Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/5
Дата29.05.2017
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5
Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


Пән: Жұқпалы аурулар
Пән коды: IA 3215
Мамандық: 5B110400 «Медициналық - профилактикалық іс»
Сағаты: 90 с.
Курс:3
Семестр: 6

2014ж.
Кафедра мәжілісінде бекітілді
Хаттама №___ ________2014ж.
Каф.меңгерушісі, проф.м.а., м.ғ.к. Абуова Г.Н.

1. Тақырыбы№1:Қазақстандағы инфекциялық қызметтің қалыптасу тарихы. Ішек инфекциялары. Іш сүзегі, парасүзек А және В.Сальмонеллез.

2. Мақсаты: студенттерге ҚР инфекциялық қызметтің негізін еңбегі сінген ғалымдардың жұмысы жайлы білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:

  • ҚР инфекциялық қызметтің құрылымы

  • Қазақстандағы медицинаның қалыптасуы

  • Жұқпалы ауруларға амбулаторлық көмек көлемі

  • Жұқпалы ауруларға стационарлық көмек көлемі

  • Осы тақырыптарға рефераттар тапсыру

  • Презентациялар мен дисскусиялар өткізу

4. Орындау түрі: әдебиеттермен, компьютерлік оқыту бағдарламаларымен және мәліметтердің электронды базаларымен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, презентация мен эссе дайындау.

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Құрастырылған тесттердің және ауру тарихтарының сапасын қадағалау,тақырыптң өзекті мәселелерімен байланыстырып,заманауи әдебиеттерді, ғаламторды, БАҚ пайдалана отырып ситуациялық есептерді құрастыру.Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша бағалау.



6. Тапсыру мерзімдері: 2 апта

7. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Тропические болезни.Учебное пособие./Сейдуллаева Л.Б., Набенов К.Н., Дуйсенова А.К., Егембердиева Р.А.- Алматы, 2010,-332 с.

  2. Инфекционные болезни и эпидемиология: Учебник для мед.вузов / В.И. Покровский, С.Г. Пак, Н.И. Брико, Б.К. Данилкин. - 2-е изд., испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-826 с.

  3. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов / Под ред. Е.П. Шуваловой.- Москва; Медицина, 2005.- 695с.

Қосымша:

  1. Белоусова А.К. Инфекционные болезни с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии.- 2012.

  2. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  3. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  4. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  5. Зоонозные инфекции. Сборник учебно-методических пособий для студентов медицинских вузов. Под редакцией С.У. Пика. М 2007.- 154 стр.

  6. Руководство к практическим занятиям по эпидемиологии инфекционных болезней. Под ред. В.И. Покровского.- 2006.

  7. Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед.фак.мед.вузов / Под ред. В.Н. Тимченко.-2-е изд.,испр.и доп.-СПб.:Спец. лит,2006.-576с.

  8. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  9. Адамович М.Ш., Бандацкая М.И., Близняг А.М. Иммунопрофилактика инфекционных болезней. Минск. 2002.

  10. Ющук Н.Д., Бродов Л.Е. Острые кишечные инфекции, диагностика и лечение. М. 2001 г.

  11. Руководство по инфекционным болезням. Под ред. Ю.В. Лобзина. Санкт-Петербург, 2000.

  12. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

8.Бақылау (сұрақтар,тесттер, есептер):

Бастапқы бiлiм деңгейiн бағалау үшiн тесттер:

1.Іш сүзегі терапиясында левомицитин келесі тәртіппен беріледі :



  1. барлық қызба кезеңінде және температураның қалыптасуына 10 күн толғанша

  2. 21 күн

  3. барлық қызба кезеңінде және температураның қалыптасуына 3 күн толғанша

  4. 10 күн.

  5. қалыпты температураға дейін

2. Іш сүзегіне шалдыққан науқастан ... бөлінеді.

  1. зәрден,сілекеймен, физиологиялық сұйықтықтардан

  2. қаннан және жұлын ми сұйықтығынан

  3. терден

  4. сілекейден

  5. құсық массаларынан

3. Іш сүзегінің ерте кезеңіне ... жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.

  1. лимфа

  2. тыныс алу

  3. жүрек қан тамыр

  4. жүйке

  5. эндокриндік

4. Іш сүзегінде ... иммунитет қалыптасады.

  1. тұрақты

  2. типоспецификалық

  3. видоспецификалық

  4. антитоксикалық

  5. тұрақсыз

5. Зонне шигелласымен берілетін дизентерияның инфекция көзі болып:

  1. қаймақ және басқа сүт өнімдері

  2. шұжық

  3. көкеністер

  4. сусындар

  5. нан өнімдері

6. Сальмонеллездiң септикопиемиялық түрінің клиникалық

көрiнiсi ... байланысты.



  1. метастатикалық iрiңдi ошақтардың орналасқан жерiне

  2. науқастың преморбидтiк көрінісіне

  3. науқас организмiнiң иммундық жүйесiне

  4. жалпы улану белгiсiнiң анық дәрежесiне

  5. организмнiң сусыздану дәрежесiне

7. Сальмонеллездiң жеңiл түрінің емi:

  1. 4-шi емдәм, ауыз арқылы суландыру

  2. антибиотиктер, 13-шi емдәм

  3. 5-шi емдәм, инфузиялық терапия

  4. 8-шi емдәм, зәр айдағыш препараттар, антибиотиктер

  5. 9-шi емдәм ,антибиотиктер,антигистамидер

8. Сальмонеллездiң инкубациялық кезенi:

  1. 12-24 сағат

  2. 5-7 күн

  3. 1-сағатқа жуық

  4. 1-айға дейiн

  5. 1-айдан 3-айға дейiн

9. Сальмонеллезде бактериологиялык тексеруге алынатын материалдар:

  1. құсық, асқазаның шайынды суы, нәжiс, ұлтабар сұйықтығы,қан, зәр

  2. құсық, қан, нәжiс

  3. құсық, асқазан шайынды суы, зәр, нәжiс

  4. қан, зәр, асқазан шайынды су

  5. құсық, асқазан шайынды су

10. Сальмонеллездiң ауыр түрін емдеуде ... қолданылады.

  1. антибиотиктер,коллоидтты, кристаллоидты ерiтiндiлер, поливитаминдер, сальмонеллездi бактериофаг

  2. полиионды ерiтiндiлер, гормондар

  3. иммуностимуляторлар

  4. стериодты емес анаболиктер, коллоидты ерiтiндiлер

  5. симптоматикалық дәрiлер

Қорытынды білім деңгейін бағалау үшін тесттер:

1.Іш сүзегінде зақымдалады:



  1. өрлемелі тоқішек бөлімі

  2. тоқ ішек

  3. сигма тәрізді тоқішек

  4. жіңішке ішек

  5. он екі елі ішек.

2. Іш сүзегінің классикалық бастапқы кезеңінің симптомдары :

  1. жаймен басталуы,температураның сатылы жоғарылауы,терінің құрғауы,беттің бозғылттануы,іштің кебуі

  2. қызба,терінің ылғалдануы,беттің гиперемиясы

  3. жіті басталуы,тершеңдік, терінің ылғалдануы

  4. жіті басталуы,тершеңдік, терінің ылғалдануы,интоксикация белгілері

  5. интоксикация белгілері, тершеңдік,гиперемия

3. Іш сүзегіне шалдыққан науқастың тілі:

  1. гипертрофияланған емізіктері бар,тістің іздері басылған,қалыңдаған

  2. "таңқұрай тілі"

  3. "географиялық тіл"

  4. ісінген, сары жабындымен жабылған

  5. құрғақ ("щетка")

4. Іш сүзегіне тән АІТ өэгерістері :

  1. метеоризм, Падалка симптомының оң болуы,илеоцекальды аймақтың құрылдауы

  2. іштің кебуі,нәжістің болмауы,көп көлемде құсу

  3. сигма тәрізді тоқ ішектің спазмделуі,төмендемелі тоқ ішектің құрырдауы, тенезмдер

  4. Ровзинг, Щеткин-Блюмберг, Кохер симптомдарының оң болуы

  5. эпигастрий аймағының, кіндік түбінің ауырсынуы, диарея.

5. Iш сүзегi кезiндегi Падалка белгiсi:

  1. илеоцекальды аймақта перкуторлы дыбыстың қысқаруы

  2. оң қабырға астын сипағанда ауыру сезiмi

  3. оң қабырға доғасын ұрғылағанда ауыру сезiмi

  4. iшек перистальтикасының болмауы

  5. эпигастрий аймағын сипағанда ауыру сезiмi

6. Iш сүзегi кезiнде лабораториялық-диагностикалық әдiстер қолданылады:

  1. бактериологиялық, серологиялық

  2. вирусологиялық

  3. иммунологиялық

  4. ақ тышқандарға егу

  5. бактериоскопиялық

7. Сальмонеллездi гастриттiң клиникалық белгiлерi:

  1. жалпы улану белгiсi, эпигастрия аймағының ауыруы, лоқсу, құсу

  2. жалпы улану белгiсi, лоқсу, құсу, iш өту

  3. улану, температураның жоғарылауы

  4. iш өту

  5. лоқсу, құсу, розеолезды бөрпелер

8. Сальмонеллездiң септикопиемиялық түрінің клиникалық

көрiнiсi ... байланысты.



  1. метастатикалық iрiңдi ошақтардың орналасқан жерiне

  2. науқастың преморбидтiк көрінісіне

  3. науқас организмiнiң иммундық жүйесiне

  4. жалпы улану белгiсiнiң анық дәрежесiне

  5. организмнiң сусыздану дәрежесiне

9. Сальмонеллездiң жеңiл түрінің емi:

  1. 4-шi емдәм, ауыз арқылы суландыру

  2. антибиотиктер, 13-шi емдәм

  3. 5-шi емдәм, инфузиялық терапия

  4. 8-шi емдәм, зәр айдағыш препараттар, антибиотиктер

  5. 9-шi емдәм ,антибиотиктер,антигистамидер

10.Жіті бактериобөлушілік деп,сальмонеллезді инфекция қоздырғыштары ... мезгіл ішінде анықталса.

  1. клиникалық сауығудан кейін 3 ай

  2. клиникалық сауығудан кейін 6 ай

  3. клиникалық сауығыдан кейін 6 айдан астам

  4. клиникалық сауығу 1 жыл

  5. ем жүргіліп болганнан кейінгі

Есептер:

1.Науқас Д, жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түскен. Шағымы дене температурасының жоғарылауы. 38,2С, 6-7 күн бойы сақталған.мазасыздық,тәбетінің төмендеуі,іші кепкен,нәжісі сұйық.

Объективті: жағдайы ауыр, айқын интоксикация симптомдары,енжар, дене температурасы 38, 5 С терінің шырышты қабаты кепкен,ақ жабындымен жабылған. Аңқада қызарған.Іш ішінің үш жартында майда бөртпелер,қызғылт түсті,бауыры ұлғайған + 3 см,қара бауыры +1 см,нәжіс сұйық,көп көлемде,сулы 5-6 рет,

1.сіздің дианозыңыз

2.эпидемияға қарсы ісс шаралар

3.күту принциптері

2. НауқасА.,18 жаста, студент-биолог, ауырғаннан соң 3-ші күні келіп түскен. Жедел ауырған, жоғары дене қызуы (38-390С) тамағының ауруы, бас ауыруы болған. Дене қызуы жоғары күйінде қалған бас ауыруы, әлсіздік күшейген. Түскен кезде: дене қызуы 390С, жағдайы ауыр. Науқастың тері бозғылт, әлсіз ұйқышыл. Тілі ісінген, тілінің бетінде жамылғы қапталған, тілдің ұшы мен шеттері таза. Іш және кеуде терісінде аздаған мономорфты розеолезді бөртпе бар. АҚ-105/70 мм.сын.бағ. Өкпеде жайылмалы құрғақ сырылдар. Іші кепкен, жұмсақ, ауырмайды. Бауыр және талақ пальпацияланады, қабырға шетінен 1 см төмен. Қабылдау бөлімінде үлкен дәреті ботқа тәрізді, қара түсті болған.

5 күн денесінде бөртпе пайда болған, қызғылт түсті, температурасы төмендегенде 3 сағаттан кейін қайтып кеткен.

1.Сіздің диагнозыңыз

2.Алдын-алу шаралары.



1. Тақырыбы№2: Жіті ішек инфекцияларының алдын – алу. Дизентерия. Эшерихиоз. Тырысқақ. Ботулизм.Тағамдық токсикоинфекция.

2. Мақсаты: студенттерге жіті ішек инфекцияларының алдын алу және дизентерия, эшерихиоз, тырысқақ, ботулизм, тағамдық токсикоинфекцияның

эпидемиологиясының теориялық білімін қалыптастыру, эпид.анамнезін дұрыс жинауды үйрету; инфекция ошағында . болғандарды анықтау; эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын жүргізу жоспары.



3. Тапсырма:

  • Жіті ішек инфекцияларының эпидемиологиясы

  • Дизентерия, эшерихиоз, тырысқақ инфекцияларының эпидемиологиясы

  • Тағамдық токсикоинфекцияныңэпидемиологиясы

  • Ботулизм инфекцияларының эпидемиологиясы

  • Осы тақырыптарға рефераттар құру

  • Презетациялар,дисскусиялар дайындау

  • Медициналық құжаттарды толтыру

4. Орындау түрі: әдебиеттермен, компьютерлік оқыту бағдарламаларымен және мәліметтердің электронды базаларымен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, презентация мен эссе дайындау.

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Құрастырылған тесттердің және ауру тарихтарының сапасын қадағалау, тақырыптң өзекті мәселелерімен байланыстырып, заманауи әдебиеттерді, ғаламторды, БАҚ пайдалана отырып ситуациялық есептерді құрастыру. Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша бағалау.



6. Тапсыру мерзімдері: 3 апта

7. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Тропические болезни.Учебное пособие./Сейдуллаева Л.Б., Набенов К.Н., Дуйсенова А.К., Егембердиева Р.А.- Алматы, 2010,-332 с.

  2. Инфекционные болезни и эпидемиология: Учебник для мед. вузов / В.И. Покровский, С.Г. Пак, Н.И. Брико, Б.К. Данилкин. - 2-е изд., испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-826 с.

  3. Инфекционные болезни: Учеб. пос. для вузов / Под ред. Е.П. Шуваловой.- Москва; Медицина, 2005.- 695с.

Қосымша:

  1. Белоусова А.К. Инфекционные болезни с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии.- 2012.

  2. Инфекционные болезни: национальное руководство / Под ред. Н.Д. Ющука, Ю.Я. Венгерова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. -1056 с.

  3. Амиреев С.А., Муминов Т.А. и др., Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях т. 2, Алматы, 2008 г.

  4. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях т. 1, Алматы, 2007 г.

  5. Зоонозные инфекции. Сборник учебно-методических пособий для студентов медицинских вузов. Под редакцией С.У. Пика. М 2007.- 154 стр.

  6. Руководство к практическим занятиям по эпидемиологии инфекционных болезней. Под ред. В.И. Покровского.- 2006.

  7. Инфекционные болезни у детей: Учебник для пед.фак.мед.вузов / Под ред. В.Н. Тимченко.-2-е изд.,испр.и доп.-СПб.:Спец. лит,2006.-576с.

  8. Возианова Ж.И. Инфекционные и паразитарные болезни. Киев. 2002 г.

  9. Адамович М.Ш., Бандацкая М.И., Близняг А.М. Иммунопрофилактика инфекционных болезней. Минск. 2002.

  10. Ющук Н.Д., Бродов Л.Е. Острые кишечные инфекции, диагностика и лечение. М. 2001 г.

  11. Руководство по инфекционным болезням. Под ред. Ю.В. Лобзина. Санкт-Петербург, 2000.

  12. Эмонд Р. и др. Инфекционные болезни, цветной атлас. Перевод с англ., 1989.

  13. Приказ МЗ РК № 442 от 01.07. 2011 г. «Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по организации и проведению санитарно-противоэпидемических мероприятий по предупреждению заболеваемости острыми кишечными инфекциями, сальмонеллезом, брюшным тифом и паратифами».

8.Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер):

Бастапқы бiлiм деңгейiн бағалау үшiн тесттер:

1.«Бағынбайтын» инфекцияларға жатады :

  1. дизентерия

  2. паротит

  3. полиемиелит

  4. дифтерия

  5. қызылша

2.Флекснер шигелезінде құсу... .

  1. аурыдың алғашқы кезеңінде

  2. мүлдем болмайды

  3. лоқсусыз,іш ауырсынусыз болады

  4. кофелік қоюлық

  5. «бұрқақ тәрізді»

3.Шигеллездің диярея синдромының дамуына... алып келеді.

  1. шигеллалардың колоноцитерге еніп,қабыну процестерін итермелеу

  2. ішек эпителиоциттерінің су сіңіру қасиетін бұзужәне гиперсекрецияға алып келу

  3. дисахаридтік жетіспеушілікке алып келу

  4. ферменттік жетіспеушілік

  5. асқазан сөлінің көптеп бөлінуі

4. Тырысқақ қоздырғышын анықтауда ... ортасы пайданылады.

  1. Мансуров, Хоттингер агары , Оксайд

  2. қарапайым қоректік

  3. Китта-Тароцци

  4. Раппопорт

  5. ет сорпасы

5. Тырысқаққа келесі симптомдар тән :

  1. жүрек айнусыз құсу,іш ауырсынусыз диарея

  2. құсу,жүрек айну,толғақ тәрізді іш ауруы

  3. өт бөліндісімен іш өту,оң қабырға астының ауырсынуы

  4. «тақтай тәрізді іш»

  5. көп көлемде іш өту,белдемелі іштің ауырсынуы.

6. Тағамдық уытты инфекцияның инкубациялық кезеңі :

  1. 2-6 сағаттан 24 сағатқа дейін

  2. 24-48 сағат

  3. 1-5 тәулік

  4. 3 айға дейін

  5. 1-2 сағат

7. Тағамдық уытты инфекцияның патогенезі мен клиникалық көрінісі ... байланысты.

  1. қоздырғыштың түріне

  2. науқастың иммундық жүйесіне

  3. қосымша ауруларға

  4. экзотоксиннің түрі мен мөлшеріне

  5. созылмалы ауруларға

8. Тағамдық уытты инфекция – ол жұқпалы ауру, ... симптомдарымен сипатталады.

  1. АІТ жоғарғы бөлігінің зақымдалуымен, су-тұз алмасуының бұзылысы

  2. су-тұз алмасуының бұзылысы мен жалпы интоксикация

  3. гемодинамика бұзылысы

  4. АІТ төменгі бөлігінің бұзылыстары

  5. жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы

9. Тағамдық уытты инфекцияларының асқынуы болып ... табылады.

  1. гиповолемиялық шок, жүрек шамасыздығы

  2. анафилактикалық шок

  3. бүйрек –бауыр шамасыздығы

  4. тыныс шамасыздығы

  5. ішектен қан кету болып

10. Ботулизмнiң гемограммасында ... анықталады.

  1. солға ығысқан лейкоцитоз

  2. лейкопения

  3. ЭТЖ көбейту, гиперлейкоцитоз

  4. гиперэозинофилия

  5. лейкопения, ЭТЖ, анэоозинофилия

Қорытынды білім деңгейін бағалайтын тесстер :

1. Шигелла Зонне шақыратын, дизентерияның берiлу факторы болатын азық-түлiк өнiмдерi:



  1. қаймақ және басқада сүт өнімдері

  2. шұжық

  3. көкөнiс және жемiстер

  4. сусындар

  5. нан өнімдері

2.Емдік клизмалар ... тағайындалады

  1. дизентерияда

  2. іш сүзегінде

  3. тырысқақата

  4. тағамдық уытты инфекцияда

  5. ботулизімде

3.Тырысқақтың заманауи емі:

  1. регидратациялық, + цефалоспоринолық антибиотиктер қатары

  2. дезинтоксикациялық терапия + жүрек-қантамыр препораттары

  3. регидратациялық терапиясы + тыныс алу жүйесінің аналептигі

  4. регидратациялық, + тетрациклинді антибиотиктер қатары

  5. дегидратациялық + левомицин антибиотиктер

4. Тырысқақтың берілу жолы:

  1. су арқылы

  2. ауа тамшылы

  3. тұрмыстық-қатынастық

  4. парентералды

  5. тағамдық

5. Ботулин токсиндерін ...анықтауға болады.

  1. барлық субстраттарда

  2. құсық массаларында,асқазан шайынды суларында

  3. қанда

  4. азық-түлікте

  5. нәжісте

6. ТТИ қоздырғышы ... ,термотұрақты энтеротоксин бөлуші.

  1. Staphylococus aureus

  2. Сlostridium perfringens

  3. Bak cereus

  4. Vibrio cholerae

  5. Proteus vulgaris

7. Тағамдық уытты инфекцияда нәжіс сипаты:

  1. "ет жуындылары"

  2. "ректальді түкірік"

  3. "таңқурай желесі"

  4. "күріш қайнатпасы"

  5. "асбұршақ суфлесі"

8. Тағамдық уытты инфекцияның патогенезінде басты рөлді ... ойнайды.

  1. Staphylococus aureus

  2. Сlostridium perfringens

  3. Bak cereus

  4. Vibrio cholerae

  5. Proteus vulgaris

9.Тағамдық уытты инфекцияның патогенезінде басты рөлді ... ойнайды.

  1. энтеротоксин, цитотоксин

  2. гемолизин, гиалуронидаза

  3. нейраминидаза

  4. дермонекротоксин

  5. амилаза.

10. Ботулизм диагноз ы ... расталады.

  1. нейтрализация реакциясы

  2. РСК

  3. РНГА

  4. ИФА

  5. РПГА

Есептер:

1.Бала бақшада бала дизентериямен ауырған.Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын құраңыз. Дезининфекция өткізіңіз



2.Жедел жәрдем фельдшері жатақханада шақыртуға қызмет көрсеткен.Науқастың шағымдары:ішінің ауыруы,әлсізденуі,қалтырау, температура - 38,2ºС,тенезімер. Науқас 3 күн бұрын шаруашылық жұмыстарынан келген.

1.Сіздің диагнозыңыз

2. Науқасты қайда емдеу қажет

3.Фельдшер қандай эпидемияға қарсы іс шаралар жасау қажет



3.Науқас Г.17 жаста,жіті ауырған, шағымдары :дене температурасының жоғарылауы 39,5ºС, бірнеше рет құсу.Ауырын 5 сағат бұрын ысталған балықты жегенмен байланыстырады.Шағымдары:3-4 рет құсуы,ішінің ауыруы. Аурудың 2 күні ауруханға ауыр халде түскен,мазасыз,лоқсулармен.Терісі бозғылт,акроцианоз.Қол аяғы,мұрынның ұшы,құлақтары мұздай.Жүрек аумағы қалыпты.Тондары тұнық,ырғақты. Пульс 142 мин,АҚ 60/30 мм рт ст. Іші түсінкі пальпацияда ауырсыну мен құралдауы байқалады.

1Сіздің диагнозыңыз

2 Эпидемияға қарсы іс-шаралар

3 Күту принциптері

4.Жедел жәрдем фельдшері жатақханада шақыртуға қызмет көрсеткен.Науқастың шағымдары:ішінің ауыруы,әлсізденуі,қалтырау, температура - 38,2ºС,тенезімдер. Науқас 3 күн бұрын шаруашылық жұмыстарынан келген.

1.Сіздің диагнозыңыз

2. Науқасты қайда емдеу қажет

3.Фельдшер қандай эпидемияға қарсы іс шаралар жасау қажет

5.Жұқпалы аурулар бөліміне науқас әлсіздік, қалтырау,температураның жоғарылауына, ішінің ауыруына,тенезімдерге,қан аралас нәжіс,шырышты. Объективті қарауда :іші қатты ауырсынуда.

1.сіздің диагнозыңыз

2.күресу іс-шаралары

3.ошақтағы іс-шаралар



1. Тақырыбы №3: Протзойлы ішек инвазиясы (амебиаз,балантидиаз). Вирустыгастроэнтериттер. Энтеровирусты инфекция

2. Мақсаты: Амебиаз, балантидиаздың эпидемиологиясын, эпидемиологиялық диагностикасын, емдеу принциптерін, күту және алдын-алу негіздерін студенттерге үйрету.

3. Тапсырма:

  • Амебиаз, балантидиаздың эпидемиологиясын анықтау

  • Вирусты гастроэнтериттер. Энтеровирусты инфекция эпидемиологиясын анықтау

  • Осы тақырыптарға реферат құру

  • Презентация,дисскусияларды дайындау

  • Медициналық құжаттарды толтыру

4. Орындау түрі: әдебиеттермен, компьютерлік оқыту бағдарламаларымен және мәліметтердің электронды базаларымен жұмыс, ситуациялық тапсырмаларды шешу, презентация мен эссе дайындау.



  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет