Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметшілері арасында ішкі конкурс



жүктеу 75.98 Kb.
Дата20.07.2018
өлшемі75.98 Kb.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметшілері

арасында ішкі конкурс
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтақ инспекциясы» РММ
Барлық конкурс қатысушыларына арналған біліктілік талаптар:
C-О-5 санаты үшін:

жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 

мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Ғылыми дәрежесінің болуы.

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

C-O-5

83282

112430


«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 060009, Атырау қаласы, Қ.Медеубаев көшесі, 33 үй, анықтама үшін телефондар 8(7122) 20-22-63, 21-31-50 факс, электронды почта: lesohothoz@mail.ru, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Табиғи ресурстарды қорғау бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5), 1 бірлік, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 01.05.2017 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асырады: балық ресурстарын, жануарлар әлемі ресурстарын, орман ресурстарын ЕҚТА қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау, балық аулау, аң аулау және балық, орман, аң шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын, орман және аң шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың ережелерін орындауды сақтауын, бақылаудағы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, орман ресурстарын, ЕҚТА қорғауды бақылайды, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, Орман кодексінің талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар әлемін пайдаланушылардың қызметін тексеру; бақылау- инспекциялық жұмыс бойынша есептерді және балық шаруашылығы субъектілеріне, орман пайдаланушыларға және аңшылықты пайдаланушыларға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын дайындау, Инспекция мен Комитеттің бақылауында тұрған жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардан түскен құжаттарды, Инспекцияның аппараттық кеңестерінің шешімдері, іс-шаралар жоспарларын, басшылықтың тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау. Басшылық қойған өзге де міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары; ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы (орман ресурстары және орман өсіру, орман шаруашылығы ісі, аң шаруашылығын жүргізу және аң өсіру, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, балық шаруашылығы), немесе білім беру (биология, тарих) саласындағы, немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, экология), немесе құқық (заңтану) саласындағы білім. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау, балық шаруашылығы саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Махамбет инспекциясы бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асырады: балық ресурстарын, орман шаруашылығын және жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау, балық аулау, аң аулау және балық, орман, аң шаруашылығын жүргізу ережелерінің сақталуын, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын, орман және аң шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың ережелерін орындауды сақтауын, бақылаудағы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі рейдтік іс-шаралар; Қазақстан Республикасының жануарлар әлемін қорғау өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар әлемін пайдаланушылардың қызметін тексеру; бақылау-инспекциялық қызмет бойынша есептерді және балық шаруашылығы субъектілеріне тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын дайындау, Инспекция мен Комитеттің бақылауында тұрған жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардан түскен құжаттарды, Инспекцияның аппараттық кеңестерінің шешімдері, іс-шаралар жоспарларын, басшылықтың тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау. Басшылық қойған өзге де міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білімі жоғары; ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы (орман ресурстары және орман өсіру, орман шаруашылығы ісі, аң шаруашылығын жүргізу және аң өсіру, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, балық шаруашылығы), немесе білім беру (биология, тарих) саласындағы, немесе жаратылыстану ғылымдары (биология, экология), немесе құқық (заңтану) саласындағы білім. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау, балық шаруашылығы саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар ішкі конкурс –туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен бастап 3

жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондықпочта мекенжайына электронды түрде не «Е-qov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-qov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бөліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (білігтілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларымен реттелген.

Әңгімелесу өткізудің орны: Атырау қаласы, Авангард-4 мөлтек аудан, 92, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ ғимараты.


: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет