Қазан айы, 2014 жыл Қысқаша сипаттама



бет1/5
Дата17.07.2017
өлшемі387.87 Kb.
  1   2   3   4   5

Қазақстан: Қоршаған ортаны бағалау және басқаруға арналған Сырдарьяны және Солтүстік Арал теңізін ІІ-сатылы бақылау жобасының үлгісі (SYNAS-II)

(Қазан айы, 2014 жыл)


Қысқаша сипаттама

(Жұмыс жобасы)






  1. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҮЛГІСІ



1.1Баяндаманың мақсаты:

Дүниежүзілік Банктің кепілдік саясатын орындай отырып (OP4.01), Қазақстан Республикасының (ҚР) Су ресурстары комитеті (СРК) Ауыл шаруашылығы министрлігі негізінде алдын-ала үлгілік деңгейдегі қоршаған ортаны бағалау және басқару жобасын дайындап шығарды. Бұл жоба төменде Сырдарья өзенін және Солтүстік Арал теңізін ІІ-сатылы бақылау жобасына (SYNAS-2) арналған «Қоршаған ортаны бағалау және басқару үлгісі» (КОББҮ) деп берілген. КОББҮ болжалды бір үлгідегі әсерлердің, кері әсерлерді төмендету және бақылау шараларының және жауапкер мекемелердің жалпы сипаттамасын береді, жобаны қолданысқа енгізу кезінде сәйкес толық жобалау қолжетімді бола салысымен, клиент Қоршаған ортаны басқару жобаларына (КОБЖ) тән қосалқы жобаларды дайындаған кезде жүгінетін рәсімдер мен тәртіптерді қалыптастырады.



1.2Жобаның құрамдас бөлшектері және Үлгінің әсерін бағалаудан шығатын негізгі тұжырым (OP4.01):

Бұл жоба Қазақстанның Қызылорда облысында орналасқан Сырдарья өзенінің төменгі су алабындағы көлемді су ресурстарын басқаруды жетілдіруге қатысты үш құрамдас бөлшектен тұрады. Жұмыс объектілерінің болжалды орналасуы анықталғанымен, жаңа инфрақұрылым жетілдірілетін жерде қосалқы жобаларға арналған қосалқы жобаның әсер ету алаңы және құрылыс жұмыстарының нақты орналасуы ( жұмыстардың/жабдықтардың саны және түрлері, далалық лагерьлердің орналасуы және т.б.) толық жобалау деңгейінде ғана анықталатын болады. Жобаның құрамдас бөлшектеріне мыналар кіреді:


(a) 1-ші құрамдас бөлшек: Сырдарья өзенінің төменгі бөлігінде арнаның суды өткізу мүмкіндігін және су тасқындарынан қорғау қабілетін ұлғайту (41.6 млн. АҚШ долл.). Сырдарья өзенінің төменгі бөлігінде арнаның орташа жылдық суды өткізу мүмкіндігін 500-ден 700 м3/а дейін ұлғайту міндетін жүзеге асыруға оң әсерін тигізеді, осылайша, су ағыны шығындарының төмендеуіне ықпал етеді (Дельта көлдері мен Солтүстік Арал теңізін қамсыздандырумен қоса, қыс мезгілінде жетілдірілген су ағынымен және қоршаған ортаны сумен камтамасыз ету үшін). Сондай-ақ, аталған құрамдас бөлшек қауіптен сақтауды қажет ететін елді-мекендерді, қонысталған және өңделген жерлерді, құнды қоғамдық инфрақұрылым игіліктерін (жолдар, тас жолдары, электр желілері, суландыру және дренажды су тасымал жүйелері) су тасқынынан қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл келесі төрт қосалқы құрамдас бөлшектерден тұрады:
(i) Жүйенің ішіндегі ең ірі құрылымды (суды өткізу қабілеті 210 м3/а) – Қызылорда қаласының Қызылорда бөгетіндегі сол жағалауды суландыру бұрмасын жөндеу және қалыпқа келтіру. Бұл сол жағалауды бұру және осы бөгет бойынша алғашқы осыған ұқсас аяқталған жұмыстардан бастау алады және құрылымдық, электромеханикалық және қорғау жұмыстарын қамтиды:

- бұрманың қатты зақымданған және шынайы нашарлаған құрамдас бөлшектерінің сәтсіздікке ұшырауының алдын алу және осылайша қызмет көрсету алаңдарын топан су басуынан және сәйкес қоғамдық инфрақұрылым жүйелеріне нұқсан келуден қорғау;

- сумен қамсыздандыруды бақылау және ұлғайту, осылайша ауыл шаруашылық өндіруді және ауыл шаруашылық қызметін көрсетудің суармалы алаңдарын және жайылымдарды 60 000 га-ға ұлғайту; және

- Қызылорда қаласын су тасқыныннан қорғау мақсатында қажет болған жағдайда су тасқынынан қорғайтын құрылым ретінде қолданылатын бөгеттің қабілеттілігін қамтамасыз ету.


(ii) Ұзындығы 4 шақырымға дейін жететін ирелең қысқартуларды қамтитын Жалағаш ауданының Қорғанша және Тұрымбет учаскелерінде арнаны түзету жұмыстарын жүргізу. Бұлардың әрқайсысының ішіне орталық эксперименталды қанауларды қазу және өзенге олардың арасынан өтетін өзіндік жаңа бағытты қалыптастыруға ықпалын тигізетін екі жақты басқару бөгеттерін құрастыру кіреді:

- өзеннің баурайын және ағым жылдамдығын ұлғайту арқылы және мұзды кептелістердің қалыптасуына әкеліп соғатын арнаның қысылуын жою арқылы өзеннің суды өткізу қабілеттілігін жетілдіру;

- қысқы маусымдағы еріген сулардың көршілес шөлейтті құдықтарға ағуын тоқтатпау және осылайша төменгі ағыстағы жүйелерді сумен қамсыздандыруды ұлғайту;

- жоғарғы ағыстағы қоймалардан көбірек ағынның келуіне мүмкіндік беру және осылайша су ресурстарын көп мақсатты басқарудың толық жүйесінің икемділігін жетілдіру; және

- қорғауға қажетті алаңдар мен игіліктерді қажетті су тасқындарынан қорғау жұмыстарымен қамтамасыз ету.
(iii) 5 секцияда 50 шақырымды құрайтын Қармақшы және Қазалы аудандарындағы су тасқынынан қорғайтын бөгеттерді жетілдіру және қалыпқа келтіру. Бұл бұзылған және/немесе нашарланған бөгеттерді құру және/немесе қүшейтуді қамтиды:

- қорғауды қажет ететін елді-мекендерді және суармалы ауыл шаруашылық жерлерін қауіпсіз түрде қорғау; және

- төменгі ағыстағы жүйелерге ұлғайған ағынды сулардың түсуін тоқтату ерекшеліктерін және өзеннің суды өткізу қабілеттілігін арттыру.
(iv) Казалы ауданындағы Бірлік елді-мекенінің жанында 6 аралықтағы ұзындығы 265 м болатын көлік өтетін көпірді салу. Бұл қолданыстағы 70 м ұзындықтағы қалқымалы көпірді мынандай мақсаттарда алмастырады:

- каналдың енін 70 м-ден 200 м-ге дейн арттыру, көптеген қалқымалы көпірлерді бес жұқа көпір тіреулерімен алмастыру және көпірдің бетін судың болжалды максималды деңгейінен 3 м жоғары көтеру арқылы су каналының айтарлықтай қысылуын жою. Осының барлығы өзеннің суды өткізу қабілеттілігін елеулі түрде арттыру және мүмкін болатын мұзды кептелістерді азайту үшін жасалады. Бұл жұмыстар өзен каналын өзгерту/кеңейтудің орнына, оны қалпына келтіруге бағытталған. Салалар қысылуды қалыптастырып, өзендегі қалқымалы көпірлерге дейін кеңейтілді, сондықтан олар осы қосалқы жобамен алынып тасталынады (алайда жаңа көпірдің орналасу жерінде салынатын тасқындардан қорғайтын бөгеттер жағалаудың шынайы сызығынан айтарлықтай кері орнатылған, сондықтан шамалы кеңейту жұмыстары орын алады); және

- аудандық деңгейдегі жолмен және көлік тасымалын жақсартуды қамтамасыз ету. Бұл маусымдық қолданыстағы (10 ай/жыл), шектелген салмақ мөлшердегі (5 тонна), шектелген жылдамдықтағы (5 км/сағ) және бір жолақты (4.5 м) көпірді тұрақты ІІІ категориялы екі жолақты (11.5 м) жаяу жүргінші және көлік өтетін көпірге дейін модернизациялау арқылы жүзеге асырылады және осылайша жергілікті әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын елеулі түрде ұлғайтады.
(b) 2-ші құрамдас бөлшек: Орталық дельта көлдерінің Сырдарья аумағын сумен қамсыздандыру және басқаруды жетілдіру (77.9 млн АҚШ долл.). Бұл құрамдас бөлшек Сырдарья өзенінің төменгі ағысындағы САТ-не жақын орналасқан орталық дельта көлдері аумағын сумен қамсыздандыру, оны тарату және қолдану мүмкіндіктерін жетілдіруді қамтиды. Бұл алдыңғы жобадан шығатын жетілдірілген жерлер мен су ортасын пайдалы қолдану және 1-ші құрамдас бөлшектен күтілетін жетілдірілген судың қолжетімділігі мен реттелу мүмкіндігі мақсатында жасалынған. Келесі қосалқы құрамдас бөлшектер:
(i) Арал ауданындағы Қамышлыбаш және Ақшатау орталық дельта көлдер жүйелерін қалыпқа келтіру. Бұл жетілдіру жұмыстары су ресурстарын бақылау және жалпы аумағы 110 000 га құрайтын өзге де қызмет көрсетудің инфрақұрылымдық жүйелеріне қызмет көрсетуді қамтиды, ал оған көлдер, шалшықтар, шабындық жерлер және жайылымдар кіреді. Бұл жұмыстар мынадай қызметтерді жүзеге асыру үшін, су жіберуді, арнаның суды өткізу қабілеттілігін, реттеу және бақылау жүйелерін оңтайландыру және нығайтуды қамтиды:

- су ресурстарын басқару жүйесінің тиімділігін және операциялық тиімділігін көптеген қолдан жасалынған су тоғандарын және уақытша каналдарды алмастыра отырып, Аманөткел-2 өзен бөгетін сәйкес тұрақты гидротехникалық құрылыстармен және көлік құралдарымен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру; және



- осы және таңдалып алынған, бірақ шектеулі инфрақұрылымдарға жетілдіру жұмыстарын жүргізу арқылы (мысалы, электр жүйесі мен жолдармен қамсыздандыру) мыналарды қамтамасыз ету: (і) орталық дельта аумағының ауыл шаруашылық жұмыстарын жандандыру (мысалы, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, егіндік жұмыстар) және (іі) сәйкес үкіметтік және ұйымдық қорғауға және табиғи алуан түрлілікті жандандыруға деген жетілдірілген қабілеттілік.
(ii) Арал ауданының Қамышлыбаш балық кешеттігіндегі Тастақ балық аулау тоғанын қайта құру және кеңейту, бұған барлық сәйкес гидравликалық сумен қамсыздандыру құралдары, инфрақұрылымды басқару жүйелері және өзге де қажеттіліктермен бірге, шамамен 250 гектарға созылған барлығы 120 балық аулау тоғандарын қамсыздандыру және реституциялау кіреді. Бұл, ең алдымен, орталық дельта көлдерін сәйкес балық түрлерімен қамсыздандыру үшін, содан кейін, САТ қоса, өзге де қалпына келтірілген суда мекендейтін ағзаларды толықтыру үшін инкубаторлау бойынша жұмыстарды тездетуге және кеңейтуге септігін тигізуі тиіс. Бұл балықты көптеп шығаруға, балық шаруашылығына тәуелді қызметтерге және әлеуметтік-экономикалық өрлеуге деген әлеуеттілігін арттырады деп жобалануда.
(c) 3-ші құрамдас бөлшек: Өзен су алабын басқаруды күшейту, SYNAS3 жобасын және жоба бағыттарын даярлау (5.7 млн.АҚШ долл.). Бұл құрамдас бөлшекке келесі үш қосалқы құрамдас бөлшек кіреді:
(i) САТ негізінен екінші сатылы қалпына келтіруді және Қызылордаға бағытталған Өзен су алабын басқару орталығын дамытуды қамтитын SYNAS3 жобасына техникалық-экономикалық негіздемелерді және толық жобалауды дайындау.
(ii) Өзен су алабын басқаруда (ӨСАБ) Үкімет әлеуетін күшейту (біржола көлемі келісімсөздер арқылы толығымен шешіледі): қоршаған орта және экологиялық барлық суды қолдану секторларын қамтитын су ресурстарын бірегей және біріктірілген түрде басқаруға арналған өзен су алабын жобалау және бақылау құралдарын жетілдіру. Бұған мыналар кіреді: судың мөлшерін бақылайтын станцияларға жаңа гидроскоптарды орнату және қайта орнатуды қамтамасыз ету; SYNAS2 жобасын даярлау кезінде қолданылған, мемлекетте бұрыннан бері қызмет етіп келе жатқан Mike 11 өзен су алабының моделін одан әрі дамыту; және/немесе ашық рұқсат көздері сияқты заманауи тәсілдерді қолдана отырып, Шешімдерді қолдау жүйесін (ШҚЖ) дамыту (жалғасатын Орталық Азиялық су-энергетикалық даму бағдарламасының (ОАСЭДБ) көмегімен, SYNAS2 қорын және мүмкін болатын қосалқы қорларды қолдану). SYNAS2 жобасын орындау кезінде, бұл құралдар SYNAS3 жобасын жоғарыда аталған 3(i) қосалқы құрамдас бөлшегінің негізінде даярлауға жеткілікті болатын САТ-ін қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемелерін сәйкесінше және негізді түрде қолдауға қажетті деңгейге дейін жетілдірілуге тиіс. Бұл мынандай мақсатта жасалған: Қызылорданың өзен су алабын басқару орталығын құрудың бөлігі ретінде су ресурстарын басқару жүйесінің жалғасатын операциялық шешімдерін қолдауды және кірісті қамтамасыз ету үшін, SYNAS3 жобасын орындау кезінде бұл құралдарды қолдану және, қажет болған жағдайда, дамыту.
(iii) Жобаны басқару, бақылау және бағалау (ББ), тексеру және дамыту.
1.3. OP 4.01 Қоршаған ортаны бағалау (және басқару) жобасы: жобаға бағытталған, сәйкесінше, ҚОБҮ негізінен 1 және 2 құрамдас бөлшектерге арнап даярланған (себебі олар потенциалды түрде кері әсерлерді тудыруы мүмкін).
Үлгілік деңгейдегі Қоршаған ортаны бағалау және басқару үлгісіне (ҚОББҮ) арналған ғылыми негіздеме: жоба құпталғаннан кейін, үкімет толық жобалау сатысында алаңға тән (қосалқы жобалық деңгей) ҚОБ және ҚОБЖ-ларын дайындайды. Қазіргі сатыда тек қана ҚОБҮ дайындаудың себебі мынада: SYNAS2 техникалық-экономикалық негіздемелерімен қамтылған кейбір алдын-ала жоспарлар мен жобалаулар толық жерүсті зерттеулерге немесе қолданыстағы картографиялар/суреттемелерге негізделмеген. Жерүсті зерттеу желілері мен маркерлері болмаған жағдайда, орындарды және, сәйкесінше, қоршаған ортаға тиетін әсерлерді оңай анықтауға мүмкін болмас еді. Сонымен қатар, нақты жобалау сатысында жобалаушылар ТЭН деңгейіндегі жобалардың техникалық дұрыстығын өз жауапкершілігіне алулары тиіс, сәйкесінше, алаңның қазіргі жағдайына (ТЭН жұмысы басталған жылдардан бері өзгеруі мүмкін болған) бағытталған тексерулер/жаңартулар және өзге де сәйкес техникалық-экологиялық факторлармен қоса, барлық бұрыңғы ТЭН жұмысын қарап шығуға қажет болады. Бұлар жиі жағдайларда өзгерістерге әкелуі мүмкін. Мысалы, өзенді түзету каналдары толық қолданыста болмау мүмкін, ал балықты инкубаторлау орындары топографиялық жағынан қиын (адырлы) орындар болып табылады және жетілдірілген жұмыс орындары мен алаңдарды белгілеуді қажет етеді. Сонымен қатар, 2-ші құрамдас бөлшек үшін (балықты инкубаторлау орындары мен дельта көлдер) нақты жобалаулар ТЭН деңгейіндегі жобалауға, балық шаруашылығын жүргізу аймақтарына және түрлерді біріктірудің таңдауына айтарлықтай өзгерістер әкелуі мүмкін (мысалы, тұрақтылықты сақтайтын шектеулі жұмыспен қамтуды қолдайтын ашық рұқсатты тоғандарды теңгеру, инкубаторлау орындарын қамсыздандыру үшін жетілдірілген мекен ету орындарын қорғау, жергілікті түрлерді теңгеруге көмектесу үшін жабайы түрлерді қорғау және т.б.).
ҚОБҮ деңгейіндегі алдын-ала бағалау осындай: бұл жоба негізінен оң экологиялық және әлеуметтік әсерлер тудырады деп болжалуда. Бұған соңғы онжылдықтарда үлкен шамада кеміп кеткен САТ және дельта көлдерін сумен қамсыздандыруды жоғарылату, жоғарғы ағыста орналасқан елді-мекендер, инфрақүрылымдар және ауыл шаруашылық жерлеріндегі маусымдық тасқындарға байланысты экономикалық және әлеуметтік әсерлерді азайту жатады. Тасқындарға қарсы шынайы жұмыстар жүруге тиісті алаңдар осы кезде-ақ күрделі трансформацияланған. Өзенді түзету жұмыстары сулы мекендердің/жағалау мекен орындарының біраз бөлігін бұзады. Жобаның құрамдас бөлшектері (дельта көлдерінің экологиялық статусын жоғарылату үшін судың құйылымын арттыру және Қамышлыбаш балықты инкубаторлау орнының Тастақ учаскесіндегі балық тоғандарын кеңейту және қайта құру) НОТ-на және Сырдарья дельта көлдерінің және САТ аумығындағы шалшықты жерлерге тікелей жақындықта жүзеге асырылады. Жалағаш ауданының Қорғанша және Тұрымбет учаскелеріндегі өзен арнасын түзету бойынша жүргізілетін жұмыстар алаңдары және Қармақшы және Қазалы ауданындағы су тасқыныннан қорғау бөгеттерін жетілдіру және қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар қазіргі/ескі су арнасындағы түрлердің табиғи мекедеу ортасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Алайда, экожүйенің құлдырауы бірталай мөлшерде болады деп дәлелденген жағдайда (қосалқы жоба негізді ҚОБ арқылы), ирелеңдерді толық жоймай, оларды төменгі ағыста ашық күйінде қалдырып, ирелеңдерде арнайы ағым режимін орнату арқылы жеңілдетіледі. Сонымен қатар, экожүйенің кез-келген қалдықты құлдырауын басу үшін, нақты жобалау сатысы жобалау алаңында «кіріктірмелі» экологиялық бұрмаларды енгізуі мүмкін. Қоршаған ортаға тиетін нақты әсер мен оны жеңілдету шаралары қосалқы жоба негізіндегі ҚОБ/ҚОББ арқылы жобаның тиімділігінен кейін, (қосалқы) жобалау жетілдірілген соң анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет