Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Дата18.06.2018
өлшемі445 b.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

  • Қ.И. Сəтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

  • МжГКМЖ кафедрасы

  • Ротор-қалақшалы іштен жану қозғалтқышының конструктивтік параметрлерін жетілдіру

  • Мамандық: 6М0724-Технологиялық машиналар мен жабдықтар

  • Орындаған магистрант: Қуандықов Тілепбай Әлімбайұлы

  • Ғылыми жетекші: техн.ғыл. канд, проф Мырзахметов Б.А.

  • Алматы, 2011


Өзектілігі

  • Өзектілігі

  • Машиналардың құрылымының негізгі бөлігі, күштік қондырғылар- қозғалтқыштар болып табылады. Қаншалықты машинаның қозғалтқышы сәтті таңдалғанына істелетін жұмыстың өнімділігі, өнімінің өзіндік құны соншалықты тікелей байланысты болады.

  • Қозғалтқышқа қойылатын талаптардың негізгілері мыналар:

  • 1) сенімділігін арттыру;

  • 2) экологиялық сипаттамаларын жетілдіру;

  • 3) отын үнемділігін жақсарту.

  • Осы аталған талаптарды қанағаттандыру (шешу) үшін қозғалтқыштың жұмыс процестері мен құрылымын жетілдіру қажет. Ол үшін роторлы қалақшалы қозғалтқышпен ротор поршенді қозғалтқышты салыстырамыз:

  • Бұл үшін ІЖҚ жұмыс тактілерін жұптап әртүрлі қызметтік цилиндрлерге бөлеміз:

  • 1. Енгізу және сығымдау тактілері бір цилиндрде (роторлы– қалақшалы екі камералы компрессорда).

  • 2. Жұмыстық жүріс пен газдарды шығаруды екінші цилиндрде (роторлы–қалақшалы екі камералы қозғалтқышта) іске асырамыз.

  • 3. Газ тарату жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету үшін оған (жану камерасына) кез–келген пішінді беруге мүмкіндік береді.



Жұмыстың мақсаты

  • Жұмыстың мақсаты

  • Ротор қалақшалы ІЖҚ құрылымын қарапайымдандыру.

  • Оның әртүрлі отында жұмыс істеуіне (көп отындық) болуын қамтамасыз ету.

  • Жұмыс ресурсын арттыру.

  • Қозғалтқыштың от алдыру сапасы мен меншікті қуатын арттыру.

  • Оның массагабариттік көрсеткіштерін азайту.



Жұмыстың ғылыми жаңалығы

  • Жұмыстың ғылыми жаңалығы

  • 1. Ротор-қалақшалы қозғалтқыштың жаңа түрі жобаланып, шығаруға ұсынылды.

  • 2. Зерттеу нәтижесінде жұмыс ресурсы артатыны дәлелденді.

  • 3. Қозғалтқыштың меншікті қуаты артты.

  • 4. Қозғалтқыштың әртүрлі отында жұмыс істеуіне мүмкіндік туды.



Егер бізді қызықтыратын машиналардың бір түрі гидравликалық тілікшелі машиналар болса, онда гидравликалық машиналар жұмысына анализ жасау қажеттігі туындайды. Осы қажеттілікті орындау мақсатында тілікшелі сорғының принциптік сұлбасына талдау жасаймыз. Ротор пазалары көбіне радиальдық бағытта жасалады, өйткені бұл жағдайда сорғы айналудың екі бағытында да бірдей жұмыс істей алады.

  • Егер бізді қызықтыратын машиналардың бір түрі гидравликалық тілікшелі машиналар болса, онда гидравликалық машиналар жұмысына анализ жасау қажеттігі туындайды. Осы қажеттілікті орындау мақсатында тілікшелі сорғының принциптік сұлбасына талдау жасаймыз. Ротор пазалары көбіне радиальдық бағытта жасалады, өйткені бұл жағдайда сорғы айналудың екі бағытында да бірдей жұмыс істей алады.

  • Конструкцияның қарапайымдылығына қарамастан, жеке әсерлі қалақшалы машиналардың тіреулері сұйық қысымынан туатын күштерден бір бағытта салмақ қабылдайды, бұл мұндай машиналарды жоғары қуаттар үшін шығаруды мүмкін етпейді. Осы аталған түсіндірмелер келесі суреттерде бейнеленген.







Ванкелді қозғалтқыштарды қазіргі кезде қолдану мүмкіндігі тиімсіз жағдайда қалып отыр. Ол тиімсіздіктер төменде көрсетілген:

  • Ванкелді қозғалтқыштарды қазіргі кезде қолдану мүмкіндігі тиімсіз жағдайда қалып отыр. Ол тиімсіздіктер төменде көрсетілген:

  • 1. Ротор теңгерілмеген және оған төрт қалақша орнату қажеттілігінен оның құрылымы күрделі.

  • 2. Барлық төрт такті де бір цилиндр ішінде іске асырылуы, жану және ұлғаю процестерінде майлауды ұйымдастырудың қиындығы қалақшалар жиектері мен цилиндр қабырғасының тезірек тозуына әкеледі.

  • 3. Цилиндр мен қалақшаларды жасауға ыстыққа төзімді материал керек.

  • 4. Қолайсыз пішінді камерада сапалы жұмыс процесінің күрделілігі.

  • 5. Жұмысшы көлемдердің оқшаулық тығыздығын қамтамасыз ету.

  • 6. Әртүрлі қызу жағдайында қажалмай жұмыс істелуін қамтамасыз ететін корпустық бөлшектер құрылымын жасау.

  • 7. Газ тарату жүйесі құрылымы да күрделі.

  • Осы аталған тиімсіздіктерді болдырмау мақсатында мен өзімнің роторлы- қалақшалы қозғалтқышымды ұсынамын.









Алдағы суреттерде, екі камералы роторлы қозғалтқыштың сұлбасы көрсетілген, (түсінікті болу үшін цилиндрлер шартты жазықтықта келтіреміз, ал іс жүзінде олар бірінен кейін екіншісі бір бойлық ось бойында орналасады). Бұл қозғалтқыштың іштерінде екі ротор 2 және орналасқан екі цилиндрден 1 және тұрады. Олар ортақ білікке отырғызылған. Бірінші цилиндр 1 екі камералы компрессор қызметін, ал екінші цилиндр екі камералы қозғалтқыш қызметін атқарады.

  • Алдағы суреттерде, екі камералы роторлы қозғалтқыштың сұлбасы көрсетілген, (түсінікті болу үшін цилиндрлер шартты жазықтықта келтіреміз, ал іс жүзінде олар бірінен кейін екіншісі бір бойлық ось бойында орналасады). Бұл қозғалтқыштың іштерінде екі ротор 2 және орналасқан екі цилиндрден 1 және тұрады. Олар ортақ білікке отырғызылған. Бірінші цилиндр 1 екі камералы компрессор қызметін, ал екінші цилиндр екі камералы қозғалтқыш қызметін атқарады.

  • Цилиндрлер қабырғаларда роторлармен жанасу сызығы бойында антифрикциялық графит төсемдер 4 және орнатылған. Роторлардың жырық паздарында цилиндрлерді А және Б камераларына бөлетін серіппемен жүктелген бір–бір қалақшадан 5 орналасқан. Цилиндрлер қабырғаларында ротормен жанасу сызығының сол жағында енгізу, 6 және 6a , ал оң жағында шығару 7 және 7a терезелері орналасқан. Цилиндрлер енгізу 8, шығару клапандары, алмалы–салмалы жану камерасы 9 орналасқан патрубкамен жалғастырылған. Жану камерасында бүріккіш 10 және тұтандыру шамы 11 орналасқан.



Бұл қозғалтқыш Ванкель қозғалтқышымен салыстырғанда құрылымы жағынан қарапайым.

  • Бұл қозғалтқыш Ванкель қозғалтқышымен салыстырғанда құрылымы жағынан қарапайым.

  • 1. Негізгі бөлшектерінің саны бірнеше есе аз және оларды дайындау технологиясы қиын емес.

  • 2. Қарапайым шеберханаларда бұл бөлшектерді дайындай беруге болады.

  • 3. Енгізу және сығымдау тактілері бір цилиндрде (роторлы– пластинкалы екі камералы компрессорда), ал жұмыстық жүріс пен газдарды шығаруды екінші цилиндрде (роторлы–пластинкалы екі камералы қозғалтқышта) іске асырамыз.

  • 4. Компрессор мен қозғалтқыш роторлары бір өске орналасқан.

  • 5. Алмалы–салмалы жану камерасын қолдану отын–ауа қоспасының толық жануын және шолақ түтіктер қолданып газ тарату жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету үшін оған (жану камерасына) кез–келген пішінді беруге мүмкіндік береді.





Жану камерасы 9 роторда жасалған. Тұтандыру шамы 10 жану камерасында орналасқан. Ротор өзінің үш төбесімен корпусты бір-бірінен оқшауланған үш көлемге бөледі. Бұл көлемдер ротор айналғанда өзгеріп тұрады. Көлем өзінің ең кіші шамасына жеткенде тұтандырғыш шам арқылы ұшқын беріліп, қоспа тұтатылады. Бұл кезде басқа көлемдерде ұлғаю немес енгізу-сығымдау процестері жүріп жатады.

  • Жану камерасы 9 роторда жасалған. Тұтандыру шамы 10 жану камерасында орналасқан. Ротор өзінің үш төбесімен корпусты бір-бірінен оқшауланған үш көлемге бөледі. Бұл көлемдер ротор айналғанда өзгеріп тұрады. Көлем өзінің ең кіші шамасына жеткенде тұтандырғыш шам арқылы ұшқын беріліп, қоспа тұтатылады. Бұл кезде басқа көлемдерде ұлғаю немес енгізу-сығымдау процестері жүріп жатады.

  • Бірақ бұл қозғалтқыштың кемшілігі тығыздау көлемдерді бөліп тұрған пластикаларының тез тозатыны және құрылымының күрделілігі. Қалған сурет нәтижелері өз кезегімен жүзеге асады.

















Диссертацияны қорытындылай келе келесідей тұжырымға келдім. Машинаның қозғалтқышы дұрыс таңдалғанына істелетін жұмыстың өнімділігі, өнімінің өзіндік құны соншалықты тікелей байланыста. Әрине, қозғалтқыштарды дамытудың бұл тенденциясы күрделі шешімдерді пайдаланып ең жоғарғы тиімді пайдалы әсер коэффициентін алуға ұмтылуда өзін көрсетеді.

  • Диссертацияны қорытындылай келе келесідей тұжырымға келдім. Машинаның қозғалтқышы дұрыс таңдалғанына істелетін жұмыстың өнімділігі, өнімінің өзіндік құны соншалықты тікелей байланыста. Әрине, қозғалтқыштарды дамытудың бұл тенденциясы күрделі шешімдерді пайдаланып ең жоғарғы тиімді пайдалы әсер коэффициентін алуға ұмтылуда өзін көрсетеді.

  • Диссертацияда роторлы-қалақшалы ІЖҚ құрылымын қарапайымдандыру, оның әртүрлі отында жұмыс істеуіне (көп отындық) болуын қамтамасыз ету, жұмыс ресурсын арттыру, қозғалтқыштың от алдыру сапасы мен меншікті қуатын арттыру, оның массагабариттік көрсеткіштерін азайту қарастырылды.

  • Аталған талаптарға жету үшін келесідей жұмыс жүргіземіз: енгізу және сығымдау тактілері бір цилиндрде (роторлы– қалақшалы екі камералы компрессорда),



  • ал жұмыстық жүріс пен газдарды шығаруды екінші цилиндрде (роторлы–қалақшалы екі камералы қозғалтқышта) іске асырамыз. Компрессор мен қозғалтқыш роторлары бір оське орналасқан. Алмалы–салмалы жану камерасын қолдану отын–ауа қоспасының толық жануын және шолақ түтіктер қолданып газ тарату жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету үшін оған (жану камерасына) кез–келген пішінді беруге мүмкіндік береді.

  • Отынның түрі мен сұрыбына (сортына) тәуелді жану камерасын шешіп алып, оңтайласына ауыстыру мүмкіндігі берілген ІЖҚ құрылымын көп отындық қасиет беруге мүмкіндік береді.

  • Осы диссертациялық жұмыста, мен өзіме қойылған талаптарды орындадым деп есептеймін.



Каталог: files -> teacher-presentations
teacher-presentations -> Компьютерлік графика негіздері; Компьютерлік графика негіздері
teacher-presentations -> Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (эем) немесе компьютер болып саналады
teacher-presentations -> Тар мағынада құрылымдық және генетикалық құрылымдағы
teacher-presentations -> Сақабекова Ш.Қ. Т. Түс теориясы және түсті шығару. Оқу әдістемелік кешен. Алматы: ҚазҰТУ, 2014ж
teacher-presentations -> «Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы
teacher-presentations -> Философии түсінігі
teacher-presentations -> Презентациясы 5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
teacher-presentations -> Хіх ғасырдағы-хх ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды
teacher-presentations -> Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады
teacher-presentations -> Полиграфия өндірісінің технологиясы және машиналары кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет