Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу



Дата24.04.2018
өлшемі36.27 Kb.


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығымен бекітілген

20____жылғы «___» ________

№ ___

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу

Ережесі

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілеріне бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу Ережесі (бұдан әрі – Ереже) келісім шарт әскери қызметшілеріне бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.

2. Өтемақы әскери қызметшілердің тамақтанумен қатысты шығынның орнын толтыру мақсатында төленеді. Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» Заңының 44 бабы 7 тармағына сәйкес әскери қызметшілер мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

Келісім шарт әскери қызметшімен тәулікақы алған жағдайында өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

3. Өтемақыны төлеу мемлекет органын ұстауға қарастырылған республикалық бюджет құралдары есебінен жүргізіледі.

4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери бөлімдер (бөлімшелер) тізімі (бұдан әрі – Тізім) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген формаға сәйкес қалыптастырылады:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі үшін (бұдан әрі – Шекара қызметі) – Шекара қызметі Тыл бас басқармасының азық-түлік және жем-шөппен қамтамасыз ету бөлімімен;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери-техникалық қамтамасыз ету департаментінің 6 қызметімен.

Тізім Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік бойынша орынбасарларымен бекітіледі, мемлекеттік мекемелеріне өтемақы төлейтін келер жылдың алдындағы 20 желтоқсаннан кешіктірмей жіберіледі.

5. Ақшалай өтемақыны төлеуге келісім шарт бойынша әскери қызметші қызметін өткеріп жатқан мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негіз бола алады. Бұйрықта әр келісім шарт бойынша әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.

6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін, келісім шарт әскери қызметшісі әр есеп айынан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері қызметін өткеретін мемлекеттік мекеменің басшысы атына баянат береді. Баянатқа келісім шарт бойынша әскери қызметшімен әскери қызмет міндеттемелерін орындалу барысында оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиістілігін дәлелдейтін саптық бөлімі бойынша бұйрықтардың және Шекара қызметі кітабының үзінділері (Шекара қызметінің келісім шарт бойынша әскери қызметшілерге) қоса тіркеледі.

7. Өтемақыны төлеу негізділігін тексеру мемлекеттік мекеменің қаржы бөлімшесімен жүзеге асырылады.

8. Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша мемлекеттік мекеме басшысы бұйрығының жобасы дайындалады:

1) Шекара қызметінде – құрылымдар мен әскери бөлімдердің тыл бөлімшелерімен;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – бөлімшелердің кадрлар аппаратымен.

9. Өтемақының әр айға көлемі, келісім шарт әскери қызметшінің мемлекеттік мекеме есебінен тамақтануға тиісті тәулігін, Тізімде көрсетілген, тиісті қаржылық жылға Республикалық бюджеттік комиссиямен бекітілген, жалпыәскери үлес құнына көбейту арқылы анықталады.

10. Өтемақы қызметін өткеру орыны бойынша, ақшалай үлес төлеумен бірге, ағымдағы айда өткен айға төлеумен жүзеге асырылады.

11. Өтемақы, алушылардың әскери қызметін өткеру орындары бойынша банктік операциялардың жекелеген түрін көрсетуге лицензиялары бар мекемелерде ашылған ағымдық счеттарына аударылады.

12. Келісім шарт әскери қызметшінің бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне қызмет бойынша ауысу жағдайында, әскери қызметін өткеруге жаңа орынға кету айында, өтемқы бұрынғы әскери қызметін өткерген орнында төленеді.

_______________________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпыәскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу Ережесіне

Қосымша


Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери бөлімдер (бөлімшелер)

Тізімі


р/с

Әскери бөлім атауы

Бөлімше

атауы

Тәулікке бір әскери қызметшіге жалпыәскери үлестің құны

(тенге)


Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмеу мерзімі































Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Қазақстан республикасының заңы шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
user documents -> Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу ҚАҒидалары
user documents -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
user documents -> Мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар
user documents -> Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
user documents -> Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет