Ауа қабатының ластануы сандыбай Жанар Сандыбайқызы



жүктеу 88.85 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі88.85 Kb.
ӘӨЖ 338.22 (574)

АУА ҚАБАТЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ

Сандыбай Жанар Сандыбайқызы

5В011600 – География мамандығының 3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Кошербаева Шынар Слямбековна. , п.ғ.м.

Алматы университетінің аға оқытушысы

Алматы қаласы
Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нәтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы жоғары дәрежеде бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% қа көбейып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен әсер етедi. Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады [1].

Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нәтижесiнде түзiледi.Шаңның үш түрi болады: минералды (органикалық емес), органикалық және космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдың шаңның түзiлуiне себеп болады.

Органикалық шаң ауада аэропланктондар - бактериялар, саңырау-құлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде және өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Табиғи ластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi.

Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрамдас бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10-3—10-4 см болады және топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нәтижесiнде түзiлуi мүмкiн.

Атмосфераның төменгi қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi. Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi[2]. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi. Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне әсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сәулелерiнен қорғайды. Академик В.И.Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды. Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi көмiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне әкелiп соғады.



Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, әсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы Ж.Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi — 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтадық қоршаған орта көмiртек, күкiрт және азот оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етедi.

Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Және оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды. Қазiргi кезде бүкiл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi[3].

Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды әсерiн тигiзедi. Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл газының үлкен әсерi бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi әр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сәуленi — жылу сәулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына әкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2 х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады және бактерицидтiк қасиетi бар.

Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр. Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды әсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышлылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауған қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды әсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосыла-ды. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды. Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т.б. Бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады.

Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп «Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді. Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес.

Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз. Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.

Атмосфера тұрақты көздерден шығарылатын зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0 мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған (487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында (170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған. Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір шаршы километріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған[4].

Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр. Соңғы 2010 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты денгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегид (3 есе көбейгені )- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр.

Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен. Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, соның себебінен қалалар үнемі зиянды улы тұманмен оранып жатады. Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың болуы да өте қауіпті.

Әсіресе, қорғасын, мырыш, сынап, мөлшері үнемі бақылауға алынады. Ауыр металлдармен ауаның ластану республика бойынша жоғары болмағанмен жекелеген қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы, қорғасын көрсеткіші Ленингорде – 17 ШМК, Балхашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар 17-81 ШМК- ға жеткен. Қазақстан ауа бассейінің ластануы көршілес мемлекетердің ауаға шығарлатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі.

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын және зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс- шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады:

1. Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту және мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу.

2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту және ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау.

3. Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орналастыру және жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу.

1.5. Елімізде ауаны таза ұстаудың шаралары

Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес.

Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады. Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілік туды[5].

Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын жүйелер орнатылды. Ал, Жамбыл Шымкент қалаларында үйлерді табиғи газбен жылыту көптен бері жүзеге асырылып келеді. Ең алғаш рет олар XX ғасырдың 80-жылдарының басында байқалған. Озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік факторға фреондар (хладондар) жатады. Пропилент – фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп , күшті хлор бөледі. Әрбір хлор атомы 100 мың озон атомын бұзады. Монреальдық отырыста 1980ж.-2000ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50% қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру мәселесі қарастырылған.

Қорытынды: Адамға табиғат берген байлықтың бірі - атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.

Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.

Әдебиеттер:

1. Неклюкова Н.Т. Жалпы жертану. Алматы. 1980.

2. Мұқашева, Ж.Н. Жалпы жер тану. Алматы,2007

3. ru.wikipedia.org/wiki/Атмосфера.

4. www.glossary.ru/cgi- in/gl_sch2.cgi RAysux(lwg‎)

5. massaget.kz - 450 × 429 -Поиск по картинке


Түйін

Мақалада қазіргі кездегі қоршаған ортадағы атмосфера қабатының ластану түрлері мен оны алдын-алу мақсатындағы іс-шаралар жайында қарастырылған.

Summary

The article layer of the atmosphere, environmental pollution and modern types of preventive measures for the purposes of the room.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет