Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары



Дата16.07.2017
өлшемі193.73 Kb.
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігінің

2014 жылғы «____» ___________ №______

бұйрығымен бекітілген


Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары

1. Осы Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 41-21) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік (бұдан әрі – сәйкестік куәлігі) беру тәртібін белгілейді.

3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) әуе кемесi (бұдан әрі – ӘК) – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесудi болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;

2) дәлелдемеу құжаттамасы – авиациялық техникаларды тексеру, сынау, зерттеу мен техникалық жай-күйін бағалау нәтижелерін қамтитын құжаттама;

3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесінің данасын (бұдан әрі – АӘКД) сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінім жасаған жеке немесе заңды тұлға;

4) дайындаушы – ӘК дайындауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

5) ӘК түрлендіру – ӘК-нің қабылданған конструкциясын және (немесе) олардың ұшу жарамдылығына елеулі әсерін тигізетін немесе қоршаған ортаға әсер ететін сипаттамаларын қозғайтын құрамдастарын кез келген түрде өзгерту;

6) ұшуға жарамдылық нормалары (бұдан әрі – ҰЖН) – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапаларына және олардың құрамдастарына қойылатын талаптар;

7) әзірлеуші – авиациялық техниканы әзірлеуді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

8) үлгі сертификаты – азаматтық ӘК үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;

9) техникалық сараптамалық комиссия – ұшу аппаратының конструкциясына, ұшу сипаттамаларына сараптамалық және оның техникалық жай-күйі мен ұшуларға жарамдылығын анықтауды жүзеге асыру үшін уәкілеттік берілген сараптамалық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органы;

10) АӘКД ҰЖН-ға сәйкестік куәлігі – АӘКД конструкциясының сәйкестігін, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат;

11) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

12) АӘКД пайдалану құжаттамасы – АӘКД ұшу және техникалық пайдалануды регламенттейтін (реттейтін) құжаттар жиынтығы, ол нақты АӘКД және оның құрауыштарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, сондай-ақ пайдалану шарттары мен пайдалану шектеулерін қамтиды;

13) сараптамалық ұйым – әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

14) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.

3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Бекітілген үлгілік конструкциясы (үлгі сертификаты) жоқ әрбір АӘКД-ны оның Қазақстан Республикасының азаматтық ӘК конструкциясының, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ҰЖН-ға сәйкестігіне уәкілетті орган сертификаттауы тиіс.

Сәйкестік куәлігі берілген ӘК коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға жіберілмейді.

5. Осы Қағидаларда қамтылған рәсімдер мен жалпы техникалық талаптар жеңіл және аса жеңіл авиацияның ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын АӘКД (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.

5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. АӘКД түрлендіру кезінде ол екінші қайта сертификаттауға жатады.
2. АӘКД сертификаттау тәртібі
8. Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АӘКД-ні сертификаттауға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім береді.

Өтінімге:

1) ӘК данасының пайдалану құжаттамасының жиынтығы;

2) ӘК данасының ерекшелігі, ол қысқаша техникалық сипаттаманы, жүйелердің басты схемаларын, негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ ӘК данасы сертификатталатын ауқымдағы, пайдаланудың күтілетін жағдайлары мен шектеулерін қамтуы тиіс;

3) ӘК-нің үш проекциядағы немесе фотографиядағы түрлі кескіндердегі түрлері: алдынан, бүйірінен, артынан;

4) ӘК немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, қалақты, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттары.

5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* көшiрмесi не анықтамасы немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

6) азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

9. Уәкілетті орган өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде АӘКД-нің конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалауға сертификаттық тексеру бойынша жұмыстар жүргізуге сараптамалық ұйымды тартады.

9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сараптамалық  ұйымды тарта отырып, сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқаулық материалды пайдалана отырып, ӘК аэродинамикалық және беріктік сипаттамаларын, конструкциясын, оның жасалу сапасын (күрделі жөнделуін) бағалайды.

Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісін ресімдеп, қоса береді:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰЖН сәйкестік куәлігінің деректер картасы;

2) АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі, АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы;

3) АӘКД техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті).

Ескертпе: АӘКД ұшу-техникалық тексеру актісі және АӘКД ұшу сараптамасының хаттамасы екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге беріледі.

10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11. АӘКД сертификаттаудың жалпы мерзімі өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу қажет болатын жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап, күнтізбелік үш күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Егер осы Қағидаларда белгіленген мерзімде уәкілетті орган өтініш берушіге сәйкестік куәлігін бермесе немесе дәлелді жазбаша бас тарту ұсынылмаған жағдайда, оны беру мерзімі аяқталған күннен бастап сәйкестік куәлігі берілді деп есептеледі.

11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13. АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі негізінде уәкілетті орган өтініш берушіге осы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін береді.

АӘКД техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын анықтаудың теріс актісі жағдайында уәкілетті орган АӘКД ҰЖН беруден бас тартады. Бұл ретте өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде осы актіні алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беріледі.

Егер сертификаттық тексеру кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бекітуі үшін сәйкессіздіктерді жою бойынша жауапты адамдарды және күнін көрсетіп, түзету іс-қимылының жоспарын жасайды.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган түзету іс-қимылының жоспарын бекіткен сәтінен бастап сертификаттау мерзімінің ағымы анықталған сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14. АӘКД конструкциясына, оның құрауыштарына немесе пайдалану құжаттамасына өзгерістерді жүзеге асырған АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы бір ай мерзімнің ішінде уәкілетті органды осы өзгерістер туралы хабардар етеді және АӘКД-ны қайта сертификаттауға ұсынады.

15. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым төленеді. Сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

16. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

1) егер уәкілетті орган сертификаттаған АӘКД немесе оның пайдалану құжаттамасына уәкілетті органмен келісілмеген, осы Қағидаларда көзделген рәсімдер бұзыла отырып, өзгеріс немесе толықтыру енгізілсе;

2) жоғалған немесе бүлінген жағдайда;

немесе мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) осы АӘКД пайдалану үдерісінде оның ұшу жарамдылығын бұзуға және ұшудың қауіпсіздігіне қатер төндіруге байланысты кемшіліктер анықталса;

2) ұшу жарамдылығын бұзуға әкелген авиациялық оқиға болған немесе АӘКД зақымдалған жағдайда.

Бұл ретте, уәкілетті орган АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің қолданылуы тоқтатылса және тоқтатылғандығы туралы пайдаланушыға осы куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына әкелген себептер анықталған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайда АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің ұстаушысы хабарлауы немесе тоқтатыла тұрған жағдайда АӘКД сертификатын уәкілетті органға 5 жұмыс күні ішінде қайтаруы тиіс.

17. АӘКД сертификатының қолданылуын қалпына келтіру өтініш беруші дәлелдеме құжаттамасымен бірге ұсынған оның қолданысын тоқтата тұруға әкелген себептердің жойылғаны туралы актіге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган келісім берген күннен бастап жүргізіледі.

17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18. АӘКД сертификаты қолданысының тоқтатыла тұруына негіз болған себептер жойылмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті өтінімді алғаннан бастап 15 жұмыс күні ішінде АӘКД сертификатының қолданысын жаңартудан бас тартады. Бұл ретте, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

19. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынудың негізінде оның телнұсқасын беру жүргізіледі:

1) АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі ұстаушысының АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігін жоғалтудың немесе бүлінуінің себептері мен жағдайлары көрсетіліп, еркін нысанда ресімделген АӘКД сертификатының телнұсқасын беру туралы өтініші;

2) егер жарамсыз болса, АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігі.

20. АӘКД ҰЖН сәйкестік куәлігінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Куәлік телнұсқасының жоғары оң жақ бұрышына «Телнұсқа» белгісі қойылады.


Азаматтық әуе кемесі

данасын сертификаттау және

оның ұшуға жарамдылық

нормаларына сәйкестігіне

куәлік беру қағидаларына

1-қосымша


Уәкілетті органның

Басшысына


ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ДАНАСЫН СЕРТИФИКАТТАУҒА АРНАЛҒАН

ӨТІНІМ
____________________________________________________________ тиесілі.
(АӘКД иесі)

____________, әуе кемесінің данасына сертификаттау жүргізуді өтінемін

(АӘКД атауы)

Мекенжайы мен телефоны ______________________________________________

Әуе кемесі туралы негізгі мәліметтерді хабарлаймын:

Әуе кемесінің түрі __________________________________________________

(ұшақ, тікұшақ, планер, аэростатикалық әуе кемесі және т.б.)

Пайдаланылған конструкторлық құжаттама


_____________________________________________________________________

(жеке жоба, прототипі бар, дайын КҚ, қалпына келтірілген ӘК және т.б.)

Мына жағдайларда жасалған ___________________________________________

(жеке, техникалық клубта, зауытта және т.б.)

АӘКД пайдалану ______________________________________________________

Пайдаланудың күтілетін шарттары _____________________________


Мен ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауап беремін.

Сараптама үшін мәлімденген ӘК оған қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы куәландыратын фактілер маған белгілі емес.


Өтініш беруші ____________ /_________________/

қолытегі, аты-жөні


20_ ж. «__» __________
Азаматтық әуе кемесі

данасын сертификаттау және

оның ұшуға жарамдылық

нормаларына сәйкестігіне

куәлік беру қағидаларына

2-қосымша


Әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға
жарамдылығын анықтау

АКТІСІ
2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1430 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_____________________________________________________________________
20__ жылғы «___» ________________ № ________________ бұйрығына сәйкес
комиссия мынадай құрамда:

Төраға: _____________________________________________________________

(Т.А.Ә., қызметі)

Комиссия мүшелері: __________________________________________________

(Т.А.Ә., қызметі)

_____________________________________________________________________

(Т.А.Ә., қызметі)

Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша _________________

___________________________________________________ бағалау жүргізді.

(ұйымның атауы)


Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығын бағалау актісінің
мәтіні
Актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, әуе

кемесі мен оның жабдығының азаматтық әуе кемесінің данасына

белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының азаматтық

авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне, мәлімделетін ұшу

түрлеріне сәйкестігі (сәйкессіздігі) көрсетіледі.
Төраға: ____________________________ ___________________

(Т.А.Ә.) (қолы)

Комиссия мүшелері: ____________________________ ___________________

(Т.А.Ә.) (қолы)

____________________________ ___________________

(Т.А.Ә.) (қолы)


Актімен таныстым:

Ұйым басшысы ____________________________ ___________________

(Т.А.Ә.) (қолы)
Азаматтық әуе кемесі

данасын сертификаттау және

оның ұшуға жарамдылық

нормаларына сәйкестігіне

куәлік беру қағидаларына

3-қосымша


ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ
(Аэростатикалық әуе кемесінің жеке данасын қоспағанда, азаматтық әуе кемесінің данасы үшін)

Осы деректер картасы № _____ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылады______________________________________________________ және азаматтық әуе кемесінің данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын қамтиды

(ұшақ, тікұшақ, автожир және т.б., оның атауы)
1. Қозғалтқыш (қозғалтқыштар)

__________________________________________

1) қуаты, л.с. ____

2) ең жоғары айналымдары, айн/мин _______

2. Әуе винті____________________________________________

3. Отын ___________________________________________________

4. ӘК-нің ең жоғары ұшу салмағы, кг _______

5. Теңдестіру:

1) ең шекті-алдыңғы, % _______

2) ең шекті-артқы, % _______

6. Жүк көтергіштігі, кг _______

7. Жылдамдық бойынша шектеулер:

1) ең жоғары рұқсат етілген, км/с __________

2) ең төменгі рұқсат етілген, км/с __________

3) ұшып көтерілу кезіндегі ажырау жылдамдығы, км/с ________

4) қону кезіндегі түсу жылдамдығы, км/с ____

8. экипаж құрамы, адам ________

9. ұшуды орындау үшін метеожағдайлар:

1) бұлттардың биіктігі, м _______________

2) көлденең көріну, м _____

3) жел, м/с _____________:

4) ұшуға көтерілгендегі, м/с _____________:

5) қарсы жел, м/с _____________

6) жолай жел, м/с ______________

7) 90 градустағы, м/с __________

8) қону кездегі, м/с _____________:

9) қарсы жел, м/с _____________

10) жолай жел, м/с ______________

11) 90 градустағы, м/с __________

12) қоршаған ауаның температурасы, град. 0С ______

10. Тыйым салынған: _______________________________________________
АӘКД тексеруді жүргізген ұйымның басшысы

_________/_________________/

Қолы аты-жөні
М.О.
20__ ж. «__» ___________
ДЕРЕКТЕР КАРТАСЫ

(Аэростатикалық әуе кемесі данасына)

Осы деректер картасы № _______ сәйкестік куәлігінің ажырамас бөлігі болып табылады және аэростатикалық әуе кемесі данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын мазмұндайды.

_____________________________________________________________________

(аэростатикалық әуе кемесі)
1. Жалпы мәліметтер:

Класс


Түрі

Айырым белгісі

Сәйкестендіру №

Дайындалған күні

Пайдалану басталғаннан бергі ұшу

2. Сырты:

Айырым белгісінің болуы

түсі және өзіндік белгілері

сыртының көлемі

зауыттық нөмірі

дайындаушы

3. Негізгі жинақтаушы бұйымдар (зауыттық N, жасалған күні, дайындаушы)


Гондола

Шілтер


Газ балондарының жинақтамасы
4. Отынның түрі

5. Негізгі сипаттамалары мен шектеулері





Р/с №

Параметрлері

Формуляр бойынша

Сәйкестік бағасының нәтижелері бойынша

1.

Газ баллонына толтырылатын отынның көлемі, л





2.

Сыртын қыздырудың ең шекті температурасы, град.0С





3.

Бос аэростаттың салмағы, кг





4.

+15 град.0С, температура кезінде ұшқыш пен жолаушыларды қоса есептегендегі қажетті жүктің салмағы, кг





5.

Ең жоғары ұшу биіктігі, м





6.

Биіктеу режиміндегі Vу, м/с





7.

Төмендеу режиміндегі Vу, м/с





8.

Ұшуларды орындау үшін метеожағдайлар: Қоршаған ортаның температурасы, град.0С Жер төңірегіндегі жел жылдамдығы, м/с




Азаматтық әуе кемесінің данасын тексеруді жүргізген ұйымның басшысы


_________/_________________/

Қолы аты-жөні


М.О.
20__ ж. «__» ___________
Азаматтық әуе кемесі

данасын сертификаттау және

оның ұшуға жарамдылық

нормаларына сәйкестігіне

куәлік беру қағидаларына

4-қосымша


Елтаңба-

_______________________________________________________

Уәкілетті орган

Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы

нормаларына сәйкестік куәлігі
№ ____
сәйкестендіру № _______________________________ азаматтық әуе кемесінің данасы

_____________________________________________________________________

(ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның пайдаланылуы)

азаматтық әуе кемесінің данасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес.

_____________________________________________________________________

(ұшақ, тікұшақ, автожир, аэростатикалық әуе кемесі және т.б., оның пайдаланылуы) азаматтық әуе кемесі жеке данасының негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамалары деректер картасында қамтылған, ол осы куәліктің ажырамас бөлігі болып табылады.


М.О. Уәкілетті органның басшысы

__________________________

(қолы) Т.А.Ә.

Азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігінің күшіне



енген күні: _____ ж. «____» _________
Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет