«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 71.89 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі71.89 Kb.
Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 8 мамырдағы 
№ 4-1/428 бұйрығымен  
бекітілген       

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:


      1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің аяқталу сәтінен бастап - 41 (қырық бір) жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне толем құжаттарын ұсыну.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі—жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті беруші белгілеген өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау алуға өтінімді;
      2) нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар екендігі туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын бір данада ұсынады.
      Қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде техникалық паспорттың немесе жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті органның жылыжайдың (қорғалған топырақ құрылысының) бар екендігі және оның жұмыс алаңының мөлшері туралы анықтаманың бар екендігіне қатысты мәліметті қосымша көрсетеді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық тиісті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғаны оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні және уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгімен расталады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет корсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша түрде, немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Шағымның қабылданғаны шағымды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуімен (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) расталады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымданудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар).


      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын


қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша    

Нысан


_______________________
республикалық маңызы бар
қаласының (астананың, ауданының,
облыстық маңызы бар қаласының)
жергілікті атқарушы органына

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру


шығындарының құнын субсидиялау алуға өтінім

_____________________________________________________________________


                       (құрылтай құжаты)
________________________негізінде әрекет ететін (заңды тұлғалар үшін)
_____________________________________________________________________
               (көрсетілетін қызметті алушы)
___________________________атынан бірінші басшы (заңды тұлғалар үшін)
_____________________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), лауазымы)

      осы арқылы мынадай алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған


топырақта өңдеп өсіруге субсидиялар бөлуді сұрайды:

_______________гектар_______________ ____________гектар______________


   (апаңы)                (дақыл)        (алаңы)         (дақыл)
_______________гектар_______________ ____________гектар______________
   (апаңы)                (дақыл)        (алаңы)         (дақыл)
_______________гектар_______________ ____________гектар______________
   (апаңы)                (дақыл)        (алаңы)         (дақыл)

Р/с


Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама - заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі

 

тіркеу күні

атауы

орналасқан жері

мемлекеттік тіркеу күні

кім берді

2.

Жеке басын куәландыратын құжат - жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі

 

ЖСН

кім берді

берілген күні

 

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - жеке тұлға үшін

орналасқан жері

 

тіркеу күні

кім берді

 

3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі

 

кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, гектар

оның ішінде шабындық

нысаналы мақсаты

сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді

жер пайдаланушының атауы

4.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті органның жылыжайдың болуы мен оның жұмыс алаңы туралы техникалық паспорт (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін)

мекенжайы

 

кадастрлық нөмірі

түгендеу нөмірі

нысаналы мақсаты

қор санаты

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Басшы   ______  _______________________________________________


             (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Мөр орны (бар болған жағдайда)

20__жылғы «___»__________

      Өтінім 20__жылғы «___»___________қарауға қабылданды.


_______ _______________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))
: images -> files
files -> 4. Минимальная площадь на одно стоматологическое кресло (в кв м)
files -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
files -> Сабақтың тақырыбы: Көктем Мақсаты: Көктем тақырыбына шолу жасай отырып, өз ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Міндеттері
files -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
files -> Химиялық таңбасы – аі
files -> Твором фтора простой и эффективный способ профилактики кариеса
files -> 1. Специфические рецепторы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет