Атырау облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары



жүктеу 148.71 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі148.71 Kb.
Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__» ________

№___ қаулысына

қосымша

Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «__» ________

№___ қаулысымен бекітілген

Атырау облысында коммуналдық

көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары


  1. Жалпы ереже

1. Осы Атырау облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағида) бұрынғы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленген және коммуналдық қызметтерді көрсету тәртібін, ұсыну шарттарын және коммуналдық көрсетіп қызметке төлемін ұсыну шарттар мен тәртібі ақысын белгілейді, сондай-ақ Қызмет берушілер мен тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

Коммуналдық көрсетілетін қызметтер - электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализациялау (бұдан былай - энергиямен қамту), сондай-ақ пәтерлерде, жеке тұрғын үйлердегi азаматтарға, сондай-ақ үй-жай маңындағы учаскелер, гараждар мұқтаждықтары үшiн жекелеген кәсiпкерлiкпен айналысатын азаматтарға тұратын жерлерi бойынша, кондоминиум объектiлерiне қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсету;

Қызмет берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен (бұдан әрі - энергиямен жабдықтайтын ұйым) айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттер мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады.

Тұтынушы – коммуналдық көрсетілетін қызметтi пайдаланатын азамат немесе кондаминиум объекті;

қызметті ұсыну режимi - көрсетiлетiн қызметтiң әрбiр түрі үшiн белгiленген мiндеттi нормалар жүйесi;

энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, суды (бұдан әрі - энергия) жеткiзу және сату;

энергиямен жабдықтаушы ұйым - өндiрiлген немесе сатып алынған электр энергиясын, жылу энергиясын, суды тұтынушыларға жеткiзудi (өз бетімен немесе энергияны берушi ұйыммен жасалған шарт бойынша) және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

энергия берушi ұйым - энергия берудi және (немесе) бөлудi жүзеге асыратын ұйым;

энергия - электр және жылу энергиясы;

Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау жәнеқоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсетумен байланысты осы Ережелерде жазылмаған мәселелер және қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.

Газбен жабдықтау жөнiндегi коммуналдық қызметтердің көрсетiлуімен байланысты мәселелер жекелеген нормативтiк құқықтық актілермен реттеледi.
2. Қызмет көрсетудi ұсыну тәртiбi және шарттары
3. Коммуналдық көрсетілетін қажетті қызметтерді ұсыну Қызмет беруші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарттың (бұдан әрі - Шарт) негiзiнде жүргізiледi.

Тұтынушылар шарт жасасу бойынша өз құқықтарын заңнамада белгiленген тәртiппен ПМК басқармасына немесе жеке немесе заңды тұлғаға беруге құқылы.

Шарт осы қағидаға қайшы келмеуi, ал оның мәтiнi қажет болған жағдайда аумақтық монополияға қарсы органдармен келiсiлуi тиiс.

Шарт белгіленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi (егер тараптардың келiсiмiмен басқаша көзделмесе) және осы Қағиданың 35 және 38-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

4. Қызмет көрсетудi беру режимімен тұтынушылық ерекшеліктері нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға:

1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;

2) электрмен жабдықтау ішінде - жыл бойы қолданыстағы стандарттар бойынша электр энергиясының параметрлерiне;

3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы бойынша гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесiндегi судың есептелген шығынына;

4) канализация бойынша - жыл бойы тәуліктік ақаба сулардың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге;

5) лифттермен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың негізiнде лифтінi қауiпсiз пайдалануға;

6) қоқыс шығару бойынша - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толық шығарылуына сәйкес келуi тиiс.

5. Қызметтерді ұсыну режимiнен ықтимал ауытқулар мiндеттi түрде Шартта көзделуi тиiс.




3. Тараптардың жауапкершiлiгi
6. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын тиісті дәрежеде техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету қызмет берушінің мiндетi болып табылады және ПМК-мен немесе Тұтынушының басқа өкiлеттi тұлғасымен жасалған жеке шарты негізiнде жүзеге асырылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетудi өз алдына жеке және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы (рұқсаты) бар басқа мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады. Мамандандырылған ұйымдарды тарту тендерлiк негiзде жүргiзiледi.

Пәтерлердегi, жекелеген үйлердегi, үй-жай маңындағы учаскелер, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi құбырлардың, электр өткiзгіштердiң, электр жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезiндегi қауiпсiздік техникасы үшiн жауапкершiлiк Тұтынушыға жүктеледi.

7. Есепке алу құралдарын энергия берушi ұйым сатып алып, қондырады.

Есепке алу құралдарын қондыруды қаржыландыру энергия берушi ұйымның жеке немесе қарызға алынған қаражаты есебiнен жүргізіледі.

Тұтынушы энергия берушi ұйымның сатып алынған және қондырылған есепке алу құралы үшiн кеткен шығынын энергиямен жабдықтауға жасалған шарт бойынша энергияға белгiленген тариф арқылы өтейді.

8. Тұтынушы жеке есепке алу құралдарын өз бетiмен сатып алуға және орнатуға құқылы. Мұндай тұтынушылар үшiн энергия беруші ұйымдардың шығындарын тариф арқылы өтеу шарт сәйкес есептеу құралдарын орнату үшiн ғана жүргізіледі.

9. Есепке алу құралдары басқыш алаңдарында, дәлiзде де және жекеленген пәтерлерде орнатылады.

10. Тұтынушы өзiнiң пәтерiнде немесе жеке үйiнде орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) есепке алу құралдарын басқыш алаңдарын орнату кезiндегi олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн ПМК жауапкершiлiкте болады.

11. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) басқыш алаңдарында орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе қарамағына сол үй кiретін ПМК бiр ай мерзiмі iшiнде, егер де тараптардың келiсiмiнде өзге көзделмесе, қалпына келтiруi тиiс. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желiсiне қосуды талап етуге құқылы. Мұндай уақытша қосу үшiн ақы алынбайды.

12. Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:

1) жылу - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу ернемегі бойынша;

2) ыстық сумен жабдықтау - ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң соңғы ысырмасының бөлу ернемегі бойынша;

3) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;

4) канализациялау - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы, ал ауладағы канализация шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық болып табылады; 

5) электр энергиясы - ғимаратқа кiретiн сым ұшында.

13. Мiндеттемелер орындалмаса немесе тиісті дәрежеде орындалмаса, шарт бойынша Қызмет берушi мен Тұтынушы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 9-бабының 4-тармағына сәйкес келтiрiлген нақты зиянның орнын толтыруы тиiс.

14. Энергиямен жабдықтаушы ұйым Тұтынушының алдында энергия жеткiзушi параметрлерiнiң және форс-мажорлық жағдайлардан (стихиялық құбылыстар, әскери iс-қимылдар және т.с.с.) туындаған энергияның жетiспеушiлiгi үшiн тұтынушы алдында материалдық жауапкершiлiкте болмайды.




4. Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртiбi
15. Қолданыстағы жүрген заңнамаға сәйкес реттеуге жататын коммуналдық қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.

16. Тұтынушы төлемдi есептi айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Қызмет көрсетушi арасындағы келiсiм бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.

17. Төлемдердің мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Тұтынушы Шарт белгiленген айыпақы төлейдi.

18. Егер Тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен кейін жүргiзiледi. Бiрнеше рет ағыту кезiнде(екі реттен аса) оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тариф белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келiсiледi.

19. Жұмсалған энергия үшiн есеп айырысу есеп алу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жазып берген есеп шоты бойынша жүргiзiледi.

20. Есепке алу құралдарының көрсеткiштерін алу мен энергия үшiн есеп шоттарды жазуды пәтерлерге бару кезiнде қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкiлдерi жүргiзедi.

21. Тараптардың келiсуi бойынша есепке алу құралдарынан көрсеткiштi алу мен төлем құжаттарын толтыру кезiнде Тұтынушыға өзiне өзi қызмет көрсетуiне жол берiледi. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеудi Тұтынушының өзi жүргiзедi. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезiнде Тұтынушының жiберген қателерi талаптардың ескiру мерзiмi шегiнде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымда есепке алынады.

22. Тұтынушының кiнәсi бойынша болмаған есептің уақытша бұзылуы кезiнде электр энергиясы үшiн есеп айырысу егер шартта электр энергиясының аз саны көрсетiлмесе, алдыңғы есептiк кезеңнiң орта тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.

Электр энергиясының орта тәулiктiк есептiк кезеңi бiр айдан, бұл кезде есеп айырысу есебi толық көлемде қалпына келтiрiлуi керек, аспауы тиiс.

Егер есеп айырысу есебiн көрсетiлген мерзiмде қалпына келтiру мүмкiн болмаса, Тұтынушыға босатылған электр энергиясына есеп айырысу тәртібімен есепке алуды қалпына келтiру мерзімдері абоненттің және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiмен белгiленуi тиiс.

23. Тұтынушының есепке алу құралының қосылу сызбасының өзгеруі, оның бүлiнгенi, пломбалардың жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы және басқа бұзушылықтар анықталған кезде немесе егер Тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткiзгенiн немесе есепке алу құралының көрсеткiшiн бұрмалайтын тетiк орнатқанын энергиямен жабдықтаушы органның өкiлдерi бұрынғы баруларында табуға мүмкiн болмаған жағдайда Тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым белгiленген тәртiппен соңғы тексеру өткiзiлген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшiн талаптың ескiру мерзiмiнен аспайтын қайта есептеудi жүргiзедi.

Қайта есептеу:

1) жарықтандырғыш ток қабылдағыштардың қуаты және олардың пайдалану сағаттарының саны бойынша;

2) Тұтынушыда штепсельдi розеткалар болған жағдайда (олардың санына қарамастан) - бiр розетканың 600 Вт қуатын тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен, ал 600 Вт қуаттан артық жылыту құралдары немесе басқа электр жабдықтары табылған жағдайда - Тұтынушының пайдалануындағы жабдықтың оның нақты қуатының тәулiгiне 24 сағат пайдалануы есебiнен жүргiзiледi.

24. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, шипажайға жолдама түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркелуi туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек, және т.б.) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есепке алу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi.

Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерiстер Тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.

25. Есептеу құралдары уақытша болмаған жағдайда бiр адамға есептелiнетiн қызмет көрсетулер үшiн төлемдер тұрушылардың нақты саны бойынша алынады.

26. ПМК энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жалпы үй мұқтаждарына жұмсалатын энергия үшiн белгіленген тәртiппен бекiтiлген тариф бойынша, пайдалану жауапкершiлiгі шекарасында орнатылған есепке алу құралдары бойынша есеп айырысады.

27. Есепке алу құралдарын тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлiну шекарасынан тыс жерде орнатылуы кезiнде, бөлiну шекарасынан бастап есепке алу құралдарын орнату орындарына дейiн желi учаскесiндегі шығындар көрсетiлген желi учаскесi теңгерімінде тұрған иесiне шарт негiзiнде жатқызылады.

28. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.

29. Жылумен жабдықтауға төлем Қызмет көрсетушiнің Тұтынушымен келiсуi бойынша жыл iшiнде бiрқалыпты не осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi және Шартпен анықталады.

30. Қызмет көрсетушi мен Тұтынушы арасындағы берешектермен байланысты барлық даулы мәселелер сотта шешiледi.




5. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
31. Тұтынушының:

1) оның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сапада қызмет көрсетудi алуға;

2) қызмет көрсетулерге бағаларды (тарифтердi) бекiту тәртiбi туралы осы көрсеткiштердi бақылауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдардан ақпараттар алуға;

3) егер Қызмет көрсетушi белгiленген тәртiппен есеп шотын ұсынбаса, алған қызметi үшiн төлем жасамауға;

4) қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірiлген шығындар мен зияндарды толық өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды және айыпақыны өтеудi Қызмет берушiден талап етуге;

5) шартпен бекiтiлген артық үзiлiстер уақыты үшiн қызмет көрсетуге төлем жасамауға;

6) энергиямен жабдықтаушы ұйымға талап қоюға және белгiленген нормалар мен стандарттарға (нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына) сәйкес келмеген уақыт кезеңiндегi (Шартта белгiленгеннен артық) қызмет көрсетулерге төлемеуге;

7) уақтылы төлем жүргiзген жағдайда оған қажеттi мөлшерде энергияны пайдалануға;

8) бiржақты тәртiппен шартты бұзуға, бұл туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар еткен және пайдаланған коммуналдық қызметтерге толық өтемақы төлеген жағдайда құқығы бар.

32. Тұтынушы:

1) Қызмет керсетушiмен жеке шарт жасасуға;

2) қызметтердi пайдалану кезiнде қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтауға;

3) аварияларды жою, есепке алу және бақылау құралдарын қарау үшін электр, жылу, сумен жабдықтау, канализация қондырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар қызмет көрсетушілердің немесе мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

4) белгіленген мерзімдерде ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергияға уақтылы ақы төлеуге;

5) пәтерден, жеке үйден кету кезінде пайдаланылған қызметтер үшін кететін құн бойынша есеп айырысуға міндетті.

33. Тұтынушыға:

1) Қызмет көрсетушінің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтар мен құрылғыларды қайта жарақтандыруға;

2) Қызмет көрсетушінің келісімінсіз қуаты үйішілік желі мүмкіндіктерінен асып түсетін тұрмыстық электр құралдары мен машиналарды, үш фазалық ток қабылдағыштарды, жылу құралдарының қосымша секцияларын орнатуға, қосуға және пайдалануға, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды қосуға және пайдалануға;

3) энергия есебін жүргізудің қолда бар сызбасын бұзуға;

4) жылу жүйелерінде жылу тасымалдағыштарды тікелей мақсаттан тыс пайдалануға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу) тыйым салынады.




6. Қызмет көрсетушінің құқықтары мен міндеттері
34. Қызмет берушінің:

1) ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергия үшін уақытылы және толық көлемде төлем алуға;

2) энергияның жұмсалуы мен төленуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

3) біржақты тәртіппен Шартпен белгіленген мерзімдерде ескерту жасаған жағдайда, пайдаланылған энергияға Тұтынушының төлем жасамауына байланысты Шартты тоқтата тұруға;

4) Тұтынушы қызмет көрсетуге алдын ала төлем жасаған жағдайда, белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтерден жеңілдіктер жасауға құқығы бар.

35. Қызмет беруші:

1) Тұтынушыға қызметтердің тарифтері, төлем шарттары, қызмет көрсетуді ұсыну режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттың (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) болуы туралы ақпараттандыруға;

2) Тұтынушымен қызметтерді ұсынуға арналған жеке шарт жасасуға;

3) Тұтынушыға сапасы бойынша нормативтік-техникалық құжаттама міндетті талаптарына сәйкес келетін энергия мен қызметтер ұсынуға;

4) жеткізілген энергияның сапасы мен санына есеп жүргізу және бақылау жасауға, Шартта белгіленген мерзімдерде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер сапасының бұзылуының алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға;

5) Тұтынушы қызмет көрсетудің сапасының төмендегені туралы арыз берген күннен бастап үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру және қайта есептеуді орындау бойынша барлық шараларды қабылдауға;

6) Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен оларға төлем мөлшерінің өзгергені туралы 10 күннен кешіктірмей хабарлауға;

7) Тұтынушыға ай сайын жеткізілген қызмет пен энергия үшін есепті ұсынуға міндетті.

36. Қызмет көрсетушіге:

1) басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге;

2) шарттағыдан жоғарылатылған параметрмен босатылған энергияға Тұтынушыдан қосымша ақы алуға;

3) ай сайынғы қызмет көрсету есеп шотын берместен, Тұтынушыдан төлем талап етуіне тыйым салынады;


7. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі
37. Қызметтерді ұсынудың тоқтатылған уақыты (күні,сағаты) туралы белгісімен, сондай-ақ олардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі Қызмет берушінің диспетчерлік қызмет журналында кейін қажетті (тиісті) сапамен қызмет көрсетуді қалпына келтіру уақыты (күні, сағаты) кейін белгіленуі тиіс.

38. Қызмет көрсетілмеген, қызмет көрсету тиісті дәрежедегі сапада немесе толық көлемде болмаған жағдайда Тұтынушы бұл туралы Қызмет көрсетушіге Тұтынушының өзі (өтініммен) немесе телефонограммамен міндетті түрде оның берілу уақытын, күнін және берген және оны қабылдаған адамның тегін көрсету арқылы хабардар етуі тиіс. Телефонограммада: қызмет көрсетудің нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Қызмет көрсетуші өкілінің болу қажеттігі (егер қызмет көрсетудің нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Қызмет берушінің журналында тіркелмесе) көрсетіледі.

Тұтынушының өзі келген жағдайда өтінім көшірмесі болуы тиіс, онда оның келіп түскендігін тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтінімнің берілген күні және уақыты, оны қабылдаған Қызмет беруші өкілінің қолы қойылады.

Қызмет беруші журналдағы қызмет көрсету сапасының өтінімде (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқу (үзілісі) белгілерін салыстырады және келіспеушілік болмаған жағдайда оның нақты тұтынылуына сәйкес қызмет көрсетудің құнын қайта есептеуді орындайды.

39. Қызмет беруші қызмет көрсетпегені немесе төмен сапалы қызмет көрсеткені туралы фактіні растаудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:

1) қызмет көрсетуден бас тартуының (ағытып тастау) немесе оның сапасыз жеткізілуінің басталу уақыты;

2) қызмет көрсету сапасының нашарлау сипаты;

3) өтінім берілген уақыты мен тіркеу нөмірі (Қызмет көрсетушінің журналы бойынша);

4) қызмет көрсетудің қалпына келтірілген (оның сапасының қалыпқа келуі) уақыты; 

5) қызмет көрсетудің (сапасы нашарлауының) болмау кезеңін көрсете отырып жазбаша өтініш жазуға құқылы. 

Актіге Тұтынушы, қызмет көрсетуші ұйымның меншік пәтер (үйлер) кооперативінің уәкілетті мүшесі не тәуелсіз екі куәгер қол қояды және Қызмет көрсетушіге жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда Тұтынушы 10-күндік мерзім ішінде сотқа талап арыз береді.

40. Қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзушылықтары Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы өкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады. Акті Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ оны Қызмет берушінің комиссиясы немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар кондоминиум объектілерін басқару органдары ресімдеген жағдайда, күші бар деп есептелінеді.



41. Акті негізінде Қызмет көрсетуші есептелінбеген энергияның санын анықтайды және Тұтынушыға қосымша төлем сомасы негіздемесімен сотқа дейінгі талапты жібереді.

Тараптардың келісімі бойынша даулардың реттелмеуі жағдайында Қызмет көрсетуші 10 күндік мерзім ішінде сотқа Тұтынушыдан берілген соманы мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алу туралы сотқа талап арыз береді және белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет