«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) акционерлік қоғамы акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы



Дата10.04.2018
өлшемі32.31 Kb.


«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) акционерлік қоғамы

акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы


45 ХАТТАМАДАН үзінді көшірме

Атқарушылық органның орналасқан жері: 050000, Алматы қ., Гоголь көш. 95/70


Жиналыстың өткізілетін күні – 2015 жылы 30 қаңтарда

Жиналыстың басталатын уақыты - Алматы уақыты бойынша 10 сағат 00 минут

Жиналыстың өткізілетін орны - 050000, Алматы қ., Гоголь көш. 95/70

Жиналыс қатысушыларының тіркелуі басталатын уақыт – Алматы уақыты бойынша 09 сағат 00 минут.

“AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар Банк акционерлерінің тізімі 26.12.2014 жылғы жағдай бойынша жасалды.



Орналастырылған акциялардың жалпы саны: 10 554 064 жай акция

Акционерлердің жалпы саны: 6 (алты) акционер

Акционерлер тіркелді: 1 (бір) акционер.
КВОРУМ
Корпоративтік хатшы А.Леймоева “AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысына қатысатын қатысушыларды тіркеу аяқталатын сәтте Кезектен тыс жалпы жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқылы, жиынтығында Банктің 14 959 882 дауыс беретін акциясына ие акционерлер тізіміне кіргізілген 1 (бір) акционер - Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлының тіркелгенін жариялады, бұл – Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 88,49873% құрайды.

Сонымен, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45 бабына және Банк Жарғысына сәйкес, Банк акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысын (мәтін бойынша бұдан әрі «Жалпы жиналыс») күн тәртібінің мәселелері бойынша өткен деп және шешімдер қарап, қабылдауға заңды деп тануға қажет кворум бар. Хатшы А.Леймоева Жалпы жиналысты ашық деп жариялады.
ТӨРАҒА ЖӘНЕ ХАТШЫ
Акционерлердің жалпы жиналысының Төрағасы етіп Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлы мырзаны сайлау, ал Банктің корпоративтік хатшысы А.Леймоеваға күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс берілген кезде дауыстардың есебін жүргізу міндеті және Жалпы жиналыстың Хаттамасы мен дауыс беру қорытындысы туралы хаттаманы дайындау жауапкершілігі үлестіріле отырып, оны Акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы ретінде сайлау ұсынысы келіп түсті, көрсетілген мәселе дауысқа салынды.
КҮН ТӘРТІБІ
1. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ заңды мекенжайы.

2. Заңды мекенжайдың өзгеруіне байланысты «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Жарғысына өзгертулер енгізу.

3. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысы туралы ереже» ІНҚ бекіту.


ШЕШІМ:

1 мәселе:



«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ атқарушылық органның орналасқан жері келесідей айқындалсын: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-фараби даңғ., 17/1, 8 н.п.
2:

1. Акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Жарғысына енгізілеген 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №1 Өзгертулер (№44 Хаттама) бекітілсін.

2. Заң департаментінің директорына (Б.Б.Сафарбекова) Жарғыға енгізілген №1 Өзгертулерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу рәсімін жүргізу тапсырылсын.
3:

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже» ІНҚ бекітіліп, әрекетке енгізілсін.
Үзінді көшірме дұрыс болып табылады:

Басқарма Төрағасы Б.Т.Нугыманов

Корпоративтік хатшы А.Х. Леймоева




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет