, пейер шатырлары, олармен қатар асқорыту жолындағы, жыныс, тыныс алу және несеп бөлу жүйелеріндегі лимфа түзетін құрылымдар қан түзеті, әрі иммунитет дамитын ағзалар болып келеді. Бұлардан басқа иммунды жүйеге көптеген диффузды топтанған лимфойдтты ұлпалар, организмнің барлық жерінде бытыраған лимфоциттер, жебір, тегіжат жасушалары, қанның лимфоциттері, м оноциттері және лимфалар жатады.

Олар қан түзу мен иммунитет дамуының өзара байланысуына қатысып, организмдегі жасушалар әрекетін микроорганизмдер мен бөгде тегіжаттан қорғап, иммунды бақылауды қамтамасыз етеді. Иммунды реакция: иммунды қабылетті жасушаларға тікелей байланысын, олардағы нысаналарға себепші болатын Т- лимфоциттер іске асырады. Иммунды құзырлық жасушалардың жетілуі организмде басқа жасушалартүрлерімен өзара іс – қимыл жасауына және біртіндеп аууына қарай байланысты болады. Осы процестегі иммунды жүйе ағзаларының рөліне қарай, оларды орталық және шеткі болып бөледі. Жануарлардың орталыұ иммунды жүйе ағзаларына – сүйек кемігі, айырша без, және құста - бітеу қапшығы жатады. Шеткі иммунды жүйе – ағзаларына осы жүйе ағзалары, құстардың тері, өкпесіндегі лимфа құрылымдары кіреді.

Қан түзу ағзалары, иммунитет дамуы құрылысының негізгі қағидалары, олардың атқаратын қызметтерін көрсетеді. Бұл ағзалардың бәрінде қан өндіру және страмалық жасушалар болады. Кейінгілер әр ағзада тіректік , қоректік және реттеу қызметтерін орындайды; ерекше қан немесе лимфа тамырлары арнайы қызметтерді - тану, жасушаларды сортта, аудару, тегіжаттарды ұстау және тағы басқаларды қамтамасыз етеді. Иммунды жүйе шеткі ағзалардың аталған қызметтерімен бірге тән нәрсе, ол онда В-, Т—тәуелділік аймақтарын ың бары. Сүйек кемігі – қан түзу және иммунитет дамуының орталық ағзасы және бағаналық қан жасушаларының өзін – өзі қолдайтын популяцияларын сақтап, миелоцит , лимфоцит қатарларының жасушаларын құруға қатысады. Қан өндірілу – құрамбөлігін миелоидты ұлпа құрады. Стромалық құрам бөліктер озара қимыл жасап, даму сатысындағы миелоцит , лимфоцит қатарларының жасушаларын сақтайды.





Капростаздың клиникалық белгілері:

: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет