Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты Жалпы ережелер



жүктеу 32.74 Kb.
Дата01.07.2017
өлшемі32.74 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы «7» желтоқсандағы

№ 998 бұйрығына

3-қосымша

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты (бұдан әрі – Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қызметкерлерін кәсіби дамытудың жағдайларын, қызмет бойынша жоғарылатудың жағдайлары мен өлшемшартын анықтайды.

2. Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшартында пайдаланылатын түсініктер:

1) кәсіби даму – бәсекеге қабілеттілігінің және қызметте тиімділігінің деңгейін арттыру мақсатында қызметкердің кәсіби құзыреттерін дамыту процесі. Кәсіби даму ІІО-ның әрбір қызметкерінің міндеті болып табылады;

2) қызмет бойынша жоғарылату – кәсіби даму нәтижесінде жүзеге асырылатын қызметкердің төмен тұрған лауазымнан жоғары тұрған лауазымға ауысуы.

3. Мансаптық өсу жүйесін қызметкерлердің кәсіби даму тәртібі мен құралдары, қызмет бойынша жоғарылату тәртібі құрайды.

Мансаптық өсу өлшемшарты қызмет бойынша жоғарылатуға үміткер қызметкер белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс: лауазымның біліктілік талаптары, кәсіби даму деңгейіне (кәсіби құзыреттер деңгейіне), тиімділік және бәсекеге қабілеттілік деңгейіне қойылатын талаптар, кадр резервінде болу болып табылады.

4. Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты мынадай принциптерге негізделген:

1) әрбір қызметкердің тізбектелген, жоспарлы және үздіксіз дамуы;

2) кәсіби дамудағы және қызмет бойынша жоғарылатудағы мүмкіндіктер теңдігі;

3) меритократия (барынша дайындалған кәсіби кадрларды басымдық жоғарылату) негізінде қызмет бойынша жоғарылату.

2. ІІО қызметкерлерінің кәсіби дамуы
5. Кәсіби даму жоспарлы негізде жүзеге асырылады. Кәсіби даму жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) осы Мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей басшының басқаруымен қызметкер жасайды.

Жоспар жасау негізі лауазымға тағайындау және тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке жыл сайынғы бағалаудан өту болып табылады.

Қызметкерді лауазымға тағайындағаннан кейін тағайындау күнінен бастап бір ай ішінде Жоспар жасалады. Қызметкер тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке бағалаудан өткеннен кейін бағалау парағын бекіту күнінен бастап бір ай ішінде Жоспар жасалады.

Жоспар тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке келесі бағалаудан өтуге дейінгі кезеңге жасалады.

Жоспар екі данада жасалады: бірінші дана жеке істің материалдарына қоса тігіледі, екінші дана – қызметкерге беріледі.

Кәсіби дамуды жоспарлауды жалпы бақылауды ІІО кадр қызметі жүзеге асырады.

6. Қызметкерді тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікке жыл сайынғы бағалау нәтижелері келесі кезеңге Жоспар жасау үшін негіз болып табылады.

7. Кәсіби даму құралдарына: кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар, біліктілікті арттырудың арнайы курстары (кәсіби тренингтер), кәсіби қайта даярлау курстары, жұмыс орнында өз бетінше біліктілігін арттыру жатады.



3. ІІО қызметкерлерінің мансаптық өсуі
8. Қызметкердің мансаптық өсуі (қызмет бойынша жоғарылату) мынадай мансаптық өсу өлшемшартына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады:

1) жоғары тұрған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

2) атқарып отырған лауазымында кәсіби даму жоспарын орындау;

3) соңғы жыл сайынғы тексеріс нәтижелері бойынша тиімділіктің жоғары деңгейі;

4) жоғары тұрған лауазымға орналасу үшін қажетті бәсекеге қабілеттілік деңгейі;

5) қызметкердің жоғары тұрған лауазым үшін көзделген кәсіби құзыреттердің моделіне сәйкес келуі;

6) жоғары тұрған басшылық лауазымға жоғарылату кезінде қызметкердің кадр резервінде тұруы.

9. Егер нақты жоғары тұрған лауазымға орналасуға мансаптық өсудің тиісті өлшемшартына сәйкес келетін бірнеше қызметкер үміттенген жағдайда кәсіби құзыреттердің моделіне сәйкес келудің, тиімділік пен бәсекеге қабілеттілік деңгейдің ең жоғары көрсеткіші бар қызметкер тағайындалады.




: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісім
mvd nb doc -> Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Салыстырмалы кесте
mvd nb doc -> Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері
mvd nb doc -> Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы қызметі жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын лауазымдар




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет