Қазақстан Республикасындағы балаларды құқықтық қорғау саласының жағдайы мен тетіктері



Дата17.07.2017
өлшемі174.08 Kb.
Қазақстан Республикасындағы балаларды құқықтық қорғау саласының жағдайы мен тетіктері
з.ғ.к. Жайлау Ж.

з.ғ.к. Әбділда Д.


Қазақстан Республикасындағы адамның құқығы мен бостандықтарын жаппай түрде құрметтеу қағидасын орындау тұрғысында балаларды құқықтық қорғау мәселесін талдауда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-ші жылында қалыптасқан нарықтық экономика қоғам мен мемлекетке ынталандырушы және салалы түрде әсерін тигізуге, адамдардың тіршілік әрекетінің барлық салаларында жауапты көзқарасты қалыптастыруға дәрменді болды. Экономикадағы бостандық тұлғааралық қатынастарда еркін жауапты қатынастарды меңзейді және дамытады. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары талап етілген сипатқа ие бола бастауда. Жауапты мемлекет, жауапты адамдар қазіргі кезде адамның абыройы жайлы, оның құқықтарына, ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз болып келетін, әсіресе балалардың құқықтарын қорғауға жүйелі және жауапты түрде қамқоршылық етіп отыруға әзір.

Балалардың құқығына деген құқық қорғау көзқарасы тек балаларға қатысты тұтастай саясатқа тигізетін белгілеуші әсерімен ғана емес, сондай-ақ тұтастай адам құқығына қатысты ынталандырушы және жүйеге келтіруші әсер етуімен тиімді болып келетіндігін атап өту қажет. Балалардың құқығын қорғау ісі әлі өзін-өзі қамтымаған. Оның ырықтандырушы катализатор ретінде орасан зор әлеуеті бар. Балалардың экономикалық, әлеуметтік, азаматтық құқықтарымен байланысты болып келетін нәрсенің барлығы саяси, діни, этикалық немесе өзге негіздегі қандай да бір елеулі қарсы әрекетке ие болмайды [1].

Балалардың құқығын қорғау ісі Қазақстанда болсын, бүкіл әлемде болсын мемлекеттік маңызы бар және сөзсіз түрде қайырымды іс болатын және солай болуда. Балалардың құқығын қорғаумен біз ұлттың қоғамдық ағзасына жалпы алғанда кемсітушілікке, адамның абыройын аяққа таптау мен қорлауға, тұтастай адамның құқықтары мен бостандықтарын саналы, нанымды түрде бұзуға деген төтеп беру қабілетін дарытамыз. Мұнда «адам құқығына бала құқығын қорғау арқылы» қағидасы әсер етуі тиіс. Қазақстанда халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына, Конституция мен адам құқығы саласына қатысты арнайы заңдардың нормаларына сәйкес адам құқығына бала құқығын өзектендіру мен оны тиісті түрде құқықтық реттеу арқылы араласу барысында ерекше серпіліс жасау мүмкіндігін одан арғы уақытта да пайдаланып отыру қажет [2].

Ең алдымен Қазақстан Республикасында ішкімемлекеттік деңгейде бала құқығын қорғау саласындағы негізгі және аса маңызды халықаралық-құқықтық актілерді қамтамасыз ету мәселесін қарастырып шығайық.

Мұндай мәселенің алға қойылуы кездейсоқ нәрсе емес, себебі Қазақстан бекіткен халықаралық келісім-шарттар Қазақстан Республикасы Конституциясының мағынасы бойынша ұлттық заң нормаларының алдында басымдылыққа ие болады. Оған қоса дәл сол Конституцияның мағынасы бойынша Республикамыздың халықаралық келісім-шарттық міндеттемелері Конституция мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларымен қатар «қолданыстағы құқықты» құрайды (ҚР Конституциясының 4-баб. 1-тарм.)[3].

Жоғарыда айтылып кеткендей, балалардың ең жақсы мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы өздерінің мақсаты бала құқығын қорғау болып табылатын барынша елеулі халықаралық-құқықтық актілерге қосылды:

- Бала құқығы туралы Конвенция 1994 жылы бекітілген;

- 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді;

- 2000 жылы – Жұмысқа қабылдауға арналған ең кіші жас туралы конвенция;

- 2001 жылы – балаларды саудаға салу, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқығы туралы конвенцияға арналған Факультативтік хаттама және балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты болып келетін Бала құқығы туралы конвенцияға арналған Факультативтік хаттама;

- 2002 жылы – ХЕҰ-ның бала еңбегінің ең нашар әдістеріне тыйым салу мен түбегейлі жоюға арналған шұғыл шаралар туралы конвенциясы (182- Конвенция);

- 2004 жылы Қазақстан адамдарды саудаға салумен және үшінші тұлғалардың пайдалануымен, жезөкшелікпен күрес жүргізу туралы БҰҰ конвенциясына және соның Қорытынды хаттамасы;

- 2005 жылы Барлық қоныс аударушы-еңбекшілер мен солардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция

- 2010 жылы Балаларды қорғау және мемлекетаралық бала асырау саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияна қол қойылды [4].

Дегенмен, өздерінде Қазақстандағы бала құқығын қорғауға ықпал ететін ережелер берілген Қазақстан бекітпеген бірқатар маңызды халықаралық келісім-шарттар қалып отыр.

Әрине, өзінің нормалары Қазақстан аумағында қолдануға келетін бала құқығын қорғау саласындағы аса елеулі халықаралық құжатқа Бала құқығы туралы конвенция жатады. Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы конвенцияның ережелеріне қандай да бір ескертулер енгізусіз бекітуі өздерінің шеңберінде мемлекет қоғамға бала құқығын қорғауды қамтамасыз етудің кепілдігін ұсынуы тиіс болатын шекараларды белгіледі. Соған қоса, еске сала кететін нәрсе, конституциялық норманың мағынасы бойынша Бала құқығы туралы конвенция осы саладағы ұлттық заңдарға қатысты басымдылыққа ие болып келеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім-шарттардың ішкімемлекеттік заңдарынан басымдығы болады және халықаралық келісім-шарт оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» (ҚР Конституциясының 4-баб. 3-бөл.) [3].

Бала құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық нормаларды енгізу үрдісі Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарын дамыту мен жетілдіруден өз көрінісін тапты. Бала құқығы туралы конвенцияның жалпы қағидалары мен нормалары (2, 3, 6 және 12-баптар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген болатын. Қазақстанда өздерінің негізгі қолданылу саласына балалардың құқықтары мен мүдделері айналған тұтастай бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданып және қолданылып жүр («Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» 08.08.2002ж., «Неке мен отбасы туралы» 17.12.1998ж., «Отбасы типіндегі балалар деревнялары мен Жасөспірімдер үйлері туралы» 13.12.2000ж., «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау көрсету туралы» 11.07.2002ж., «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу және балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуын алдын-ала ескеру туралы» 09.07.2004ж. және өзге де заңдар). Ұлттық және халықаралық нормаларды жан-жақты және толық сәйкес болуы мақсатында Республиканың қолданыстағы заңнамалық актілеріне түзетулер, толықтырулар мен өзгертулер енгізілген болатын.

Республикамызда балалар құқығының жүзеге асуына Қазақстанмен бекітілген Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына, сондай-ақ балаларды саудаға салуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты бала құқығы туралы конвенцияға арналған Факультативтік хаттамалар да ықпалын тигізуде. Соған қоса, 2004 жылы Қазақстан БҰҰ-ның адамдарды саудаға салу мен үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануымен күрес жүргізу жөніндегі конвенциясының қатысушысына айналды, бұл балалардың құқығын қорғау жөніндегі жағдайды өзгертеді, себебі не дегенмен, балалар адамдарды саудаға салудың негізгі құрбандарына айналып жатады.

Жоғарыда айтылғандарға орай, Халықаралық көші-қон ұйымының қатысуымен «Қазақстаннан, Қазақстанға қарай, Қазақстан арқылы және оның ішінде адамдарды саудаға салумен (трафикпен) күрес» акциясы жүзеге асырыла бастады. Бұл шара Қазақстанның құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлерін әлемдік тәжірибені ескерумен трафиктің алдын-алу әдістемесіне үйрету ісін, трафик мәселелері бойынша ұлттық заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді, сондай-ақ трафиктің құрбандарына көмек көрсетуді ескереді.

Қазақстан Республикасында бекітілген Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты Бала құқығы туралы конвенцияға арналған факультативтік хаттама 18 жасқа толмаған тұлғаларды әскери әрекеттерге тікелей қатысуына және міндетті шартпен қарулы күш қатарына шақыртылуына жол бермеуді талап етеді. Осы хаттаманың нормалары «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» заңының 41-бабына енгізілген болатын, мұнда балаларды әскери әрекеттерге, қарулы қақтығыстарға қатысуға тартуға, балалардың әскерилендірілген құрамаларын жасақтауға тыйым салынған.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға арнап, олардың қарулы шабуыл жасау, қарулы қарсылық білдіру, немесе әскери қызметкердің өміріне қауіп келтіретін топтық шабуыл жасауын санамағанда, яғни мұндай шабуылға қарсы өзгеше әдістер мен құралдармен төтеп беру мүмкін болмайтын жағдайды санамағанда, қару қолдануға тыйым салу «Әскери қызметкерлердің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңында (20-бап) және «Әскери полиция органы туралы» заңдарында (12-бап) бекітілген, соңғысында сонымен қатар жас балаларға арнап олардың айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл жасауын, топтық шабуыл жасауын немесе қарулы қарсылық білдіруін санамағанда, арнайы құралдар мен дене күшін қолдануға тыйым салынған.

Әскери қақтығыстар кезіндегі кәмелетке толмағандарды қорғау мәселесіне келер болсақ, «Әскери жағдай туралы», «Қазақстан Республикасының Қорғанысы мен Қарулы күштері туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдарында әскери жағдайда халыққа арнап қолданылуы мүмкін тек жалпылама шаралар туралы ғана айтылған, ал балаларға қатысты қандай да бір арнайы шаралар бекітілмеген. Осы орайда, аталмыш нормативтік актілерге қарулы қақтығыс немесе төтенше жағдай кезіндегі балаларды қорғау жөніндегі арнайы шараларды қабылдауды ескеретін қосымша норманы енгізу қажет.

Балалардың құқығын сақтау және заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» заңының 6-бабының 2-тармағында жарияланған балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясаттың басымдылық қағидасы соның растауы болып табылады.

Жоғарыда айтылып кеткендей, Қазақстанның Бала құқығы туралы конвенцияға қатысуын және Қазақстанның бала құқығы туралы өзінің ұлттық заңын қабылдауын Қазақстан Республикасында балаларды құқықтық қорғау ісіндегі ілгері жылжу деп санауға болады. Аталмыш нормативтік құқықтық акт 2002 жылдың 8 тамызында (№ 345) қабылданған және балаларды қоғамдағы толық қанды өмірге даярлаудың, олардың қоғамдық маңызы бар және шығармашыл белсенділігін дамытудың, оларда жоғары әдептік қасиеттерін, патриотизм мен азаматтылық сезімдерін тәрбиелеудің, әлемдік өркениеттің жалпы адами құндылықтарына негізделумен ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың басымдылық қағидаларына негізделумен, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған [5].

Заңды талдауға кіріспес бұрын мына мәселені атап өткен жөн: балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауға қатысты ұлттық саясатты жүзеге асыруға белгілі бір шамада балалардың білім, денсаулық сақтау, кедейлікті азайту, көші-қон саясаты демографиялық даму мүгедектерді бейімдеу және өзге салаларға қатысты мемлекеттік салалық бағдарламалар арналған.

2003 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат концепциясы» мақұлдауға ие болды. Аталмыш Концепцияны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Пезидентінің жанындағы Отбасы мен әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Гендерлік теңдік стратегиясын әзірлеген, мұнда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кейбір мәселелері ескерілген.

Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін ұстануға қатысты мемлекеттік саясаттың құраушыларына кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, бақылаусыз және қараусыз қалудың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясат жатады, оның негізгі бағыттары «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың бақылаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы заңында» ескерілген.

Бала құқығы туралы заңның 6-бабында бала мүддесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары белгіленген. Мысалы, Қазақстан Республикасының балалар мүддесіне қатысты мемлекеттік саясатының мақсаттары төмендегідей:

1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;

2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайда солардың құқығын қалпына келтіру;

3) бала құқығы кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдарды құру;

4) балалардың дене бітімінің, зерделік, рухани және әдептік дамуына, оларда патриотизм, азаматтылық және ынтымақшылдық сезімін тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке қабілеттерінің қоғам, мемлекет халықтарының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік мәдениет мүддесінде жүзеге асуына ықпал ету;

5) кәмелетке толмаған баланың құқықтық сана-сезімі мен құқықтың мәдениетін қалыптастыруға арналған мақсатқа лайықты жұмысты қамтамасыз ету.

Бұл ретте сондай-ақ былай деп белгіленген: бала мүддесіне арналған мемлекеттік саясат мемлекеттік органдардың қызметінің басымдылыққа ие саласы болып табылады және төмендегілерге негізделген:

1) бала құқығын заң тұрғысында қамтамасыз етуге;

2) балаларды толық қанды тәрбиелеу, олардың құқықтарын қорғау, оларды қоғамдағы толық қанды өмірге даярлауды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік қолдауға;

3) аймақтық ерекшеліктерді ескерумен балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең аз әлеуметтік стандарттарды орнату мен ұстануға;

4) лауазымды тұлғалардың, азаматтардың баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін, соған зиян келтіргені үшін арқалайтын жауапкершілігіне;

5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдауға.

Заңда Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқару органдарының негізгі құзырлықтары толықтай белгіленген (7-бап). Мысалы, бала құқығының кепілдігін қамтамасыз ету жөніндегі орталық атқару органдарының мұндай құзырлықтарына келесілер жатады:


      1) бала құқығы мүддесіне арналған мемлекет саясатының негіздерін әзірлеу;
     2) баланың құқығы мен заңды мүдделерін, оның денсаулығы мен адамгершілігін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің басым бағыттарын таңдау;

3) өз құзырлығы шеңберінде бала құқығы мен бостандығын реттеу және қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

4) балалардың өмірін жақсартуға арналған мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды бекіту;

5) бала мүддесіне арналған мемлекет саясатын жүзеге асыру жөніндегі шараларды бюджеттік қаражаттардың және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүргізу;

6) мемлекеттің халықаралық міндеттемелерді орындауы және бала құқығын қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдарда мемлекеттің атынан шығу;

7) бала мүддесіне қатысты тәрбие, білім, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене шынықтыру мен спорт, отбасын әлеуметтік қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі шаралар тобын белгілеу.

Бала құқығының кепілдіктерін жүзеге асыру жөніндегі жергілікті арқару органдарының құзырлығына Заң бойынша төмендегі шаралар жатқызылған:

1) балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, отбасы мен балаға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік, жергілікті бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

2) балаларға арнап әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру ісіне қатысу;
      3) баланың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ақпарат беру мен кеңес берудің, шаралар жүргізу тәртібін белгілеу;

4) орталық атқарушы органдар белгілеген бала мүддесіне арналған тәрбие, білім, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене шынықтыру мен спорт, отбасын әлеуметтік қамту мен әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шараларын жүргізу.

Бала құқығы туралы Заң мемлекетіміздегі барлық балалардың тең құқылығын жариялайды. Мысалы, Заңның 4-бабына сәйкес барлық балалардың олардың шыққан тегіне, нәсілі мен ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге деген көзқарасына, мекен-жайына, денсаулық жағдайына және бала мен оның ата-анасына немесе өзге заңды өкілдеріне қатысты өзге жағдайларға байланыссыз тең құқықтығы мойындалады. Некеде және одан тыс туылған балалар тең және жан-жақты қорғауды пайдаланады.

Заң бойынша баланың құқығын кез келген заңсыз түрде шектеуге тыйым салынады: «1. Бала құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды санамағанда шектеуге болмайды. 2. Баланың құқығын шектеуге арналған нормативтік құқықтық актілер солар қабылданған сәттен бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауы тиіс» (5-бап).

Заңның мүгедек-балалардың құқықтарына қатысты ережелерін ерекше атап кету қажет. Мысалы, Заңның 31-бабына сәйкес мүгедек-бала дені сау балалармен тең түрдегі соның абыройын қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсенді түрде кірігуіне ықпал ететін жағдайларда толыққанды өмір сүруге құқылы. Мүгедек бала соның дене бітімінің, ақыл-ойының қабілеті мен өзінің қалауына сәйкес келетін білім алуға, қызмет түрі мен мамандықты таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы. Мүгедек балалар, соның ішінде ақыл-ойының немесе дене бітімінің кемістігі бар балалар Заңға сәйкес мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Заңда бұл тұрғыда мүгедек баланы іс-әрекетпен қамту саласындағы келесідегідей кепілдіктер бекітілген:

«1. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедек баланың денсаулығын, қажетсінулері мен мүмкіндіктерін ескерумен оның оқуына, кәсіби даярлығына, лайықты жұмысты таңдауына және оны еңбекпен қамтуға арнап қажетті жағдайлар тудыруға міндетті.

2. Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерінде мүгедек балалардың іс-әрекетпен қамтылуын қамтамасыз етумен, оларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға арнап жеңілдіктер белгіленуі мүмкін (32-бап).

Заңға сәйкес мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асырып отыруға міндеттенеді. Мүгедек балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленеді. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған және соның күтімін жасап отырған ата-анасы мен өзге де заңды өкілдер Заңға сәйкес тиісті мемлекеттік көмек алып отыруға құқылы (33-бап).

Осылайша, бала құқығы мен мүддесін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының біріне ең алдымен мүгедек балаларды әлеуметтік бейімдеу жатады, ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін жеңуіне арнап, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік бейімделуіне және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуіне арнап жағдайлар тудыру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде елімізде 47 мыңнан астам мүгедек бала тұрады.

Қарастырылып отырған Заңда сонымен қатар көмек көрсетуге, қамқорлыққа алу мен патронаттық етуге (27-бап), асырап алуға (28-бап), тәрбиелеу, емдеу мекемелерінде және өзге де сол тәрізді мекемелерде баланы күту мен тәрбиелеуге (29-бап), бала құқығын қорғау қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға (30-бап) қатысты ережелер қамтылған.

Осы орайда айта кететін нәрсе, республикамызда мұқтаж балаларға мемлекеттік қолдау көрсету үшін 660 интернат ұйымдары қызмет етеді, оларда 79 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. ҚР «Отбасы типіндегі балалар деревнялары мен Жасөспірім үйлері туралы» заңына сәйкес 5 балалар деревнясы мен 19 жасөспірімдер үйі, «SOS – Қазақстанның Балалар деревнясы» қызмет етеді. Тәрбиелеудің патронаттық әдісі дамып келеді6 сондай-ақ 28 балалар үйі жұмыс істейді, оның 24-і мамандандырылған немесе оларда орталық нерв жүйесі қатты зақымдалған балаларға арналған мамандандырылған топтар бар. Балалар үйлерінде жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тәрбиеленіп, оларға медициналық көмек көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша бірқатар ұйымдастыру шаралары қабылданған. Балалар үйлерінің қызметін реттеу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен «Балалар үйінің қызметін ұйымдастыру ережелері» мен «Балаларды балалар үйіне қабылдау және одан шығарып алу ережелерін» бекіту туралы бұйрықтар әзірленіп бекітілген [6].

Біздің ойымызша, қарастырылып отырған Заңның 28-бабының ережелерін толық мәнді жүзеге асыру мақсатында, және тұтастай алғанда шетел азаматтарымен асырап алынған қазақстандық балалардың құқығын қамтамасыз ету үшін асырап алу үрдісінің ел ішіндегі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі тікелей әкімшісі қызметін жүргізетін жеке құрылым құру қажет.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегін көлемдегі медициналық жәрдемнің ұсынылуына кепілдік береді. 2001 жылы Нью-Йоркте болып өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының Балалардың жағдайы жөніндегі арнайы сессиясында аталмыш дүниежүзілік ұйымның мүше мемлекеттері өз алдына 2005 жылға қарсы йодтың тапшылығынан туындайтын ауруларды жою, ал 2010 жылға қарсы анемияның таралуын үштен бір бөлікке дейін азайтуды міндет етіп қойғандығын қосымша түрде айта кеткен жөн. Осы орайда Қазақстанда Үкіметтің «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы халқының арасында йод тапшылығынан туындайтын аурулардың алдын алу туралы» қаулысы жүзеге асырылды, ал 2003 жылы Қазақстан Республикасының «Йод тапшылығынан туындайтын аурулардың алдын алу туралы» заңы қабылданды [7].

Аталмыш Заңның 15-бабына сәйкес әр баланың білім алуға құқы бар және Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарына сәйкес мемлекет оның тегін жалпы орта білім алуына, бастауыш кәсіби білім алуына және байқау негізінде – тегін орта және жоғары кәсіби білім алуына кепілдік береді. Бұл ретте, Заңға сәйкес, арнайы педагогикалық әдісті қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап мемлекет бюджетінен олардың бекітілген стандарт деңгейіне сай білім алуына кепілдік беретін қосымша қаражаттар бөлінеді.   

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бекітіледі, Аталмыш бағдарламалардың негізгі мақсаты – көп салалы білім берудің ұлттық жүйесін жаңарту, білім берудің сапасын жақсарту, жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешу.

Республикамызда ауыл мектептерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бала саны аз мектептердегі оқу процесін толық және сапалы түрде жүргізу үшін негізгі және жоғары буындағы сыныптар біртіндеп азайтылатын болады. Ауылды жерлерде бала саны аз мектептерде оқитын балаларға арнап салалық мектеп-интернаттарды салу мен ашу ескерілген. Ашық білім беру ортасын құру үшін қашықтан оқыту және оқу үрдісін ұйымдастырудың өзге түрлері кеңінен енгізілмек.

Конвенция туралы жұртшылық пен балалардың хабардар болу деңгейі бұрынғысынша төмен болып қалуда. Білім беру саласында балаларды солардың құқықтарымен таныстыру әрекеті факультативтік сабақтар деңгейінде жүргізіледі, мұндай сабақтарды оқу бағдарламаларында нормативтік деңгейде міндетті шартпен бекіткен анағұрлым тиімді болар еді. Осыған орай, Республикамыздың арнайы орта және жоғары оқу мекемелерінде баланың құқықтық мәртебесі мен балалардың құқығын бейбіт заманда, сондай-ақ соғыс кезінде қорғау мәселелеріне арналған арнайы оқу курстарын енгізген мақсатқа лайықты болар еді.

Аяқтай келе айта кетейік, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың ақпан айында оқыған Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі – мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында былай деп ерекше түрде аталып өткен болатын: «…Қазақстандықтардың, қазақстандық қоғамның барлық қабаттары мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін үнемі түрде жақсарту мемлекет саясатының алғашқы кезегіндегі мәселелер болып табылады және солай болып қала береді. Өмір сапасының стандарттары бұл ретте арқа сүйеушілік көзқарастардың артуына әкеп соқтырусыз, адами капиталды дамыту мен Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық аспабына айналуы қажет …» [8].

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың наурыз айында оқыған « Дағдарыстан – дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауында былай деп аталып өткен болатын: «…Біз саяси тұрақты және өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен елміз. Біздің еліміз үшін мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. …» [8].

Сондай-ақ, біздің ойымызша, Қазақстанда Бала құқығы туралы конвенцияға сәйкес Қазақстанға арнап бекітілген міндеттемелердің орындалуы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік есеп беруді әзірлеу мен мақұлдау механизмін әзірлеп және енгізу қажет. Мұндай механизмге сондай-ақ мемлекетіміздің Бала құқығы туралы конвенцияның және Қазақстан Республикасының бала құқығын қорғау саласындағы өзге де халықаралық-құқықтық актілердің нормаларын орындауы туралы мәліметтерді жинақтау мен мониторинг жүргізу ісі енгізілуі тиіс.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Права ребенка в Казахстане:реальные и провозглашаемые. http://articlekz.com/article/4766

  2. Байгельди Г.С. Международно-правовые основы внешней политики Республики Казахстан: дисс. ... канд. юрид. наук. - Алматы, 2005. – 176 c.

  3. Конституция Республики Казахстан. 30 августа 1995 г. // Справочно-правовая база «Юрист».

  4. Международные стандарты в области соблюдения прав детей и их имплементация в национальное законодательство. http://www.ombudsman.kz/publish/docs/doklad_spec/detail_2.php?ID=1069&print=Y

  5. Закон Республики Казахстан «О правах ребенка». 8 августа 2002 г. (№345) // Справочно-правовая база «Юрист»/

  6. В Казахстане сокращается численность детей, воспитывающихся в детских домах. https://www.interfax.kz/?lang=rus&int_id=10&news_id=9993

  7. Қазақстан Республикасының заңдары. https://kaz.tengrinews.kz/zakon/kazakstan_respublikasyinyin_parlament/densaulyik_saktau/id-z030000489_/

  8. Послание Президента РК народу Казахстана «Рост благосостояния граждан Казахстана — главная цель государственной политики». Февраль 2008. « Через кризис к обновлению и развитию». Март 2009. // http://www.akorda.kz.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет