АҚТӨбе губерниясындағы ашаршылық (1921-1922 жж.)


Губерния бойынша азықпен қанағаттандырылған аштар саны



жүктеу 369.17 Kb.
бет2/2
Дата22.02.2018
өлшемі369.17 Kb.
1   2

Губерния бойынша азықпен қанағаттандырылған аштар саны

Ай аты

Аштар саны

Берілуге тиіс мемазық

Мем тарап қамт. етілген


әр жерден түскен берілгендер

жалпы

АРА-ның

бергені

Губерния

бойынша

барлығы

қараша

50 000

20 000

-

6891

6891

-

6891

желтоқсан

75 000

20 000

38 680

7745

46425

-

46423

қаңтар

361051

42 000

130 28

8080

21108

22500

45608

ақпан

264074

48 000

7840

13868

21708

37500

55208

наурыз

252514

32 000

8800

10 840

19 640

37 700

57 340

сәуір

300000

48 000

2263

11 564

13 900

54 889

68 789

мамыр

300000

48 000

-

14 484

14 484

245000

259 384

маусым

300000

55 000

-

75 055

75 055

245000

320 055

Қызыл ай қоғамы да 1921 ж. 24 мамырынан бері Темір, Ырғыз, Шалқар аудандарындағы ашыққандарға 4000 азық берген. Бірақ бұл көмекее қарамастан жыл соңында Ақтөбе губерниясында аштық пен ауруға ұшырағандар - 50% -ке, өлгендер - 28%-ке жеткен [67].

Дегенмен Ақтөбе губерниялық ашкомының баяндауынша губернияда қанша адамның ашығып, өлгендігі жайында нақты санын анықтау мүмкін болмаған. Оған бір себеп ауылдық жерлерден мәліметтердің түспеуі болса, екіншіден, берілген кейбір ақпар салыстырмалы мәліметтермен сәйкес келмеді.

Аштарға көмек төтенше комиссиясынан бөлінген 315 миллион ақша Ақтөбе губерниясының аудандарына мына мөлшерде бөлініп берілді:




Аудандар

Ақша мөлшері

Түркістаннан астық дайындау үшін

150 000000

Ақтөбе

15 000000

Темір

20 000000

Можар

20 000000

Шалқар

10 000000

Ырғыз

10 000000

Ойыл

15 000000

Қарабұтақ

5 000000

Ақбұлақ

15 000000

Губернияға Мәскеуден 2 вагон астық, Ташкенттен 1 вагон ұн, 1 вагон жеміс-жидек, 2 бөшке (цистерна) мұнай көмек ретінде келген [68].

Өлкенің ауыр жағдайын баяндаған губерниялық атқару комитетінің төрағасы Ряхов, губерниялық статистика бюросының меңгерушісі Сердюков және жер бөлімінің меңгерушісі Назаров қол қойған жеделхат ХКК-нің төрағасы В. Ленинге жіберіліп, онда астықтың жоқтығынан жергілікті тұрғындар азық есебінде малдарын жаппай сойып алып жатқандығы, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен сібір топалаңы, шешек, қышыма сияқты ауруларды ауыздықтауға мүмкіншілік болмай отырғаны айтылды [69].

Аштықты ауыздықтауға әскери комиссариаттарды да барынша көмегін беруге тырысты. Қазақ өлкелік әскери комиссариатының 1921 ж. 28 қыркүйегіндегі № 20618 жеделхатына байланысты губерниялық әскери комиссариаты жанынан көмек комиссиясы құрылып, 1921 ж. 3 қазанынан 1922 ж. 5 қаңтарына дейінгі аралықта бұл комиссия гарнизонның барлық уездік бөлімдерінде тұрақты аштарға көмек комиссиясын құрып, ашыққан отбасылары туралы тізім жасап, Қазақ өлкелік әскери комиссариатына жіберіп отырды. Сонымен қатар әскери кеші ұйымдастырып, одан түскен қаржыны губерниялық қамсыздандыру кеңесіне өткізген. Жылу барысында жинақталған астықты аштарға көмек комиссиясына тапсырған [70].

Сонымен бірге Ақтөбе губерниясындағы аштарға көмек комитетінің ұйымдастыруымен қайырымдылық кештері мен жылу жинау апталығы жиі өткізіліп отырды. Мәселен, 1922 жылдың 8 қаңтарындағы өткізілген осындай іс-шарадан барлығы 198 924 922 сом көлемінде ақшалай көмек түскен. Оның 15 000 000-ы губерниялық одақтан аванс ретінде, 16 925 000-ы сатылған театрлық қойылым билеттерінен, 5 320360-ы лотереялық билеттерден түссе, ал тұрғылықты халық 6 565 000-ы киімдей, 111289 790-ы азық-түліктей беріліпті. Осы күні 118 291 000 сомды құрайтын азық-түлік жиналыпты. Еріктілер қолында бар артық ұн, картоп, астық, ет, шай, балық, жеміс-жидекті өткізіп, аштарға таратылды [71].

Жұқпалы аурумен күресуге губерниядағы барлық ауруханалар жұмыла кіріссе де, Ақтөбе қаласында тырысқақ ауруынан өлгендердің қатары күннен күнге көбейе түсті. Өлгендердің мүрделері көше бойында жиналмай жатты. Осыған орай губерниялық денсаулық бөлімі мен коммуналдық бөлімі тез арада көшелерден өлген адамдардың мүрделерін жинау, эпидемиялық ауруларға тосқауыл қоюда базарларда тазалықты күшейту және сатылатын тамақ өнімдерін тексерістен өткізуді қолға алды [72].

1921 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығында Ақтөбе губерниясы бойынша түрлі аурулармен ауырғандардың қатары 31 222 адамға жеткен. Мәселен, оның ішінде шешекпен (қорасан) –170, қызамықпен – 157, күл ауруымен (дифтерия) – 106 адам ауырған. Уездер мен уездік қалаларға бөлсек, жұпалы аурулармен Ақтөбе қаласында – 6436, Ақтөбе уезінде – 7745, Ақбұлақ уезінде – 4623, Темір уезінде –2870, Ырғызда – 1990, Шалқарда – 1960, Ойылда – 2710, барлығы губерния бойынша – 28138 адам ауырған [73].

Алайда жұқпалы аурумен күресуге медициналық күш пен дәрі-дәрмек жетіспеді. Себебі өлкедегі бар 7 ауруханада бар-жоғы 9 дәрігер, 72 фельшер, 12 медбикелер ғана қызмет еткен. Губернияда бөртпе сүзегі, іш сүзегі, қайтарма, іш ауруы, шешек сияқты жұпалы аурулардан 1922 ж. басында 13213 адам ауырып, оның 2321 адам көз жұмған. Дегенмен жұқпалы аурумен күреске Ақтөбе ашкөмінен 100 000 000 ақша, қазақ денсаулық сақтау комисариатынан 500 000 00  ақша, барлығы 600 000 000 несие бөлінген [74].

Тырысқақ ауруының көбеюіне байланысты 1922 ж. жазында Ақтөбе қаласында 30 төсектік барак ашылып, су ішілетін барлық құдықтар хлорланды. Алайда бұл аурумен маусым-шілде айларында Ақтөбеде 53 адам ауырып, оның 18 қайтыс болса, Ақбұлақ уезінде 3 адамның ауырғаны тіркелген. Шалқарда 25 адам ауырып, оның 12-і қайтыс болған. Жалпы екі айдың ішінде Ақтөбе қаласы мен екі уезде тырысқақпен 91 адам ауырып, оның 30-ы қайтыс болған.

Бастапқы кезде жұқпалы аурудан өлген балаларды пайыз бойынша есептесек, аналар мен балалар үйінде 1921 ж. желтоқсанында 50 пайыз болса, алдын-ала жүргізілген дәргерлік іс-шаралардың нәтижесінде бұл жұқпалы аурумен ауырғандардың қатары бәсеңдегені байқалады. Мәселен, 1922 ж. аналар мен балалар үйінде 15 пайы, ал жекеленген балалар үйінде 1921 ж. 20 пайызы, 1922 ж. 5 пайызы осы жұқпалы аурумен ауырған. Жұқпалы аурумен ауырғандар ауруханада бөлектеніп жатқызылды. АРА ұйымы дуруханаларға дәрі-дәрмектей көмектесті [75].

Губерниядағы балалар үйінің жағдай аса ауыр болды. Себебі, оларға түскен азық-түлік пен киім-кешектің жеткіліксіз мөлшерде болуы балалар үйін таратуға мәжбүрледі және жиі балалар үйлері аштар мен қарақшылар тарапынан тонаушылыққа ұшырап отырды [76]. 1922 ж. 15 наурыздағы есеп бойынша Ақтөбе губерниясында барлығы балалар 30 үйі болып, онда 3283 қана бала тәрбиеленген. Бұл балалар үйінің 10-ы Ақтөбе уезінде болып, онда 1594 бала тәрбиеленсе, 6-ы Ақбұлақ уезінде, онда 620 балалық орын болған, Ойылдағы 9 балалар үйінде 540 бала, Темірдегі 1 балалар үйінде 120 бала, ал Ырғыздағы 2-і балалар үйінде 180 бала, Қарабұтақтағы 1 балалар үйінде 154 бала және Шалқардағы 1 балалар үйінде бар-жоғы 75 бала ғана тәрбиеленіпті [77].

Ауруханалар мен балалар үйіне, тамақтандыру орындарына үкімет тарапынан бөлінген қаржылай немесе азық-түліктей көмек дер уақытында жетпей немесе жарты жолда талан-таражға түсіп кеткен. Ақбұлақ ауданындағы қоғамдық тамақтандыру орнына тамақ жетпеген болса, Ырғыздағы асханаға бреліген азық-түлік қолды болып, ісі сотқа берілген. Мұндай жағдай Шалқар уезінде де орын алып, оны тексеруге арнайы комиссия жіберілген [78].

Губерниялық ашкөм әр уездің болыстарына арнайы өкілдерін жіберіп, аштарға көрсетіліп жатқан көмек барысын тексеруге тырысты. Мәселен, 1922 жылдың 24 наурызында Ақтөбе аудынына қарасты Әлімбет болыстығына осы жылдың 1 наурызында тексеріс жүргізіліп, соның нәтижесінде болыстық ашкөмнің тұрақты жұмыс істемейтіндігі, аштардың тізімінің жоқтығы, тамақтандыру пункттерінің аздығынан балаларға ыстық тамақтың берілмейтіндігі анықталған [79].

Губерния уездерінде босқын балалардың саны арта түсті. Самара, Уфа, тіпті Сібірден ашығып босқан балалардың қалай, қандай жолмен келгендері үкіметті таң қалдырды. Осыған орай көше бойын жағалап, қараусыз жүрген балаларды балалар үйіне орналастыруда 455 000 рубль бөлініп, оларды тамақпен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынды [80].

Республика бойынша қанша адамның ашықандығын анықтау мақсатында Қазақ Орталық Статистикалық Басқармасы халық арасында сауалнама жүргізіп, губерниялардың барлық уездеріне қарасты болыстарда халықтың жалпы саны мен шаруашылығындағы өзгерістерді анықтады. Сауалнама бойынша Ақтөбе губерниясының қалаларында 244 866, ал уездерде 477 606 адам мекендегені айқындалды. Ашаршылыққа ұшыраған бес уездің ішінде 222 405 адамы бар Шалқар мен Ырғыз қатты зардап шеккені нақтыланды. Мысалы, Ырғыз уезінің Аманкөл болысындағы сауалнама нәтижесінде 10 ауыл шаруашылығындағы 6454 адамның 169-ы тамақ іздеп босып кетсе, 448-і аштан өлген. Кенжеғара болысындағы 9 ауыл шаруашылығындағы 4610 адамның 620-ы босып, 87-і аштан өлген [81].

Губерния бойынша балалар үйінен тыс дала мен қала кезіп жүрген 24000 қаңғыбас балалар анықталған. Сонымен қатар шетелдік ұйымдар 584 656  баланы, 600 270 ересектерді, 24 400 босқындар мен ауруханадағы 6000 адамды құрғақ тамақпен қамтамасыз еткендігі де белгілі болды [82].

1923 жылдың көктеміне қарай аштық бәсеңдеп, халықтың сәл де болса шаруашылығы оңала бастады. Дегенмен үкіметке жіберілген жеделхаттардан кейбір губерния уездерінде әлі де болса ашыққандарға көмек қажет болғандығын байқауға болады. Мәселен, 1923 ж. 25 мамырындағы Ақбұлақ уезіннің Ақтөбе губерниялық комитетіне жіберген мәліметте 14 жастан жоғары 13754 адам, 14 жасқа дейін 11329 бала ашыққандығы, 14 жасқа дейінгі 10896 бала мен 14 жастан жоғары 37 ересек адамдар католиктік миссия тамақтандырып отырғандығы келтіріледі [83].

Аштықты ауыздықтағанымен шаруашылықты қалпына келтіруде үлкен қиыншылықтар туындады. Уезд шаруалары ашаршылық тұсында көмек қолын созған шетелдік ұйымдардың бүлінген шаруашылықты көтеруге тағы да қол ұшын созар деген үмітте болды. «Степь» газетіне «Көмек беруші комитеттер біздің шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесіңіздерші» деген атпен жарияланған шағын мақалада аштық тұсында АРА ұйымы бірнеше мыңдаған аштарды өлім аузынан қалғандығы айтыла келе, енді ашаршылық толықтай жойылғанымен де, оның салдарынан ауыл шаруашылығы күйреп қалып, қалпына келтіруде осындай комитеттер көмек берсе деген тілек білдірген [84]. Жалпы АРА ұйымы Ақтөбе губерниясында 18450 адамды тамақтандырған екен. Оларды аудандарға бөлсек: Ақтөбе қаласында 1010 адам, Ақтөбе ауданында 1450 адам, Ақбұлақта 7500 адам, Темір ауданында 6500 адам, ал Қосестек ауданында 2000 адам тамақтаныпты [85].

1921-1922 жылдардағы аштықтан губерния халқының тең жартысынан өлідей және тірідей (босып кетті) айырылды. Қаншама отбасының түтіні өшіп, ата-аналар бала-шағаларынан айырылса, қаншама бала жетімдік зардабын тартты.



Литература

1 Асылбек Ғ. Қазақ Республикасындағы аштықтың ауданы // Қызыл Қазақстан. – 1922. – № 4.

2 ҚР ОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 228-229-пп.

3 ҚР ОММ. 81-қ., 1-т., 21-іс. 3-п.

4 Ақтөбе ОММ (бұдан әрі АОММ). Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 61-п.

5 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 7-іс. 5-п.

6 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 61-п.

7 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 5-іс. 1-п.

8 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 16-іс. 7-п.

9 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 16-іс. 15-п.

10 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 17-іс. 71-п.

11 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 216-іс. 1-1 арт.-пп.

12 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 216-іс. 3.-п.

13 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 611-іс. 1-2 -пп.

14 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 5-іс. 5-п.

15 ҚРОММ.320-қ., 1-т., 29-іс. 9-п.

16 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 27-іс. 22-п.

17 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 5-іс. 17-п.

18 АОММ.Р-3-қ., 1-т. 18-іс. 9-10 арт-пп.

19 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 18-іс. 10-10 арт-пп.

20 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 61-п.

21АОММ. Р-3-қ., 1-т. 588-іс. 85-п.

22 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 18-іс. 8-п.

23 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 587-іс. 12-п.

24 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 615-іс. 16-п.

25 ҚРОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 56-п.

25 АОММ.Р-3-қ., 1-т. 612-іс. 4-п.

27 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 602-іс. 1-п.

28 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 17-іс. 25-26-пп.

29 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 16-іс. 46-п.

30 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 612-іс. 9-9 арт.-пп.

31 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 622-іс. 26.-п.

32 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 18-іс. 42-42 арт-пп.

33 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 1-іс. 1-п.

34 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 602-іс. 11-пп.

35 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 61-61 арт.-пп.

36 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 61-61 арт.-пп.

37 Ақтөбе ОМА. Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 64-пп.

38 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 78-арт п.

39АОММ. Р-3-қ., 1-т. 601-іс. 36-п.

40 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 602-іс. 1-п.

41 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 600-іс. 66-п.

42 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 611-іс. 11-пп.

43 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 13-іс. 22-п.

44 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 611-іс. 14-п.

45 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 612-іс. 24-п.

46 Актюбинское Губернское экономическое совещание. Отчет Совету Труда и Обороны на 1-е апреля 1922 года. – Актюбинск: Тип. ред. «Киргизская степь», 1922. – 59 с.

47 АОММ. 3-қ., 1-т. 53-іс. 310-п.

48 ҚРОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 56-п.

49 АОММ.Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 41-п.

50 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 2 арт.-п.

51 АОММ.Р-3-қ., 3-т. 602-іс. 1-п.

52 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 9-іс. 33-п.

53 АОММ.69-қ., 9-т. 34-іс. 33-п.

54 Ақтөбе ОМА. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 27-п.

55 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 41-п.

56 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 28-п.

57 Смағұлова С. 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың қазақ мерзімді баспасөзінде көтерілуі // Отан тарихы, 2006. – №3. – 48-55-бб.

58 АОММ. Р-3-қ., 3-т. 608-іс. 8-10 арт.-пп.

59 Вторая киргизская областная конференция РКП (б) 19-27 февраля 1922 г. Алма-Ата, КазкрайОГИЗ, 1936.

60 ҚР ОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 366-п.

61 Аштық һәм Қазақ Республикасының бір жылдық астық расходы // Қызыл Қазақстан. – 1922. – №4.

62 ҚР ПМ. 139-қ., 1-т., 247-іс. 95-п.

63 ҚРОММ. 196-қ., 1-т., 38-іс. 596-п.

64 Қазақ Республикасында мал өсірудің осы күнгі жайы // Қазақ календары 1922 жыл. – 1923.

65 Қазақстанда аштық саны // Қазақ календары 1922 жыл. – 1923.

66 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 3-іс. 191-п.

67 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 602-іс. 1-1 арт.-п.

68 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 601-іс. 1-п.

69 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 602-іс. 1-2-пп.

70 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 606-іс. 36-п.

71 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 606-іс. 49-52-пп.

72 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 53-іс. 379-п.

73 АОММ. 69-қ., 9-т. 109-іс. 19-п.

74 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 45-п.

75 АОММ. 69-қ., 9-т. 109-іс. 37-37 –арт. пп.

76 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 192-п.

77 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 48-п.

78 Ақтөбе ОМА. Р-3-қ., 1-т. 604-іс. 58-п.

79 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 613-іс. 92- 92арт.-п.

80 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 625-іс. 33- 33арт.-п.

81 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 603-іс. 12-12арт.-пп.

82 АОММ. Р-3-қ., 1-т. 603-іс. 177 -п.

83 АОММ. 69-қ., 9-т. 107-іс. 43-44-пп.

84 Капацин М. Комитеты взаимопомощи помогите восстановить наше хозяйство // Степь – 1922. – 26 ноября. – №36.

85 ҚРОММ. 320-қ., 1-т., 53-іс. 4-п.

С. О. СМАГУЛОВА

Заместитель директора Института истории и этнологии

им. Ч.Ч. Валиханова, д.и.н., доцент

 

ГОЛОДА В АКТЮБИНСКОЙ ГУБЕРНИИ



(1921-1922 гг.)

 

Резюме



В данной статье рассматриваются основные причины и последствия голода в Актюбинской губернии в 1921-1922 гг. В раскрытии проблемы использованы материалы архива Актюбинской области. Автор дает обоснованные статистические данные о понижении численности населения, о падеже скота за 1921-1922 годы. Показаны меры, принятые органами власти, работа комиссий по устранению последствий голода и помощи голодающим в Актюбинской губернии.

Раскрыта деятельность международных организаций по оказанию помощи голодающим, открытие детских домов, столовых для голодающих.

Ключевые слова: губерния, джут, голод, откочевка, комиссия, уезд, пункты питания, инфекционные болезни.
S.O. SMAGULOVA

Deputy Director of the Institute of History and Ethnology named after Ch.Ch. Valikhanov, Doctor of Historical Sciences, Associate Professor 


THE FAMINE IN AKTUBINSKAYA PROVINCE 

(1921-1922)

 

Summary



In this article the author considered the major reasons and consequences of the famine in Aktubinskaya province in 1921-1922. At revealing this issue the author used the materials of Aktobe region’s archive. The author lists the reasoned statistic data on reduction of population and murrain in 1921-1922.

In addition, some measures taken by the authorities on elimination of famine consequences and famine relief in Aktubinskaya province are shown in this paper.

The activities of international organizations on famine relief, establishing of orphanages, caterings for starving people are also shown in the article. 

 Keywords: province,  jut, famine, migration, commission, uezd, canteens, infectious diseases.




: edu.history -> media -> upload
upload -> Жетісу облысындағы әлеуметтік жағдай, оның тұрғындардың күнделікті өміріне әсері
upload -> Қазақстандағы отбасылық Қатынастар статистикалық деректер негізінде
upload -> Қазақстан баспасөзі және ұлттық тарихтағы ақТАҢДАҚтар
upload -> Алматы қаласы мен оның тарихи мәдени ескерткіштері түйіндеме
upload -> Жылдардағы ірі қазақ байларын тәркілеу мәселесіне жаңа көЗҚарас
upload -> Хикмет, ғұлама, ислам, дін, Құран-кәрім, аят, сүре, сопылық, фәлсапа, өмір мен өлім, шариғи заңдар, ғылым, зиярат
upload -> Сырым Нұғыманов
upload -> 902. 2 Құдық қазу ісінің қалыптасуы және құдық түрлері
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры


1   2


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет