Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 1.05 Mb.
бет1/11
Дата17.01.2018
өлшемі1.05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11839 болып тіркелді

      "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Астықты сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 шілде

 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 4-1/573 бұйрығымен
бекітілген

Астықты сақтау қағидалары
1. Жалпы ережелер


      1. Осы Астықты сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау қоймаларында (элеваторларында, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау тәртiбiн айқындайды.

      2. Астық қабылдау басталғанға дейін астық сақтау қоймасының (элеваторлардың, астық қабылдау пунктiнің) барлық технологиялық желілері ақаусыз жай-күйге келтірілуі, астық қорының зиянкестерден, оның ішінде карантиндік зиянкестерден тазалануы және жұмыс істеуге дайын болуы:

      1) өндірістік-технологиялық зертхана (бұдан әрі – ӨТЗ) – астық сынамаларын іріктеп алу және астық талдауларын жүргізу үшін тиісті аспаптармен, зертханалық жабдықтармен және қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз етілуі;

      2) таразы құралдары және салмақ өлшеу аспаптары - тексеруден өткізілуі (тексеруден өткізгенін растайтын таңба немесе құжат болуы);

      3) жүк түсіретін құрылғылар, механизмдер, машиналар мен айлабұйымдар – астық жеткізіп беретін көлік құралдарының түріне және габаритіне сәйкес болуы;

      4) қабылдау бункерлері – қарап-тексерілген, тазартылған, тиісті қақпақтармен, торлармен, құлыптармен, астықты жылдам және қауіпсіз түсіріп алуға қажетті айлабұйымдармен және мүкәммалмен жарақталған болуы;

      5) аумақтағы негізгі өтпе жолдар және қабылдау құрылғыларына, қоймаларға, жүк түсірілетін орындарға кіреберістер – асфальт төселген және жарықпен жабдықталған болуы тиіс.

      3. Астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) аумағындағы автокөлік қозғалысы бағытында жүк түсірілетін нүктелердің, өтпе жолдардың, қоймалардың көрсеткіштері орнатылуы тиіс. Жүк түсіретін нүктелерде көрнекі жерлерде оларға берілген нөмірлері немесе атаулары көрсетілуі тиіс. Кірер жолда көрнекі жерде автокөліктің жүк түсіретін орынға қозғалысының карта-схемасы орналастырылуы тиіс.

      4. Жаңа егіннің астығын қабылдауды ұйымдастыру үшін астықты орналастыру жоспары:

      1) астық сақтауға жасалған шарттарға сәйкес астықтың күтілетін келіп түсуін;

      2) өткен жылдардағы астықтың қалдығын;

      3) өткен жылдардағы деректер бойынша астықтың болжамды сапасын;

      4) астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) жабдықтарын, сыйымдылығын ұтымды пайдалануды және астықтың санына, сапасына және нысаналы мақсатына байланысты партияларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуді;

      5) астықты жиналғаннан кейін өңдеуді оның сапасының сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде жүргізуді;

      6) астықпен жүргізілетін операцияларды механикаландыру дәрежесін және астықтың орнын ұтымсыз ауыстыруға жол бермеуді ескере отырып жасалады.

2. Астықты қабылдау және өлшеу тәртібі


      5. ӨТЗ мамандары күн сайын таразы журналдарына тиісті белгі қоя отырып, бақылау өлшемін жүргізу жолымен таразының ақаусыздығына және астық салмағын өлшеудің дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      6. ӨТЗ жұмысты осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген технохимиялық бақылау схемасына сәйкес жүзеге асырады.

      7. Астықтың бiртектес партияларын қалыптастыру және оны орналастыру ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарға (бұдан әрi – стандарттар) сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Астықтың (күріштен, рапстан, күнбағыстан, жүгеріден, тарыдан және қытайбұршақтан басқа) партияларын қалыптастыру кезінде өңдеуге дейін ылғалдылық және арамшөп қоспасының жай-күйі бойынша төмендегідей орналастыруға жол беріледі:

      1) ылғалдылығы бойынша:

      құрғақ және орташа құрғақ - бірге;

      ылғалды;

      22 %-ға дейін дымқыл, "есептік натура" көрсеткіші қолданылғанда - 23 %-ға дейін;

      6 % аралықпен 22 %-дан жоғары дымқыл, жүгері дәні үшін - 5 %;

      2) арамшөп қоспасы бойынша:

      таза және орташа таза;

      стандартқа сәйкес шектеу нормаларына дейін арамшөпті;

      стандартқа сәйкес шектеу нормаларынан артық арамшөпті.

      Күріштің, рапстың, күнбағыстың, жүгерінің, тарының және қытайбұршағының партияларын қалыптастыру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың ылғалдылығы, арамшөп және дән қоспасы бойынша жай-күйінің сипаттамасы осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      10. Ылғалды және дымқыл астықты рециркуляциялық кептіргіштермен жабдықталған технологиялық желілерге жібергенде, партияларды қалыптастыру астықты ылғалдылық және арамшөп қоспалары жай-күйі бойынша бөлмей-ақ жүргізіледі.

      11. Сұлының, тарының, қарақұмықтың, күріштің, асбұршақтың, жасымықтың, үрмебұршақтың, арпаның, күнбағыстың сапасы бойынша құнды сорттарының астығы бөлек орналастырылады.

      12. Ерекше ескерілетін сипаттары бойынша қабылданатын үсіген, қаракүйе шалған, ақ зең қаптаған, бақашық қандаламен бүлінген, кенемен зақымданған, өзіне тән емес иісі бар, өнген дәндері бар (5 %-дан жоғары), сондай-ақ зиянды (қаракүйе, қастауыш, жатаған қызғылт укекіре, түлкі құйрықты қыдық, түрлі-түсті шегіршін және тағы басқалар) және бөліп алынуы қиын (қара сұлы, ноғай қарамығы, арпабас, малтатас және тағы басқалар) қоспалар араласқан, жол берілген нормалардан тыс пестицид қалдықтары бар астық бөлек орналастырады және өңделеді.

      13. Өзіне тән емес иіс беретін қоспалар (жусан, сарымсақ, кориандр, түйежоңышқа, қаракүйе және тағы басқалар) араласқан, сол сияқты астық қорының зиянкестерімен, оның ішінде карантиндік зиянкестермен зақымданған астық бөлек орналастырылады және өңделеді.

      14. Ылғалды және дымқыл күйдегі құлау саны стандартқа сәйкес шектеу нормаларынан төмен бидай партиялары, стандартқа сәйкес шектеу нормаларынан жоғары өнген дәндері бар арпа, қарабидай, сұлы және тары партиялары бөлек қабылданады және өңделеді.

      Құлау саны стандартқа сәйкес шектеу нормаларынан төмен немесе стандартқа сәйкес шектеу нормаларынан жоғары өнген дәндері бар, тазалаудан өткен және кептірілген астық партиялары көбінесе қуатты желдету қондырғыларымен жабдықталған қоймаларда қалыпты (сау) жай-күйдегі астық үшін белгіленген биіктіктегі үймеде орналастырылады.

      15. Ағымдағы жылғы егін астығының партиясын өткен жылдардағы фумигацияланған егін астығымен, сондай-ақ өздігінен қызған астықты қалыпты (сау) жай-күйдегі астықпен біріктіруге болмайды.

      16. Жаңа жиналған, ылғалды және дымқыл астық кептіруге дейін қуатты желдету қондырғыларымен жабдықталған сақтау орындарына орналастырылады.

      Кептіруге жататын қалыпты (сау) дымқыл астықты (күріштен басқа) элеватормен байланысы бар астық кептіргіштің өнімділігі үш тәуліктен аспайтын, ал ылғалды астықты бес тәуліктен аспайтын көлемде температураны бақылауға арналған қондырғылармен жабдықталған элеватор сүрлемдеріне уақытша орналастыруға жол беріледі.

      Ерекше жағдайларда ылғалдылығы 19%-дан жоғары емес күрішті қуатты желдету қондырғыларымен және температураны қашықтықтан бақылау жүйесімен жабдықталған сүрлемдерде кептіргіштің тәуліктік өнімділігінен артық емес көлемде қысқа мерзімге орналастыруға болады.

      Ылғалды және дымқыл астықты элеватордың сүрлемдерінде сақтауға жол берілмейді.

      17. Тарының, қарақұмықтың, жүгерінің, күріштің, қонақжүгерінің, күнбағыстың және бұршақ дақылдылардың астығы қосымша ұсақталуын және зақымдануын болдырмау мақсатында қоймаларда орналастырылады.

      18. Құрғақ және орташа құрғақ астық үшін үйіндінің биіктігі қойманың техникалық мүмкіндіктеріне қарай - қонақжүгері үшін 2 метрден артық емес, тары мен рапс үшін 3 метрден артық емес болып белгіленеді.

      19. Рапсты сақтауға арналған қоймалар ұқыптылықпен бүтінделуі, есіктегі барлық тесіктер - бітелуі, желдету қақпақтарының еденге жанасу жерлері диаметрі 0,8-1,0 миллиметр болатын тесіктері бар торлы тілімдермен жабылуы тиіс.

      20. Тары партиялары қуатты желдету қондырғыларымен жабдықталған қоймаларда сақталады. Ауа келетін саңылауларға тарының төгілуіне жол бермеу мақсатында тесіктердің ұзындығына диаметрі 1,2 миллиметр немесе 1,2x2 миллиметр болатын перфорирленген немесе қабыршақты електерді тығындау ұсынылады.

      21. Астық сақтау немесе тиеп жөнелту процесінде астықпен жұмысты жүргізу үшін астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пунктінің) 10 %-ы көлемінде резервтік қойма сыйымдылығы, ал элеваторларда - сүрлем үстіндегі тасымалдаушының әрқайсысына ең кемінде бір бос сүрлем көзделуі тиіс.


: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет