Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы


-1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын құру және олардың қызметін ұйымдастыру



жүктеу 0.71 Mb.
бет2/3
Дата17.07.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3

2-1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын құру және олардың қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар
                 қалалардың, астананың тексеру комиссиялары.
                 Құрылуы және құрамы

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары мемлекеттік органдар болып табылады және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылады.


      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну арқылы тиісті мәслихатқа тікелей есеп береді.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының құрылымы тексеру комиссиясының төрағасынан, тексеру комиссиясының төрт мүшесінен және тексеру комиссиясының аппаратынан құралады.
      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты бес жыл мерзімге тексеру комиссиясының төрағасын және тексеру комиссиясының төрт мүшесін тағайындайды.
      Тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары білімі және көрсетілген салаларда кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

      25-2-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру


                 комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері

      1. Тексеру комиссиясының төрағасы:


      1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
      2) тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      3) тексеру комиссиясы мүшелерiнiң және тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
      4) бекітілген штат саны және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекiтедi;
      5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері қызметіне кандидатураларды, сондай-ақ оларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.
      Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қоспағанда, аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа ұсыну тексеру комиссиясы мүшелерінің біреуіне жүктелуі мүмкін.
      2. Тексеру комиссиясының мүшелері:
      1) тексеру комиссиясының бақылау, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерін қызметтен босатуды тиісті мәслихат Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады.
      4. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын қызметкерлерден тұрады.
      Тексеру комиссиясының аппараты бақылау іс-шараларын жүргізуді, тексеру комиссиясының ақпараттық-талдамалық, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін қамтамасыз етеді.
      5. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтуге міндетті, оның нәтижелері бойынша біліктілікті растау туралы сертификат беріледі.
      Кейіннен сертификаттай отырып, біліктілігін арттыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын тәртіппен үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

      25-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар


                 қалалардың, астананың тексеру комиссияларының
                 қызметін ұйымдастыру

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.


      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бақылау қызметін жоспарлау тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде жүзеге асырылады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту үшін:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін;
      тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін жібереді.
      3. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұратуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы, сондай-ақ бекітілген жұмыс жоспарларына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ұсынады.
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жұмысының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен, сондай-ақ есепті жылы олардың әкімшілік-аумақтық бөлінісінде сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына кіретін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін қамтуға тиіс.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін қаржыландыру облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қаржылық қызметін бақылау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының өкілеттіктері мен жұмыс тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, ережеде және регламентте айқындалады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы туралы ережені тиісті мәслихат бекітеді.
      Тексеру комиссиясының регламентін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бекітеді.

3-тарау. ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМДІКТЕР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

      26-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,


               астананың әкiмдіктері. Құрылуы және құрамы

      1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.


      2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдікті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi басқарады.
      3. Әкiм облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдікті әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдігінің отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмдіктің регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Әкiмдіктің дербес құрамы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
      6. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
      7. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

      27-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала,


               астана әкімдігінің құзыретi

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды және мәслихаттың бекiтуiне ұсынып, оның орындалуын қамтамасыз етедi; P090603
      1-1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
      1-3) тиiстi мәслихатқа және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
      1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;
      1-6) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекiтедi;
      1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
      2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      6) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiту үшiн ұсынады;
      6-1) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады;
      7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
      8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
      9) өз құзыреті шегінде II, III және IV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;
      10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
      11) ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      11-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      14) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз етеді;
      14-2) мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
      15) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;
      16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын әзiрлеп, мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      16-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
      16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;
      17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына  әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
      17-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестіреді;
      18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;
      18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      19) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
      19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтері шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткiзедi;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
      21) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
      21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      21-2) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;
      21-3) елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелердi, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiне тiркеу тәртiбi және мекенжайдың құрылымы туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
      22) мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      22-1) алып тасталды
      22-2) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      22-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында  белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады, мемлекеттік аттестаттауды өткізеді;
      22-4) салық төлеушінің тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
      22-5) алып тасталды
      22-6) алып тасталды
      22-7) Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      23) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға береді;
      25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзеді;
      26) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
      27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
      28) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады.
      1-2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.04.25 N 179, 2001.12.24 N 276, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07 N 178, 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.11 N 218, 2007.06.19 N 264, 2007.07.21 N 307, 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана


               әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен
               босату тәртiбi

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.


      2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
       Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      29-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана


               әкiмiнiң құзыретi

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:/


      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi;
      2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмдігінің актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
      3-1) тиісті мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
      4) мына лауазымды адамдарды:
      жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң орынбасарларын;
      облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiм киіп жүру құқығы және әскери немесе өзге де арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
      5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
      6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
      7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекiтуге ұсынады;
      10) Алынып тасталды.
      11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады;
      13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi алдында жауап бередi.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)


               әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы

      1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.


      2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.
      3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
      4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде белгіленеді. Үлгі регламентті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      5. Әкімдіктің дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
      6. Аудан әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
      7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)


               әкімдіктің құзыреті

      1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;
      1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi;
      1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;
      1-5) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;
      1-8) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеп, мақұлдайды және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
      1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
      2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
      7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
      8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
      9) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
      11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
      12-1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
      12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
      12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
      12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
      12-5) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      12-6) алып тасталды - ҚР 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      12-8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
      13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асырады;
      14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      14-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      14-2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
      14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;
      15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
      16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
      17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады;
      17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      19) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
      21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша салық органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемінде келіп түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
      22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асырады;
      23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
      24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
      2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгі жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдік өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
      4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады. 
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.11 N 218, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн


               қызметке тағайындау қызметiнен босату және
               өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.


      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

      33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала)


               әкiмiнiң құзыретi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
      2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
      3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
      4) мынадай лауазымды адамдарды:
      жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;
      әкім аппаратының басшысы мен қызметкерлерін, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      7) Алынып тасталды.
      8) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
      9) Алынып тасталды.
      10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      11) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
      15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)


               аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк,
               ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк
               әкiмдіктер

      Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмдіктер құрылмайды.

      35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,
               кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
               әкімінің құзыреті

      1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
      4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;
      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
      8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
      15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
      1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
      1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.
      2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      36-бап.  Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент,


                ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiн
                қызметке тағайындау,қызметiнен босату және
                өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

      1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.


      2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады. 
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      37-бап. Әкiмдіктің, әкiмнiң актілерi

      1. Әкiмдік Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
      2. Әкiмдік қаулысына әкiм қол қояды.
      3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
      4. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
      5. Әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
      6. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
      7. Әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.
      8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, жоғары тұрған әкiмдік және (немесе) әкiм, әкiмдіктің және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдік және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
       Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,


               аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы
               аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл
               (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

      1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.


      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.
      Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
      3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      4. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.
      5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі) Заңдарымен.

      39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын


               атқарушы органдар

      1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.


      2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгiлейдi. 
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 



1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет