«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м а. 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»



бет1/6
Дата13.10.2018
өлшемі1.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы «___»____ бұйрығына салыстырмалы кесте



р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция


Негіздеме

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығы



3-тармақ, 3) тармақша


3) кумулятивтік қағидат - тауардың шығарылған елін айқындау қағидаттарының бірі, оған сәйкес тауардың шығу тегі тауарды 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге немесе 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісім) қатысушы мемлекеттерде дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде түпкілікті тауарды шығарған ел бойынша айқындалады;

Алып тасталсын

Халықаралық келісімдерде анықталған



3-тармақ, 13) тармақшасы


13) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы аудитор – тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі рұқсаттама талаптарына сәйкес аттестатталған маман;

13) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы аудитор – уәкілетті органның рұқсаттама талаптарына сәйкес аттестатталған маман;

Редакциялық түзету



3-тармақ, 14) тармақшасы


14) тауардың бірегей нөмірі - тауардың әр бірлігіне жазылатын және тауардың осы түрі үшін айқындалған қызмет/жарамдылық мерзімі ішінде пайдаланылатын, салалық стандартқа сәйкес құрылымы бар өзгермейтін бұйым нөмірі;

Алып тасталсын

Редакциялық түзету, Бұйрықтың мәтіні бойынша жоқ



3-тармақ, 17) тармақшасы

17) уәкілетті ұйым - тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды және беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

17) уәкілетті ұйым - тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның қолданысын жоюды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

Редакциялық түзету



3-тармақ, 22) тармақшасы

Жоқ


22) қарапайым операция – жүзеге асыру үшін арнайы ептіліктерді (дағдыларды), осы операция үшін арнайы арналған машиналарды, құралдарды немесе жабдықтарды қолдану талап етілмейтін операция;

Бұйрықта пайдаланылатын ұғымды нақтылау



3-тармақ, 23) тармақшасы

Жоқ

23) ішкі аудит – осы Қағидаларда көзделген, негізделген қажеттілік жағдайында «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығарылған елін анықтау тәртібін және/немесе тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін уәкілетті ұйымның ұстануын тексеру. Ішкі аудит уәкілетті ұйым көздеген тәртіппен жүргізіледі;

Бұйрықта пайдаланылатын ұғымды нақтылау



3-тармақ, 24) тармақшасы

Жоқ

24) Қазақстанда шығарылған тауар – Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген немесе жеткілікті дәрежеде өңделген/қайта өңделген тауар.

Тауардың шыцғарылған елін және/немесе шығу тегі критерийлерін анықтау және жергілікті қамту үлесін есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасында толығымен өндірілген тауарларға уәкілетті орган бекіткен өзге құжаттар ұсынылады;



Бұйрықта пайдаланылатын ұғымды нақтылау



3-тармақ, 25) тармақшасы

Жоқ

25) бағдарламалық өнім – әзірлеушілеріне қарамастан техникалық құжаттамада белгіленген жүйелік талаптарға сәйкес көзделген мақсаттарда пайдаланылатын, тауар болып табылатын дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің бір бөлігі;

Бұйрықта пайдаланылатын ұғымды нақтылау



3-тармақ, 26) тармақшасы

Жоқ

26) бағдарламалық қамтамасыз ету – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

Бұйрықта пайдаланылатын ұғымды нақтылау



3-тармақ, 27) тармақшасы

Жоқ

27) күнтізбелік жыл – 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралығындағы кезең;


Бұйрықта пайдаланылатын ұғымды нақтылау



3-тармақ, 28) тармақшасы

Жоқ

28) тауар топтамасы – бір жүк жөнелтушіден бір жүк жөнелтушінің мекенжайына бір немесе бірнеше тауар тасымалдау құжатымен бір мезгілде жөнелтілетін тауарлар, сондай-ақ бір пошта жүкқұжатымен жіберілетін немесе шекарадан өтетін бір тұлға арқылы багаж ретінде тасымалданатын тауарлар.

Бұйрықта пайдаланылатын ұғымды нақтылау

  1. ,

5-тармақ, 11) тармақшасы

11) осы елде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген өнімнен ғана дайындалған тауарлар

11) Қазақстан Республикасы резиденттері әзірлеген бағдарламалық өнімдер/бағдарламалық қамтамасыз ету;

Редакциялық түзету



5-тармақ, 12) тармақшасы

Жоқ

12) осы елде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көрсетілген өнімнен ғана дайындалған тауарлар.

Редакциялық түзету



7-тармақ

7. Мыналар:

      1) тауарды қайта өңдеу нәтижесінде СЭҚ ТН бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі;

      2) бұл операциялар орын алған ел тауар шығарылған ел болып есептелуі үшін жеткілікті өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындау;

      3) құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасындағы тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес қағидасы) тауарға Қазақстан Республикасында өндірілген деген мәртебе беру үшін оны жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу критерийлері болып табылады.




7. Қазақстан Республикасында өндірілген деген мәртебе беру үшін Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу критерийлері осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруды қоспағанда, тауарға өзіне тән қасиеттерін беру үшін тауарды жеткілікті өңдеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағынан тауардың шығарылған елін айқындау ережелері (тауардың шығарылған елін айқындау критерийлері) жазылған қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдар/шарттар бар немесе әкелетін ел (одақ) бір жақты тәртіппен белгілеген тауардың шығарылған елін айқындау қағидалары (тауардың шығарылған елін айқындау критерийлері) бар елдердің (одақтардың) аумағына шығарылатын тауарларға қатысты, тауарлардың шығарылған елін анықтау критерийлері осындай халықаралық келісімдерге/шарттарға немесе тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларына (тауардың шығарылған елін айқындау критерийлеріне) сәйкес анықталады.

Қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдер/шарттар немесе әкелетін ел (одақ) бір жақты тәртіппен белгілеген тауардың шығарылған елін айқындау қағидалары (тауардың шығарылған елін айқындау критерийлері) болмаған жағдайда, тауардың шығарылған елін айқындау осы Қағидаларда белгіленген шығу критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасында күшіне енген жаңа келісімдердің негізінде, импорттаушы елге қарамастан Тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларына үнемі түзетулер енгізуді болдырмау үшін



8-тармақ

      8. Тауарды жеткілікті қайта өңдеудің негізгі критерийі үшінші елдер тауарды өндіруде пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, тауарды қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде тауардың СЭҚ ТН бойынша кодын өзгерту болып табылады.

      Аталған тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес қағидасы жеке де, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа критерийлерімен үйлестіріліп те енгізілген.

      Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін бағалау үшін кумулятивтік қағидат қолданылуы мүмкін, оған сәйкес 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісімге қатысушы мемлекеттерде тауарды дәйекті түрде қайта өңдеу нәтижесінде тауардың шығу тегі түпкілікті тауар жасалған ел бойынша айқындалады.

      Егер 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінде түпкілікті тауарды өндіруде 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісімге басқа қатысушы мемлекеттерден шығарылған, тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталған және 1994 жылғы немесе 2009 жылғы Келісімге басқа қатысушы мемлекеттерде кезең-кезеңімен одан әрі өңдеуге ұшырайтын шикізат пен материалдар пайдаланылса, онда тауар соңғы рет өңдеуге ұшыраған ел осындай тауар шығарылған ел болып табылады.

      Шикізаттың немесе материалдардың шығу тегі туралы сертификат болмаған жағдайда, түпкілікті тауарды шығарған елді айқындау осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген.

      Қазақстан Республикасында шығарылатын және Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуропалық қоғамдастық елдеріне, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға және тауардың шығарылуын растау "Түпнұсқа" нысанды сертификатпен жүзеге асырылатын елдерге кспортталатын тауарлардың шығарылған елін айқындау үшін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1478 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың № 2454/93 Регламентінде келтірілген.

      Қазақстан Республикасында өндірілген және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерге экспортталатын тауарлардың шығу тегі Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттарда көрсетілген негізде айқындалады.


8. Қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың немесе әкелетін ел (одақ) бір жақты тәртіппен белгілеген тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларының (тауардың шығарылған елін айқындау критерийлерінің) талаптары орындалмаған жағдайда, өтінім берушінің өтініші бойынша осы Қағидаларға сәйкес жалпы нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификат (Түпнұсқа) ресімделуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында күшіне енген жаңа келісімдердің негізінде, импорттаушы елге қарамастан Тауардың шығарылған елін айқындау қағидаларына үнемі түзетулер енгізуді болдырмау үшін.

Бұл ретте ҚР-нан тауардың шығуы «Түпнұсқа» нысанымен жүзеге асырылатын елдерге экспорттау кезінде Қағидалардың қолданылуын нақтылау қажеттілігі орын алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1478 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы Келісімде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың № 2454/93 Регламентінде берілген Өндірістік және технологиялық операциялар талаптарының көрсетілген тізбесі тауардың шығу тегін растау «Түпнұсқа» нысанды сертификатпен жүзеге асырылатын елдерге қолданылмайды.




10-тармақ

10. Егер адвалорлық үлес қағидасы қолданылған жағдайда, тауар өндірісінде адволарлық үлесті есептеу:

1) импортталған тауарлар үшін – осы тауарларды түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елге әкелу кезінде олардың кедендік құны бойынша немесе импортталған тауарлардың шығу тегі белгісіз болған жағдайда түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елдің аумағына оларды алғаш рет сатудың құжат арқылы расталған бағасы бойынша;

2) түпкі өнім үшін – сатушы зауыттың (қойманың) тауарды тиеуге, кедендік декларациялауға және экспорт елінен тауарды әкетуге арналған шығыстарды қамтымайтын бағасы ("франко-зауыт" жағдайларындағы баға) бойынша жүргізіледі.


10. Тауарлардың шығу тегін анықтау кезінде өндіру кезінде пайдаланылуы мүмкін және тауардың құрамына кірмейтін мынадай материалдардың шығу тегі ескерілмейді:

1) отын және электр энергиясы;

2) аспаптар, штамптар және пресс-нысандар;

3) жабдықтар мен ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуде пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен материалдар;

4) майлау материалдары, қосымдар және өндірісте немесе жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану кезінде пайдаланылатын басқа материалдар;

5) жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жеке қорғаныш құралдары, арнайы киім-кешектер мен жабдықтар;

6) тауарларды тестілеу немесе тексеру үшін пайдаланылатын жабдықтар, құрылғылар;

7) катализаторлар мен еріткіштер;

8) тауарға қосылмаған, бірақ оларды тауарларды дайындау кезінде пайдалану өндірістік процесс бөлігі ретінде ұсынылуы мүмкін кез келген басқа материалдар.


Редакциялық түзету бұйрықтың жеке тармақтарын алып тастауға байланысты



12-тармақ

12. Тауарлардың шығарылған елін айқындау кезінде оларды өндіру үшін пайдаланылатын жылу және электр энергиясының, машиналардың, жабдықтар мен аспаптардың шығу тегі есепке алынбайды.

      Машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер бұл құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар жоғарыда аталған машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен жиынтықта және әдетте, осындай құрылғылармен жеткізілетін мөлшерде әкелінсе және сатылса, сол машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлік құралдары әкелінген елде шығарылған деп есептеледі.



12. Машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер бұл құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар жоғарыда аталған машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен жиынтықта және осы машиналар, аппараттар, жабдықтар немесе көлік құралдары әдетте олардың техникалық құжаттарына сәйкес жеткізілетін мөлшерде әкелінсе және пайдаланылса, сол машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлік құралдары Қазақстан Республикасында шығарылған деп есептеледі.

Бірыңғай Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына сәйкес бұл тауардан бөлек декларациялауға жатқызылатын жағдайларды қоспағанда, орауыш тауардың өзі сияқты Қазақстан Республикасынан шығарылған деп есептеледі. Бұл жағдайда орауыштың шығу тегі тауардың шығу тегінен бөлек айқындалады.



Нақтылайтын түзету



13-тармақ

13. Жұмыс, тауардың шығу тегі, елін айқындауға байланысты сараптама, шартты негізде жүргізіледі.

Алып тасталсын

Редакциялық түзету «Doing Bussines» рейтингісі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан позициясын жақсарту шеңберінде сараптаманың алып тасталуына байланысты



14-тармақ

14. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауардың шығу тегін растайтын толық құжаттар топтамасымен бірге өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы жүзеге асырады.


Алып тасталсын

Редакциялық түзету «Doing Bussines» рейтингісі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан позициясын жақсарту шеңберінде сараптаманың алып тасталуына байланысты



15-тармақ

15. Тауардың шығу тегінің сараптамасы:

      1) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген тізбесі бойынша (бұдан әрі - Тізбе) (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9665 тіркелген);

      2) тауарды сыртқы белгілері, таңбалауы бойынша (атауы, үлгісі, түрі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы кәсіпорын), қажет болған кезде тауар тұрған жерге барып сәйкестендіруді;

      3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосылған құнын айқындау мақсатында тауарды өндірудің технологиялық процесінің сараптамасын қамтиды.



Алып тасталсын

Редакциялық түзету «Doing Bussines» рейтингісі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан позициясын жақсарту шеңберінде сараптаманың алып тасталуына байланысты



16-тармақ

      16. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге, сондай-ақ тауарды қайта экспорттау кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініммен бірге Тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше есе жеткізу кезінде бір жыл мерзімге бірінші жөнелтілімнің келісімшарттық легіне, оның ішінде сериялы шығарылатын тауарларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сараптау актісін беруге рұқсат етіледі.

      Сараптау актісінде тауардың бірінші жіберілетін лекте тауардың келісімшарттың легі немесе шығарылымның жылдық көлемі көрсетіледі.

      Өндіріс технологиясы мен осы тауардағы құрамдауыштар, сондай-ақ материалды жеткізуші елдер өзгерген кезде өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде тауардың шығу тегі туралы жаңа сараптама актісін және шығу тегі сертификатын алу мақсатында тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сараптау ұйымын осы өзгерістер туралы хабардар етеді.



Алып тасталсын

Редакциялық түзету «Doing Bussines» рейтингісі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан позициясын жақсарту шеңберінде сараптаманың алып тасталуына байланысты



17-тармақ

      17. Қосымша зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды:

      1) шикізаттың, материалдардың, құрауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін;

      2) егер зертханалық сынақтар мен зерттеулерсіз тауарды сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасын сұратады.

      Құжаттардың түпнұсқалары оларды көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарылады.



Алып тасталсын

Редакциялық түзету «Doing Bussines» рейтингісі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан позициясын жақсарту шеңберінде сараптаманың алып тасталуына байланысты



18-тармақ

      18. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы сәйкес тауардың:

      1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу критерийлерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғаны;

      2) шетелде шығарылғаны туралы тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін береді.


Алып тасталсын

Редакциялық түзету «Doing Bussines» рейтингісі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан позициясын жақсарту шеңберінде сараптаманың алып тасталуына байланысты



19-тармақ

      19. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына сәйкес (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10513 тіркелген ) тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі рұқсаттама талаптарына сәйкес біліктілік аттестатын алған сарапшы-аудиторлар сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.

Алып тасталсын

Редакциялық түзету «Doing Bussines» рейтингісі «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан позициясын жақсарту шеңберінде сараптаманың алып тасталуына байланысты

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет