Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері



Дата22.06.2018
өлшемі34.01 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы ___ _________ №___бұйрығына

2-қосымша



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдері



  1. Пациенттерге шұғыл көмек көрсетуге, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында басқа медициналық ұйымдарға пациенттерді тасымалдауға, қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бір бөлімшеден басқа бөлімшеге пациентті жеткізуге арналған арнайы көлік құралы




  1. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру: өкпені жасанды желдету құрылғысы, 2 литрлік баллонымен оттегілік редуктор-ингалятор, қабылдау құрылғысы;

  2. Науқасты тасымалдау үшін кушеткамен немесе шешілетін кресло зембілдері бар сырғытқы-арбамен жарақтандыру;

  3. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру;

  4. Каркассыз зембілдермен жарақтандыру;

  5. Жиналмалы көліктік шиналардың жиынтығымен жарақтандыру;

  6. Фельдшерлік жинақпен жарақтандыру.



  1. Медициналық ұйымдарға қан және оның компоненттерін жедел жеткізуге арналған арнайы көлік құралы




  1. Тоңазытқыш жабдығымен жарақтандыру;

  2. Термоконтейнермен жарақтандыру.



  1. Бұрмаланған/контрофактілік, сапасыз дәрілік заттарды анықтауға арналған арнайы көлік құралы - мобилдік экспресс зертхана




  1. Жақын инфрақызыл диапозонды шаң-, діріл- ылғалға төзімді спектрометрмен жарақтандыру.




  1. Қоршаған орта факторларын, шуды, электромагниттік сәулеленуді, ауаның ластануын бағалауға арналған арнайы көлік құралы

1. Көп функциялы дербес өңдегішпен жарақтандыру;

2. Бензиндік айнымалы ток генераторымен жарақтандыру;

3. Тоңазытқышпен жарақтандыру;

4. Жуғышы бар зертханалық үстелмен және приборларға арналған сөрелермен жарақтандыру;

5. Приборлармен (газ талдауыштар, шу-діріл өлшейтін жабдық және аппарат, электромагниттік айналаны өлшеуге, микроклиматтық параметрлерді өлшеуге, жарықтықты өлшеуге арналған аспаптар) жарақтандыру.





  1. Туберкулезді және кеуде куысы ағзаларының басқа да ауруларын ерте анықтау мақсатында халықты жаппай рентген зерттеп-қарау жүргізуге арналған арнайы көлік құралы

1. Рентгендік флюораграфиялық жылжымалы цифрлық апппаратпен жарақтандыру.





  1. Шығу жағдайында донорлық қан алуға арналған арнайы көлік құралы

1. Донорларға арналған креслолармен және кішкене үстелдермен жарақтандыру;

2. Биомиксерлермен жарақтандыру;

3. Дәнекерлегіштермен жарақтандыру;

4. Термоконтейнерлермен жарақтандыру.



  1. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға және шығаруға арналған арнайы көлік құралы

1. Бүйір/артқы манипулятормен жарақтандыру;

2. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.



  1. Сұйық қалдықтарды алуға және жоюға арналған арнайы көлік құралы

1. Жетекті сорғышпен жарақтандыру;

2. Қалдықтарға арналған сыйымдылықпен жарақтандыру;

3. Арнайы шлангісі бар қабылдайтын люкпен жарақтандыру;

4. Цистернамен жарақтандыру.


  1. Аумақты жинауға арналған арнай көлік құралы

1. Аспалы жабдықпен, қар тазалағышпен жарақтандыру;

2. Өз бетінше тиеу - түсіру құралдарымен жарақтандыру.



  1. Жүктерді тасымалдауға арналған арнайы көлік құралы

1. Кузовпен жарақтандыру;

2. Тентпен жарақтандыру.



  1. Қызметкерлерді және медициналық ұйымдарда оқитын студентерді тасымалдау үшін арнайы көлік құралы (автобустар және шағын автобустар)

1. Адамдарды тасымалдауға арналған берік бекітелген отыратын орындармен (салонда 7 орыннан аса), тұтқалармен және терезелерде күнге қарсы құрылғылармен (перделер немесе шыныларды қүңгірттеу), сондай-ақ авариялық люктармен жарақтандыру.

2. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін бикспен жарақтандыру.

3. Салонды жылыту және суыту жүйелерімен жарақтандыру.


Ескертпе: Арнайы көлік құралдарына жоғарыда көрсетілген өлшемдердің бірі бар көлік құралдары жатқызылады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет