Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна



жүктеу 48.14 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі48.14 Kb.
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна

Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық

Бөлімдері : Сөйлеуді дамыту. Сурет салу

Тақырыбы : Ғажайып қалта. Алма

Мақсаты: Б:Заттардың бөлшектерінажыратуғажәнеатауғаүйрету

Д: Сөздік қорын молайту, сөз тіркестерін дамыту.

Т:Ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі : суреттер теледидар

Әдіс-тәсілдері: ойын, түсіндіру, көрсету, сурет салу

Түрі: кіріктірілген сабақ



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Балдай тәтті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Ойынменен өседі

Ойымыз бен санамыз

Қол ұстасып бәріміз

Жарасады сәніміз.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!




Балалар оқу іс-әрекетіне назар аударады

Қызығушылығы артады




Ұйымдастырушы-іздестіру


Балалар біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы- Ғажайып қалта. Алма

Таңғажайып сәт.

Топқа қолында ғажайып қалтасы бар қоян келеді.

Амандасады.

Көмек сұрайды.

-балалар, маған көмектесіңдерші, мен ғажайып қалта тауып алдым. Соның аузын аша алмай тұрмын.

Балалар бізден буратино келіп, көмек сұрап тұр.

Ал, қане, балалар көмектесеміз бе?

Олай болса, буратиноның жолдан тауып алған ғажайып қалтасында не барын білу үшін, қалтаны ашуға көмектесеміз.

-міне, ғажап ! ғажайып қалтада алма бар екен.

Бұл жеміс туралы айтып түсіндіремін.

-алма жемісі-өте дәмді болады. Оның қызыл, сары, жасыл түстері болады.

Теледидардан суреттерін көрсетемін.

-экранға назар аударайық

Алма жемісінің пайдасы тақырыбындағы бейнероликті тамашалаймыз.

-Алма жемісі адамның денсаулығына пайдалы.

Оны кішкентай балалар да, үлкендер де күнделікті тағам ретінде қолданады. Біз алманы көбірек жеуіміз керек.

-балалар біз тағы бір бейнематериалға назар аударайық.

-экранда «Алма» әні көрсетіледі.

-балалар қайталайды.

-Бір алма, екі алма, үш алма, төрт

Бес алма, алты алма, жеті алма көп.

-олай болса балалар біз бүгін алма суретін саламыз. Алма суреті салынған, біз оны субояқпен қажетті түстермен бояймыз.

-экранда «алма жемісінің суретін қалай салу керек?» тақырыбында бейнематериал көрсетіледі.

(балалардың сурет дәптерінде алма суреті салулы, балалар дайын суретті бояйды.)

Сергіту сәті.

Теледидардан «Алма туралы әнге» қимылын орындаймыз.

Ойын: «Алма теру»

Дайын алма ағашындағы алмаларды теріп алады. Кім көп алма жинайды. Сол жеңімпаз.


Қызығушылығы оянады

Сұрақтарға жауап береді

Ойынға атсалысады

Балалар таңданады.

Қызыға қарайды

Алманың суретін бояйды

Қимылын орындайды

Ойынға атсалысады.



Рефлексивті-коррекциялаушы


Қорыту.

Балалар бүгін оқу іс-әрекетінде немен айналыстық?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?

Мадақтау.

Балаларға бір-бірден алма таратып беремін.


Балаларға алма таратып беремін.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: алма туралы



Қандай түсініктерді игерді: бояулар, олардың түрлері, т.б

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: қылқаламды ұстауға талпынады
: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет