Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереже



жүктеу 415.81 Kb.
бет3/3
Дата02.07.2017
өлшемі415.81 Kb.
1   2   3
      20. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін білдіреді;
      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
      7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
      8) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
      23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi

      24. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта


ұйымдастыру және тарату

      27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 27.02.2015 № 101 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 N 358 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Тізбеге өзгеріс енгізілмеген - ҚР Үкіметінің 14.04.2015 № 226 қаулысымен.

      1. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.


      2. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      5. «Қазақ ұлттық аграрлық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      6. «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      7. «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      8. «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      9. «Атырау мұнай және газ институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      10. «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      11. «Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      12. «Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      13. «Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      14. «Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      15. «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      16. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      17. «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      18. «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      19. «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      20. «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      21. «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      22. «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      23. «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      24. «Рудный индустриялық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      25. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      26. «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      27. «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      28. «М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      29. «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      30. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      31. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      32. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      33. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      34. «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      35. «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      36. «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      37. «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      38. «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      39. «Қайта өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      40. «Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      41. «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      42. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      43. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      44. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      45. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы.
      46. «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.
      47. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы.
      48. «Кәсіпқор» холдингі» акционерлік қоғамы.
      49. «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
      50. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы.
      51. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы.
      52. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы.
      53. «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      54. «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және


ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық
органдардың - мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.


      2. Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      3. Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      4. Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      5. Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      6. Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      7. Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      8. Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      9. Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      10. Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      11. Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      12. Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      13. Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      14. Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      15. Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.
      16. Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 27.02.2015 № 101 қаулысымен.

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440; 27.02.2015 № 101; 27.04.2015 N 358; 26.09.2015 N 789 қаулыларымен.

      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.
      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.
      4. «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.09.2015 N 789 қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.09.2015 N 789 қаулысымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.09.2015 N 789 қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.
      9. «Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.04.2015 N 358 қаулысымен.
      11. «Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      12. «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2014 № 1440 қаулысымен.
      14. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 27.02.2015 № 101 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 221; 24.11.2015 № 939 қаулыларымен.

      1. «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.


      2. «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. «А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      11. «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      13. «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      14. «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      15. «Жалпы генетика және цитология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      16. «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      17. «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      18. «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      19. «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      20. «Адам және жануарлар физиологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      21. «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      22. «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      23. «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      24. «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      25. «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      26. «Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      27. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 221 қаулысымен.
      28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 939 қаулысымен.
      29. «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы.
      30. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы.
      31. «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым


комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      1. «Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.


      2. «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 27.02.2015 № 101 қаулысымен.

      1. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.


      2. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы.


1   2   3


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет