«Атырау облысы Индер ауданы (Бөдене, Елтай, Есбол, Жарсуат, Көктоғай, Өрлік) ауылдарының бөлшекті жоспарлау жобасымен бірлескен жеңілдетілген бас жоспарлары жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы



жүктеу 31.52 Kb.
Дата18.12.2018
өлшемі31.52 Kb.
«Атырау облысы Индер ауданы (Бөдене, Елтай, Есбол, Жарсуат, Көктоғай, Өрлік) ауылдарының бөлшекті жоспарлау жобасымен бірлескен жеңілдетілген бас жоспарлары жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы

хаттамасы



1

Өткізу күні: 2015 жыл 8 қазан

Өткізу орны: Индербор селосы «Индер аудандық әкімінің аппараты» ММ-сі

Қоғамдық тыңдалымдар Индер аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен ұйымдастырылады.

Қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа жоба материалдарының қағаз түріндегі нұсқасымен Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы 409 кабинетте танысуға болатындығы және электрондық нұсқасы www.atyrau.gov.kz сайтында орналастырылғандығы туралы хабарландыру «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің 19 қыркүйектегі санында жарияланды.



Қатысқандар: тізімге сәйкес аудан әкімі, орынбасарлары, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық депутаттар, мекеме басшылары және қоғамдық өкілдері.
Тыңдалымның күн тәртібі: Индер ауданы (Бөдене, Елтай, Есбол, Жарсуат, Көктоғай, Өрлік) ауылдарының бөлшекті жоспарлау жобасымен бірлескен жеңілдетілген бас жоспарлары жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы



Қоғамдық тыңдаудың регламенті:

Басты баяндама үшін берілетін уақыт: 30 минут

Сөз сөйлеушіге – 10 минут

Аудан әкімінің орынбасары Алдерзин М.Т. жиналысты ашып, қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын тағайындалды.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы: аудан әкімінің орынбасары Алдерзин М.Т.

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы:– құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Игалиев А.

Төраға бөлшекті жоспарлау жобасы және топографиялық түсірілімі бірлескен бас жоспарын жасақтау» жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қысқаша таныстырды.

«Бас жоспар» жобасындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша баяндаған:

  1. Тәйтенов А.А. – бас жобалаушы «RBM Sweco Productions» ЖШС-і директоры

  2. Сарниязова А.Т. - «RBM Sweco Productions» ЖШС-і экологы

  3. Бисенова А.А. - «RBM Sweco Productions» ЖШС-і экологы.

Қоғамдық өкілдерінің ұсыныстары мен ескерту мәселелері:



  1. Сұрақ Индер ауданы бойынша Экология Департаментінің инспекторы Муканов М.Г. қойды: «Ауа ластану бойынша мәліметтер қайдан алынды?»

Жауап «Мәліметтер ауылдық округтердегі мекемелерден алынды (ШҰШ (ПДВ), ҚОЫБ (ОВОС) ».

  1. Сүрақ Индер ауданы бойынша Экология Департаментінің инспекторы Муканов М.Г. қойды: «Қоқыс аландарының орналасуы заң жүзінде қаралдыма?»

Жауап: «Қоқыс аландарының орналасуы жобада нормативтерге сәйкес қаралған».
Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар: «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша келіспеушіліктер жоқ, барлық ұсыныстар мен ескертулер жұмыс барысында ескерілсін.

Тыңдалым төрағасы Алдерзин М.
Тыңдалым хатшысы Игалиев А.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет