Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 Қаулысы



жүктеу 151.08 Kb.
Дата29.05.2017
өлшемі151.08 Kb.

Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса беріліп отырған:
      1) қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі;
      2) Профилактикалық егу жүргізу ережесі;
      3) халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) егу жүргізу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес халықтың профилактикалық егу алуын;
      2) медициналық ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 216-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 515-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 19-құжат).
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   


Үкіметінің         
2009 жылғы 30 желтоқсандағы 
№ 2295 қаулысымен      
бекітілген        

Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі


      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
      құтырма
      іш сүзегі
      көктемгі-жазғы кене энцефалиті
      «В» вирусты гепатиті
      b типті гемофильдік инфекция
      дифтерия
      көкжөтел
      қызылша
      қызамық
      полиомиелит
      сіреспе
      туберкулез
      оба
      эпидемиялық паротит
      дизентерия
      сальмонеллез
      пневмококк инфекциясы.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.29 N 663 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мынадай инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:
      «А» вирусты гепатиті;
      тұмау;
      күйдіргі;
      туляремия.

Қазақстан Республикасы    


Үкіметінің        
2009 жылғы 30 желтоқсандағы  
№ 2295 қаулысымен      
бекітілген        

Халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтары


      Инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егулерге халықтың мынадай топтары жатады:
      1) профилактикалық егулер жүргізу белгіленген мерзімдерге сәйкес жасы бойынша адамдар;
      2) инфекциялық аурулардың (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық;
      3) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер топтарына жататын адамдар:
      медицина қызметкерлері («В» вирусты гепатиті, тұмау);
      кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері (іш сүзегі);
      4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар: 
      құйылған адамдар («В» вирусты гепатиті);
      медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);
      5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті (тұмау);
      6) кез келген жануардың тістеуіне, сілекейлеуіне ұшыраған адамдар (құтырма);
      7) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылып зақымданған адамдар (сіреспе);
      8) эпидемиологиялық айғақтар бойынша вакцинациялау жүргізілетін инфекциялық аурушаңдық деңгейі жоғары өңірлерде тұратын адамдар («А» вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит).

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің       
2009 жылғы 30 желтоқсандағы 
№ 2295 қаулысымен     
бекітілген      

Профилактикалық егу жүргізу ережесі


      1. Осы Профилактикалық егу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және профилактикалық егулер жүргізу тәртібін анықтайды
      2. Профилактикалық егулерді алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, ересектерге және (немесе) балаларға консультативтік-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар болған жағдайда заңды тұлғалар жүргізеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.29 N 663 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Профилактикалық егулер осы Ережеге қосымшада белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
      4. Жоғары және орта медициналық білімі бар, егуді жүргізу техникасы ережелеріне, вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынулар дамыған жағдайда кезек күттірмейтін көмек тәсілдеріне оқытылған, егулерді жүргізуге рұқсаты бар адамдарға профилактикалық егулерді жүргізуге рұқсат етіледі. Рұқсатты жыл сайын медициналық ұйым жанынан арнайы құрылған профилактикалық егулер жүргізуге рұқсат беру жөніндегі комиссия береді.
      5. Профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыруды, профилактикалық егулерді жүргізетін мамандарды даярлауды медициналық ұйымдардың басшылары жүзеге асырады. Профилактикалық егулер медициналық ұйымдардың және (немесе) білім беру ұйымдарының арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде жүргізіледі.
      6. Профилактикалық егулер жүргізілетін үй-жайлар қолдануға арналған нұсқаулығы бар кезек күттірмейтін және шоққа қарсы терапия жиынтығымен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.
      7. Елді мекенде профилактикалық егулер жүргізу үшін жағдай болмаған кезде (медициналық ұйым, медицина қызметкері немесе вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтау үшін жағдайдың болмауы) профилактикалық егулерді тиісті жылжымалы егу бригадасы жүргізеді. 
      Жылжымалы егу бригадаларының жұмыс режимін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.
      8. Профилактикалық егулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген медициналық иммундық-биологиялық препараттар пайдаланылады.
      9. Профилактикалық егулер парентеральды - өздігінен жойылатын шприцтер арқылы және пероральды - ішке қабылдау арқылы жүргізіледі.
      10. Профилактикалық егулерді жүргізу алдында егілетін адамның медициналық құжатына профилактикалық егуді жүргізуге рұқсатты ресімдей отырып, егілетін адамды міндетті түрде дәрігер, ал ол болмаған кезде фельдшер тексеріп-қарауды жүргізеді. Дәрігер немесе фельдшер тексеріп қарағаннан және азаматтардан, кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарынан немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың басқа да заңды өкілдерінен профилактикалық егулер жүргізуге келісім алғаннан кейін егуге вакцинациялаудан кейінгі реакция пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді.
      11. Профилактикалық егулер жүргізу алдында медицина қызметкері вакцинаның және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың сапасын: ампуланың (сауыттың) бүтіндігін, жарамдылық мерзімін, таңбалануын, вакцинаның ерітіндіге және қоса берілген нұсқаулыққа сәйкестігін мұқият тексереді.
      12. Профилактикалық егулер жүргізу алдында дәрігер немесе фельдшер медициналық құжаттарды зерделеу жолымен анамнез деректерін жинауды, сондай-ақ профилактикалық егуге жататын адамнан, оның ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен деректерді анықтауды жүргізеді.
      13. Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамды медициналық зерттеп-қарау ол денсаулығының жай-күйінің нашарлауына шағымданған жағдайда және (немесе) аурудың объективті симптомдары бар болған кезде жүргізіледі.
      14. Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамға міндетті түрде термометрия жүргізіледі.
      15. Егілген адамдар вакцинациялаудан кейінгі реакциялар мен асқынулар пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшін өздері профилактикалық егулер алған медициналық ұйымда 30 минут бойы бақылауда болады. Профилактикалық егулерді жылжымалы егу бригадасы жүргізген жағдайда егілген адамдар егуді жүргізген медицина қызметкерінің бақылауында болады.
      16. Барлық жүргізілген профилактикалық егулерді медицина қызметкері есепке алуы және мына мәліметтерді қамтуы тиіс: препаратты енгізу күні, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге реакцияның сипаты, шығарушы ел. Аталған деректер медициналық құжаттардың есепке алу нысандарына енгізіледі:
      1) балаларда - профилактикалық егу картасы (063/у нысаны),  баланың даму тарихы (112/у нысаны), баланың медициналық картасы (026/у нысаны), амбулаториялық науқастың медициналық картасына жасөспірімге арналған қосымша парақ (025-1/у нысаны), жаңа туған нәрестенің профилактикалық егулерін есепке алу журналы(перзентхананың) - 064-1/у нысаны, вакциналардың қозғалысы журналы - 064-2/у нысаны;
      2) ересектерде - амбулаториялық науқастың медициналық картасы (025/у нысаны), профилактикалық егулерді есепке алу журналы (064/у нысаны).
      17. Профилактикалық егулер туралы мәліметтер нысанын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін егу паспортына енгізіледі.
      Есепке алу құжаттамасы мен егу паспортында профилактикалық егулерді жүргізу туралы жазбаның дұрыстығын және шынайылығын профилактикалық егулерді жүргізген медицина қызметкері қамтамасыз етеді.
      18. Вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізудегі реакциялар мен асқынулардың барлық жағдайлары осы Ереженің 16 және 17-тармақтарында көрсетілген медициналық құжаттардың есепке алу нысандарында тіркеледі.

Профилактикалық егу 


жүргізу ережесіне 
қосымша     

Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер жүргізу
мерзімдері


      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.06.2010 N 663 (қолданысқа енгізілу тәртібін2-тармақтан қараңыз); 12.02.2013 N 119 қаулыларымен.

      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар



Егілетін адамдарды жасы мен контингенті

Туберкулез (БЦЖ)

Полиомилит (ОПВ),(ИПВ)

«В» вирусты гепатит

Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС АбКДС)

b типті гемофильдік инфекция (Hib)

1

2

3

4

5

6

1) жасы бойынша
















1-4 күн

+




+







2 ай




+

+

+

+

3 ай




+




+

+

4 ай




+

+

+

+

12-15 ай




+










18 ай




+




+

+

6 жас (1-сынып)

+







+




16 жас және әрбір 10 жылдан кейін
















2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық
















3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
















медицина қызметкерлері







+







кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері
















4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
















қан құйылған адамдар







+







5) кез келген жануардың тістеуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар
















6) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтары тұтастығының бұзылып зақымданған адамдар
















7) эпидемиологиялық айғақтар бойынша
















кестенің жалғасы

Егілетін адамдарды жасы мен контингенті

дифтерия сіреспе (АДС-м)

Қызылша қызамық, паротит (ККП, моновакциналар)

Көктемгі-жазғы кене энцефалиті

Оба

Іш сүзегі

Құтырма

Пневмококк инфекциясы

1

9

10

11

12

13

14

15

1) жасы бойынша






















1-4 күн






















2 ай



















+

3 ай






















4 ай



















+

12-15 ай



















+

18 ай






















6 жас (1-сынып)






















16 жас және әрбір 10 жылдан кейін

+



















2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық







+

+










3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:






















медицина қызметкерлері






















кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері













+







4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:






















қан құйылған адамдар






















5) кез келген жануардың тістеуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар
















+




6) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтары тұтастығының бұзылып зақымданған адамдар

+



















7) эпидемиологиялық айғақтар бойынша




+
















      2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар

Егілетін адамдардың контингенті

Мына инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация

«А» вирусты гепатиті

Тұмау

Күйдіргі

Туляремия

1

2

3

4

5

1) жасы бойынша













2 жас

+










2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық







+

+

3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша катер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:













медицина қызметкерлері




+







4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:













медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар




+







5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті




+







6) эпидемиологиялық айғақтар бойынша

+

+










©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет