«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы туралы хаттама



жүктеу 47.01 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі47.01 Kb.
«AsiaCredit Bank» (АзияКредит Банк) акционерлік қоғамы

акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының

ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАТТАМА

Алматы қ. «26» мамыр 2017 жыл

“AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)” АҚ қайта өткізілген Жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған сәтке - 2017 жылғы «26» мамырға жиналысқа қатысуға және дауыс беруге құқылы акционер тізіміне енгізілген, Банктің жалпы дауыс беруші акциясының 99,9956895% құрайтын, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-тың 16 888 265 дауыс беруші акциясына ие 1 (Бір) акционер (оның өкілі) тіркелген.

Осылайша, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 45-бабына және Банк Жарғысына сәйкес, Банк Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі мәтін бойынша «жалпы жиналыс») өткізілген және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімді қарастырып қабылдауға өкілетті деп тануға қажетті кворум бар. Хатшы Ш.Кобдабаева жалпы жиналысты ашық деп жариялады.



Күн тәртібі:
1) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.

2) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2016 жылға арналған жылдық қаржы есептілігін бекіту.

3) AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2016 жылғы таза табысты бөлу тәртібі және дивиденд мөлшерін Банктің бір қарапайым акциясы есебінен белгілеу.

4) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің жүгінуі туралы мәселені қарастыру мен оның қорытындысы.

5) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлеріне «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Басқармасының және директорлар кеңесінің 2016 жылғы сыйақы берілетін мүшелерінің құрамы мен сыйақы мөлшері туралы ақпарат беру.

6) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ директорлар кеңесінің мүшесіне берілетін сыйақы мөлшері мен сыйақы беру шарттарын анықтау.

7) 2016 жылға «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау.

Дауыс беру тәртібі:

Ашық дауыс беру түрі, күн тәртібінің мәселелері бойынша шешім Банктің дауысқа түсетін жалпы акция санының қарапайым көпшілігімен «бір акция – бір дауыс» принципі негізінде



«ҚОЛДАҒАНДАР»'>Дауыс беру нәтижесі:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша дауыс бергендер: «ҚОЛДАҒАНДАР»бірауыздан 16 888 265 дауыс, «ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР» - жоқ, «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - жоқ.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша дауыс бергендер: «ҚОЛДАҒАНДАР»бірауыздан 16 888 265 дауыс, «ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР» - жоқ, «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - жоқ.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша дауыс бергендер: «ҚОЛДАҒАНДАР»бірауыздан 16 888 265 дауыс, «ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР» - жоқ, «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - жоқ.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша дауыс бергендер: «ҚОЛДАҒАНДАР»бірауыздан 16 888 265 дауыс, «ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР» - жоқ, «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - жоқ.

Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша дауыс бергендер: «ҚОЛДАҒАНДАР»бірауыздан 16 888 265 дауыс, «ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР» - жоқ, «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - жоқ.

Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша дауыс бергендер: «ҚОЛДАҒАНДАР»бірауыздан 16 888 265 дауыс, «ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР» - жоқ, «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - жоқ.

Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша дауыс бергендер: «ҚОЛДАҒАНДАР»бірауыздан 16 888 265 дауыс, «ҚАРСЫ БОЛҒАНДАР» - жоқ, «ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР» - жоқ.
ШЕШІМ:

1. Акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

1) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін.

2) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2016 жылға арналған жылдық қаржы есептілігі бекітілсін.

3) AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 2016 жылғы таза табысты бөлу тәртібі және дивиденд мөлшерін Банктің бір қарапайым акциясы есебінен белгіленсін.

4) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің жүгінуі туралы мәселе қарастырылып қорытындылансын.

5) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ акционерлеріне «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ Басқармасының және директорлар кеңесінің 2016 жылғы сыйақы берілетін мүшелерінің құрамы мен сыйақы мөлшері туралы ақпарат берілсін.

6) «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ директорлар кеңесінің мүшесіне берілетін сыйақы мөлшері мен сыйақы беру шарттары анықталсын.

7) 2016 жылға «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдансын.
2. Банктің аудиторлық ұйымымен расталған 2016 жылға арналған жылдық қаржы есептілігі бекітілсін.

3. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» акционерлік қоғамы капиталдау мақсатында 2016 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісті бөлуді жүзеге асырмасын және 2016 жылға, сондай-ақ алдыңғы жылдарға жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.

4. «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне акционерлердің 2016 жылы жүгінбегені ескерілсін.

5. 2016 жылы «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ директорлар кеңесі мен басқарма мүшесінің сыйақы берілетін құрамы мен сыйақы мөлшері туралы ақпарат назарға алынсын.

6. Осы хаттаманың №1 қосымшасында белгіленген мөлшер мен құрамда директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру шарттары мен құрылымы бекітілсін.

7. Капиталдау мақсатында 2016 жылға, сондай-ақ алдыңғы жылдарға жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.


Жалпы жиналыстың Төрағасы: __________________________________ М.С. Еркебаев

(қолы)


Жалпы жиналыстың хатшысы: _____________________________________ Ш.Г. Кобдабаева

(қолы)






©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет