Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?



Дата24.02.2017
өлшемі39.8 Kb.
Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?

Егер ересектер мен жасөспірім алдында: АИТВ- жұқтыру қауіп-қатері немесе одан қорғану мәселесі тұрса, онда саламатты адам, әрине, қорғануды қалайды! Және бүгінгі күнге АИТВ – инфекциясы таралуының алдын алудың бірден – бір пәрменді құралы – жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғану және оның алдын алу мәселелері бойынша тұрғын халықты ағарту болып табылады. АИТВ – инфекциясының алдын алудың негізгі аспектілерінің бірі – салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Салауатты өмір салтының негізі – күн сайынғы дене белсенділігі, ұтымды тамақтану, организмді шынықтыру, толыққанды тынығу, зиянды әдеттері мен күйзелісті хал-жайының алдын алу.

Алдын алу жұмысының екінші бағыты – бұл вирустың берілу жолдарын үзу, яғни, мінез-құлқында АИТВ жұқтырылуының қауіп-қатеріне байланысты жағдайлар болмайтын, АИТВ-инфекциясының тиімді алдын алудың басты қағидаттары туралы жастарды хабардар ету.

АИТВ-инфекциясымен адам ғана ауырады, оның пайда болу көзі де жұқтырылған адам болып табылады. Иммун тапшылығы вирусы жұқтырылған адамның барлық биологиялық сұйықтығынан анықталады, алайда жұқтырып алуға қажетті дозасы тек қана төрт сұйықтықта: қанында, ұрықта, қынапты бөліністе және емшек сүтінде болады. Несепте, сілекейде, терде шоғырланымы өте аз. Вирус сау адамның организміне енеді. Бұл жыныстық қатынас жасау кезінде өте жиі ұшырасады.

Әрбір жас жігіт өзінің сексуалды өміріне қатысты түрлі шешім қабылдай алады, мысалы:



  1. Жыныстық қатынастан қалыс қалу. Бұл АИТВ жұқтырудан сақтанудың ең сенімді тәсілі. Бұл жағдайда некеге отырған кезге дейін қалыс қалуды (кейінге шегерілген секс) қосқан орынды болмақ. Өз құрдастарың тек қана осындай таңдау жасауы ықтимал.

  2. Өзара адалдықты сақтау жағдайында, жыныстық бір серіктестің болуы. Егер серіктестер АИТВ-ға тексеріліп-қаралудан өтпесе, онда осылардың бірде - біреуі соңғы 2-3 жылда басқа бір серіктеспен сексуалды қатынасқа түспегеніне, донорлық қанды немесе қан өнімін алмағанына, есірткіні көктамырына тұтынбағанына көз жеткізу маңызды.

  3. Өзін және өз серіктесін жыныстық жолмен берілетін аурудан және қаламаған жүктіліктен сақтандыруға мүмкіндік беретін, қауіп-қатері ең төмен - сексуалды қатынас. Бұл жерде сөз – қорғанудың кедергілі әдісі - мүшеқапты пайдалану туралы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз сексуалды мінез-құлық ұғымы жайында болып отыр.

Қапталған мөлдір мүшеқаптарды сатып алудың қажеті жоқ, себебі күн сәулесінің әсерінен латекс бүлінуі мүмкін. Егер мүшеқапты қалтада немесе портоменде ұзақ ұстасаңыз, онда адам бойындағы жылу оның сақталуына әсер етуі мүмкін. Майлы негіздегі (вазелин, крем, жақпа май) жақпаларды пайдалануға болмайды,себебі майлы жақпа мүшеқапты бүлінуге ұшыратуы мүмкін. Әрбір сексуалды қатынас жасаған кезде жаңа мүшеқапты (көп реттік мүшеқап әлі де ойлап табылған жоқ!) пайдаланған жөн.Бір мүшеқаптан гөрі екі мүшеқап сенімдірек қорғайды деген аңыз- түсінік таралған. Бұл әсте олай емес, біріне - бірі кигізілген мүшеқаптарда үйкеліс пайда болады да, осылар тез жыртылуы мүмкін. Мүшеқаптарды қалай дұрыс пайдалану керектігі жайындағы ақпарат әрбір қаптамаға қоса беріледі, осындағы қағиданы тиянақты ұстану маңызды.Жастар көбінесе мүшеқапты пайдаланғысы келмейді. Олардың көпшілігі мүшеқапты пайдалануға деген талпынысы, серіктесіне сенімсіздікпен қарауды білдіреді деп ойлайды. Басқа біреулері мүшеқапты пайдалану жайындағы ұсынысты, оның бұзылғандығын айғақтайды деп есептейді. Осының салдарынан адамдар мүшеқап туралы әңгімеден қашқақтайды. Қалай дегенмен де, адал да ашық болған жақсы. Егер адам өз проблемалары туралы ашық айтқысы келмесе, онда оның шын мәнінде сексуалды қатынасқа дайын ба өзі деп ойлап қалуға болады. Мүшеқаптар екі серіктестің қауіпсіз болуы үшін қажет.

Қан арқылы АИТВ-ның берілу жолы, қазіргі кезде есірткі тұтынушылар арасында іске асуда, бұған - көктамырға есірткіні топтасып пайдалануы кезінде бәріне ортақ бір шприцті, инені, есірткіні алуға арналған ыдысты және сүзгіні қолданады. Сондықтан, егер адам есірткі тұтынудан қалыс қалатын болса, онда осы арқылы АИТВ –ның берілу жолынан қорғалады деген сөз. Мынадай амалдар кезінде: құлағын тесукезінде, татуировка салу кезінде,бөтен адамның ұстарасын пайдалану кезінде АИТВ жұқтыруы мүмкін екендігін ұмытпаған абзал. Бұл жағдайда жұқтырудың алдын алудың маңызды кезі, вирусты жұқтыру мүмкіндігін болдырмайтын, бір жолғы құралды пайдалану немесе оны сапалы өңдеу болып табылады. Егер олар лицензияланған салондарда жүргізілетін болса, осынау амалдар қауіпсіз деп есептеледі.

АИТВ -ның тағы бір жолы – анадан балаға берілуінің алдын алу, жұқтырылған анадан жүктілігі, босанған және сәбиін емшекпен емізген кезінде, вирустың берілу қауіп-қатерін арттыратын факторларды азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізуге келіп тіреледі. Ең алдымен, бұл жүкті әйелді вирусқа қарсы емдеу, босану ұзақтығын барынша қысқарту, нәрестеге вирусқа қарсы емді тағайындау, сәбиді жасанды қоректендіру керек.Егер жүкті әйел АИТВ-ға тексеріліп-қаралмаса, онда туған кезінде немесе нәресте өмірінің бірінші күні АИТВ-ға антиденеге экспресс-зерттеу жүргізуге болады, бұл қосымша қауіп-қатерлі топтан шыққан баланы перинаталды алдын алумен қамтуға мүмкіндік береді.

АИТВ-инфекциясы «баяу» немесе «ұйқыдағы» деп аталатын инфекцияларға жатады, яки, аурудың алғашқы белгілері, жұқтырғаннан соң тіптен бірнеше жылдан кейін пайда болуы мүмкін. Сондықтан, АИТВ жұқтырылуы ықтимал (есірткіні – бір шприцті - бір инені бірлесе пайдаланатын, тіпті бір жолғы сексуалды қанынас жасайтын!) қатынас жасайтын адамдардың облыстағы, қаладағы кез-келген емдеу-алдын алу мекемелерінде АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуі өте маңызды болмақ.

Қорыта келе АИТВ – бұл жазалау үкімі еместігін айтқым келеді.

АИТВ – бұл өмірлік ұстанымыңды қайта қарау және өміріңді және тұтастай алғанда ғұмырыңдағы құндылықтарды қайта қарау !!!



ЖИТС МОО педагогы Ы.Т. Қоджабергенова
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2015
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары
2015 -> Аитв–жұқпасы қалай көрініс береді
2015 -> Аитв-жұқтырған анадан туған баланың есебін жүргізу
2015 -> Кеңес беру этикасы мен қағидаттары
2015 -> Дұрысы және қауіпсізі Жасөспірімдер арасында аитв/житс-тың алдын алу
2015 -> Аитв және әйелдер Еркектерге қарағанда әйелдердің жыныстық жолмен аитв-инфекциясын жұқтыруының қауіп-қатері неге жоғары?
2015 -> Аитв індетінің алдын-алу және одан қорғану белгілері!


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет