Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 460.33 Kb.
бет1/3
Дата22.12.2016
өлшемі460.33 Kb.
  1   2   3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейілі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.64/03- 2014



ПОӘК

«Дәрілік полимерлер технологиясы»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


11.09 2014ж.

№ 1 басылым





ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ДӘРІЛІК ПОЛИМЕРЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ»


5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014

Мазмұны

1

Глоссарий

2

Дәріс оқулар

3

Зертханалық сабақтар

4

Студенттің өзіндік жұмысы


Глоссарий


  1. АА – акриламид

  2. АДЭ – диэтиламинометилэтоксилан

  3. АК – акрил қышқылы

  4. АЦ ацетилцеллюлоза

  5. АФЦ – ацетилфталилцеллюлоза

  6. ББК – бромбутилкаучук

  7. БК – бутилкаучук

  8. ВА – винилацетат

  9. ВП – винилпирролидон

  10. ВРАЦ – водорастворимая ацетилцеллюлоза

  11. ВС — виниловый спирт

  12. ДАП – 2,2-ди-(4-окси-3-аллилфенил)-пропан

  13. ДМДХС – диметилдихлорсилан

  14. ДМФА – диметилформамид

  15. ДОФП – дифенилолпропан

  16. ДОФЦГ – ди(н-оксифенил)циклогексан

  17. ДХМФК – метилфосфон қышқылының дихлорангидриді

  18. КМЦ – карбоксиметилцеллюлоза

  19. МАҚ – метакрил қышқылы

  20. МЦ – метилцеллюлоза

  21. Натрий-КМЦ – натрий карбоксиметилцеллюлоза

  22. НК – табиғи каучук

  23. ОПМЦ – оксипропилметилцеллюлоза

  24. ПАА – полиакриламид

  25. ПАК – полиакрил қышқылы

  26. ПВА – поливинилацетат

  27. ПВБ – поливинилбутираль

  28. ПВДХ – поливинилиденхлорид

  29. ПВП – поливинилпирролидон

  30. ПВС – поливинил спирті

  31. ПВХ – поливинилхлорид

  32. ПК – поликарбонат

  33. ПМАК – полиметакрил қышқылы

  34. ПП – полипропилен

  35. ПЭ – полиэтилен

  36. ПЭО – полиэтиленоксид

  37. ТПНФФ – три-п-нонилфенилфосфит

  38. ХБК – хлорбутилкаучук

  39. ЭЦ – этилцеллюлоза


Микромодуль 1 – Дәрілік полимерлердің түрлері және олардың маңызы
Дәріс 1, 2 – Фармацевтикалық технологиядағы ЖМҚ

Дәріс жоспары:



  1. ЖМҚ. Жіктелуі, құрылысы және қасиеттері.

  2. ЖМҚ ерітінділерінің қасиеттері.

  3. ЖМҚ ерітінділерінің тұрақсыздануы.

  4. ЖМҚ фармацияда қолданылуы.

Жоғары молекулалық қосылыстар атауы төмен молекулалық заттардан айрықшаланатын, молекулалық массасы сирек түрде бірнеше жүзге жететін, молекулалық массасы үлкен заттардан шыққан. Қазіргі уақытта молекулалық массасы 5000 – нан асатын және бірнеше миллионға жететін заттарды ЖМҚ- ға жатқызады.

Полимердің бірнеше классификациясы бар. Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, синтетикалық және жасанды болып бөлінеді. Табиғи полимерлер табиғатта дайын түрде кездеседі. Табиғи полимерлерге полисахаридтер, белоктар, нуклеин қышқылдары, каучук, пектиндер, аминқышқылдар жатады. Жасанды полимерлерді химиялық өндеу арқылы алады. Оларға целлюлозаның ксантогенаті, нитраті, ацетаті жатады. Синтетикалық полимерлерді, төмен молекулалық заттарды мономерлерді синтездеу арқылы алады.

Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты полимерлер үш топқа бөленеді: сызықты, тармақталған, торланған.

Асимметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромолекулалар сызықты полимерлер деп аталады. Негізгі тізбектен жан жағына таралған тармақтары бар макромолекулалар тармақталған полимерлер деп аталады. Ұзын тізбекті макромолекулалар бір бірімен көлденен байланыстарымен қосылса, торланған немесе кеңістік полимерлер түзіледі.

Полимерлердің спецификалық қасиеттері екі ерекшелікке негізделген: 1) байланыстың екі түрінін болуына – химиялық және молекулааралық; 2) буындардың ішкі айналуына байланысты тізбектердің иілгіштігі.

ЖМҚ ерітінділері гомогенді, термодинамикалық тепе тендікті және агрегативті тұрақты жүйелер болып табылады. Бұл шынайы ерітінділер. Бірақ ЖМҚ ерітінділері ТМҚ ерітіділерінен ерекшеленеді: диффузияның төмен жылдамдығы, төмен осмостық қысым, жоғары тұтқырлық. Ерекше қасиеттерге ие: жарық шашырату, тиксотропия

Тиксотропия – изотермиялық жағдайда механикалық әсерден кейін өз құрылымын өздігінен қалыпына келтіру қабілеті. ЖМҚ еруі өздігінен жүреді, бірақ ерудін алдында ісінеді. Ісіну шексіз және шекті болып бөлінеді. Шексіз ісіну кезінде полимер келтірілген төрт сатыдан өтіп, толық ериді, яғни аяғында бір фазалы гомогенді ерітінді түзіледі. Шексіз ісіну сызықтық және тармақталған полимерге тән. Шекті ісінгенде полимер ерітіндіге толық өте алмайды, ісіну процесі екінші не үшінші сатыда тоқтап қалады.

Ісіну процесі көптеген көрсеткіштерімен – ісіну дәрежесімен, ісіну жылдамдығымен, ісіну қысымымен және т.б. сипатталады.

Ісіну дәрежесі (α) полимердің ісінген кездегі массасының немесе көлемінің өсуі арқылы сипатталады:

; (1)

Мұндағы mi, mо – стандартты полимер үлгісінің ісінгеннен кейінгі және бастапқы массасы, Vi, V0 – стандартты полимер үлгісінің ісінгеннен кейінгі және бастапқы көлемі.

ЖМҚ ерітінділерінің тұрақсыздығы тұнбаға түсуіне, коацервацияға және сілікпе түзілуіне әкеледі.

Электролиттер және еріткіштер емес әсерінен жүретін ЖМҚ ерітіндіден бөліну процесі тұндіру процесі деп аталады. ЖМҚ ерітіндісін бұзу үшін электролиттін жоғары концентрациясы қажет. ЖМҚ тұндыру процесінің негізінде дегидратация процесі жатады. Полимерді тез арада тұндыратын электролит концентрациясын ЖМҚ тұндыру шегі деп атайды. ЖМҚ тұндырудың маңызы зор. Оны ақуыздарды, полисахаридтерді және басқа заттарды фракционирлеу үшін қолданады.

Фармацевтикалық технологияда тұндыруды ферменттік препараттар өндірісінде белоктардан қоспаларды немесе қажетті белокты бөліп алу үшін қолданады.

Коацервация. ЖМҚ ерітінділері тұрақсызданғанда коацерват – полимермен байытылған сұйық фазаның түзілуі мүмкін. Бұл белоктарға тән. Жүйе екі фазаға бөлінеді, біреуі еріткіштегі ЖМҚ ерітіндісі, ал екіншісі ЖМҚдағы ерітікіш ерітіндісі. Коацерват бастапқы ерітіндіде тамшы түрінде болуы немесе бірынғай қабат түзуі мүмкін. Коацервация процесіне төмен температура, ортаның рН өзгеруі, төменмолекулалық электролиттер әсерін тигізеді. Коацервацияны дәрілерді микрокапсулдауда қолданады.

Застудневание. ЖМҚ шекті ісіну немесе ЖМҚ ерітіндісінен еріткіштін жартылай булану нәтижесінде студеньдер түзіледі. Сонымен студеньді полимердің концентрлі ерітіндісі немесе шекті ісінген полимер ретінде қарастыруға болады. Студни – бұл гомогенді жүйелер. Ескіру кезінде синерезис (полимерлі тордың біртіндеп қысылуы және сұйық фазаның бөлінуі) кеселінен студеньдердің гомогендігі бұзылады.

Синерезиз студеньннін көлемінің кішіреюуімен және тордың кеністік құрылымының тығыздалуымен жүреді. Синерезис – қан ұыйлған кезде сыворотканың бөлінуі.

Студеньтүзілу құбылысы дәрілік препараттар – жақпа майлар және супозиториялар, дәрілік заттар депосы, сорбенттер, мембраналар алу үшін кең қолданылады. Студеньдарды гельөткізгіш хроматография процесінде қосынды препараттарды бөлу кезінде, сонымен қатар тұзссыздырылған препараттар, сондайақ тұзсыздандырылған суды алуда қолданады.


: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет