Қазақ тіліндегі тіл үндестігі қ. А.Үкібасова – ОҚмпи, Тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к



Дата07.07.2017
өлшемі101.16 Kb.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТІЛ ҮНДЕСТІГІ
Қ.А.Үкібасова – ОҚМПИ, Тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.
Дауыстылардың тілдік қызметіне орай бір сөз (сөз форма) көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, болып ыңғайласып үндесіп келуін тіл үндестігі дейді [3, 133]. Бұл тілдің үнемді қимыл-қозғалысы, қызметіне байланысты. Мысалы, отандастарымызға, жерлестеріміздің деген сөздерді айтқанда тіл бір-ақ қимыл жасауға мәжбүр болады. Яғни алдыңғысын айтқанда тіл артқы, кейінгісін айтқанда, болар-болмас алға ұмсынады.

Тіл үндестігі – көк түріктің, күні кешеге дейін бәріне ортақ болып, мызғымай келген заңы. Тіл үндестігі тіл білімінде сингорамнизм деп аталынады. Ол заңды алғаш қазақ тілінде жан-жақты жерттеп, жеткізе айтқан Халел Досмұхамедұлы: “Сингорманизм түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті ...Қазақ тілінде сингорманизм заңына көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ” деген қортындыға келеді [4, 82-89].

Қазақ тілі кеңес дәуіріне қаймағы бұзылмай, мөлдір күйінде жетті. Олай болатыны, Ақыметтің пайымдауынша, қазақ – «ата кәсібін тастамай», «басқа жұртқа араласпай», «жазу шалығы тимей», «ғұрпы өзгермей» сақталған халық.

Тіл үндестігі – аса күшті заң. Айталық, ертеректе араб-парсы сөздігін айтпағанда, орыс тілінен енген сөздердің өзі де аралас буын қалпынан ажырап, бірыңғай жіңішке болып қалыптасты: ботинка - бәтеңке, бревно - бөрене, конфет - кәмпит, резинка - резеңке, номер - нөмір т.б.

Бұлай болатыны аралас буынды сөздер тілдің ілгерінді-кейінді қозғалуын қажет етеді, ал тіл үндестігі сол тілдің неғұрлым аз, үнемі және бір қалыпты қозғалысына негізделген. Бұлай болатыны аралас буынды сөздер тілдің ілгерінді-кейінді қозғалуын қажет етеді, ал тіл үндестігі сол тілдің неғұрлым аз, үнемі және бір қалыпты қозғалысына негізделген. Жеке сөздер тұрмақ, қатар айтылып қалыптасқан (бірккен) әр түрлі буынды сөздер де тілдің қызметі жағынан үндесіп айтылған. Жеке сөздер тұрмақ, қатар айтылып қалыптасқан (бірккен) әр түрлі буынды сөздер де тілдің қызметі жағынан үндесіп айтылған. мысалы: бүгін ( бұл күн), ышқыр (іш құр), ыштан (іш тон), әпер (алып бер), сөйт (солай ет), бүйт (бұлай ет). Бұл сөздердің кейінгі алдыңғысына әсер етіп, өзіне бейімделген.

Бұл әсіресе жалқы есімдердің айтылуында жиі кездеседі.

Әйтбек (Айтбек), Әйімкүл (Айымкүл), Әйкүл (Айгүл), Шірінгүл (Шырынкүл), Дәнекүл (Данакүл), Тәшкен (Ташкент), Шімгент (Шымкент), Әйгерім (Ай керім).

Тілде алдыңғы сөздің өзінен соңғы сөзді игеруі де кездеседі. Мысалы: ойпырым-ай, (ой пірім-ай), ағайын (аға-іні), белбеу (белбау), сексен (сегіз-он).

Бұдан байқайтынымыз, тіл үндестігінің арасында қазақ тілі кеңес дәуіріне бұзылмай жетті. Х.Досмұхамедұлы: “Жазба әдебиет жоқтың бізді сақтады” [4, 89] – дейді. ХХ ғасырда жаппай сауатты елге айналып, дұрыс жазуға ұмтылдық. А.Байтұрсынов: “Тілдің ауанына қарама, харіптің, емленің ауанына бұрып, тілдің көркін бұзған, әдеби тілмен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрылған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аударғанымызды мақұл көрсейміз” [2, 399] – деп тілді аздырмай, асыл қалпында сақтаудың жолын көрсетті. А.Байтұрсыновтың ойын нақтылай түскен Халел Досмұхамедұлы: “Елдің тілінің бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады, бұлар жат әсерлерге бағынғыш келеді, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.

Оқығандар өзіне ылайық әдеби тілі деген тіл түзейді. Түзеген жаңа тілін ел ішіне жая бастайды, көбіне зорлап кіргізеді. Әдебиет тілі дұрыстап түзелмесе, қара тілдің заңымен жүрмесе, әдебиет тілі көп бұқараға түсініксіз жат тіл болады, елге сіңбейді: сондықтан жер жүзіндегі жұрттың көбі әдебиет тілін қара тілге жақын қылып, елге түсінікті қылуға тырысады.

Әдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды” [1] – деп көп жайды аңғартты.

Бүгінде баспа мен мектептен басқа қайратты радио, теледидар келеді. Олардың орны ерекше. Өйткені ең кемі жүздеген, тіпті мыңдаған адамдарды қамтиды. “Демек, қазақ әдеби тілінің барша нормасын, оның ішінде ауызша сөйлеу заңдылықтарын бұзбай, бұрмаламай пайдалануда, тек пайдалану ғана емес, нормаларды орнықтырып, бекітуді таратуда мектеп мұғалімдерімен, тәрбиешілермен, лекторлармен қатар, қазақ актерлерінің, дикторларының, әншілерінің орны мен қызметі өте-мөте ерекше. Бұлар халыққа тек өнер көрсетіп, эстетикалық ләззат берушілер ғана емес, немесе әр алуан хабар жеткізіп, жұртшылықтың білім-танымдарын көтерушілер ғана емес, сонымен қатар тіл сияқты мол қазынаның сақшылары, сөзді дұрыс айта білуді үйрететін, насихаттайтын, нормалайтын адамдар немесе әр алуан хабар жеткізіп, жұртшылықтың білім-танымдарын көтерушілер ғана емес, сонымен. Сингармонизм – сөз ішіндегі немесе сөз бен сөздің арасындағы дыбыстардың бір-бірімен үндес гармониялас келуі. Екі сөз аралығында келген дыбыстардың осындай бір-бірімен өзара үндесіпотыруы, екінші жағынан, бір ритмико-мелодиялық бүтінді, бірлікті көрсетеді. Біздің байқауымызша, бір ритмико-мелодиялық бірлікке енген сөздер тобы дыбыстық жағынан да үндесіп отрады. Бұлардың соңғы қызметінің әлеуметтің мәні өнер саласындағы төл міндеттерінен әсте кем емес.

Қазіргі қазақ тілінде тіл үндестігіне күндес жүз елуге жуық араб-парсы сөздері бар. Көзін жаумен ашқан жұрт оларды жазылуынан айнытпай айтып жүр. Ал ана үні құлағында қалғандар ересектер арасында (бұлар аз) оларды бірыңғай жуан (арқа жақ), не бірыңғай жіңішке (түстік жақ) айтатындар әлі де бар.

Ата заңға көнбей жүрген бір ғана төл сөзіміз бар. Ол қайтіп дейтін кіріккен түбір. Айтуда қайтып немесе кәйтіп болса керек еді, алайда жазу жеңіп кетті. А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымында» осының үш түрі де ұшырайды. Осыны қырық саққа жүгіртпей, өйтеді, бүйтеді, сөйтедінің үлгісімен кәйтедіні заңдастыруды тіл заңы міндеттейді.

Сол сияқты қазіргілердің, қадірлейсіңдер, қастерлейсіңдер, қастерлейміз, қателеспейтіндер, қасиеттілік, қоректендіреді сияқты көп буынды сөздердің бас буынын ғана жуан айту тіл заңына үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Тілдің даму тенденциясын ескерсек, осылардың бірыңғай жіңішке айтылуын қолдауға болады. Сонау мамонттар дәуірінде адамзаттың даусы да, соған сай тілі де жуан болып, бірте –бірте жіңішкеріп келе жатқанын ғылым біледі. Біздің есептеуімізде, қазақ тіліндегі жуан буынды сөздердің үлесі басым. Мұны ескерсек, бірыңғай жуан айтудың да сөкеттігі жоқ. Қалайда қолдан аралас буынды сөздерді қоздатып, тілдің түп тамырына балта шабуға болмайды.

Бұл пікірге қарсымыз, себебі тіл халықтікі. Тілді халық жасайды. Сондықтан сөздің айтылымы халық тіліне жақын болуы керек.

Әрине тілімізде тіл үндестігіне бағынбай жүрген біраз сөз бар. (Оған да жазудың әсері болмасына кім кепіл?). Оның ішінде: құрмет, құдірет, қошемет, мейрам сияқтылар аралас буын қалпын сақтап айтылған. Ал қабілет, қасірет, қауесет, қажет т.б. сөздерде а әрпі а мен ә дыбыстарының аралығында дыбысталуға бейім. Әрі біраз сөздің екі-үш түрлі айтылатынын (тіпті жазылатынын) байқау қиын емес. Олар қадір - қадыр - кәдір; қазыр - кәзір - қазір; қаріп - қарып - кәріп; қабір - қабыр; қауіп - қауып; қате - қата - кәте; қасиет - касиет. Профессор С.Мырзабековтың айтуынша қазіргі қазақ тілінде араб-парсы тілдерінен енген 150 шақты түбір сөз аралас буынды қалпын сақтап, айтуда да, жазуда да әрі-сәрі болып, ала-құлалық тудырып жүр. Х.Досмұхамедұлы жат сөздерді қолдаушыларды екіге бөледі: “Жат сөздерді туғандағы айтылуынан өзгертпей кіргізу керек, жат сөздерді өзгерту күнә деп жат сөздерді тілімізге әдейі жорта, қалыбынан бұлжытпай кіргізіп отырғандар бар. Бұл — бір. Екінші - не себепті екенін өзі білмей, ойламай, бір сөзді бір жерден қалай есітсе я оқыса сол сөзді сол күйінше бұлжытпай тілге кіргізіп, қолданып отырғандар бар.

“Қаскүнемдердің” саны аз, бірақ аз да болса қолында дәлелі бар. “Майымшілдердің” саны көп, сапасы жоқ: бір сөзді бүгін былай жазады, ертең олай жазады, ұстаған жолы жоқ, әйтеуір есі-дерті жат сөзді қолдану” [4, 91].

Біздіңше “майымшілдер” болудың керегі жоқ, тілдегі ала-құлалық әдеби тілдің дамуына кедергі болары анық. Кейінгі жастар, мектеп оқушыларына түсіндіруде, (диктант) жат хат жаздыруда да үлкен қиындық тудырады. Сондықтан, бірауыздан тілдегі ала-құлалықты жойып тіл үндестігіне бағындыру керек: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан [3, 133]. Жоғарыда, тіл үндестігіне келтірілген мысалдың дені түбір тұрғысынан келтірілген еді.

Түбір мен қосымшалардың арақатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің соңғы буынына толық тәуелді болады. Тіпті кірме сөздерден соң да осы заңдылық сақталады. Яғни түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан болады: бақташы - лар -ымыз -дың, дала - ға, құжат-тар-ды т.б.

Егер соңы жіңішке буынды түбірге жалғанатын қосымша да жіңішке буынды болып келеді: кесте-лер, көрші-лер-іңіз-ге, сөз-дер-дің-де т.б.

Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-бан: мейір-бан;

-гер: сауда-гер: қалам-гер;

- дар: есеп-дар, білім-дар, хабар-дар, қарыз-дар, жара-дар, гүл-дар;

-еке: ағ/а/-еке, ап/а/-еке, Нұр-еке;

-жан: көке-жан, ел-жан т.б.;

-кент: құм-кент, Шым-кент;

-кар: күна-кар, кінә-кар;

-кер, гер: айла-кер, дау-гер, қалам-гер, сәулет-кер, сауда-гер, майдан-гер, іс-кер, қызмет-кер;

-кеш: арба-кеш;

-көй, гөй: ақыл-гөй, қас-көй, бата-гөй, дәме-гөй, дұға-гөй, жәді-гөй;

-күнем: қас-күнем, пайда-күнем;

-қой: сән-қой;

-қор: жем-қор, еңбек-қор, дүние-қор;

-маш: тіл-маш;

-мар: тіл-мар, діл-мар;

-нікі, -дікі, -тікі: мен-ікі, халық-тікі, сіз-дікі, дала-нікі;

-паз: өнер-паз, әсем-паз;

-пен, -бен, -мен: (көмектес септігінің жалғауы): ат-пен, тас-пен, қала-мен,

Ақан-мен;

-стан: гүл-стан, Тәжік-стан;

-тал: сезім-тал, төзім-тал;

-уар: сөз-уар;

-хана: кітап-хана, дәм-хана, ем-хана т.б.

Сөздің соңғы буынына бағынбайтын тіл қосымшалардың көбі басқа тілдерден енген немесе әлі қосымшаға айналып болмаған (сөз бен қосымшаның аралығындағы) тілдің элементтер деуге болады.

Олар жай қолданысқа түскенде (актив қолданғанда) ғана жуан, жіңішке болып ыжрайды, бұл процесс тілдік үрдісте бар құбылыс. Мысалы, тұрған сөзі алдымен -тұғын түрінде қолданыла келе, біржола -тын, -тін жұрнағына айналғаны мәлім. Яғни, біле-тұғын, білетін; көре-тұғын, көретін т.б.

Қазақ тілінде үндес сыңары жоқ жалғыз-ақ жалғау бар. Ол септік жалғау -мен, -пен. А.Байтұрсынұлында, оған дейінгі зерттеушілерде мұндай жалғау кездеспейді. Мұны алғаш рет 1936 жылы жеке кітапша болып шыққан Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің програмынан» ұшыратамыз. Осында өзімізге таныс септіктердің қатарында меңсез септеу ( -ша, -ше), теңдес септеу (-дай, -дей, -тай,-тей), көмектес септеу (-мен, -бен, -пен) аталады және «Көмектес жалғаудың бөлек жазылатындығы» ескертіледі.

Ал көмектес септігінің (-пен, -бен, -мен) жайы бұдан бөлектеу. Себебі көмектес септігі өткен ғасырдың 30- шы жылдарынан бастап қана түбірмен бірігіп жазыла бастағаны белгілі. Диалектологтардың айтуынша, “қазақ жерінің оңтүстік өңірінен бұл тұлғаны: -ман, -бан, -пан, сосын -мынан, -бынан, -пынан, - манан, -панан, -банан, -ман деген нұсқаларды кездестіреміз [5, 69].

Мысалы: таяқпан ұрды, құлымман естідім, қызбан отыр, ақылманан істе, алыспан жүрмей, жақымман жүр, қар қысыман жауды, жазыман күн ыссы болды, осымен (осыман), соныманан (соныменен) т.б.

Мұны тілдің жарасымынан іздемей, әдеби тілге жат құбылыс түрінде қарау кездеседі. Осындай таным-түсініктің салдарынан көмектес септік көп жалғаудың арасындағы ала қарға күйін кешіп, сингармонизм сынына жауап бере алмай жүргені анық.

Тіл үндестігіне енжар қосымшалар А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы еңбектерінде елеусіз қалмаған. Халелдің айтуынша, «Жұрнақтар екі түрлі, бірі шын жұнақ, екіншісі шала жұрнақ... Шын жұрнақтар сөзге қосылып жазылуы керек. Шала жұрнақтар түбір сөзге жалғаспай сызықшамен бөлініп жазылуы керек, » - дейді. Түбірге бағынбайтындар – шала жұрнақ.

Айтуда кейбір шала қосымшалардың түбірге ықпал ететіні кездеседі: сәудегер (саудагер), жәдігөй (жадыгөй), Шімгент (Шымкент), Жәргент (Жаркент), Тәшкен (Ташкент), Мәңгент (Манкент).

Жазу практикамызда сингармонизмге қарама-қайшылық та байқалады. Ережелерде заңдастырылғанымен, орфографиялық норма екінші буында ә дыбысы кездесетін сөздерге қосымшалар тек жуан буынды болып жалғануын қостайды.

Бұлай жазудың негізі қазақ тіл білімі қаз-қаз баса бастаған отызыншы жылдардың ортасында қаланған болатын. «Көп буынды түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың а дыбысы екені не ә дыбысы екені дүдамал болса да, қосымша жуан түбірге жалғанғандағыдай жуан айтылады да, а мен е, қ мен к, ғ мен г-нің бірі келетін қосымшаларда а, қ, ғ жазылады. Оңайлық үшін ондай түбірдің соңғы буынында да ә жазылмай, а жазылады, кітап-қа (кітәпке емес), Әлиядан (Әлиәден емес), Ілиясыңа (Ілиясіңе емес)».

Күнделікті баспасөзде, радио, теледидарда кінәлі, кінәсіз, шүбәлі, шүбәсіз, күмәнді, күмәнсіз деп айту, жазу жиі кездеседі. Өйткені бұл сингармонизмге сай келеді.

Сингармонизм туралы соңғы түсінік – сөзді фонетикалық жақтан түбір мен қосымшаларға ажыратып қарауды құптамайды. Бұлай бөлу – грамматиканың мәселесі. Сөйлеу үстінде түбір мен қосымша біртұтас айтылады да, бірін-бірі игеріп, арадан қыл өтпестей қиюласып тұрады.



Қысқасы, тіл үндестігі – тіліміздегі ең күшті дыбыстық заң. Кейбір азын-аулақ ауытқулар болашақта түзелуге тиіс.
Резюме

В данной статье рассматрывается явление сингармонизма в казахском языке – единообразие, созвучие гласных в пределах слова.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сыздықова Р. Сөз сазы. –Алматы: Ана тілі, 1995. –124 б.

  2. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное). –Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.

  3. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары: Таңдамалы еңбектерінің жинағы. –Алматы: Ғылым, 1982. – 352 б.

  4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –Алматы:Сөздік-Словарь. 1999. –200 б.

  5. Строй казахскогоязыка: Фонетика. –Алма-Ата: Ғалым, 1991. –128с.

  6. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. –Алматы: Ғалым, 1988. –144 б.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет