Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі



жүктеу 19.78 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі19.78 Kb.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,

Бозой орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Класс сағатының тақырыбы: Адамгершілік асыл қасиет

Мақсаты: оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, оларды мейірімділікке тәрбтелеу. Өз ортасын, жолдастарын, ата-анасын, ұстаздарын сыйлауға үйрету. Ең құнды адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақалдар жазылған плакаттар

Барысы:


Адамгершілік-парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршілік мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным ғана емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш. Адамгершіліктің қас жауы- тоғышарлық, азғындық.

  1. Қызығушылықты ояту. Адамгершілік туралы не білеміз деген сұраққа жауап. Тотастыру(оқушылар тақтаға жазады.)

Мейірімділік

Кішіпейілділік← Адамгершілік-асыл қасиет→ қайырымдылық



  1. Мағынаны ашу. Адам баласы өмір сүрген ортасы рухани-адамгершілік қасиеттермен, адал еңбегңмен жақсы мінез-қылығымен бағалы. Күнделікті өмірде кездесіп қалатын мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік құтқаратын даналар сөзі мен ойшылдар екен. Енді адамгершілік туралы Шәкәрім өлең т ұрғысынан көрелік.

2. Адамдық болмысты анықтайтын адамға тән қасиеттер біздің барлығымызға ортақ. Өмірге адам болып келген соң, адам болып қалу үшін- өз бойыңыздағы адамгершілік қасиеттерді жинақтап адамды бұзатын әрекеттерден аулақ болған жөн.

Венн диаграммасы арқылы жақсы және жаман әдеттерді ажырату.

Жақсы әдеттер Жаман әдеттер

Ақыл,парасат,ар-ұят Ә дөрекілік,өзімшілдік

Адалдық,қанағат Д озбырлық,екіжүзділік

Ынсап,талап,ізеттілік Е мақтаншақтық,кекшілдік

Кішіпейілділік Т ызақорлық,кекшілдік

Ұстамдылық қорқақтық

Мейірімділік


3. халқымыздың ұлағатты, тәрбиелә, мәні зор маржан сөздері, өсиет-өнегесін рухани азық етіп, жас ұрпақты бүгінгі тығырықтан алып шығуға болады.

4. Адамдық қасиеттер туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айту.

III. Ой толғаныс кезеңі: Адамның адамдық мәні

Қорыту: Адамгершілік қасиет- жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы. Адамгершілік моралбдік ахуалы төмен адамның айналасындағы адамға ғана емес, қоғамға тигізер кесірі көл-көсірі. Адамдық қасиеті төмен бір адамнан көп адам зор зардап шегеді.

Адамдық борыш ар үшін

Барша адамзат қамы үшін



Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет