Асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған барабар құжаттарда көрсетілуі тиіс мәліметтер



жүктеу 27.69 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі27.69 Kb.


«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған барабар құжаттарда
көрсетілуі тиіс мәліметтер



  1. Импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берілген асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған барабар құжаттарда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты берген құзыретті органның атауы;

2) малдың географиялық шыққан жері;

3) мал иесі;

4) малдың туған күні;

5) тіркеу нөмірі (малдың аты);

6) сәйкестендіру нөмірі (татуировка, сырға, чип, таңба);

7) малдың тұқымы;

8) малдың жынысы;

9) құзыретті органның асыл тұқымдық кітабы немесе тіркелімі (олар жүргізілген жағдайда) бойынша тіркеу нөмірі;

10) малдың және оның ата-тегін генетикалық бағалау және өнімділігінің нәтижелері (олар жүргізілген жағдайда);

11) шығу тегі (қатарынан үш атадан кем емес шежіресі, асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты беруді жүзеге асыратын құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылған қатарынан үш атасының шежіресі болған жағдайда қатарынан екі атасының шежіресіне рұқсат етіледі);

12) иесінің өзгергені туралы мәліметтер;

13) асыл тұқымдық куәлік немесе оған барабар құжат берілген күні;

2. Импортталған асыл тұқымды малға берілген асыл тұқымдық куәліктерде немесе оған барабар құжаттарда олардың түрі мен өнімділік бағытын ескере отырып, мынадай қосымша деректер көрсетіледі:

1) сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малға:

малдың түсі және ерекше белгілері;

май мен ақуыз құрамының пайызын көрсете отырып, енесінің, енесінің енесінің және әкесінің енесінің сүт өнімділігі деңгейінің көрсеткіштері (ең жоғарғы және орташа);

қашарлар өткізген жағдайда ұрықтандыру немесе шағылыстыру тәсілі, бұқаның аты, тіркеу нөмірі, бұқаның тұқымы және оның өнімділік сапасы қосымша көрсетіледі;

2) ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малға:

малдың түсі және белгілері;

өз өнімділігінің көрсеткіштері (экспорттаушы елде қабылданған параметрлер бойынша индекстік бағалау немесе төлдің туғандағы, енесінен айырғандағы (айырғандағы жасын көрсетіп) және бір жастағы тірілей салмағы туралы мәліметтер килограмммен көрсетіледі;

қашарлар өткізген жағдайда ұрықтандыру немесе шағылыстыру тәсілі, бұқаның аты, тіркеу нөмірі, бұқаның тұқымы және оның өнімділік сапасы көрсетіледі;

3) асыл тұқымды қойларға – өз өнімділігінің көрсеткіштері (төлдің бір жастағы тірілей салмағы және қырқылған жүннің таза салмағы килограмммен);

4) асыл тұқымды шошқаларға:

енесінің көптөлділігі (енесінің енесі);

әкесі мен аталарының өз өнімділігі бойынша бағалануы (30 – 100 килограммға дейін);

100 килограмм тірілей салмаққа жету жасы, күндер;

орташа тәуліктік өсімі, грамм;

тірілей салмағы өсімінің бірлігіне жұмсалған азық, килограмммен;

шпиктің орташа қалыңдығы;

ұрпағының еттік сапасы (ұшадағы еттің шығымы, пайыздармен);

5) асыл тұқымды жылқыларға:

малдың түсі және ерекше белгілері;

өз өнімділігінің көрсеткіштері (қашықтық бойынша қарқыны, бәйгеден алған жүлделі орындары, жүлделердің ақшалай сомасы);



малдың және оның ата-тегінің типтік және өнімділік бойынша генетикалық бағалау нәтижелері, таза қанды мініс жылқысын генетикалық сараптау нәтижесі туралы құжаттар.
____________________________






©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет