Атыңнан сенің айналдым



жүктеу 50.74 Kb.
Дата02.08.2018
өлшемі50.74 Kb.
АТЫҢНАН СЕНІҢ АЙНАЛДЫМ...

img_3428 фото ги

Г. Құсманова,

Қазақстан журналистер Одағының мүшесі

Тәуелсіздік жылдарында елімізде, Шығыс Қазақстан облысында да атадан мирас болған көптеген тарихи қалыптасқан жер-су, елді мекен атаулары қайтарылды. Сонымен бірге өткенімізге үңіліп, ғасырлар қолтаңбасымен жаңадан жүз-дескендей болдық. Мәселен, облыстың Жарма ауданында 32 елді мекен, Күршімде - 25, Ұланда - 8, Көкпектіде - 12, Үржарда -12, Катонқарағайда - 10 елді мекендердің көне атаулары қайтарылды.

Ата-бабаларымыздың жер-су атауларына деген көзқарастарын облыстың бір ғана ауданы - Жарма ауданының өшіп барып, қайтарылған атауларының сырлы сазынан аңғаруға болады. Ақ патша отаршылары «Сұлусары» деген атауды Игоревкаға, Сал-қынтөбені – Маковкаға, Иірліні – Ба-туринкаға, Шымылдықты – Филип-повкаға, Кеңтарлауды – Николаевкаға, Үшбиікті – Первомайкаға, Қоңырбиікті – Громовкаға, Үкіліні – Перьятинкаға, Былқылдақты – Мариновкаға ауыстырғаны кездейсоқ па? Бұл әрекеттер болашаққа қанат жайған стра-тегиялық жымысқы саясат болғанын уақыт дәлелдеді. Тәуелсіздік байрағы осыдан бізді құтқарды, шындыққа көзімізді жеткізді.

Сонымен, 1991-2001 жылдар ара-лығында өткенімізге бет бұрып, ата-лардан қалған атауларымызға зер салдық. Сөйтіп, теңдесі жоқ әсем, сырлы Сұлусарымыз, Иірліміз, Былқылдағымыз, Салқынтөбеміздер есен-аман қайтарылды. Осы шараға мұрындық болған, оған араласып, кертартпалық-тан жүрексінбеген азаматтарымыздың қайрат-қажырына бас иіп, шексіз ал-ғыс білдіргеніміз орынды. Оларды нелер қантөгіс шайқастарда найзаның ұшы, білектің күші, жанкешті ерлігімен сыртқы шапқыншылардан аман алып қалып, ұрпағына мирас еткен қайран ата-бабаларымыздың алдындағы перзенттік парыздарын абы-роймен өтеген ер-азаматтар десек ешбір артық айтпаспыз.

Көне заманда халқымыз жер-су атауларын адамдардың, шеншекпен-ділердің емес, көпшілік жағдайда сол жердің табиғи ерекшелігіне байланыстыра қойғанды жөн көрген. Жоғарыда келтірілгендей - «Сұлусары», «Кеңтарлау», немесе - «Арыаққан-Бері аққан», «Үкі шақырған», «Қиынжыра», «Қиын өткел», «Көксу» т.с.с. атаулар адам мен табиғаттың ажырамас бірлігін, табиғат-анасына сүйіспеншілігін айғақтап тұрды. Жер-су атауларымыздың ресімделуі мен қолдануы бізді немқұрайды қалдыра алмайды. Оларды біз тарихымыздың сыры, бабалар тұлпарының ізі қалған елдік белгіміз, халық философиясы мен болмысының, оның өткені мен болашағын меңзейтін, атадан балаға қалатын ең қымбат аманаты деп қабылдауымыз да сондықтан.

Тәуелсіздік туы желбірегеннен кейінгі жылдарда, 1998 жылы респуб-ликаның шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен болған кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «ономастикалық саясатты босаңдатуға болмайды. Жалтақтай беретін ештеңе жоқ. Отаршыл заманды еске алып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің өзіндік заңдылығын, табиғи үндестігін бұзып тұратын атауларды ауыстырмай болмайды» деген ойын естен шығармағанымыз абзал болар. Өз кезінде, өткен ғасырдың басында ұлы Ахаңның: «Тілі жоғалған жұрт-тың өзі де жойылады», - дегені бүгінгі күні де өзектілігін сақтап тұр.

Ойланып көрсек, Ресейдің Қиыр Солтүстігінің байырғы тұрғындары - чукча, нанай, коряктар, кеттер, ульчи мен орочилар, тағы басқалар ең алдымен ұлттық салттағы жер-су, одан кейін өздерінің аты-жөнінің ұлттық нышанда аталуынан алшақтап, кеміп, тіпті жойылып кеткені - бүгінгі күннің ақиқаты. Ақыры – сол халықтардың ана тілдерінің бүгінгі жай-күйі мен қолданысы да жоқтың қасы екені жасырын емес. Бұл осы елдердің тек бір ғана, өткен ғасыр көлемінде бастан кешкен оқиғасы.

Ономастика мәселелерін бірнеше ғылымдар - филология, география, тарих зерделейтіні де олар-дың тым күрделі, тым тереңде жатқандығын көрсетпей ме... Атадан қалған мұра – кеңбайтақ жері-міз болса, оның жер-су, елді мекен атаулары, тіпті - өзіміздің тегіміздің, аты-жөніміздің аталуы мен жазылу тәртібі де бүгінгі күні назар аударып, біріздендіруді талап ететіндігін айта кеткен орынды болар.

Бүгінгі күні мектептерімізде «өзін-өзі тану» пәні енгізіліп келеді. Бала кішкентайынан табиғат пен қоршаған орта жөнінде сан-тарап ақпаратпен танысып мағлұмат алуда. Сонымен бірге, ғалымдардың пайымдауынша, адам баласы ең алдымен өзін-өзі өз есімі арқылы танып, сосын - өзгеге танытады екен. Кез келген кішкентай балақайдан: «Сен кімсің?», - деп сұрап көріңіз. Ол: «Мен Қайратпын» немесе «Әсеммін», тағы басқадай өз есімін атайтыны хақ. Ал ес біле келе - туған жерін, жақын мен жатты да төңірегіндегі атаулар арқылы, есімдер арқылы танып-біліп, оларға сіңі-се де сүйсіне де алады екен. Сөйтіп, көзқарас, болмыс, ой, сана-сезім, түйткіл қалыптасады.

Балаға ат қою дәстүрі де өзіндік философия-мен байланысты болғаны да сондықтан. Халқымыз-да жаңа туған жас нәрестеге ауыл ақсақалдарының ең қадірлі, абыройлыларының бірі көпшіліктің алдында атын азан шақырып, құлағына айқайлап атайтын. Сонымен бірге нәрестеге әкесінің атын да бірге дауыстап хабарлайтын ...

Бұл ретте Шыңғыс Айтматовтың шығармашы-лығы, әсіресе, жонғар шапқыншыларының азапты тұтқынында мәңгүртке айландырылған қазақ жауынгері мен Найман-ананың тағдыры еске түседі. Баласынан айрылған Найман-ана оны Сарөзектің сар даласын күні-түні кезіп іздеу салады. Ақыры сорлы ұлының мүшкіл халіне тап болып, оны қайткен күнде де ақыл-есіне, еліне қайтарам деп Сарөзекті күңірентіп, бірнеше күн ұлына жалбарынады: «Балам, сенің атың Жоламан, Жоламан!», «Әкеңнің аты - Дөненбай! Дөненбай!», - деп зар қағады. Бірақ мәңгүртке айналған бейбақ есіне кірмеді. Тамағын тойғызып, малын баққызған жоңғарлардың ғана тілегін қабылдай алатын күйде. Өз аты-жөнін де, әкесінің атын да, анасын да танымады, бас тартты. Есіне келмеді. Ұмытты. Ұмытып барып, шапқыншылардың айтқанымен анасына оқ атты, мерт қылды. Ол басқаны ұмытса да, мергендік өнерін саф қалпында сақтаған еді...

Содан бері Сарөзек даласының көгінде небір ақ құстың зарлы үні өшпейтін болыпты... Ол Найман-ананың есімін, анасының тілін ұмытқан ұлына: «Сенің атың Жоламан! Жоламан! Әкеңнің аты – Дөненбай! Дөненбай», «Еліңе орал, есіңді жый, Жоламан!» - деген зары екен дейді жазушы...

ҚР Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерінің шешу тәртібі» атты Жарлығы барлығымыз үшін басшылыққа алынатын құжат.

Аты-жөнімізді ресімдеуде кеңестік дәуірде ұлты қазақ азаматтардың құжаттарында бұрмаланып, қазақ тілінің ішкі құрылымы мен грамматика-сына қайшы, қате жазылып кеткен жағдайларды да көпшілігіміз әлі күнге дейін құптап, соның шыр-мауынан шыға алмай жүргенімізді жоққа шығара алмаймыз. Жер-су атауларын былай қойғанда, өзіміздің азан шақырып қойған аты-жөнімізді, о заманда марқұм боп кеткен әкелеріміз бен аталарымыздың аты-жөнін ұлттық нысанда ресімдеуге шамамыз жетпей жүретініміз де шындық.... Сол «Бурумбаев, Джакупов...» - деп жазылған тегімізді мақұлдап, дұрыс нұсқасы - «Боранбаев, Жақыпов...» деп тәуелсіз елдің құзырлы органда-рына қайтадан жазғызуға дәтіміз бармайды.

Президент Жарлығында тегімізді жазуда қазақ тіліне тән емес «ов», «ев», «ович», «евич» жұрнақ-тарынан да құтылу жолдары аталған. Қазір қазақ ұлтты азаматтардың ресми құжаттарында «ұлы», «қызы» деп жазылуы да ҚР Президенттінің осы Жарлығының айғағы. Дегенмен, біз әлі де осы іске жеткілікті түрде мән беріп келеміз бе? Ересектердің жөні басқа. Ал жас ұрпақ ше?

Мектептегі жасөспірімдердің 16-ға толуына байланысты төлқұжаттары ресімделетіні белгілі. Олар болашақ ата-ана, ұрпағының тегі мен аты-жөнінің ресімделуі осы құжаттарына байланысты болады. Елбасының жоғарыда аталған Жарлығын басшылыққа ала, жастардың төлқұжаттарын ұлттық дәстүрге сай, қатесіз, төл тілдің заңдылықта-рымен ресімделуіне, әріптестеріміз, жеткілікті на-зар аударамыз ба? Әлде, бұл іс – тәрбиеге жатпай ма?



«Өзіңді өзің сыйласаң – жат жанынан түңіледі» деген бар. Тәуелсіздік жемісін қастерлей білейік, мақтан тұта білейік, қолдана білейік. Түптеп келгенде, атаулар – тіліміз бен ұлтымыздың айнасы, мәңгі өшпес ажары.

 




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет