Атырау облысының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы кіріспе



жүктеу 267.71 Kb.
Дата15.07.2017
өлшемі267.71 Kb.


Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ______

№__қаулысына қосымша

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Кіріспе
Атырау облысының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидасына сәйкес әзірленді.

Облыстың Даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы мен елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары есепке алына отырып әзірленді.

Даму болжамы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын, қарқындарын, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын,
2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды.

1. 2014 – 2015 ЖЫЛДАРДАҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ

Өңірдің макроэкономикалық ахуалы 2014 жылы негiзгi көрсеткiштер серпінінің тұрақтылығымен сипатталды.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына индустрияландыру бағдарламасының шеңберiндегі жаңа өндiрiстiк қуаттардың iске қосылуы айтарлықтай үлес қосты.

Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі ЖӨӨ) 3 981,2 млрд.теңгені құрады,
2013 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) – 102,2%. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 6 927,9 мың теңгеге жетті.

Өнеркәсіп ЖӨӨ-нің құрылымында 58% -ды құрайды.



Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 896,0 млрд. теңгені, өндірілген өнімнің НКИ 99,7%-ды құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде 4 501,6 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді, өндірілген өнімнің НКИ 99,4%-ды құрады.

Облыс бойынша 31,9 млн.тонна мұнай немесе 2013 жылмен салыстырғанда 99,0%, 14,4 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы (97,1%) өндірілді.

Оның ішінде «Теңізшевройл» ЖШС-де 26,7 млн. тонна мұнай өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,4%, ілеспе мұнай газы


14,1 млрд. текше метр (97,2%).

«Ембімұнайгаз» АҚ 2 822,8 мың тонна мұнай (99,4%), 188,1 млн. текше метр ілеспе мұнай газын (97,4%) өндірді.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 347,5 млрд. теңгені құрады. НКИ 2013 жылдың деңгейінен 104,2%-ды құрады.

«АМӨЗ» ЖШС-де 2014 жылы 4 920,0 мың тонна көлемінде мұнай өндірілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,1%. Пеш отын майы 163,4 мың тонна (133,2%), автобензин 612,5 мың тонна (121,6%), ТС-1 отыны 22,0 мың тонна (53,4%), дизель отыны 1 340,5 мың тонна (109,8%), отындық мазут 1 520,9 мың тонна (101,0%) өңделді.



Индустрияландыру картасы шеңберінде облыс бойынша құны 9 млрд. теңгені құрайтын жаңа 8 инвестициялық жоба енгізіліп, 466 жұмыс орны ашылды:

- «ЖігерМұнайСервис» ЖШС-нің PDC қашауларының бөлшектері және БМТБҚ (бұрғылау мұнарасының төменгі бөлігін құрастыру) элементтерінің бөлшектері өндірісін ұйымдастыру;

- «ЖігерМұнайСервис» ЖШС-нің мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған ірі габаритті бұрғылау кешенінің өндірісі;

- «Alan building systems» ЖШС-нің модулдік үй-тұрғызу фабрикасының құрылысы;

- «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру;

- «CaspianRoyalFish» ЖШС-нің тауар-бекіре фермасы;

- «АтырауНефтемаш» ЖШС-нің ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру;

- «СП Первомайский» ЖШС-нің гидропоника жүйесін пайдаланумен балауса жемшөптің жыл бойғы өндірісі кешенін құру және биогумус өндірісін ұйымдастыру;

- «Сағат Энерджи» ЖШС-нің электроэнергия өндірісі (газпоршеньді электр станцияларының құрылысы).

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 45,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 102,8%.

Облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету шеңберінде


2014 жылы өңірде бордақылау алаңын, көкөніс сақтау қоймасын, жылыжай салу және балық өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысын салу жөніндегі жобалар іске асырылды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 129,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 104,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 241,1 млрд.теңгені құрап,
2013 жылдың деңгейіне 88,8%.

522,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе


2013 жылмен салыстырғанда 101,2%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 181,8 млрд.теңгені құрап,
2013 жыл деңгейіне 100,3%.

Көлік инфрақұрылымында көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 148 млн. тоннаны құрады немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0%.

Көліктің барлық түрлерімен жүк айналымы


53 678,4 млн.тонна/шақырымды, жолаушы айналымы – 1 241,3 млн. жолаушы/шақырымды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 34 304 бірлік құрады және 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға өскен, бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 98,6 мың адам.

Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі


597,8 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2%.

Сыртқы сауда айналымының көлемі 30,4 млрд. АҚШ долларын құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,2%, соның ішінде: экспорт – 6,6 млрд. АҚШ долл. (50,6%), импорт – 0,7 млрд. АҚШ долл. (98,3%).

Облыс бюджетіне 625,7 млрд. теңге сомасында салықтар мен міндетті төлемдер түсті, болжамға 99,8%, соның ішінде республикалық бюджетке – 483,1 млрд.теңге (97,9%), жергілікті бюджетке – 142,6 млрд.теңге (106,6%). Ұлттық қорға 1 769,6 млрд.теңге аударылды.



Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады.

Жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюі және жаңа өндірістердің ашылуы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы есебінен 16,7 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11,3 мың орын тұрақты.

2015 жыл басында халық саны 581,5 мың адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 301,3 мың адам, экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылған халық саны – 286,1 мың адам.

2014 жылы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 7%-ға өсіп,


223,0 мың теңгені құрады.

2015 жылы да экономика салалары дамуының тұрақты динамикасы сақталуда.

Жалпы өңірлік өнім көлемі 2015 жылы 4 282 млрд. теңге көлемінде болжануда және 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 106,5 млрд. теңгені құрайды, нақты көлем индексі – 101%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде 2 785,3 млрд. теңге сомасында өнім өндiрiлетін болады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi 100,3%.

31,8 млн. тонна мұнай өндірілетін болады немесе 2014 жылдың деңгейіне 100,0%, 14 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы (99,3%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 295,2 млрд. теңгені құрайды, нақты көлем индексі – 100,5%.



Индустрияландыру картасы шеңберінде 2015 жылы 427 жұмыс орнын құрайтын жалпы құны 10,8 млрд. теңгеге 8 жобаны іске қосу жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне құны 1,5 млрд. теңгеге 125 жұмыс орнымен
3 жоба іске қосылды:

- оптикалық кабель шығаратын зауыт «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС, жалпы құны 715 млн. теңге, 50 жаңа жұмыс орны;

- құс фабрикасының құрылысы, «Алмалы Құс» ЖШС, жалпы құны 680 млн. теңге, 40 жаңа жұмыс орны;

- құс фабрикасын кеңейту, «Атырау Сауда» ЖШС, жалпы құны 165,5 млн. теңге, 35 жаңа жұмыс орны.

Жыл аяғына дейін 302 жұмыс орнымен жалпы құны 9,3 млрд. теңгеге


5 жобаны іске қосу жоспарлануда:

- дәрі-дәрмек шығаратын фармацевтикалық зауыттың құрылысы «LUMPAN CASPIAN PHARMACEUTICALS LLP» ЖШС, құны 3,7 млрд. теңге, 90 жұмыс орны;

- түйе және қой жүнін терең өңдеу өндірісі және тігін өнімдерін шығару «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС, құны 2,4 млрд. теңге, 67 жұмыс орны;

- сүт өңдеу және қышқыл сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын кеңейту,
«СП Первомайский» ЖШС, жалпы құны 2 млрд. теңге, 26 жаңа жұмыс орнын құру;


- көкөністерді өңдеу және консервілеу өндірісі «Атырау Агро Феликс» ЖШС, құны 825 млн. теңге, 23 жұмыс орны;

- химиялық реагенттер шығаратын зауыт құрылысы, «Кемикал Солюшнс» ЖШС, жалпы құны 377,5 млн. теңге, 96 жаңа жұмыс орнын құру.

Ауыл шаруашылығында 46,5 млрд. теңге сомасында өнім өндіру жоспарлануда немесе 2014 жылдың деңгейіне 102%.

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ет өндірісі көлемін 56 мың тоннаға (113,8%) (2014 жылы – 49,3 мың тонна), сүт өндірісін 60 мың тоннаға (106,2%) (2014 жылы – 56,5 мың тонна) және жұмыртқа көлемін 62 млн. данаға (2,6 есе) (2014 жылы – 23,6 млн. дана) дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы қуаты жылына 7,2 мың тонна ет цехы іске қосылады. Сүт-тауарлы фермасының мал басы 1 000 басқа дейін артады.

Өнімділігі жылына 30 млн. дана жұмыртқа, жыл аяғына дейін


60 млн дана жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы іске қосылды.

Картоп өндірісінің көлемі 21,5 мың тоннаны немесе 2014 жылға 131%, көкөніс 64 мың тонна немесе 103,5%, бақша дақылдары 25 мың тонна немесе 109,2% құрайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2014 жылмен салыстырғанда:

- картоп 1 540 гектарға немесе 107,9%;

- көкөніс дақылдары 2 545 гектарға немесе 105,6%;

- бақша дақылдары 916 гектарға немесе 116,8%-ға дейін ұлғайды. Тамшылатып суару технологиясы бойынша өңделген ауылшаруашылық дақылдарының алқабы 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 мың гектарға немесе 136,3% жетті.

2015 жылы жылына 25 мың дана консервіленген өнім және 530 тонна көкөніс салаттарын өндіретін кешен іске қосылады.

Сыртқы сауда айналымы 17,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде болжанады және 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,4%-ға азаяды, соның ішінде экспорт – 44,0%-ға, импорт – 18,1%-ға.

Негізгі капиталға инвестиция көлемінің нақты көлем индексі – 101%.

Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік сала, сумен қамту жүйесі, электрмен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысын салу және жөндеу, автокөлік жолдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жоспарлануда.

Атырау облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 83 мың шаршы метрді құрайтын 1 200 пәтерлік 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде жыл аяғына дейін 60 мың шаршы метрді құрайтын 870 пәтерлік 19 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыс бюджеті 2015 жылы 190 млрд. теңгені құрайды (жеке табыстар – 78,9%, РБ-тен трансферттер – 21,1%). Соның ішінде білім беруге – 37,6 млрд. теңге (19,8%), денсаулық сақтауға – 17,5 млрд. теңге (9,3%) бөлінді. Тұтастай алғанда, әлеуметтік қажеттілікке – 67,8 млрд. теңге бағытталды, бұл облыс бюджеті көлемінің 33,9%-ын құрайды.

Республикалық бюджет есебінен 2 білім беру нысандарының: Құрманғазы ауданының Ганюшкин селосында, Атырау қаласының Бірлік селосында әрқайсысы 280 орынға арналған балабақшалар құрылысы аяқталуда. Жылыой ауданының Жаңа-Қаратон поселкесінде, Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында әрқайсысы 280 орынға арналған балабақшаларының, әрқайсысы 300 орындық Жылыой ауданының Құлсары қаласында №19, Махамбет ауданының Жалғансай селосында мектеп құрылыстары аяқталды.

Облыс бюджеті есебінен Исатай ауданының Тұщықұдық селосында балабақшаның жапсаржай құрылысы аяқталды, Индер ауданының Есбол селосында мектеп-интернаттың құрылысы аяқталуда.

Республикалық бюджет есебінен Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында 624 орындық мектеп құрылысы, сондай Ұлттық қор есебінен Мақат ауданының Доссор кентінде 300 орындық мектеп құрылыстары басталды.

Инвесторлар есебінен Мақат ауданы Доссор кентіндегі 100 орындық шипажайлық балабақшаның құрылысы жалғасуда, Атырау қаласында
624 орындық ұлттық гимназия мен Индер ауданы Құрылыс селосында
100 орындық мектептің және 8 балабақшаның (Махамбет ауданының Махамбет селосында 280 орындық, Құлсары қаласында 200 орындық, Атырау қаласының Бірлік селосы, Исатай ауданының Аққыстау селосында және Жылыой ауданының Қосшағыл, Тұрғызба, Шоқпартоғай және Ақкиізтоғай селоларында әрқайсысы 160 орындық) құрылысы жүргізілуде.

Жергілікті бюджет есебінен Қызылқоға ауданының Мұқыр селосында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті бюджет есебінен 5 дәрігерлік амбулаторияның (Жылыой ауданының Шоқпартоғай, Қызылқоға ауданының Жасқайрат, Махамбет ауданының Бейбарыс және Құрманғазы ауданының Котяев, Приморье селоларында) және 3 фельдшерлік-акушерлік пункттің (Қызылқоға ауданының Тайсойған, Мақат ауданының Бәйгетөбе және Индер ауданының Бөдене селоларында) құрылысы аяқталды.

Ауысымына 100 келушіге арналған Атырау қаласының Геолог селосында 1 емхананың құрылысы жалғасуда, Индер ауданының Индербор поселкесінде


1 емхананың құрылысы аяқталды.

Демеушілер көмегі есебінен Атырау қаласында 180 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жалғасуда.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы 12 нысанның құрылысы іске асырылуда. Жыл соңына дейін 9 нысанды аяқтау және елді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін 78%-ға жеткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні облыс елді мекендерін табиғи газбен қамту көрсеткіші 77,1% құрады.

2015-2016 жылдары жылу беру маусымына дайындық жүргізу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Жұмыс істеп тұрған өндірістердің кеңеюі және жаңа өндірістердің ашылуы, инфрақұрылым жобаларының іске асырылуы есебінен облыс бойынша 16,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 435 адамды, жастар тәжірибесіне – 1 155 адамды, кәсіби даярлау мен қайта даярлауға 1 094 адамды қамту жоспарлануда.



2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрайды.

Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі болжанатын дәліз шеңберінде 6-8% аралығында жоспарланады.

Азық-түлік нарығын реттеу және алыпсатарлық пен бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ мерзімдік ауытқуларды қалыпқа келтіру үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек бағаларының шекті мәндерін белгілеу практикасы жалғастырылады.

Отандық нарықты азық-түлік тауарларымен толықтыру үшін отандық өндірушілерді қолдау қамтамасыз етіледі.


  1. 2016-2020 ЖЫЛДАРДАҒЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

Орта мерзімді кезеңде экономикалық даму тепе-теңдікте жеке және мемлекет қаражаттары есебінен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялардың өсіміне шамаланып, ішкі сұранысқа бағытталған болады.

Атырау облысының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға, Атырау облысының
2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталатын болады.


  1. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Орта мерзімді перспективада экономикалық саясаттың маңызды бағыты макроэкономикалық тұрақтылықты және жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады.

2016-2017 жылдары инфляцияның ағымдағы деңгейде 6-8% мақсатты дәлізде, 2018 жылы 5,0-7,0%, 2019 жылы 4,0-6,0%, 2020 жылы 3,0-4,0% деңгейінде сақталуы күтілуде.

Тұтыну нарығындағы бағаның өзгеруіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіпте қадағаланатын болады.

Болжамдалып отырған кезеңде тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды өнеркәсіптің қайта өңдеу және өңдеу салаларына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның құрылыстарына тарту жұмыстары жалғасады.

Жалпы өңірлік өнім индексінің болжамы 2016 жылы – 101,0%,


2017 жылы – 102,0%, 2018 жылы – 102,5%, 2019 жылы – 102,8%, 2020 жылы – 103,0%-ды құрайды.

Экономикалық өсімнің нысаналы параметрлеріне қол жеткізу экономиканың мемлекеттiк және жеке секторларының инвестициялық белсенділігімен және тұтынуды ынталандыру есебінен қамтамасыз етіледi.

2016-2020 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орта есеппен жылына 1,7%-ды құрайды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі болжамды деректер бойынша 2015 жылы – 1 057,7 млрд. теңге, 2019 жылы – 1 146,9 млрд. теңгені құрайды.

2016 – 2020 жылдары өнеркәсіп өнімі көлемінің орташа жылдық қарқыны 3,7% деңгейінде болжамдалады.

Тау-кен өнеркәсібінде өндірілген өнiм көлемінің өсуі жылына 5,3% шамасында жоспарланған.



НКИ, алдыңғы жылға қарағанда %-бен
Мұнай өндіру көлемінің артуы 2016 жылы 31,5 млн.тоннадан
2019 жылы 32,0 млн. тоннаға дейін жоспарлануда.

Ілеспе мұнай газын өндіру 2016 жылы 14,1 млрд.текше метрден (100,7%) 2020 жылы 18,4 млрд.текше метрге дейін (114,3%) өседі деп болжануда.

Өңдеу өнеркәсiбiндегі нақты көлем индексі 2016-2020 жылдары орташа есеппен 101,9%-ды құрайды.

Өңірдің химия өнеркәсібі саясаты қосымша құны жоғары өнімдер өндірісіне бағытталатын болады.

Алға қойылған мақсаттың іске асырылуы үшін озық технологиялар негізінде химиялық кластерлер және жаңа бәсекеге қабілетті химиялық өндірістер құрылатын болады.

Тиімділігі жоғары технологияларды жасақтау және енгізу, өнімнің сыртқы нарыққа жылжытылуына ықпал ету және саладағы кәсіпорындардың қоршаған ортаға кері әсерін төмендету жолымен химия өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін дамыту қамтамасыз етілетін болады.

2015 жылы «Кемикал Солюшнс» ЖШС-нің химиялық реагенттер өндіру зауытын іске қосу, 2016 жылы Атырау МӨЗ-н қайта жаңғырту және жаңғыртуды аяқтау және 2017 жылы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» ӘЭА негізінде химиялық кластер құру жоспарлануда.

Өңірдің машина жасауды дамыту саясаты ішкі нарықтың сұранысын барынша қанағаттандыруға және жоғары қосымша құнды түпкілікті өнім өндірісін арттыру есебінен экспортты кеңейтуге бағытталатын болады.

2016 жылы «ВСО «Ескене» ЖШС-нің Вагонды сервис орталығын іске қосу жоспарлануда.

Фармацевтика саласындағы саясат жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен жаңа өндірістердің құрылысы және жобаларды біріге іске асыру үшін инвестициялар тартуға бағытталатын болады.

2017 жылға дейін «LUMPAN CASPIAN PHARMACEUTICALS LLP» ЖШС-нің фармацевтикалық препараттар шығару зауытының іске қосылуы жоспарлануда.



Құрылыс индустриясында саланың индустриялық-инновациялық дамуы, өңірде құрылыс материалдарын тұрақты және теңгерімді өндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту саясаты Қазақстан Республикасының
2015-2019 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамытудың Кешенді жоспары аясында әлеуметтік тиімділігін күшейту арқылы орта мерзімді кезеңде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.

2015 жылы «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС-нің жүнді қайта өңдеу есебінен жүн өнімдерінің өндірісі (жылына 100 тонна түйе және 350 тонна қой жүні) жоспарлануда.



Мұнайгаз секторын дамыту ішкі нарықтың мұнай өнімдері мен газға сұранысын қамтамасыз етуге, мұнай мен газдың экспортын ұлғайтуға бағытталатын болады.

2016 жылға қарай Атырау МӨЗ жаңғырту, хош иісті көмір сутек өндірісін құру (бензол, параксилол), Интеграциялық газхимия кешенін (полипропилен, полиэтилен) қалыптастыру жобаларын іске асыру аяқталатын болады.

Интеграциялық үдерістер (ОЭК, ДСҰ) аясында жаңа өндірістерді дамытуды ынталандыру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту шаралары іске асырылатын болады.

Жергілікті қамтуды өсіруге жәрдемдесу әдістері мен саясатын жетілдіру үшін:



  • ішкі нарықта жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларын, жоғары сапалы жұмыстар мен қызметтерді сервистік қолдау;

  • жергілікті кәсіпкерлердің сұранысқа ие тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттандырылуын жоғарылату үшін «Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүрізуде қолданылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер реестрі», «Қазақстандық қамту» Интернет порталы» ақпараттық жүйелеріне қатысу;

  • жергілікті өндірушілер мен әлеуетті жеткізушілердің қатысуымен өткізілетін көрмелер, форумдар, жиындар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, оқыту және танымдық бағыттағы анықтамалық әдебиеттер мен кітапшалар басып шығарудың тиімділігін арттыру;

жұмыстары жүргізілетін болады.

2016-2020 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жылдық орташа өсiмі 102,9%-ды құрайды. Жылына мал шаруашылығы өнімінің өсімі 2,3% шамасында, егін шаруашылығы – 2,9%.


НКИ, алдыңғы жылға қарағанда, %-бен
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарылату, азық-түлік тауарларының түрлерін көбейту, халықаралық сапа стандарттарына көшу орта мерзімді перспективада негізгі міндеттер болып есептеледі.

2016 – 2020 жылдары құрылыс жұмыстарының орташа жылдық көлемі 100% деңгейінде болжамдалады.

2016 – 2020 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы ауданы 2 481 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соның ішінде: 2016 жылы – 493 мың шаршы метр, 2017 жылы – 494 мың шаршы метр,
2018 жылы – 496 мың шаршы метр, 2019 жылы – 498 мың шаршы метр,
2020 жылы – 500 мың шаршы метр.
Тұрғын үй құрылысы

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы және кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысы іске асырылуда. Облыс бюджеті есебінен «Жас Отау» бағдарламасы жасақталды. Бұл бағдарлама шеңберінде жас отбасыларға жеңілдетілген несиемен 90 пәтер тапсырылды.



Сауда көлемінің жылдық орташа мөлшердегi өсу қарқыны 2016-2020 жылдары 101,1% деңгейінде болжамдалуда.

Көлік қызметі. Облыс аумағынан Ресей мен Қазақстанның оңтүстік өңірлерін байланыстыратын негізгі магистраль өтеді.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3051,6 шақырым, соның ішінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 990 шақырым, облыстық және аудандық жолдардың ұзындығы 2061,6 шақырым.

2015 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа көлік инфрақұрылымы саласы бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда:

- облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының ұзындығы 123 шақырым «Қарабау-Миялы» бөлігіне қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда;

- облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолының 100-170 шақырым аралығы және «Ганюшкино-Приморье-Утери-Котяевка» автомобиль жолының 18 шақырым аралығына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда;

- Махамбет ауданы Махамбет селосындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы және Сағыз селосындағы темір-жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпір өткелдерінің жұмыстары қарқынмен жүруде.

Жергілікті бюджет есебінен Махамбет ауданының 6 ауылы (Алға, Еңбекшіл, Ортақшыл, Есбол, Ақжайық, Сарайшық) және Индер ауданының 3 ауылы (Құрылыс, Жарсуат, Бөдене), Құрманғазы ауданындағы Дәулеткерей-Алға, Мақат ауданы Бәйгетөбе және ПМС, Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай, Қосшағыл селоларының кірме жолдары, Исатай ауданындағы Аққыстау және Жанбай селоларының селоішілік жолдары, Қызылқоға ауданындағы Жангелдин, Жасқайрат селоларының кірме және село ішілік жолдарына (жаяу жүргіншілер жолдары) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2011 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған аудан орталықтары: Махамбет селосы және Мақат, Индербор поселкелерінің ішкі жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылуда.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберіне ағымдағы жылы Құлсары қаласының қалаішілік автомобиль жолдарының 3,7 шақырымы қайта жаңартылды, жалпы ұзындығы 25 шақырым.

2020 жылға дейін облыстық және аудандық жолдардың жағдайын жақсы деңгейге жеткізу үшін ірі жобаларды республикалық бюджет есебінен қаржыландыруы қажет облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының ұзындығы 123 шақырым «Қарабау-Миялы» учаскесіне және ұзындығы 80 шақырым «Индер-Қарабау» учаскелерін қайта жаңарту, ұзындығы 29 шақырым Құрманғазы ауданындағы «Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяевка» автомобиль жолы.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахан РФ» автомобиль жолын қайта жаңарту жоспарланған.

Қазіргі таңда республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға «Мақат-Сағыз» аралығының 138 шақырымына (468-330 шақырым аралығы) және «Атырау-Астрахан» аралығының 277 шақырымын (616-893 шақырым аралығы) қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Соның ішінде 10 шақырымына (468-458 шақырым аралығы) жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алынды. Аталған аралыққа биыл қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Үстіміздегі жылы жолаушылардың жағдайын жақсарту мақсатында облысішілік, облысаралық маршрутта қызмет көрсететін «ЛаваТранс» ЖШС-і жаңадан лизингке 5 автобус сатып алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылдың
13 қаңтарында №725 «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бекітілген бағдарлама аясында, аудан және село орталықтарынан 38 такси тұрағын салу жоспарлануда.

Қазіргі таңда іске асырылып жатқан жобалар аясында елді-мекендерден


15 такси тұрағы салынды.

Қазақстан Республикасы аумағында заманауи көліктік-логистикалық жүйесін құру, соның ішінде өңірде көліктік – логистикалық орталықтардың дамуын көздейтін көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту мақсатында Атырау облысы Мақат ауданында көліктік – логистикалық орталығын құру мәселесі пысықталуда.

Азаматтық авиация саласы бойынша Атырау халықаралық әуежайында жаңадан жүк және жолаушылар терминалын салуға техникалық-экономикалық негіздеме жасақталуда.

Сыртқы сауда айналымының өсуі 2016-2020 жылдары жылына орташа 2,7% құрайды, соның ішінде экспорт - 3,4%, импорт – 940%.
Сыртқы сауда көрсеткіштері, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

Экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет әлеуметтік жаңғыртумен қатар шешіледі.

Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.

Жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмыссыздық деңгейін


2017 жылға 4,9%-ға дейін, 2019 жылға 4,8 %-ға дейін төмендету жоспарлануда.

Тұрғындардың Жұмыспен қамту картасы және 2016-2018 жылдарға облыс жоспары жасақталуда. ҮИИД, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларда жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Экономикалық белсенді халық саны 2015 жылы 302 мың адамнан
2020 жылы 304 мың адамға дейін артады. Экономика саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2015 жылы 286,4 мың адамнан 2020 жылы 287,2 мың адамға дейін, оның ішінде сәйкесінше жалдамалы жұмысшылар 253,3 мың адамнан – 254,4 мың адамға дейін артады.

2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада көрсетілген.




  1. 2016-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БЮДЖЕТ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ БОЛЖАМЫ
Облыс бюджетіне кіріс түсімдерінің болжамы
2016-2018 жылдарда экономиканың болжамды сыртқы даму жағдайы есебімен жергілікті бюджет кірістерінің өсуі (трансферттерді есептемегенде) 2016 жылы 160,0 млрд. теңгеден 2018 жылы 153,1 млрд. теңгеге дейін болжануда.

2016-2018 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы


2-қосымшада көрсетілген.

2016 – 2018 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерінің болжамы Салық және Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептелді.


Жергілікті бюджет кірістерінің болжамы

(трансферттерді есептемегенде), млрд. теңге





2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Кірістер (трансферттерді есептемегенде)

160,0

152,9

153,1

Салықтық түсімдер

157,8

151,5

151,7

Салықтық емес түсімдер

1,7

1,1

1,1

Негізгі капиталды сатудан түсім

0,5

0,3

0,3

Бюджет кірістерінің өсімі негізінен жергілікті бюджет кірістерінің


99,1%-ын қамтитын салық түсімдерінің болжамды өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Салықтық түсімдердің негізгі түрлері болып: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке меншік салығы, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін акциздік түсімдер табылады.

Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсімдер жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін кірістердің түсімі бойынша болжам көрсеткіштерінің негізінде есептелген.
2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік шығыстардың басымдықтары
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып, 2016-2018 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басты басымдықтары мыналар:


  1. Халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға ықпал етуді көздейтін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тұрақты және табысты жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсімін төмендету және болдырмау жалғасатын болады.

Бағдарлама шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, бизнес-машықтарын оқыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және шағын несие беру, сонымен қатар еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ететін іс-шаралар қаржыландырылатын болады.



  1. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамту

Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту шаралары жүзеге асырылатын болады, қолжетімді баспанамен қамту тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй қорын, тұрғын үй құрылысын жақсарту, халықты сапалы ауызсумен және табиғи газбен қамту, сумен қамту және су тарту жүйесін дамыту арқылы іске асырылатын болады.

Бұл шаралар «Ақ бұлақ» және «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары арқылы жүзеге асатын болады.



  1. Адам капиталының сапалы өсімі

Денсаулық сақтау саласында басымдықтың бірі медициналық қызмет сапасының артуына, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға, төсек орын қорының және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін әрі қарай енгізу болып табылады.

Білім сапасын әрі қарай жетілдіру мақсатында мемлекеттік және жеке балабақшалар, мектепке дейінгі ұйымдардың (шағын орталықтар, мектеп-балабақшалар және т.б.) түрлі үлгілері дамитын болады, балабақшалар ғимараттарын қалпына келтіру, қызмет етуші балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылады.



  1. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін толық көлемде орындау

Жергілікті бюджет қаражаттарын жұмсаудың басымдық бағыттарына білім, денсаулық сақтау, сумен қамту, табиғатты қорғау шаралары, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру нысандары, мәдениет және спорт салаларындағы жобалар жатқызылады.

  1. Өңірлік даму

Өңірлерді дамыту бойынша бюджеттік саясаттың маңызды бағыты елді мекендерде әлеуметтік нысандардың құрылысын салу болады, бұл оптимистік демографиялық болжамы және даму перспективасы, осы елді мекендерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға ресурстардың шоғырлануымен бірге бір мезгілде тиімсіз шығындарды қысқарту.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде қуаттылығы жылына 84 мың тонна әк шығару (Каспий Сервис-Е ЖШС) зауытының құрылысы бойынша «зәкірлі» инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Нысанды іске қосу 2016 жылдың І жартыжылдығына жоспарланған, өнім шығару - 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы.

2014 жылы белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны
687 бірлікті құрады. Шағын кәсіпорындар негізінен Теңіз кен орнындағы ірі кәсіпорындардың мердігерлері болып табылады. Теңіз кен орнында болашақта кеңейту жобасы іске қосылғаннан кейін шағын кәсіпорындар санының екі еседен аса өсуі күтілуде.

Автомобиль жолына (7,5 шақырым) қайта жаңғырту жүргізілді, электрмен қамту нысандарының, 87 тұрғын үйдің жылыту және жылумен қамту жүйелері, кәріздік-тазарту имараттары күрделі жөндеуден өтті.

Қаланың 10 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді, 8 спорттық және 10 балалар ойын алаңдары, 38 автобус аялдамасы сатып алынып, орнатылды, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлікті дамытуға 86 адамға шағын несиелер берілді, 11 жоба бойынша - банктік несиелердің пайыздық төлемдері субсидияланды, 10 жобаға жаңа өндірістерді құруға гранттар берілді, кәсіпкерлікті бастаған 110 адам оқытылды.

«Зәкірлі» инвестициялық жобалардың инфрақұрылымын қамтамасыз етуге: газбен қамту желісіне - 2,2 шақырым, сумен қамтуға –
3 шақырым және электрмен қамтуға – 100 метр.

Құлсары қаласының Бас жоспары жасақталды.



Бюджеттік инвестициялық саясаттың (соның ішінде бюджеттік инвестициялар) негізгі басымдықтары

Алдыңғы кезеңге бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының 2012 жылғы


14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.



  1. Әлеуметтік саланы жаңғырту

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын, жұмыссыздықты қысқартуды және тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының сапалы қызмет көрсетуінде тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, жұмыссыздықты қысқарту мен жұмыспен қамтудың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептер мен денсаулық сақтау объектілері желілерін кеңейтуді қаржыландыру, апатты мектептер мен үш ауысымдық оқытуды жою, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын қысқарту жөніндегі бар проблемаларды шешуді есепке ала отырып, жүзеге асырылатын болады.

Облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың басты мақсаты – азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және тұрақты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

2016-2020 жылдары облыстың денсаулық сақтау саласының негізгі міндеттері болып табылады:

- халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмек ұсыну, соның ішінде диагностиканың жоғары технологиялық түрлері, емдеу және оңалту;

- халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

- әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу.

Халықтың нысаналы топтарына скринингтік бағдарламаны жүзеге асыру жалғасады.

Көрсетілген бағыттарды дамыту 2020 жылдың аяғына дейін:

- халықтың жалпы өлім-жітімін 2010 жылғы деңгейден 30%-ға төмендету арқылы халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту;

- ана өлім-жітімін 2009 жылғы деңгейден 3 есеге төмендету;

- нәресте шетінеуін 2009 жылғы деңгейден 2 есеге төмендету;

- туберкулезден өлім-жітімді, 100 мың тұрғынға шаққанда, 3,8-ге дейін төмендету;

- 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ жұқпасының таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстап тұру.



  1. Индустрияландыру бағдарламасы

Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы әрі қарай жаңғырту мен әртараптандырудың маңызды құралы болып қалады.

Бағдарлама шеңберінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, экономиканың шикізаттық емес секторда өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» іс-шаралары басымды қаржыландырылатын болады.

Аграрлық секторды әртараптандыру үшін фермерлердің қаржыландыруға, етті мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаларды іске асыруға қолжетімдігін арттыру, сонымен қатар мал азығын өндіруді дамыту бойынша шаралар алынатын болады.


  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тұрғын үй құрылысы, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту, сумен қамту және су айдау жүйесін дамыту арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамту.

Бұл бағыт бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламалары арқылы іске асырылатын болады.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде келесі негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады:

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы іске асырылатын жергілікті атқарушы органдармен тұрғын үй құрылысын салу;

кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу;

жас отбасылар үшін іске асырылатын жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу;

инженерлік жүйелер құрылысын салу;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу.


  1. Өңірлік даму

Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамытудың 2020» бағдарламасымен белгіленген басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде өңір үшін айтарлықтай маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жобаларын қаржылай қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Бұл орайда экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.


Ескерту. Қысқартулардың толық жазылуы:

ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім

НКИ – нақты көлем индексі

млрд. – миллиард

млн. – миллион

ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

АМӨЗ – Атырау мұнай өңдеу зауыты

ҮИИД МБ – Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы

АҚШ – Америка құрама штаттары

АҚ – Акционерлік қоғам



ШҚ – Шаруа қожалығы

РБ – республикалық бюджет




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет