Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің



Дата22.02.2019
өлшемі153.05 Kb.


14.05.2018



№191

2017ж.23.10





Азаматтық қорғау органдары

әскери қызметшілерінің

қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын

есепке алу тәртібін бекіту туралы

Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алуды жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Талғат Қайырбекұлы Нұрмағамбетовке жүктелсін.

3. Бұйрық облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері және Көкшетау техникалық институты бастықтарының назарларына жеткізілсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.



Төраға

генерал-майор В. Беккер


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының

2017 жылғы «_23_»___10___

№ ___191____бұйрығына қосымша





Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу тәртібі

1. Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – әскери қызметшілер) қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу (бұдан әрі – Есепке алу) Әскери қызметшілердің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу журналында (бұдан әрі – Журнал) жүргізіледі, онда осы Тәртіпке 1-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тиісті мәліметтер көрсетіледі.

2. Әскери қызметшілерді есепке алу журналын осы Тәртіпке 2-4-қосымшаларға сәйкес кадр бөлімшелері жүргізеді.

3. Әскери қызметшілердің қа йтымсыз шығынының атаулы тізімі осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда жүргізіледі.

4. Әскери қызметшілердің қа йтымсыз шығыны төрт негіз бойынша жіктеледі:

1) жауынгерлік шығындар – әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға байланысты қаза табу оқиғалары;

2) жауынгерлік емес шығындар – әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға байланысы жоқ әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза табу оқиғалары;

3) жанама шығындар – әскери қызметшілердің гарнизон орналасқан жерден бөлек, қызметтен тыс уақытта және қызметтік жұмысқа немесе әскери қызмет мүдделеріне байланысы жоқ шығындары;

4) ауырып қаза тапқандар – егер өлім лауазымды адамдардың заңға қарсы іс-қимылдары, құқық бұзушылықтары немесе ұқыпсыздығы салдарынан болмаса, барлық ауырып қаза тапқан жағдайлар.

Осы Тәртіпке 5-қосымшаға сәйкес әскери қызметшілердің жарақттанулар, уланулар бойынша, басқа да сыртқы себептер мен аурулардың әсер ету салдарынан емделгеннен кейін қаза табу оқиғалары оларды алу жағдайларына сәйкес «жауынгерлік емес», «жауынгерлік», «жанама шығындар» немесе «ауыруы бойынша болған шығындар» санаттарына енгізіледі.

5. Жарақат алған әскери қызметшілер саны екі санат бойынша жіктеледі:

1) қызметтік уақытта;

2) қызметтен тыс уақытта.

Әскери қызметшілердің заңға қарсы іс-қимылдар, өзіне қол жұмсау, қауіпсіздік шараларын бұзушылықтар, жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттанулары, өзге де жарақаттанулар уақыты бойынша оларды алу жағдайларына сәйкес «қызметтік» және «қызметтен тыс» санаттарына енгізіледі.

6. Әскери қызметшілермен болған оқиғалар туралы баяндамалар мен мәлімдемелер уақтылы, анық және объективті түрде ұсынылуы тиіс.

7. Әскери қызметшілердің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын жалпы есепке алуды Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – ТЖК) Кадр жұмысы басқармасы (бұдан әрі – КЖБ) облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – ТЖД) және Көкшетау техникалық институты (бұдан әрі – КТИ) ұсынған ай сайынға есептер негізінде жүргізеді.

8. ТЖД, КТИ әскери қызметшісінің тікелей басшысы оқиға туралы ақпарат алған кезде бұл туралы ТЖД, КТИ басшысына және ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының (бұдан әрі – БКДҚБ) жедел кезекшісіне баяндайды.

9. БКДҚБ жедел кезекшісі ақпаратты алған кезде жедел Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына (бұдан әрі – ДЖБО) болған жағдай туралы телефон бойынша ауызша баяндайды, кейіннен осы Тәртіпке 6-қосымшаға сәйкес арнайы хабарлама ұсынады.

10. ТЖК аппараты әскери қызметшісінің тікелей басшысы оқиға туралы ақпарат алған кезде, бұл туралы ДЖБО ДЖБО жедел қызметшісіне баяндайды.

11. ДЖЮО жедел қызметшісі ақпарат алған кезде жедел ТЖК басшылығына, КЖБ, ӨЗТ болған жағдай туралы телефон бойынша ауызша баяндайды, кейіннен осы Тәртіпке 6-қосымшаға сәйкес арнайы хабарлама ұсынады.

12. Кадр бөлімшелері Әскери қызметшілердің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануы туралы ақпарат алған кезде тиісті Журналда есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады.

13. Журналдың толықтығы мен дұрыс жүргізілуін бақылау осы Тәртіпке 1-4 қосымшаларға сәйкес кадр бөлімшелері басшыларына жүктеледі.

14. Әскери қызметшілердің қаза табулары мен жарақаттанулары профилактикасы мен алдын алу, оларға әсер еткен себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында кадр бөлімшелері әскери қызметшілердің қайтымсыз шығыны мен жарақаттану жай-күйіне тоқсан сайын талдау жасайды, оны кейіннен тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 1 күніне ТЖК-ға жолдайды.

15. Әскери қызметшілердің қайтымсыз шығыны мен жарақаттану жай-күйін талдау нәтижелері қызметтік кеңестерде жеке құрам назарына жеткізіледі.

16. Әскери тәртіп жай-күйін талдауға:

деректерді (әскери қызметшілердің өз кінәларынан болған қайтымсыз шығындар туралы, әскери қызметтің әлеуметтік-тұрмыстық және қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету нормаларын сақтау) жинау және жалпылау;

әскери қызметшілердің қайтымсыз шығыны мен жарақаттану динамикасын, оқиғаларға тән жағдайлар, қабылданған шаралар кіреді.

17. Әскери тәртіп жай-күйін қорытындылау аппараттық, жедел кеңестер жүргізіледі.

18. ТЖД, КТИ ай сайын 25-і күніне ТЖК-ға сол бөлімшедегі әскери қызметшілердің арасында болған қаза табу, өлім және жарақаттану туралы ақпаратты осы Тәртіпке 6-қосымшаға сәйкес жолдайды.

19. ТЖК ай сайын 1-і күніне Қазақстан Републикасының Бас әскери прокуратурасына ТЖК әскери қызметшілері арасында болған қаза табу, өлім және жарақаттану туралы жиынтық ақпаратты осы Тәртіпке 5-қосымшаға сәйкес жолдайды.


___________________________________________


Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу тәртібіне 1-қосымша



Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу ЖУРНАЛЫ

__________________________________________________________________________

(азаматтық қорғау органының атауы)

Басталды «_____»________20___ж.

Аяқталды «_____»__________20__ж.




Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу тәртібіне 2-қосымша







Қайтымсыз шығындар туралы мәлімет

20____жылғы _________________

(есептік кезең)




р/с



Азаматтық қорғау органының атауы

Әскери атағы, Т.А.Ә.,

(ЖСН)


Атқарған лауазымы

Туған күні, айы, жылы

Отбасы жағдайы (жары, балалары)

Әскери қызметшінің қаза табу (қайтыс болу) уақыты мен датасы, жағдайлары мен себептері

Диагноз

1

2

3

4

5

6

7

8




Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу тәртібіне 3-қосымша

Жеке құрамның қайтымсыз шығынының

атаулы тізімі *

20____жылғы ___________________________

(есептік кезең)




р/с



Азаматтық қорғау органының атауы

Т.А.Ә., жеке немесе әскери билетінің нөмірі

Әскери атағы

Лауазымы

Туған күні, айы, жылы

Ұлты

Қайтыс болу себебі

Жеке құрам тізімінен алып тастау немесе тараптарға қатысы жоқ жағдайлар бойынша еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың № мен датасы

Туыстарының Т.А.Ә., отбасының мекенжайы

1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

* қосымша электрондық форматта толтырылады.


Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу тәртібіне 4-қосымша


Жарақаттануды есепке алу

20____жылғы___________________________

(есептік кезең)




р/с



Азаматтық қорғау органының атауы

Зардап шеккен қызметкер туралы деректер

Жарақат алу уақыты, датасы, жағдайлары мен себептері

Диагноз

Ауруханаға жатқызылған жер (амбулаторлық ем)

Соңғы нәтиже

Әскери атағы, Т.А.Ә.

Атқарып отырған лауазымы

Туған күні, айы, жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу тәртібіне 5-қосымша

Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері арасында қаза табу, қайтыс болу және жарақаттану туралы ақпарат

________________________________________

(азаматтық қорғау органының атауы)


р/с




Қайтыс болғандар, қаза тапқандар туралы, жарақаттану жай-күйі туралы деректер

кезеңдер

201_ ж

201_ ж

%

1.

Қаза тапқандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны










Оның ішінде

Жауынгерлік шығындар










Жауынгерлік емес шығындар










Жанама шығындар










Ауырып қаза тапқандар










Себебі

Заңға қарсы іс-қимылдар салдарынан:










Жарғыдан тыс қарым-қатынастар










Командирлердің, бастықтардың билікті асыра пайдалануы










Азаматтық адамдардың немесе анықталмаған жағдайларда










Өзін-өзі өлтіру










Ауыруы бойынша










Қауіпсіздік шараларын бұзу










Жол-көлік оқиғалары салдарынан:










Әскери қызметшілер себебінен










Азаматтық адамдар себебінен










Өзге де себептер бойынша (суға бату, улану және т.б.)












Әскери ведомстволардың әскери бөлімдері мен мекемелері бойынша:










Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі










Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі










Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы










Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі










Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті










2.

Жарақат алған әскери қызметшілердің жалпы саны










Оның ішінде

Қызметтік уақытта










Қызметтен тыс уақытта










Заңға қарсы іс-қимылдар салдарынан:










Жарғыдан тыс қарым-қатынастар










Командирлердің, бастықтардың билікті асыра пайдалануы










Азаматтық адамдардың бұзақылық іс-қимылдары және т.б.










Өзін-өзі өлтіру әрекеті










Қауіпсіздік шараларын бұзу










жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізу кезінде










шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде










Жол-көлік оқиғалары салдарынан :










қызметтік көлікте










Жеке көлікте (жолаушы, соғып кету)










Өзге де жарақаттар










Қызметтік уақытта (спорттық іс-шаралар және т.б.)










Қызметтен тыс уақытта (тұрмыста алу)










Басқа да жағдайлар












Әскери ведомстволардың әскери бөлімдері мен мекемелері бойынша:










Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі










Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі










Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы










Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі










Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті










* Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілері арасындағы қайтыс болу, қаза табу және жарақатану туралы ақпарат оқиғалардың көбею немесе азаю динамикасын бақылау мақсатында соңғы өткен жылға және ағымдағы жылға қосылып беріледі.

Азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қайтымсыз шығыны мен жарақаттануын есепке алу тәртібіне 6-қосымша

Кімге (адресат)
Арнайы хабарлама

(азаматтық қорғау органдары әскери қызметшілерінің қаза табуы, қайтыс болуы және жарақат алуы туралы)


Азаматтық қорғау органының атауы_______________________________
Уақиға уақыта «____» сағат «_____» минут.
Уақиға датасы «_____»_________________20____ жыл.
Оқиға болған уақыты _________________________________________________

(елді мекен, аудан, облыс)


Уақиғаның қықаша мазмұны мен жағдайы:_________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

БКДҚБ жедел қызметшілерінің ақпарат алу уақыты

«____» сағат «____» минут


Оқиға қатысушының (әскери қызметшінің) белгіленген деректері:

1. Тегі, аты, әкесінің аты;

2. Әскери атағы;

3. Атқаратын лауазымы;

4. Туған күні, айы, жылы;

5. Ұлты;


6. Білімі, қашан және қай оқу орнын аяқтады;

7. Отбасы жағдайы;

8. Отбасы құрамы;

9. Атқарып отырған лауазымында және ішкі істер органдарында қай кезеңнен бастап (айы мен жылы).


Жедел кезекші

«____»_________20___жыл


Результаты согласования
23.10.2017 15:13:03: Сарбатов А. С. (Управление кадровой работы) - - cогласовано без замечаний
23.10.2017 15:38:21: Жуматов С. М. (Юридическое управление) - - cогласовано без замечаний
23.10.2017 17:06:28: Нурмагамбетов Т. К. (Руководство) - - cогласовано без замечаний

Каталог: images -> 2018
2018 -> Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Cу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды
2018 -> Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мектепке дейінгі мекемелеріндегі 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
2018 -> Безымянный015 безымянный016
2018 -> ТӨртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет