Қазақстан республикасы ұлттық банкінің хабары



жүктеу 24.19 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі24.19 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ХАБАРЫ
ТӨЛЕМДІК ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫНА

АРНАЛҒАН ҚАҒИДАТТАР»

ҚҰЖАТЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2012 жылы Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдік және есеп айырысу инфрақұрылымдары комитетінің және Халықаралық бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялары ұйымының Қаржы нарығының инфрақұрылымдарына (ҚНИ) арналған жаңа Қағидаттарды жариялағанын хабарлайды. Осы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚНИ-ға арналған Қағидаттарға сәйкес халықаралық стандарттарды ұстап тұру ниеті жөнінде хабарлайды.

ҚНИ-ға арналған қағидаттар бұрын қолданылған халықаралық стандарттарды, оның ішінде Жүйелік маңызды төлем жүйелері үшін негізгі қағидаттарды (2001), Бағалы қағаздар жөніндегі есеп айырысу жүйелеріне арналған ұсынымдарды (2001) және Орталық Қарсы агенттер үшін ұсынымдарды (2004) алмастырды. Бұл ретте бағалануға тиіс ҚНИ-ға төлем жүйелері (PS), бағалы қағаздар жөніндегі есеп айырысу жүйелері (SSS), бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (CSD), орталық қарсы агенттер (CCPs) және сауда репозиторийі (TR) жатады.

Құжат ағылшын тілінде ұсынылды (Committee on Payment and Settlement Systems «Principles for Financial Market Infrastructures», April 2012) және Халықаралық есеп айырысу банкінің сайтында қолжетімді (http://www.bis.org/cpmi/publ/d101a.pdf). Сонымен қатар бағалау жүргізу мақсатында «Ақпаратты жария ету құрылымы және бағалау әдіснамасы» құжаты пайдаланылады, ол да Халықаралық есеп айырысу банкінің сайтында (http://www.bis.org/cpmi/publ/d106.pdf) қолжетімді. Құжаттардың ресми емес аудармасы қоса беріліп отыр.

Жоғарыда көрсетілген стандарттарға сәйкес ҚНИ-ға арналған Қағидаттарды сақтауға елдерді бағалаудың мынадай кезеңдері бөлінген: қағидаттарды ұлттық деңгейде сақтауға өзін-өзі бағалауды жүргізу, сондай-ақ бағалау нәтижелерін одан әрі жариялай отырып халықаралық қаржы ұйымдарының (ХВҚ және Дүниежүзілік банк) елдердің сыртқы бағалауын жүргізуі.

Ұлттық Банк ҚНИ-ға арналған Қағидаттарды Қазақстан қаржы нарығының инфрақұрылымдарына ендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге кірісіп кетті. Бұл жұмыстың шеңберінде Ұлттық Банк «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-мен, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-пен бірлесіп 2014 жылы мынадай ҚНИ-дың өзін-өзі бағалауын жүргізуді аяқтады:

- төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі – RTGS жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі), олардың операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылады;

- валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысу жүйесі, SSS және CCPs - Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ;

- бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (CSD) және сауда репозиторийі (TR) - «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ.

«Төлем жүйелері» компоненті бойынша жүргізілген өзін-өзі бағалаудың нәтижелері жақын арада Ұлттық Банктің ресми сайтында орналастырылады.

Нормативтік құқықтық базаға қажетті өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелеріне олардың «Қаржы нарығының инфрақұрылымдарына арналған қағидаттарға» сәйкес келу мәніне талаптар қоюды және төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) шеңберінде көрсетілген сәйкестіктің дәрежесін бағалауды кезең-кезеңімен бастауды болжайды.



Қосымша: «Қаржы нарығының инфрақұрылымдарына арналған қағидаттар» және «Ақпаратты жария ету құрылымы және бағалау әдіснамасы» құжаттары.





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет