Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Дата29.05.2017
өлшемі184.45 Kb.
Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы « 23 » қарашадағы

№ 485 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10529 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа орыс тіліндегі 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

2. «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларында:

13-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) медициналық қарап тексеру түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып, дәрігерлік комиссияның кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытындысын ресімдейді. Бұл ретте зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға дәрігерлік комиссияның қорытындысы берілмейді. Сараптама қорытындысы үш жұмыс күні ішінде зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бір мезгілде хабардар етіле отырып, жұмыс берушіге жіберіледі.»;

14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10987 болып тіркелген) Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін басшылыққа ала отырып міндетті медициналық қарап тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды;»

33-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 34-тармақпен толықтырылсын:

«34. Әкімшілік шаруашылық қызметтің жұмыскерлері: бухгалтер, күзетші, аула сыпырушы, күзет қызметі, қызметтік-әкімшілік үй-жайларды жинайтын техникалық персонал халықтың декреттелген тобының тізбесіне кірмейді.»;

4-қосымшаға сәйкес Міндетті медициналық дәрігерлік қарап тексерулерге жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық қарап тексеруге жататын адамдар тізімінің нысаны 3-1-қосымшасымен толықтырылсын.

3. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12111 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында:

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Қағидалардың 2-тарауының 6-9, 13-15-тармақтарының талаптарын бұзушылықтар метрологиялық нормалар мен қағидаларды бұзушылықтарға тең деп танылады, мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар оларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар береді.».

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы «23» қарашадағы

№ 485 бұйрығына бұйрығына

2-қосымша

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына

4-қосымша

Міндетті медициналық дәрігерлік қарап тексерулерге жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі

Орындалатын жұмыстар тізбесі

Алдын ала медициналық қарап тексерулер (жұмысқа тұру кезінде)

Мерзімдік медициналық қарап тексерулер

Дәрігерлік қарап тексеру, зертханалық және функционалдық

зерттеулер

Қарап тексерулердің мерзімділі гі

Дәрігерлік қарап тексеру, зертханалық және функционалдық зерттеулер

1

2

3

4

5

1

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау

Әрбір 6 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына, патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау

2

Тамақ өнеркәсібі объектілерінің жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;

ішек инфекциялары: дизентерия,

сальмонеллез, іш сүзегі,

А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;

ішек инфекциялары: дизентерия,

сальмонеллез, іш сүзегі,

А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына; мерезге зерттеп-қарау

3

Азық-түлік сауда объектілерінің жұмыскерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын адамдар

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;

гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау;

ішек инфекциялары: дизентерия,

сальмонеллез, іш сүзегі,

А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау

Кремді-кондитерлік өндірістер мен балалар сүт ас үйлерінің жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау;мерезге зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау;

Әрбір 6 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына, патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау

5

Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша ұйымдардың (теміржол вокзалдарының, аэровокзалдардың әуежайлардың, теңіз және өзен вокзалдарының, автовокзалдардың, метрополитендердің) жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;

6

Жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз және авиакөлік стюарттары

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт,

дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау

7

Бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары білім беру мекемелерінің, мектептен тыс мекемелердің (балаларға қосымша білім беру мекемелері), компьютер клубтарының жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография

Әрбір 12 айдан кейін (оқу жылының басталуы алдында – маусым, шілде, тамыз)

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;

8

Балалар мен жасөспірімдердің маусымдық сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін (маусымның басталуы алдында)

Дәрігерлік қарап тексеру: терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау

9

Мектепке дейінгі, мектеп-интернаттардың, балалардың жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі үйлердің жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау

10

Медициналық ұйымдардың жұмысы инвазиялық рәсімдермен байланысты емес жұмыскерлері (осы қосымшаның 12-тармағында көрсетілген контингентті қоспағанда)

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография, мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; В вирусты гепатиті және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография, мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау

11

Медициналық ұйымдардың инвазиялық диагностикалық және емдік рәсімдерді жүргізетін жұмыскерлері, сондай-ақ биологиялық материалмен байланыста болатын медицина жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография, мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; АИТВ 1,2-ге зерттеп-қарау; В вирусты гепатиті және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография, мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау;

Әрбір 6 айдан кейін

АИТВ 1,2-ге; В вирусты гепатиті және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

12

Перзентханалардың (бөлімшелерінің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңа туған сәбилер патологиясы бөлімшелерінің, шала туған сәбилер бөлімшелерінің медицина жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау

13

Биологиялық материалмен байланыста болатын медициналық ұйымдардың кіші персоналы

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; В вирусты гепатиті және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

14

Қызмет көрсету саласының (моншалар, себезгілер, сауналар, шаштараздар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, қоғамдық әжетханалар) жұмыскерлері, бассейндердің және сумен емдеу орындарының, балшықпен емдеу орындарының, спорт-сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері, қонақ үйлердің, мотельдердің, жатақханалардың, кемпингтердің менеджерлері, әкімшілері, олардың қабаттарының меңгерушілері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау

15

Сұлулық салондарының, косметологиялық және косметикалық кабинеттердің тері жабындыларының тұтастығын бұза отырып, манипуляцияларды жүзеге асыратын жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт, дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; В және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

16

Санаторийлердің, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, интернаттардың және мүгедектер мен қарттар үйлерінің жұмыскерлері, үйге келетін медициналық-әлеуметтік жұмыскерлер

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт; дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт;

17

Дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар) дәрілік заттарды дайындаумен, ораумен және өткізумен айналысатын жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография

18

Су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының жұмыскерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін адамдар, өндірістік зертханалардың, сумен жабдықтау және кәріз объектілерінің жұмыскерлері

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт; дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Дәрігерлік қарап тексеру:

терапевт; дерматовенеролог;

Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау

19

Жалпы білім беретін мектептердің, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттері) міндетті медициналық қарап тексеруге жататын жұмыскерлер сияқты ұйымдарда практикадан өтуді бастаудың алдында және өту кезеңінде

Практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес

Практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес

Практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы «23» қарашадағы

№ 485 бұйрығына

3-қосымша

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына

3-1-қосымша

Нысан
Міндетті медициналық қарап тексерулерге жататын адамдардың тізімі

ТАӘ

Туған күні

Жынысы

Объект немесе учаске

Атқаратын лауазымы

Жалпы өтілі

Атқаратын лауазымы бойынша өтілі

Соңғы қарап тексерілген күні

Кәсіптік зиянды лығы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Достарыңызбен бөлісу:

©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет