Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясына бекітуге ұсынылатын материалдарды (терминдерді, сөз тіркестерін) ресімдеу кестесі



Дата25.06.2017
өлшемі268.28 Kb.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясына бекітуге ұсынылатын материалдарды (терминдерді, сөз тіркестерін) ресімдеу кестесі


Терминдер (медициналық терминдер)

р/с



Орыс тілінде

Қазақ тілінде

Терминнің анықтамасы

(дефинициясы), түпнұсқалық жазылуы мен түпнұсқалық тілде беретін мағыналары



аденотом

безтілгі

жұтқыншақ бадамшаларын (аденоидтарды) алуға арналған сақина тәрізді пышақ



аккомодация

көзикем

бейімделуді (адаптация) қараңыз



акроцефалия

сопақбас






аллотрансплантат

бөтен қондырым






амимия

ымсыздық

мимиканың жоқ болуы; мысалы, бет нервтерінің зақымдалуы кезінде, паркинсонизм кезінде байқалады



анабиоз

шалажансар

1. бейімделу реакциясы, сыртқы тіршілік белгілері болмаған кезде өмір сүруін қайтымды тоқтату; төменгі сатыдағы жануарларда бейімделу реакциясы түрінде көрінеді; 2. белсенділігінің уақытша төмендеуі, адамның белгілі бір қызметінің тоқтауы



агония

жанталас

ОНЖ-сі қызметінің терең бұзылысымен, әсіресе ми сыңары қыртысымен қоса аралық ми орталықтарының қозуымен жүретін, ағзаның өмірлік маңызды қызметтерінің тоқтауына қарсы бағытталған клиникалық өлім алды кезеңі



анамнез

сыртартқы

мед. тексерілу кезінде зерттелуші адамды немесе оны білетін адамдарды сұрастыру жолымен алынатын мәліметтер жиынтығы



анасарка

күпсек

әртүрлі аурулар кезіндегі ісіну айқындығының ең ауыр дәрежесі, теріасты шелмай қабатының жайылмалы ісінуі



ангиограмма

тамыржазба

ангиография өткізген кездегі қантамырдың рентгенограммасы



андрофилия

еркекжандылық






анестезия

сезімсіздендіру

1. сезімталдықтың болмауы (тактилды, температуралық, ауру және т.б.) ; 2. ауру кезінде дәрі-дәрімектермен тежеу нәтижесінде сезімталдықты басу



анкилоз

шорбуын

ятрогенді факторлардың, қабынудың, дегенеративті үрдістердің әсерінен жарақат алған уақытта буын қозғалысының нашарлауы немесе толық болмауы, нәтижесінде буын айналасында шеміршекті, фиброзды немесе сүйек тіндерінің дамуы. Сирек жағдайда туа біткен анкилоз кездеседі



антидот

у қайтарғы

этиотропты потогенетикалық немесе симптоматикалық фармакотерапия кезінде бір умен уланғанда өмірлік маңызы бар ағзалардың бұзылуынан сақтайтын, уға қарсы, арнайы дәрілік зат. Синонимі: уды қайтарғыш




антитоксин

уыт қайтарғы

токсиндерге спецификалық әсер беретін АД, ағзаға түсіп токсикалық қасиетін бейтараптайды, IgG класына жатады, гангрена, дифтирия кезінде таралады



атрезия

атрезия, бітеуөзек

табиғи тесіктің немесе өзектің болмауы. Синонимі: бітісу



бляшка

түйіндақ

1. дерматологияда — папулалардың қосылуы нәтижесінде пайда болған ірі жалпақ ошақ. 2. микробиологияда — боялған тірі жасушалармен салыстырғанда, өлі жасушалардың орнында пайда болған ашық дақтар. Синонимі: негативті колония. 3. анатомиялық құрылымдар ішіндегі немесе сыртындағы патологиялық түзілістер (мыс., атеросклероздық т.)



ванна

шомылғы

Жуынуға арналған бөлмеге орналастырылатын құрал



визуальный

көзкөрім

Көзбен көру



возраст зрелый

кемел шақ

Кемелденген жас, кемел жас



пульс

тамыр соғуы

Тамыр соғуы



гербицид

арам шөп жойғы

(лат. Herba – шөп және caedo - өлтіремін) – арамшөптерді және қажетсіз өсімдіктерді құрту немесе ішінара жою үшін қолданылатын химиялық заттар



гиперакузия

саққұлақ

барлық дыбысты жанға жайсыз қатты есту; бет нервінің бет өзегінде (фаллопиев) үзеңгі нерві шыққанған дейінгі бөлігінің зақымдануынан үзеңгі бұлшықетінің салдануымен негізделеді



гистотоксический

тінуыттық






головка

шоқпарбас

1. ағзалардың немесе басқа да анатомиялық құрылымдардың жоғарғы, алдыңғы немесе үлкен шеттері. 2. қаңқаның аз қозғалмалы бөлігіне бекитін бұлшықеттің соңғы бөлімі. 3. деліткі немесе жыныс мүшесі сияқты құрылымдардың конус тәрізді шеттері. 4. сүйектің дөңестенген буындық шеті



околощитовидная железа

қалқансерікбез






Грибковое заболевание

Микоз ауруы

Микоз, грибок ауруы, микоз ауруы, саңырауқұлақтан болған ауру



дерма

нақтері, тері






дерматоглифика

саусақбедер






детская молочная кухня

балалар сүтханасы






диетолог

емдәм дәрігері






душ

себезгі

адам ағзасына әртүрлі температурасы, қысымы бар сумен әсер етуге негізделген, арнайы емдік немесе гигиеналық емшара үдерісі



наружный женский половой орган

әурет






затек гнойный

ақпа ірің






зев

есін

ауыз қуысының жұтқыншақпен байланысатын артқы тарылған бөлігі; а. жоғарынан — жұмсақ таңдайдың артқы жиегімен, бүйірлерінен — таңдай-жұтқыншақтық және таңдай-тіл доғашықтарымен, төменінен — тіл түбірінің жоғарғы бетімен шектелген




ингредиент

құрам

дәрілік және басқа да препарат өндірісінде қолданылатын және дәрілік құралдар өндірісінде қолданғанда оның белсенді ингридиенті болатын кез келген зат ( немесе заттардың қосындысы). Бұндай заттар аурудың



инсектицид

жәндікжойғы

(лат.insectum –жәндік және caedo – өлтіремін) – зиянды жәндіктерді құртуға арналған улыхимикаттар



капельница

тамызғы

дәрілік құралды,реактивті немесе басқа сұйықтықты тамшы саны бойынша өлшеуге арналған құрал. Т. Флаконмен бірге жасалады немесе оған қоса беріледі



конституция

денебітім






лицензия

рұқсатнама






лучевая болезнь

сәулесоққы ауруы

1. организмнің сыртқы немесе ішкі зиянды ықпалдар әсерінен дамитын және қоршаған ортаға бейімделудің шектелуінен өмір сүру қабілетінің төмендеуімен сипатталатын жағдайы. Синонимі: дерт 2. нақты бір нозологиялық бірліктің жалпы атауы



макростомия

жайынауыз

даму ақауы: туа пайда болған кең ауыз қуысы



маркер

таңба






маска

бетперде

1. бет терісінің түсін өзгеруін шақыратын кез-келген ауру. 2. кейбір ауру кезінде кездесетін беттің өзгеріссіз қалыпы. 3. антисептика сақталуын қамтамасыз ететін ауыз бен мұрынға арналған құрылғы. 4. ингаляциялық анестетиктерді немесе басқа газдарды енгізу кезінде қолданылатын ауыз бен мұрынды жабатын құрылғы



мегалоцефалия

қазанбас

бассүйектің шамадан тыс үлкеюі, жиі бас миының үлкеюінен болады (макроэнцефалия)



микростомия

оймақауыз

ауыз қуысының туа немесе жүре пайда болған тарылуы Û микростома



миотом

бұлшықеттілгіш

сомиттің ортаңғы бөлігіндегі дерматом мен склератом арасында орналасқан жасушалар қабаты; м. қаңқа бұлшықеттері дамиды Û миомер Û бұлшықеттік табақша Û бұлшықеттік сегмент



моча

несеп

гемостаз үрдісін реттеу қызметін атқару кезінде бүйректе түзілетін биол. сұйықтық, ол ағзадан несеп жолдары арқылы шығарылады. Несептің мөлшері, құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері ағзаның жасушасыртылық сұйықтығының көлемі мен құрамына тәуелді



нерв

жүйке






обезболивание

ауырсынуды басу






облучение

сәулесоққы

анықтау немесе емдік мақсатта организмге сәулемен әсер ету



органопластика

ағзажамау

жарақат немесе салдану нәтижесінде қызметі жойылған ағзалардың қызметі және формасын қалпына келтіруге бағытталған пластикалық операция



отхаркивающие средства

қақыртқы дәрі-дәрмектер

Тыныс жолдарынан қақырықтың түсуіне ықпал ететін заттар. Осы заттардың қақырық түсіретін әсері секрет бөлу мен қимыл функциясының тыныс жолындағы қабыну өнімдері мен микробтарын қоздырып, ықпал етуіне байланысты; бронх безінің секреті кілегей қабықты жауып, оның тітіркендіргіш факторларға сезімтардығын бәсеңдетеді, сол арқылы тыныс алу жолындағы қабыну үрдісінің барысын жеңілдетеді



пипетка

тамызғыш

1. шыны түтік, бір шеті жіңішкерген, сұйықтықтарды тамшымен есептеуге арналған 2. градуирленген (мл-мен) түтік лабораториялық жұмыста газдың немесе сұйықтықтың белгілі бір мөлшерін алу үшін қолданылады



патологии ятрогенные

емқателік дерттер






доля

үлес

1. дөңгеленген шығыңқы бөлік. 2. ағзаның немесе дене бөлігінің жүлгемен, дәнекертінмен, қалқамен немесе басқа да құрылымдармен шектелген құрылымдық бөлігі. 3. бездің немесе құрылысы безді ағзаның үлкен құрылымдық бөлігі



повязка крестообразная

айқышты таңғыш






потенциал

қарым, әлеует

физикада өрістердің күштік әсерін сипаттайтын және оның жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын ұғым



потенция

күш-қуат

Нақты бір әрекетті толық аяқтау қабілеті (ер адамға қатысты)



предплюсна

тілерсек

проксималды жағынан — сирақ-аяқ ұшы сызығымен; дисталды жағынан - табан-бақайшақ буындарының сызығымен шектелген аяқ бөлігі. Жеті сүйектен құралған: өкшелік, асықты сүйек, ладьялық, үш сынатәрізді және текше тәрізді



надколенник

тобық

тізе тобығының төменгі жіңішкерген бөлігі



лодыжка

толарсақ

сирақ-асық буынының екі жағындағы дөңгелек сүйекті томпақ; латералды және медиалды т. ажыратады



растерянность

абыржу






ревматизм

құздама






респиратор

демперде

1. темекі түтінінен, шаң және т.б., ирританттар әсерінен немесе ауаның қандай-да басқа жағымсыз өзгерістерден қорғау үшін қолданылатын ауызға және мұрынға тағылатын құрылғы 2. әсіресе ұзақ ӨЖЖ жүргізу үшін аппарат (мысалы, тыныстың салдануында немесе адекватты емес спонтанды вентиляция кезінде)



реакция

серпіліс, реакция






сакрализация

сегізкөздену






свеча

тығындәрі

Суппозиторий - бөлме температурасында қатты, бірақ дене температурасында балқитын немесе еритін, мөлшерленген дәрілік қалып. С. дене қуыстарына енгізу үшін қолданылады, генеризацияланған (шырышты қабықтан сорылғандықтан) немесе жергілікті әсер бар  Свеча



скарификация

екпесызат

тін бетіне ұсақ тілмелер (сызықтар) жасау, мыс., тері үстілік вакцинация



смог

түтінтұман






реинфекция

қайтажұқпа

инфекциялық аурумен науқастану негізінде не жазылған соң сол ауру қоздырғышымен қайта зарарлану  қайталама инфекция



сосок

емшекұш

сүт безі бүртігі — сүт безі бетінде конус немесе цилиндр формалы пигиенттелген томпақ бүртік томпағының ұшында сүт өтеді, ер адамдарда сүт безі томпағы жетілмейді  кеуделік бүртік



спирометр

демөлшегіш

тыныс алудың жылдамдық және көлемдік көрсеткіштерін өлшеуге арналған құрылғы  пневмотахометр  спирограф (ескі)



ссадина

сыдырылу

белгілі бір кедір-бұдырлы беткейіне үйкелудің нәтижесінде (мыс: құлау кезінде) пайда болатын жарақат



стереотип динамический

өзгермелі дағды






стереотиптик

дағдылық






стресс

стресс, күйзеліс

ауыр немесе дерттік тітіркендіргіштер әсерінен пайда болатын, адаптациялық синдроммен сипатталатын организм ребелсенділігінің ширығу жағдайы



стимуляция

ынталандыру

активация

1. ЭЭГ-да — ЭЭГ-ң патологиялық немесе физиологиялық белсенділігін шақыруға немесе арттыруға арналған кез-келген процедура; 2. ЭЭГ-да — физиологиялық немесе басқа стимулдардың төмен амплитудалық жоғары жиіліктік белсенділіктің пайда болуымен ЭЭГ ырғақтарының төмендеу немесе жоғалу феномені. Синонимі: құлыптаушы белсенділік; 3. онкологияда — концерогенмен ісіктік индукцияның бірінші сатысы, концерогенді агенттердің әсерінен жасушалардың болмашы зақымдануы, ол кезде жасушалар промотордың ұзақ кезекті әсерінен ісік түзуге дайын тұрады (промоция). Синонимі: иницация; 4. организмнің бөлек жүйесінің, ағзасының немесе тінінің ,кейде тіпті бүкіл организмнің өзгерісіне әкелетін тітіркену. Синонимі: ынталандыру



суперинфекция

асқын жұқпа (аса инфекция, үстеме жұқпа)

1. тері мен шырышты қабықтардың қалыпты микрофлорасының өлімге ұшырап, орнына шартты патогенді не патогенді микроорганизмдердің көбеюі, олар қолданылған микробқа қарсы препараттарға төзімділік танытады 2. бұрын бар инфекцияға жаңасы қосылуы, этиологиялары бірдей болуы тиіс; жұқпалы ауру толық аяқталмай тұрғанда қайтадан зарарлану



сфинктер

қысқыш

Қандай да бір өтісті немесе қуысты ағзаны қысатын дөңгелек бұлшықет



танатология

өлімтану






тахикардия

жүрекқағу

ЖСЖ жоғарылауы (1 мин 100 артық)



телосложение

денебітім

Адам денесінің құрылымының пішінінің ұзындығының және басқа да дене ағзалерінің сәйкестігі  хабитус



туловище

дене, тұлға

бас пен мойыннан және аяқ бөлімдерінен басқа адамның дене бөліктері  торс



шприц

дәрісалғы, піспе, пісек

сұйықтықты енгізуге немесе соруға арналған поршені бар цилиндр тәрізді құрал. Негізінен шприц арқылы тіндерге әр түрлі ерітінділерді енгізу үшін қолданылады



инекция (укол)

дәрісалу






фонд заповедника

қорыққор






фотофобы

жарықтан қорқатындар






цикл

оралым






цикличность

оралымдық






циркуляция

айналым






экскурсия

танымжорық, экскурсия






энграмма

ізжазба






эпизоотия

жануаріндет






энзимология

ферменттану






эрекция

қозу

жыныстық қатынасты орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, жыныстық қозу кезінде жыныс ағзасының үңгірлі денесінің қанмен толып созылуымен негізделген, жыныс ағзасінің серпімділігі бірден жоғарылап, көлемінің ұлғаюы



вагина

қынап

Әйелдің жыныс мүшесі



вариация

түрлену






веретено мышечное

бұлшықет ұршығы






взвешивание

салмақтау

денелердің (өлшеу нысаналарының) салмағын таразылар көмегімен олардың ауырлық күшін белгілі массаның ауырлық күшімен – гирлермен – салыстыру арқылы анықтау



воронка

құйғы

1. құйғыш пішінді анатомиялық құрылым. 2. бүйрек тостағаншасының бүйрек түбекшесіне бағытталған кеңейген жері. 3. бронхиолалардың өкпе алвеоласына өтетін аймағындағы соңғы бөлігі. 4. ұлу өзекшесінің ұлу негізіндегі ішкі тесігі аймағындағы соңғы бөлігі. 5. гипоталамус негізіндегі көру қиылысының артында, III қарыншаның құйғыштәрізді ұңғылына жақын орналасқан құйғыштәрізді тақ шодыр; төмен қарай гипофиз аяқшасына жалғасады



выделение

шығарылым

экстракцияны қараңыз:

1. әсер етуші ДЗ бастамасын сумен, спиртпен немесе басқа ерітінділермен сорындылау арқылы алады 2. аластату (мысалы альвеолдағы тісті) 3. босануда көмек ретінде босану жолдарынан ұрықты шығарып алу 4. ДЗ белсенді бөлігі 5. адамденесінен шығарып алу операциясы, қандай да болмасын ағзані немесе бөгде денені бөлшектеп кеспей немесе көрші тіндерден үлкен аралықтағыны кесіп тастау 6.затты бөлу (мысалы дәрілік немесе биологиялық белсенділерді), зат қоспаларынан (мысалы дәрілік шикізаттан, дене тіндерінен) сұйық еріткіштің көмегімен затты сорындылау  экстракциялау  бөлу



геморрагия

қанау

қан жасауды қараңыз



гемостаз

қан тоқтату

1. патологияда — ағза немес тін бөліктері тамырларында қан ағуының тоқтауы. Синонимі: қандық стаз. 2. хирургияда — қанау кезінде оны тоқтатуға бағытталған емдік шаралардың жалпы атауы. Синонимі: қан кетуді тоқтату




гигиена

тазалық

адам денсаулығын және ұзақ өмір сүру үшін арнайы оптималды жағдаймен қамтамасыз ету үшін, арнайы профилактикалық шараларды ұйымдастыратын, сонымен қатар адам денсаулығына өмір сүру салтының әсерін зерттейтін медициналық ғылым; зерттеу аймағына байланысты г. бірнеше саласы бар (ауруханалық, әскери, жеке, радиациондық және т.б.)



гигиена личная

жеке бас тазалығы






гидремия

қансұйылу

қан көлемінің нәруыз концентрациясының төмендеуімен немесе оған байланыссыз, плазма көлемінің жоғарлауына байланысты жоғарлауы



гимнастика лечебная

емдік жаттығу






гиперсаливация

сілекей шұбыру

сілекей бөлінудің жоғарылауы. Синонимі: птиализм; сиалорея



гипертермия

асқынқызу

сырттан жылудың артық түсуінен немесе жылудық сыртқа шығарылуы жеткіліксіздігінен дене температурасының жоғарылауымен көрінетін организмнің жағдайы. МКБ: R50.9. Синонимі: организмнің ысуы; пирексия  қызба



гипокинезия

аз қимылдық

қимылдың көлемі мен жылдамдығының бұзылуы; экстропирамидалық жүйенің кейбір зақымдануларында байқалады



гипотрафия

көлем кішіреюі






гистология

тінтану

организм жасушалары, тіндері және ағзалары жасушаларының микроскоптық құрылысы туралы анатомияның бөлімі



грудная клетка

кеудетор






движение сопутствующее

ілеспе қимыл






двуполость

қосжыныс






дезинфекция

залалсыздандыру

қоршаған ортадағы инфекциялық аурулар қоздырғыштарын жою




декапитация

бассыздандыру

нәресте басын кеудеден механикалық жолмен бөлу



деструктор

ыдыратқыш






деструкция

құрылымсыздану

патоморфологияда — тіндік, жасушалық және жасушаішілік құрылымдардың бұзылысы



детерминантность

айқындаушылық






декортикация

қыртыссыздандыру

декортикация лёгкого   өкпенің декортикациясы,    плеврэктомияны қараңыз




деформация

пішінсіздену

пішіні мен өлшемдерінің қалыптымен салыстырғанда өзгерісі



диафиз

жілікдене

түтікті сүйектің ортаңғы бөлігі; сүйек кемігі орналасатын қуысы болады




диморфизм

қоспішінділік






дренаж

кәріз, дренаж

жаралардан және ағза қуыстарынан инфецирленген сұйықтықтар мен некротикалық тіндердің шығуын қамтамасыз ететін полимерлі синтетикалық материалдан жасалған бір немесе бірнеше түтік. Бұл түтік арқылы қуыстарды жуу және дәрілік заттарды енгізуге болады



идентификация

ұқсастыру, идентификация

1. кибернетикада — қандай-да жүйенің, оның қызметінің нәтижесіне қарай математикалық моделін құру; и. әдістері мыс., ЭКГ-ны автоматты талдауда қолданылады. 2. психиатрияда — науқастың өз тұлғасын өзге, жиі ата-анасының бірімен теңестірудің санаға бағынбайтын үрдісі; термин жиі психоанализде қолданылады



индурация

тығыздану

қандайда бір дерттік үрдістер нәтижесінде ағзаның немесе оның бір бөлігінің тығыздалуы



интеграция

кіріктіру






рак

карцинома

карцинома - дененің әр бөлігіндегі қатерлі эпителиалды ісік көптеген түрлерінің кез-келгені; жиі екі жыныста да теріде, тоқ ішекте, ер адамдарда өкпе мен қуықасты безінде, әйел адамдарда жатыр мен сүт безінде кездеседі. Синонимі: қатерлі ісік



канцероген

ісікқоздырғыш, канцероген

көпдеңгейлі және бір-бірімен байланысты келетін онкогендер мен супрессор гендердің арасындағы өзгерістер; ісік ауруына әкеледі



кахексия

көтерем

организм арықтауының тез жүдеумен, физ. әлсіздікпен, физиолог. қызметтерінің төмендеуімен, астениялық, кейін селқостық симптомдарымен сипатталатын ауыр деңгейі; тамақтану жеткіліксіздігімен, иондағыш сәулелер әсерімен және қатерлі ісікпен негізделеді



классификация

жіктеме

топ және классқа бөлініп жүйелену



клитор

деліткі

әйелдің кіші жыныс ернеулерінің жоғарғы шетінде орналасқан, жоғарынан — үрпімен, төменінен — д. жүгеншігімен шектелген сыртқы жыныс мүшесі; жұп үңгірлі денеден түзілген денесінен, басынан және аяқшалардан тұрады; еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің гомологы болып табылады



окуляр

көздік

вегетативтік р.: екінші көздің гипертензиясында, қандай да бір шарттыланған тітіркендіргішпен әсер еткенде, зерттелмеген көздің ішкі қан қысымының жоғарылауы



мочевина

несепзәр

көптеген омыртқалы жануарларда ақуыз алмасуының негізгі соңғы өнімі, бауырда синтезделіп несеппен бөлінеді; көмір қышқылының толық амидіне жатады Û көмір қышқылының диамиді Û карбамид Û карбониламид



оссификация

сүйектену

сүйек тінінің қалыптасу кезіндегі минералды тұздардың, оның ішіндегі ең негізгі кальций тұздарының сүйектің аралық затына көшіп сіңуі  сүйектену



остеология

сүйектану






остеомаляция

сүйекжұмсару

минерализациясының бұзылысы нәтижесінде сүйектердің біртіндеп, ауырып жұмсаруымен сипатталатын ауру



отцветание

гүлсіздену






эпидемиялогия

індеттану






карантин

карантин

(quarantine) – шикізат, көмекші орамдаушы, таңбалаушы материалдардың, жартылау өнімдер мен дайын өнімдердің сақталуы жекелендірілген немесе қандай да бір эффективті әдіспен олардың қолданылуынемесе сатылуына,жарамсыздығы немесе қайта өңделуіне рұқсат етілгенше берілетін статус



авария

апат






эпидемия

індет

ұжымда немесе аймақта аурудың немесе денсаулыққа байланысты бір өзгерістің қалыптан тыс жиілеп кетуі. Аурудың эпидемиялық болуы сол аймақтағы популяцияға, жыл мезгіліне байланысты қалыпты жағдайдағы аурулардың жиілігімен салыстырылады  аурушаңдықтың жоғарылауы




память

жад

оқиғаларды, құбылыстарды, өткен шақ тәжірибелерін фиксациялау (есте сақтау), сақтау және қайта жандандыруды қамтамасыз ететін интегративті психикалық процесс



трахея

кеңірдек

тыныс алу жолының бөлімі, көмей мен бронхтар арасында орналасқан, шеміршек жарты сақинасынан тұрады, сақина тәрізді байламдармен байланысқан, іші шырыштылі қабықшамен қапталған  тыныс алқымы



бронх

бронх






дизентерия

сатқақ (қантышқақ)

адамдарда дизентерия қоздыратын, Shigella туыстастығына жататын б. жалпы атауы; дизентерия қоздырғыштарының бірнеше түрі бар (Зоне, Флекснер, Штуцер–Шмитц б.). Синонимі: дизентериялық таяқша




лучевая боль

сәулесоқ ауру






фактор

себепшарт






импульс

серпін

импульс физиологияда — жасуша мембранасының биоэлектрлік құбылыстарымен байланысты (әрекет потенциасымен) қозу процесі



генетика

тектану






субъект

тұлға






объективный

айғақты






тампонада

тығындалыс

1. жарақат немесе қуысты тампондармен, басқа тіндермен немесе кейбір биопрепараттармен бітеу, қан тоқтату, іріңді ағызу, кеміс жерді толтыру үшін жасалады  пломбылау  тампондау 2. жүректің сыртынан қанмен немесе экссудатпен жаншылуы, бұл жүректің әлсіреуіне және гемодинамикалық бұзылыстарға әкеледі




тропность

үйірлік

вируленттілік факторы, хромасомалық және плазмидалық гендермен байқалады, микроорганизімдердің макроорганизм жасушаларына талғамды адсорбциялануы қабілеті, бұл бактериялық жасушаның құрлымы есебінен атқарылады



критеческая масса

шектімежелік масса






тонус

межеқуат






кретинизм

меңіреулік

жатырішілік даму мен ерте балалық кезеңдерде қалқанша безінің оқыс жеткіліксіздігі нәтижесінде физикалық және ақыл-ой дамуының айқын кешеуілдеуі; неврологиялық к. физикалық және ақыл-ой дамуының кешеуілдеуімен қатар, есту қабілетінің төмендеуімен, мылқаулықпен, қылилықпен, шала салданумен сипатталады. МКБ: E00.9 Синонимдері: Фагге ауруы; туа біткен гипотиреоз; туа біткен микседема



полулунный

жарты айшық

қақпақша тәрізді дөңестене орналасқан үш жартыайтәрізді сегменттердің бірі, қолқаның жүректен шығатын жерінде қанның кері ағуына тосқауыл болады



болезнотворный, патогенный

ауру-туындатқыш, патогенді






инкубационный период

жасырын кезең






эфир

әтір




  1. .

ингибитор

бәсеңсіткіш

(лат. inhibeo, inhibitum – бөгеу, тоқтату) – химиялық процестерді басатын, тежейтін заттар



ингибировать

бәсеңсіну






склероз

беріш






склерозирование

беріштену






повреждение

зақымдану

медицинада әдетте, сыртқы орта ықпалдарының әсерінен денсаулықтың кез-келген бұзылысы



повреждающий

зақымдағыш






женская грудь

емшек

Әйел омырауы



диффузный

жайылмалы






маникально-депрессивный

желікпелік-тұнжыраулық






прямая кишка

тік ішек






контагиозность

жұқпалылық

инфекциялық аурудың ауру адам мен жануардан сау адамға берілу қасиеті, яғни контагиоздық қасиеттің болуы. Синонимдері: жұқпалы; берілуге бейімділік



мобилизация

жұмылдыру, мобилизация

1. қазіргі уақытқа дейін тыныштықта болған үрдістерді физиол. белсенділікке әкелетін жағдай 2. қозғалысқа әкелу; буындардың қозғалыс қабілетін қалпына келтіру




иннервация

жүйкелену, нервтену






денервация

жүйкесіздену, нерв кесу






локализованный

Жинақталған, жүйеленген орналасу

локализованный  -тик локализованный — денедегі белгілі бір шектелген аймағын қамтиды. Мыс.: бет, мойын

шектелген спазм — бір бұлшық етте немесе бұлшық еттер тобында қайталап пайда болатын қатты жиырылу




Аңдатпа: ұсыныс-тілектеріңізді, терминдер сөздердің баламасына қатысты пікірлеріңізді төмендегі мекенжайға жіберуіңізге болады: Төле би 81, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Терминологиялық комиссия, 135 кабинет, байланыс телефондары: 8 727 338 70 59, 8 701 410 29 76, 8 701 379 09 09, e-mail: toleeva.nazym@mail.ru.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет